Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 449
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса | Аспан айқын, анық. |
Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе | Рахима-әрі әнші, әрі биші. |
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса | Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді. |
-
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:
Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе | Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен. |
да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса | Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы. |
ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ
Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.
Жалпылауыш сөздің жасалу жолдары
№ | Сөз табы | мысалы | мысал |
1 | сілтеу есімдігі | мыналар, осылар, бұлар, солар, олар | Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл. |
2 | жалпылау есімдігі | бәрі, баршасы, барлығы | Шымкент, Алматы, Қарағанды – бәрі үлкен қала. |
3 | жинақтық сан есім | екеуі, үшеуі | Аса, Мағаш, Жандос – үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен. |
4 | зат есім | зат есімдер | Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі – Балқаш көліне құяды. |
Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі
-
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.) -
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше) -
Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)
АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ
Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.
-
Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
түрі | ерекшеліктері |
Оңашаланған айқындауыш | Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз |
Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, әсіресе, 10-сынып-тар, әрдайым бірінші орын алады. | |
Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады. Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды. | |
Қосарлы айқындауыш | Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс батыр |
Ақан серінің әндерін жаттадық. Асан мұғалімнің баласы әскерден келді. | |
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш - ғарышкер т.б. |
ОҚШАУ СӨЗ
Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
-
Оқшау сөздің 3 түрі бар: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
| ереже | мысалы / тыныс белгісі |
Қарат-па сөз | Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз. |
|
Қыстырма сөз | Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз. |
|
Одағай сөз | Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз. |
|
Оқшау сөздің тыныс белгісі
-
Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. -
Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. -
Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. -
Қыстырма-түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.
Қыстырма сөздердіңмағыналық түрлері
мағынасы | қыстырма сөздер | мысалы |
Қуанышты, ренішті білдіреді. | бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде. | Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты. |
Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді. | сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б. | Сізде, рас, жұмысым бар еді. |
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді. | меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б. | Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты. |
Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді. | сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім | Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек. |
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады. | олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б. | Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке. |
Ой тәртібін білдіреді. | біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б. | Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты. |
ТӨЛ СӨЗ. АВТОР СӨЗІ. ТӨЛЕУ СӨЗ.
-
Төл сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі. -
Автор сөзі – төл сөздің айналасында берілген жазушының (сөйлеушінің) өз сөздері. -
Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертіліп берілген сөзі.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
-
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатынын айтты. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты. -
Төл сөздің баяндауышы өткен шақ немесе нақ осы шақ білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -ған, кен, -ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты. -
Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты. -
Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістіктің табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертерек келуін айтты. -
Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі. «Кітап - білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты. -
Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады: Әкесі: "Үйге кел", - деді. Әкесі оған үйге келуін айтты. -
Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде өзгермейді: Сен қайда тұрасың? – деді Асан. Асан одан қайда тұратынын сұрады. -
Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұраулық шылау (ма, ме) болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады: Үйге кіруге бола ма? – деп сұрады Дәулет. Дәулет үйге кіруге болатынын, болмайтынын сұрады. -
Төл сөз лепті сөйлем болып, оның құрамында одағай болса, төлеу сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады. Мысалы,
Әттеген-ай! – деді біреу. Біреу өзінің өкінішін білдірді.
Әттеген-ай, саған көмек беруім керек еді! – деді біреу. Біреу өзінің оған көмек бермегенін өкінішпен айтты.
-
Төл сөздегі жіктеу есімдіктері төлеу сөзде былай өзгереді:
Төл сөз | төлеу сөз |
мен | өзінің |
сен | оның / одан |
сіз | оның / одан |
ол | оның / одан |
Саған / сізге | оған |
сенімен / сізбен | онымен |
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі және тыныс белгілері
-
Төл сөз тырнақшаға алынғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз», –автор сөзі
«Балалармен ақылдасып көрейік», – деді Ақылбай.
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз».
Балтабай былай деді:
«Балалармен ақылдасып көрейік»
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі.
Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді.
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз».
«Балалармен, – деді Балтабай, – ақылдасып көрейік».
-
Төл сөз тырнақшаға алынбағанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі
– Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи.
Төл с
өз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: – Төл сөз.
Сағи былай деп сұрады:
– Ол сенің інің бе?
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі.
Сағи:
– Ол сенің інің бе? –деп сұрады.
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз.
– Ол, – деді Сағи, – сенің інің бе?
-
Төл сөз сұраулы, лепті және көтеріңкі интонациямен айтылған бұйрықты сөйлем болғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі | Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса | Егер төл сөз лепті сөйлем болса |
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. | «Төл сөз?» – автор сөзі | «Төл сөз!» –автор сөзі |
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» | Автор сөзі: «Төл сөз!» |
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі. | Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі. |
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді. | «Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?» | «Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!» |
ДИАЛОГ