Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 444

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Назар аудар!

1) "Деп" етістігі ашық райдағы етістікпен тіркессе, себеп бағыныңқы болады, ал бұйрық, шартты және қалау райдағы етістікпен тіркессе, мақсат бағыныңқы болады.

2) Төмендегі жасалу жолдары бірнеше сабақтас түрін жасауға қатысады. Мұндай жағдайда сабақтастың түрін сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға болады.

1. -са, -се:

- шартты бағыныңқы:

- қарсылықты бағыныңқы:

- мезгіл бағыныңқы:

2. -ғанда, -генде, -қанда, -кенде:

- шартты бағыныңқы:

- мезгіл бағыныңқы:

3. -ып, -іп:

- себеп бағыныңқы:

- қимыл-сын бағыныңқы:

4. -ғанша, -генше, -қанша, -кенше:

- қарсылықты бағыныңқы:

- мезгіл бағыныңқы:


АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.

Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:

Басыңқы, бағыныңқы,

басыңқы.

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы, басыңқы,

басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы, басыңқы,
бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы, бағыныңқы,
бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.  

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

  1. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.

Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.

Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:

1) Жарыспалы к.б.с.қбағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.


Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

  • Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)

  • Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)

2) Сатылы к.б.с.қбағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.


Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

  1. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.




Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.

Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.




Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

ПУНКТУАЦИЯ

  • Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.

  • Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:

  1. Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.

  2. Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.

  3. Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.

  • Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:



қойылатын орны

түрі

қызметі

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері

нүкте ( . )

сұрақ белгісі ( ? )

леп белгісі ( ! )

көп нүкте ( ... )

Даралушы қызмет атқарады.

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )

қос нүкте (:)

жақша ( )

тырнақша (" ")

сызықша ( – )

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )

қос нүкте ( : )

нүктелі үтір ( ; )

үтір сызықша (, – )

Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.

НҮКТЕ



Қойылатын орны

Мысалы

1

Хабарлы сөйлемнен кейін

Маңайда тірі жан көрінбейді.

2

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін

Әже, сізден Алла разы болсын.

3

Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін

Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.

4

Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде

Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар?

5

Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда

Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст.

6

Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда

“Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”)

7

Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда

тағы басқалар – т.б.

тағы сол сияқты – т.с.с.

тағысын тағылар – т.т.

8

Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда

А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.

ЛЕП БЕЛГІСІ




Қойылатын орны

Мысалы

1

көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін

Шіркін, қандай керемет!

Тарт қолыңды!

2

көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін

Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.

3

ұранды сөйлемнен кейін

Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!

4

көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін

– Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы.

5

көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін

– Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!

6

сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін

− Амансың ба, қарағым! деп қария балаға қарады.

СҰРАУ БЕЛГІСІ




Қойылатын орны

Мысалы

1

сұраулы сөйлемнен кейін

Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады?

2

сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады

"...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта

"...Пысық деген ант шықты",– деп жарияланған.

КӨП НҮКТЕ




Қойылатын орны

Мысалы

1

Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

"Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын.

2

сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін

- Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т.Әбдіков)

3

Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4

Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына

Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5

Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге

Қиын тиді оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға.

...........................................

(Абай)

ҮТІР




Қойылатын орны

Мысалы

1

Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.

2

бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса5

Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.

3

Оңашаланған айқында-уыштың екі шетіне

Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.

4

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына

Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.

5

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады.

Жеңеше, – деді кетерінде, – кірпіш тауып қойыңыз.

6

Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады.

Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел.

қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады.

Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.

НҮКТЕЛІ ҮТІР



Қойылатын орны

Мысалы

1

санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады.

Қасым ханның ережелерінде

мынадай түйінді әдет-ғұрып-тық қағидалар қамтылған:

1.Мүлік заңы ;

2.Қылмыс заңы;

3.Әскери заң; т.б

2

өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына

Ұл мен қыздың қызығы –

Тілі анық шыққанша;

Мергендіктің қызығы –

Көздеген аңын жыққанша;

Жүйрік аттың қызығы –

Шомылып терге лыққанша;

Татулықтың қызығы –

Кеудеңнен жаның шыққанша;

3

Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін

Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық;

парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық;


СЫЗЫҚША



Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан

Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз.




жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе

Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды.

2

оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды.

3

түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.

4

жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.

5

жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе,

Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді.

6

мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста

Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі.

7

мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда

Асыл – тастан, ақыл – жастан.

8

төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады.

– Қойдым, Тәуке, қойдым, – деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті.

9

жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады.

Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды.

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША




Қойылатын орны

Мысалы

1

бастауыш (зат есім)―

баяндауыш (зат есім)

Бөрік – адамға көрік.

2

бастауыш (сілтеу есімдігі)― баяндауыш (зат есім)

Бұл – үлкен қуаныш.

3

бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) ― баяндауыш (зат есім)

Ол - әйгілі әнші.

4

бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім(сан есім, есімше)ден болса

Ер жігіттің екі сөйлегені ― өлгені.

5

бастауыш (тұйық етістік) ― баяндауыш (зат есім)


Оқу – білім бұлағы.

Алдау – зұлымдық,

Алдану – ақымақтық.

6

бастауыш (зат есім) ―

баяндауыш (тұйық етістік)


Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу.




бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса

Жер тағдыры – ел тағдыры.

7

бастауыш (сан есім) ―

баяндауыш (сан есім)


Бес жерде бес – жиырма бес.



ҚОС НҮКТЕ



Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін

Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева.

2

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін

Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

3

Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады.

Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі - оны түсінетін адамның жоқтығы.

4

Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады.

Сағит ең алдымен Ботагөзге:

Сүйінші!– деді.

ЖАҚША



Қойылатын орны

Мысалы

1

Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.

Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.

2

Цитатаның авторы жақшаға алынады.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

(Абай).

3

Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың.

ТЫРНАҚША




Қойылатын орны

Мысалы

1

Дәйексөз тырнақшаға алынады.

"Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті.

2

Төл сөз тырнақшаға алынады.

Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?"

3

Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.

“Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.

4

Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.

Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар.

5

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

6

“Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.

“Сабаққа бармаймын”-ды қой.

7

Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.

“Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе?

8

Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.

«А» - жуан дауысты дыбыс.

9

ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.

“Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы.


ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ




Қойылатын орны

Мысалы

1

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!


2

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады.

Ол өтініп сұрады, – бермедім.

3

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.

– Онда... – не дерін біле алмады.

– Солай, солай, шырағым, – деді.

– Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.

4

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?..

СТИЛЬ

  • Стильдердің қолданылу аясы:

  1. Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.

  2. Ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.

  3. Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

  4. Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда қолданылады.

  5. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

  • Стильдердің мақсаты:

    1. Ғылыми стильдің мақсаты – заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінің мақсаты – хабарлау, анық мәліметтер беру;

    3. Публицистикалық стильдің мақсаты – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару;

    4. Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету;

    5. Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты – қатынас жасау;


  • Стильдердің ерекшелігі:

    1. Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу;

    2. Ресми іс-қағаздар стилі: ресми, анық, дәл;

    3. Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық;

    4. Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;

    5. Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;

  • Стильдердің тілдік құралдары:

    1. Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.

    3. Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.

    4. Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.

    5. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.

  • Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

    Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

    Ғылыми стиль

    Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.

    Көркем әдебиет стилі

    -Мереке құтты болсын!

    -Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!

    -Саған табыс, сәттілік тілемін!

    -Тілегің үшін көп рахмет!

    Ауызекі сөйлеу стилі

    Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

    Ресми іс-қағаздар стилі

    Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.

    Публицистика-лық стиль

    9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.

    Публицистика-лық стиль

    Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.

    Көркем әдебиет стилі

    Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.

    Көркем әдебиет стилі

    -Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?

    - Ережелерді жаттауға берді.

    Ауызекі сөйлеу стилі

    Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

    Ғылыми стиль

    Түсінік

    Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.

    20.05.2004

    Ресми іс-қағаздар стилі

    Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

    Публицистика-лық стиль

    Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.

    Ғылыми стиль