Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 442
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
A) айналмалы B) тасқын C) жазғытұрым
D) ұзағырақ E) жұғады
-
Қай дыбыстар жұп бола алмайды?
A) п-б B) ғ-қ C) к-г D) с-ш E) ф-в
-
Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?
A) ұяң B) үнді C) жуан
D) жіңішке E) қатаң
-
Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді?
A) тіл B) ерін C) жақ
D) дауыс E) салдыр
-
Көбіне қай дыбыстар қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді?
A) қатаң B) үнді C) ұяң
D) жуан E) жіңішке
-
Алфавиттегі 13-ші дыбыс қандай дыбыс?
A) үнді B) қатаң C) жуан
D) еріндік E) ұяң
-
Дауыссызды айтқанда, өкпеден шыққан ауа қайда кедергіге ұшырайды?
A) мұрын қуысы B) ауыз қуысы C) өкпеде
D) кеңірдекте E) жақта
-
Қосымшасы үндіден басталған сөзді табыңыз.
A) Жазда көлге шомылуға бардық.
B) Кешке құстар ұясына қонады.
C) Қазақ тілі кітабым сөмкеде екен.
D) Мұраттың ағасы машинамен келді.
E) Ауылда гүл теруге бардым.
«Дауыссыз дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (П – қатаң дауыссыз дыбыс. Ал қатаң дауыссыздар тек салдырдан тұрады.) (3 – бөлімді қараңыз)
2 – A
3 – E («Жұғады» сөзіндегі ж, ғ, д – ұяң дауыссыз дыбыстар.)
4 – D («с-ш» дыбыстары жұп бола алмайды. Себебі с мен ж дыбыстарының жасалу орындары әр түрлі. Сонда с-з, ш-ж жұп болады.) (4 – бөлімді қараңыз)
5 – A (Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ал бұлар – ұяң дауыссыздар.)
6 – E
7 – C (Ұяң дауыссыздардан б, в, г, ғ, д дыбыстары қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді.)
8 – A (Әліпбидегі 13-ші дыбыс – й дыбысы. Ол – үнді дауыссыз дыбыс.)
9 – B
10 – D («Машинамен» сөзіндегі –мен қосымшасы м деген үнді дауыссыздан басталып тұр.)
«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Тек кірме сөздерде келетін дыбыстарды табыңыз.
A) щ, х, һ, й B) в, ф, ч, ц C) б, д, г, ы
D) о, э, ю, я E) ъ, ь, я, ю
-
Сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) киоскіге B) Омсктен C) актқа
D) шрифтті E) ромбта
-
Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) ватқа B) граммдап C) металдың
D) Кузбасстан E) Кириллге
-
Қай сөзде «т» дыбыс түсіп қалған?
A) жұмыстар B) облысқа C) синустар
D) поездар E) журналистер
-
Қай сөздің бір дыбысы түсіп қалған?
A) Түнде подъездің жарығы сөніп қалыпты.
B) Асшылар тамақты кеш дайындады.
C) Қызылордада жаңа ескерткіш ашылды.
D) Олар банктен ақша алды.
E) Жайлауда демалған өте керемет.
-
Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) парктан B) треске C) съезі
D) ансамбльге E) рөлі
-
Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) Мен жер қазған геологтармен таныстым.
B) Мен таңертең киоскіден газет алдым.
C) Базардан 3 килограмдап жеміс-жидек алдым.
D) Біз туристік сапарға шықтық.
E) Ол машинаның рульіне отырды.
-
Үш дауыссызы қатар келген сөздің дұрысын табыңыз.
A) Оның ағасы киоскке келді.
B) Класста ешкім жоқ екен.
C) Бұларды штамптау керк.
D) Құмырсқа тынбай еңбек етеді.
E) «Гүлдер ансамбльінің концерті болды.
-
Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.
A) Биыл қыста ауа райы суық болды.
B) Астана көркейіп келеді.
C) Елімізде жетімдер үйі көбейіп барады.
D) Жиналыста көп мәселе қаралды.
E) Алыстан қарауытып біреу көрінді.
-
Қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейтін дыбысты табыңыз.
A) й B) ш C) б D) з E) п
«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (в, ф, ч, ц – дыбыстары шет тілінен енген сөздерде кездеседі.)
2 – A Қалған сөздерге қосымша былай жалғану керек еді: Омскіден, актіге, шрифтіні, ромбыда.)
3 – B («Грам-дап». Себебі қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, олардың соңғысы түсіп қалады.)
4 – E (журналистер» Себебі қосарлы ст, сть, зд дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.)
5 – A «Подъезд + -дің = подъездің» болады.) (9 – бөлімді қараңыз)
6 – A (рк дыбыстарына біткен сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Сонда «парк-тен» болу керек)
7 – E («Геолог-тер» болу керек)
8 – D (Жауабы: Құмырсқа. Қалғандары: киоскіге (киоскке емес), штампылау (штамптау емес), ансамблінің (ансамбльінің емес), класта (класста емес)
9 – B («Көркейіп» сөзіндегі р – үнді дауыссыз дыбыс, к – қатаң дауыссыз дыбыс)
10 – C
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?
Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.
A) дауыссыз дыбыс D) қосарлы дыбыс
B) дауысты дыбыс E) үнді дауыссыз
C) әріп
-
Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?
A) Тарихи жерлерді аралау өте керемет.
B) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.
C) Таудан төменге қарай құлдилады.
D) Ақырын басып үйге жақындады.
E) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.
-
Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
A) құ-мырс-қа B) дау-ыл-паз C) би-ік-тік
D) ке-мең-гер E) бо-яу-шы
-
Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.
A) Асылбек кітабын сөмкеден таппады.
B) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.
C) Әскерлер күні-түні жүгірді.
D) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.
E) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.
-
Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?
A) тәрбие B) жәрмеңке C) бәтеңке
D) шемішке E) күртеше
-
Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.
A) аспан B) жақсы C) тату
D) ақын E) шешен
-
Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?
A) ортаңғы буын D) ортаңғы ашық буын
B) бірінші буын E) ешбір буын
C) соңғы буын
-
Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.
A) септік жалғауы D) көптік жалғауы
B) жіктік жалғауы E) жұрнақ
C) тәуелдік жалғауы
-
Қай сөзге екпін түспейді?
A) күрделі сөз D) туынды сөз
B) көмекші сөз E) біріккен сөз
C) туынды сөз
-
Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
A) тасымал B) әріп C) дыбыс
D) буын E) екпін
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
тест сұрақтарының жауаптары
1 – B
2 – B (Жауабы: «мә-де-ни-ет-ті» сөзіндегі «ет» буыны – тұйық буын.)
3 – B (Жауабы: «дауылпаз» сөзі. Дұрысы: да-уыл-паз.)
4 – А (Жауабы: «таппады»)
5 – A (Жауабы: тәрби-е)
6 – D (Жауабы: а-қын.)
7 – C , 8 – B, 9 – B, 10 – D
«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) Омар қалам мен қарындаш алды.
B) Ертең емханаға баруым керек.
C) Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді.
D) Менің туысқаным қалада тұрады.
E) Балалар жұмыс істеп жүр.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.
A) -лар, -лер B) -кер, -гер C) -дан, -ден
D) -тың, -тің E) -лас, -лес
-
Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?
A) мансапқор B) кәсіпкер C) төрежан
D) аурухана E) күлекеш
-
Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
A) барыс септік B) жатыс септік C) шығыс септік
D) табыс септік E) көмектес септік
-
Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?
A) т B) с C) х D) ц E) л
-
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.
A) шекара, баспасөз, баспана
B) аман-есен, асты-үсті, әрі-бері
C) Екібастұз, Алакөл, Бәйгеқұм
D) отағасы, тасбақа, біршама
E) ешқашан, кейбір, әлдеқайда
-
Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) қара ала B) Бозжан C) көзқарас
D) саққұлақ E) ала қаз
-
Дыбыс үндестігі деген не?
A) соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы
B) сөзде жуан-жіңішке дауыстылардың араласып келуі
C) соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы
D) қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі
E) соңғы буынның жіңішке болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы
-
Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Мен жастық шағымды сағындым.
B) Ол есіктен сыртқа шықты.
C) Мен тапсырманы түсіндіріп болдым.
D) Пышақтың ұшы майысып қалыпты.
E) Дауыл басылды.
-
Сөз бен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Кешкісін есікті ашсын.
B) Болат әскерде аспазшы болған.
C) Оның әкесі соғыстан аман келді.
D) Жомарт жайбарақат отыр.
E) Биылғы қыс қатал болды.
«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B, 2 – B, 3 – C (Жауабы: төре-жан)
4 – E (Көмектес септіктің -мен, -мен, -пен жалғаулары буын үндестігіне бағынбай жалғанады.)
5 – C (Х әрпіне біткен сөзге қосымша жуан түрде жалғанады.)
6 – C, 7 – C (көзқарас / көзғарас), 8 – D
9 – C (түсіндіріп болдым / түсіндіріп полдым)
10 – A (ашсын / ашшын)
«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды табыңыз.
A) Үйдің ауласы тап-таза.
B) Асан суды төгіп тастады.
C) Таңғы сағат бесте жолға шықтық.
D) Бұл айтыста Сакен жеңіп кетті.
E) Ол сөзден жеңіліп масқара болды.
-
Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр.
B) Жерұйықты іздеп жөнелді.
C) Олжабек табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ кісі.
D) Аманғалидың мазасы болмай отыр.
E) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.
-
Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді.
B) Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болады.
C) Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді.
D) Батыраш тым-тырыс болып, жерге кіргендей күйге түседі.
E) Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.
-
Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.
B) Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.
C) Далаға шықсаң, көк пен жерді көресің.
D) Ит – адамға шын дос жануар.
E) Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.
-
Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз.
A) жұлын B) құман C) құмұрсқа
D) бұрыс E) Гүлнұр
-
Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Менің сұрағаным бола қоймады.
B) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.
C) Өлі риза болмай, тірі байымас.
D) Менің қазақ тілін үйренгім келеді.
E) Су айнадай тап-таза екен.
-
Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Сарыағаш B) дейінгі C) кемеңгер
D) бейбітшілік E) күндүз
-
Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) сыйымдылық B) тайаныш C) қиыншылық
D) жиналыс E) хайуан
-
Қай сөз орфографиялық нормаға сәйкес жазылған?
A) біріңғай B) Бегарыс C) Жаңғожа
D) бұлұттұ E) Жанпейіс
-
Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) бастаңғы B) диуана C) жаңбыр
D) қоңыз E) мақсат
«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (Жауабы: төгіп / төк+іп)
2 – D (Жауабы: Аманғалидың / Амаңғалидың)
3 – B (Жауабы: отыз жыл / отыж жыл)
4 – A (Жауабы: жазып алдым / жазыб алдым)
5 – C, 6 – D (Жауабы: үйренгім / үйреңгім)
7 – E, 8 – B, 9 – E, 10 – B
«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз.
A) машайық B) сопы C) жамағат
D) діни басқарма E) муфтият
Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.