Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 436
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
E) Біріншісі екінші сөйлемінің шарты болып келеді.
Афоризмді табыңыз.
A) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
B) Оқу-білімсіз өнер де жоқ, өнерпаз болу үшін де, ең алдымен, білім керек.
C) Оқу - білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
D) Оқу инемен құдық қазғандай.
E) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Нақыл сөзді табыңыз.
A) Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.
B) Асыл - тастан, ақыл - жастан.
C) Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
D) Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді.
E) Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді.
Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?
A) мақал B) мәтел C) тұрақты тіркес
D) нақыл сөз E) идиома
«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – E (Отан оттан да ыстық – нақыл сөз. Авторы – Б.Момышұлы. Қазір оны мақал жатқызып жүр.)
2 – C
3 – E
4 – E
5 – D (Қалғандары – А.Құнанбайұлының 37-қарасөзіндегі нақыл сөздер)
6 – E
7 – A (Мәтелде көбіне эмоциялық мағына басым болады. Кекету, мұқату, сынау, мазақтау сияқты ойды көруге болады.)
8 –B
9 – C
10 – D
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) қара тас B) жуас кісі C) тас жүрек
D) терең ойлы E) ыстық ықылас
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ат арылту B) Ат сату C) Ат ойнату
D) Ат салысу E) Ат ізін суытпау
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.
B) Айман оған жылы лебізін білдірді.
C) Түнгі ауа салқындай бастады.
D) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.
E) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.
Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.
A) аспан B) қанат C) құс
D) қалықтау E) анық
«Полисемия» деген не?
A) дара мағыналы B) мағынасы жоқ C) тура мағына
D) көп мағыналы E) ауыспалы мағына
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.
B) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.
C) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.
D) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.
E) Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.
«Суық хабар» - Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?
A) көптен күткен B) сүйініш C) қайғылы
D) қуанышты E) күтпеген
Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
A) шалғай ауыл B) ақ қар C) кең сынып
D) жазық дала E) құрғақ сөз
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қолындағы малын ермек етіп отыр.
B) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.
C) Оның әжесі көп ертегі білетін.
D) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.
E) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.
Қай сөйлемде "қара" сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?
A) Олар қара тастан үй тұрғызды.
B) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.
C) Хат қара сиямен жазылыпты.
D) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.
E) Ол бүгін қара костюмін киіпті.
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – A (жуас кісі – момын кісі, тас жүрек – қатігез, терең ойлы – ақылды, ыстық ықылас – шын ниет)
2 – B (Ат арылту – әуре болу, ат ойнатты – басынды, ат салысу – көмектесу, ат ізін суытпау – жиі келіп тұру)
3 – B (жылы лебіз білдірді – ілтипат көрсетті)
4 – B, 5 – D, 6 – E (жас шыбық), 7 – C, 8 – E (құрғақ сөз – бос сөз) 9 – D (жалпақ жұрт – барлық адамдар), 10 – D (қара күш - қатігездік)
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Омоним бола алмайтын бір ғана мағынада қолданылатын қосымшаны табыңыз.
A) -дай, -дей B) -ды, -ді C) -ма, -ме
D) -дық, -дік E) -тау, -теу
-
Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
A) қағаз B) кітап C) бет
D) мұқаба E) оқулық
-
Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсетіңіз.
Айналайын қарағым, Бетіңе келмес қарағым.
A) синоним B) антоним C) омоним
D) тура мағына E) көп мағына
-
Омонимді табыңыз.
A) Тал түсте далаға шықты.
B) Бала бал арасын тамашалады.
C) Жас шақта уақыттың қадірін біл.
D) Ол тартпаның тұтқасын тартты.
E) Ол менің бір аптадан бері нан жемегеніме нанбады.
-
Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.
A) Ер мойнында қыл арқан шірімес.
B) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
C) Ананың көзі балада, баланың көзі далада
D) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.
E) Көз – қорқақ, қол – батыр.
-
Антонимді табыңыз.
A) ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер
B) іші жылу – көз жұму
C) аяқ алысы – қолы жүру
D) табанын жалтырату – қарасын батыру
E) ат қою – айдар тағу
-
Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
A) асқар тау, телегей теңіз D) тал түсте, күз мезгілде
B) кең дала, айдын көл E) ала жаздай, қыс бойы
C) денсаулығы жоқ, ақшасы бар
-
Антонимді табыңыз.
A) уақ-түйек, майда-шүйде D) азын-аулақ, қым-қиғаш
B) құт-береке, мәз-мейрам E) бұрын-соңды, ертелі-кеш
C) бүге-шіге, егжей-тегжей
-
Антоним сөзді табыңыз.
A) Халық үшін қалтқысыз еңбек ет.
B) Бүгінде халық құл, қожа болып бөлінбейді.
C) Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды.
D) Олар бүгін - ертең келіп қалар.
E) Олар жол-жөнекей көп тоқтады.
-
Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.
A) Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.
B) Ол баладан бәрін бүге-шінесіне дейін сұрап алды.
C) Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестені шықты.
D) Кең зал ығы-жығы.
E) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.
«Омоним», «Антоним» тақырыптары тақырыбы бойынша
тест сұрақтарының жауаптары
1 – E (-тау, -теу - салыстырмалы шырай жұрнағы. Қалғандары ең аз екі түрлі жерде кездеседі. Мысалы, -ды, -ді: 1) табыс септік жалғауы (суды (нені?) ішті); 2) Жедел өткен шақ жұрнағы (оқыды (не істеді?));
2 – C (бет: 1) адамның беті; 2) кітаптың беті)
3 – С, 4 – Е (нан: 1) бидайдан жасалған тағам түрі, 2) сену)
5 – E (қорқақ – батыр), 6 – E, 7 – E (жаз бойы – қыс бойы)
8 – E, 9 – B (құл – қожа), 10 –E (ыстық – суық)
«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Синоним емес қатарды көрсетіңіз.
A) байсалды, байыпты D) ағайын, туыс
B) шалғай, қашық E) көмескі, ескі
C) сәт, мезет
-
“Ауру” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
A) дауа, шипа, ем D) соқырішек, аққан, қышыма
B) айна, әйнек, терезе E) медбике, дәрігер, дәріхана
C) мерез, сырқат, кесел
-
Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырық пышақ, қырғи қабақ
A) синоним D) тура мағына
B) омоним E) ешбіріне жатпайды
C) антоним
-
Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?
A) ауыл-аймақ, көрші-қолаң
B) бірен-саран, бірлі-жарым
C) анда-санда, оқта-текте
D) аман-есен, сау-саламат
E) құрбы-құрдас, жора-жолдас
-
Синонимді табыңыз.
A) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.
B) Ол жазушылық өнерге өте жас кезінен бастады.
C) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі.
D) Қауіп бар жерде қатер бар.
E) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.
-
Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр?
Исекең Бекболаттың ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын көрсететін мысалдар келтіреді.
A) бастауыш D) пысықтауыш
B) анықтауыш E) баяндауыш
C) толықтауыш
-
Метафораны табыңыз.
A) Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.
B) Бұл - әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл.
C) Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.
D) Гималай – көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі.
E) Қазақстан – республикам менің.
-
Метонимияны табыңыз.
A) Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш!
B) Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға.
C) Қап-қара, мөп-мөлдір, тұп-тұнық көзіңді-ай!
D) Қыңыр болды не керек,- болайын деп болды ма?
E) Торғын төсін тосады таңға жайып...
-
Синекдоханы табыңыз.
A) Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?
B) Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға, жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.
C) Мен – тауда ойнаған қарт марал.
D) Хан емессің, қасқырсың.
E) Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!
-
Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр?
Оның қорасында бес-алты тұяғы ғана бар.
A) байлық D) аң-құс
B) аяқ E) тауық
C) мал
«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша
тест сұрақтарының жауаптары
1 – E («көмескі» сөзі «бұлыңғыр» деген мағына береді)
2 – C
3 – A («Қырық пышақ, қырғи қабақ» – тұрақты тіркестернің мағынасы бірдей, «ұрысу»)
4 – A
5 – D (қауіп, қатер)
6 – C (ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын(нені?))
7 – D (Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап тұр.)
8 – B (Абай болыстың жанұясын, туған-туыстарын түгел тізіп жатқан жоқ, бәрін үйі деген бір сөзбен ғана жеткізген.)
9 – A (Адамның орнына сақалы ғана алынған.)
10 – C
«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Біріккен сөзді табыңыз.
A) Талдықорған В) Ашық ауыз адам С) Бес дәптер
D) Қоңыр ала Е) Тісін қайрады
Дара сөзді табыңыз.
A) Тізесін бүкті В) Әкімшілік С) Бес жүз
D) Отыз бестерге Е) Жақсы көру
Күрделі сөзді табыңыз.
A) Қолын жуды D) Жығылып қала жаздады
В) Миллионның жартысы Е) Ол отырды
С) Жарақаттану
Кіріккен сөзді табыңыз.
A) Мөлдір су D) Қазақстан Республикасы
В) Ақыр заман орнату Е) Қабағынан қар жауды
С) Күздігүні
Қысқарған сөзді табыңыз.
A) Көз шырымын алды D) Оқуды үздік оқиды
В) Әлек салды Е) педколледжді бітірді
С) Кетіп бара жатыр
Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) АҚШ-қа В) медбикеге С) ТМД-на
D) БҰҰ-ны Е) см-ден
Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.
A) ағалы-інілі В) басқа-басқа С) жекпе-жек
D) оқта-текте Е) жап-жасыл
Туынды сөзді табыңыз.
A) Жазып отыр D) Қуыс мойын
В) От ала келу Е) Сіздің ойыңыз
С) Жиналысқа қатысу
Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) балапандар В) бала-шаға С) анда-санда
D) бетпе-бет Е) киім-кешек
Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) балалар В) қалалық С) жауырын
D) қауырсын Е) дауыл
«Сөз құрамы» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A (Талды+қорған)
2 – B
3 – D ("Жығылып қала жаздады" – күрделі етістік)
4 – C ("Күздің күні" деген сөздің әріптік өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған, сондықтан ол кіріккен сөз деп аталады.)
5 – E (педагогикалық колледж (бірінші сөздің бірінші буынының қысқаруы мен келесі сөздің толық алынуынан жасалған))
6 – C (дұрысы: ТМД-ға)
7 – D
8 – C (Жина – л – ыс (– л – ыс – жұрнақ))
9 – D ("бетпе-бет" қос сөзі "бет" сөзінің қайталануы арқылы жасалған)
10 – B ("-лық" – жұрнақ)
«Қосымша_»_тақырыбы_бойынша_ТЕСТ_СҰРАҚТАРЫ'>«Қосымша» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
кергеКөптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгілеңіз.
A) құм, қымыз В) дәптер, біз С) әркім, өзен
D) келу, бөкен Е) қазақ, ақын
Жай септеу үлгісіндегі сөзді белгілеңіз.
A) Әділдігі В) Кітабымды С) Сәніңізге
D) Баламның Е) Адасқанның
Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.
A) барады В) құлды С) асыранды
D) ағызды Е) оқыған-ды
Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.
A) кең маңдайлы В) екеуле С) тыңайтқыш
D) үйшік Е) бірге
Қай тіркесте септік жалғауы жасырын тұрған жоқ?
A) тіл ұстарту В) өнер шашпақ С) сөзді ұғу
D) ой байлығы Е) алма ағаш
Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз.
A) -лар,-лер,-тар В) -ның,-нің-дың С) -ым, -ім, -м