Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 443
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұлғасына қарай |
Негізгі сын есім | Түбір сын есім. | сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең. | |
Туынды сын есім | Жұрнақ арқылы жасалған сын есім. | көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз. | |
Құрамына қарай | |||
Дара сын есім | Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі. | ақ, бойшаң, жасыл, баласыз. | |
Күрделі сын есім | Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі. | ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза | |
Мағынасына қарай | |||
Сапалық сын есім | Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім. | сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек. | |
Қатыстық сын есім | Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім. | бойшаң адам, өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік. |
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
| жұрнақ | мысал |
Есім сөздерден сын есім жасайтын |
| 1.далалы, орманды; 2. баласыз,үйсіз; 3. жазғы,ішкі; 4.балалық, жылдық 5. ұйқышыл, кекшіл; 6. сөзшең, бойшаң; 7. тастай, судай; 8. сәнқой, әуесқой; 9. тарихи, қазақы; |
Етістіктен сын есім жасайтын |
| 1. жабысқақ, үркек; 2. ашық, ақсақ; 3. білгіш,айтқыш; 4. тапқыр, алғыр; 5. ұялшақ, сүріншек; 6. асыранды, үйінді; 7. созбалы, аспалы; 8. шыдамды; 9. сүзеген ,қабаған, 10. ілулі,асулы; 11. қызба, бөспе; 12.басыңқы, көтеріңкі; |
Сын есімнің шырайлары
| Ереже | жасалу жолдары | мысал |
Жай шырай | Заттың жай ғана сындық белгісін білдіретін сын есім жай шырай болады. | Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады. | биік жақсы үлкен тәтті қызыл |
Салыстырмалы шырай | Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі. | 1. -ырақ, -ірек, -рақ, -рек 2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу 3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -аң, -қай, -ғыш, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше, -қай | ауырырақ кішірек үлкендеу жылылау ақшыл көгілдір бозаң қоңырқай ұзынша |
Күшейтпелі (асырмалы) шырай | Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. | 1. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады. 2. Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады. | сап-сары, үп-үлкен өте жарық тым ауыр ең әдемі аса маңыз-ды |
Ескерту:
-
Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек. -
Жаңа буын оқулығында сын есімнің шырайлары екіге бөлініп берілген:
А) Салыстырмалы
Ә) Күшейтпелі
-
Асырмалы шырай күшейтпелі шырайға қосылып көрсетілген. Ал жай шырай сөздердің шырайлық қосымшалары болмағандықтан, оларды шырай түріне жатқызбаған.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Анық-тауыш | Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. | Қырдағы қызыл-сарыгүлдер көздің жауын алады. Саматтың жүйрік тазысы бар. Біз таудағы аспалы көпірден өттік. |
Бастауыш | Заттанған сын есім3 атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Үлкендер төрге шықты. |
Толық-тауыш | Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады. | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол судың ыстық-суығына қарамады. |
Пысық-тауыш | Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. | Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр. |
Баян-дауыш | Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады. | Сен менен өткен ақылдысың. Сен одан үлкенсің. Бүгін ауа райы суық. Бөлме кең. |
САН ЕСІМ
-
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. -
Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу? -
Сан есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді: Дара сан есім және күрделі сан есім.
-
Дара сан есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. (Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші) -
Күрделі сан есім кемінде екі сөзден тұрады. (Он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес-алты, онға жуық, екіден бір)
-
Сан есім мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:
-
Есептік сан есім -
Реттік сан есім -
Жинақтық сан есім -
Болжалдық сан есім -
Топтау сан есім -
Бөлшектік сан есім
-
Есептік сан есім нақты санды білдіреді.
-
Сұрағы: қанша? неше? -
Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б.
-
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.
-
Сұрағы: нешінші? -
Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.
-
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.
-
Сұрағы: нешеу? -
Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
-
Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.
-
Сұрағы: нешеден? -
Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.
-
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.
-
Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? -
Жасалу жолдары:
-
Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б. -
Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б. -
Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б. -
Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.
-
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Мысалы, 1/2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі), 2,5 (екі жарым), 1/2 (екіден бір) т.б.
-
Сұрағы: қанша? неше?
Сан есімнің емлесі
-
Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. (Он бес, жүз жиырма үш, екі мың төрт т.б.) -
Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. (8-сынып, 25-пәтер) -
Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. (І том, ХХІ ғасыр) -
Күн, ай, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. (2004 жыл, 1 қыркүйек) -
"Екі, алты, жеті" сандарына -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. (Екі+еу = екеу, алты+ау = алтау, жеті+еу = жетеу.) -
Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. (10-даған, 5-терде т.б.) -
Болжалдық сан есім қосарланып келгенде, дефис арқылы жазылады. (Он-он бес, қырық-елу, 40-50 қой т.б.) -
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б. шылаулары өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады. (он шақты, жүзге шамалы, мыңға жуық, елуге тарта т.б. ) -
Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, дефис арқылы жазылады. (Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.) Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. (15-тен, 20-дан, 25-ке т.б.)
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Анық-тауыш | Сан есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. | Үйдегі бес-алтымалымыз жоғалып кетті. Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр. |
Баста-уыш | Заттанған сан есім4 атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі. Қырық - қасиетті сан. |
Толық-тауыш | Сан есім заттанып келіп, толықтауыш болады. | Екеуінен үйренгенің саған жетеді. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. |
Пысық-тауыш | Сан есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады. | Ат баспаймын деген жерін үш басады. Олар бүгін футболды бірінші ойнайды. Ол сол әнді тойда үш айтты. |
Баян-дауыш | Сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. | Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда. |