Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 446
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)
Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:
| ереже | мысал |
Жіктеу | Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі | мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. |
Сілтеу | Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді | сол, мынау, аналар, міне т.б |
Сұрау | Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.) | кім? не? неше? қайда? неге? т.б. |
Өздік | Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. | өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне |
Жал-пылау | Жалпылау, жинақтау мағынала-рын білдіретін есімдіктің түрі | барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс, т.б. |
Белгі-сіздік | Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді жорамалдап көрсететін есімдік түрі. | кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқан-дай т.б. |
Болым-сыздық | Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі | еш+(кім, қайда, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме. |
-
Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:
-
Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау т.б. -
Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б.
-
Есімдіктің септелуі
Атау
мен
сен
ол
бұл
бәрі
Ілік
менің
сенің
оның
бұның
бәрінің
Барыс
маған
саған
оған
бұған
бәріне
Табыс
мені
сені
оны
бұны
бәрін
Жатыс
менде
сенде
онда
бұнда
бәрінде
Шығыс
менен
сенен
одан
бұдан
бәрінен
Көмектес
менімен
сенімен
онымен
бұнымен
бәрімен
-
Есімдіктің тәуелденуі
| | ол | бұл | кім | өз |
жекеше | Менің | оным | бұным | кімім | өзім |
Сенің | оның | бұның | кімің | өзің | |
Сіздің | оныңыз | бұныңыз | кіміңіз | өзіңіз | |
Оның | онысы | бұнысы | кімі | өзі | |
көпше | Біздің | онымыз | бұнымыз | кіміміз | өзіміз |
Сендердің | оларың | бұларың | кімдерің | өздерің | |
Сіздердің | оларыңыз | бұларыңыз | кімдеріңіз | өздеріңіз | |
Олардың | олары | бұнысы | кімдері | өздері |
Ескерту: Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.
ЕТІСТІК
Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
-
Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? -
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы:
кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады т.б.
Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын, көг-ер т.б.
-
Құрамына қарай:
Дара етістік
Күрделі етістік
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы:
баста, кес, тасы, тара, аяқта, байы
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді, т.б.
-
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:
Болымды етістік | Болымсыз етістік |
Іс-әрекеттің жүзе-ге асқанын білді-реді. Мысалы: алды, жаздыр, өшірді | Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
|
Мағынасына қарай:
Салт етістік | Сабақты етістік |
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас. | Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шеш, шашыңды тара. |
-
Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
№
жұрнақ
мысал
1
-ла, -ле, -да, -де, -та
аяқта, ретте, өкпеле, ойла, қолда
2
-лан, -лен, -тан, -тен
ойлан, үйлен, әдеттен, рақаттан
3
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес
көмектес, пікірлес, сырлас, ақылдас
4
-лат, -лет, -дат, -дет
әндет, дауылдат, түнделет
5
-а, -е
ата, деме, сына, міне, теңе
6
-ай, -ей, -й
күшей, мұңай, зор-ай
7
-қар, -кер, -ғар, -гер
басқар, ескер
8
-ар, -ер, -р
жаңар, ескір, жақсар, қысқар
9
-ал, -ел, -ыл, -іл, -л
жоғал, сұйыл, тарыл, теңел
10
-ық, -ік
бірік, дәнік, ор(ы)нық, тынық
11
-сы, -сі, -ымсы, -імсі
үлкенсі, пысықсы
12
-сын, -сін
жатсын, пысықсын, көпсін
13
-сыра, -сіре
әлсіре, қансыра, жетімсіре
14
-ыра, -іре
бұрқыра, күркіре, жарқыра
15
-ырай, -ірей
кішірей, бақырай, бажырай
-
Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік). -
Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б. -
Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр. деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.
Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің т.б. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын., Сен ойнап жүрсің. т.б.)
ЕСІМШЕ
Есімше – бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
-
Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады. -
Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады. -
Есімшенің жұрнақтары:
1
-ған, -ген, -қан, -кен
ал-ған, кел-ген
2
-ар, -ер, -р
болымсыз етістік + с жұрнағы
бар-ар, жүр-ер;
оқыма-с
3
-атын, -етін, -йтын, - йтін
жаз-атын,өр-етін
4
мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек
бар-мақ
-
Есімшенің есімдерше тәуелденіп есім сөздің қызметін атқаруы
Жекеше
І
айтқан-ым
айтар-ым
айтатын-ым
ІІ
айтқан-ың
айтқан-ыңыз
айтар-ың
айтар-ыңыз
айтатын-ың
айтатын-ыңыз
ІІІ
айтқан-ы
айтар-ы
айтатын-ы
Көпше
І
айтқан-ымыз
айтар-ымыз
айтатын-ымыз
ІІ
айтқандарың
айтқандарыңыз
айтар-ларың
айтарларыңыз
айтатындарың
айтатындарыңыз
ІІІ
айтқан-дары
айтар-лары
айтатын-дары
-
Есімшенің есімдерше септеліп есім сөздің қызметін атқаруы
Атау | айтқан | айтар | айтатын |
Ілік | айтқан-ның | айтар-дың | айтатын-ның |
Барыс | айтқан-ға | айтар-ға | айтатын-ға |
Табыс | айтқан-ды | айтар-ды | айтатын-ды |
Жатыс | айтқан-да | айтар-да | айтатын-да |
Шығыс | айтқан-нан | айтар-дан | айтатын-нан |
Көмектес | айтқан-мен | септелмейді | айтатын-мен |
-
Есімшенің жіктеліп етістіктің қызметін атқаруы
Жекеше | ||||
І | алғанмын | алармын | алатынмын | алмақпын |
ІІ | алғансың алғансыз | аларсың аларсыз | алатынсың алатынсыз | алмақсың алмақсыз |
ІІІ | алған | алар | алатын | алмақ |
Көпше | ||||
І | алғанбыз | алармыз | алатынбыз | алмақпыз |
ІІ | алғансыңдар алғансыздар | аларсыңдар аларсыздар | алатынсыңдар алатынсыздар | алмақсыңдар алмақсыздар |
ІІІ | алған | алар | алатын | алмақ |
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Анық-тауыш | Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады. | Болатын бала бесігінде бұлқынар. Адасқанның айыбы жоқ. Айтар сөзіңді айтып қал. |
Баста-уыш | Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. | Оқыған білімді болады. Көрмес - түйені де көрмес. Бітіргендер сыртқа шықты. |
Толық-тауыш | Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады. | Сөзді тыңдайтынға айт. Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Оны атарға оқ таппады. |
Пысықтауыш | Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. | Оны көрген сайын баласы есіне түседі. Мен оны көргенде таң қалдым. Мен үйге барғанға дейін кітап оқыдым |
Баян-дауыш | Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады. | Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтар. Мен қалаға ертең барармын. Мен қалаға кеше барғанмын. |