Файл: Рецензенттер Коржова Г. М.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 490

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ебҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:

    • сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;

    • әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ебҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. сабақты пОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады.

психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:

    • сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінез- құлқында проблемасы бар оқушылар. мамандардың міндеті және осын- дай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;

    • бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойын- ша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдала- нуды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ

түрінде өтеді. жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді.

зияты зақымдалған оқушыларға пОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін оқыту оқытудың
барлық кезеңіне берілуі мүмкін. пОҚ жағдайында оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді пмпк ұсынысы не- месе мектептің шешімі бойынша қабылдайды.

  1. тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:

-тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);

  • көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.

Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады:

  • дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен не- месе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;

  • мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:

  • соңғы партада отыруы;

  • өзі немесе беделді оқушымен отыруы;

  • терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:

  • арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.

  1. компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған ба- лалар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады [19].


жалпы білім беретін мектептер ебҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нор- маларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамы- тушы жабдықтарын алады және пайдаланады [20].


  1. арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек . психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну пмпк ұсынысы

негізінде жүзеге асырылады.психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялық- педагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.

Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылу- ларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін.

мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. бұған пмпк тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінез- құлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар
балалар жатады.

мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі.

ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді.

психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсе- тіледі. сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі.

ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін.

  1. педагог-ассистентің көмегі. ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет бола- ды. жеке көмекшінің қызметіне екі функция кіреді:

а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы;

б) сыныптағы оқу жұмысына көмек
көрсету мақсатында педагог- ассистентің функциясы.

Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын неме- се қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол балаларға мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. бұл функцияларды орын- дау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді.

балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу. әдетте мұндай жағдайлар қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен дене байланысы болатын жағдайларда болады. мұндай жағдайда өздігімен қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды.

мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет. мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей оты- рып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейді. мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридор және т.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады. мұндай баланы кездестірген кезде кез келген мұғалім немесе