Файл: Рецензенттер Коржова Г. М.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 495

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді.

жақын арада ҚР бғм жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлауда. педагог- ассистент оқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (асб және т.б.) оқушыларға көмек көрсетеді. Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады:

  • баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі: партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді);

    • мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және қабылдайтын; белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар;

    • сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды;

    • мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді.

педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі, ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінез- құлқын бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау көрсетеді. жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы қажет. жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы және
мектептегі толықтай дербестігі. Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:

    • толық қолдау көрсету ассистенттің оқушымен бір партада отыруы;

    • біртіндеп алшақтату оқушы партада, ал ассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады. кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады;

    • сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі отырады.

мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды.

мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагог- ассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы педагогикалық жоғары білімі негізінде).

психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну пмпк ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. егер де мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін пмпк қорытындысын алуға бағыттау қажет.

  1. әлеуметтік – педагогикалық көмек. әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін әпкк анықтайды. әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының бала- ларына көмек көрсетеді.
    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ



Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады.

ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысын- да оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады.

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі.


бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерек- ше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста пмпк анықтамаған болса). Оның міндеті өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл).

мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:

  • оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану;

  • сабақта жеке оқу материалдарын қолдану;

-оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;

-бақылау материалдарын өзгерту;

-сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;

егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне
қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады (а-қосымшасы).

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.

Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау тура- лы мұғаліммен бірге хабардар етеді. балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 6- форманы толтырады (а-қосымшасы).

әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді (психологиялық, логопедиялық,

арнайы педагогикалық). тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. тексеру нәтижелері бойынша маман мыналарды белгілейді:

    • оқушының қысқартылған оқу бағдарламасына мұқтаждығын;

    • қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады (психолог, логопед, арнайы педагог);

    • оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады;

    • оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.

психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялық- педагогикалық қолдау мамандары
жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады.

мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы пмпк-не ұсынымдар алу үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). бөлектенген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру нәтижелерін сараптағаннан кейін пмпк ұсынымдарын алу жөнінде шешім қабылданады.

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі. Оқушының қажеттіліктерін бағалауды психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. бағалау нәтижелері бойынша пмпк оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім алудың варианттарын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «білім туралы» заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін пмпк

ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.

Маңызды жалпылама ақпарат


  1. Оқушылардың ерекше білім беру қажеттілігін бағалау мектеппен (мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметімен), сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады. жалпы немесе арнайы сыныпта ақыл-ойы кем балаларға арналған жеке немесе арнайы бағдарлама бойынша (мжмбс-ға бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді пмпк-дің кешенді тексе- ру негізінде ғана қабылдайды.

  2. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі және / неме-