Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3018
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны - туған жерім, туысқан елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны - содан бері мына бастан бірталай уақыт өтті дегені. Маңдайынан шаш алғаны - әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені - қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені - үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып, күң болып жүрмін дегені, - дейді Сырым.
Біраз күн өткен соң, Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақты жақсы қарсы алады , сосын Сырым осы ауылда қарындасының күң болып жүргені туралы айтып, оны босатуын өтінеді.
- Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? - дейді ақсақал.
- Жоқ, көргенім жоқ,- дейді Сырым.
Сонда ақсақал:
- Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар, ауылдарыңа қайтыңдар. Танымасаңдар, ол осында қалады, - дейді.
Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде, көп әйелдің ортасында келе жатқан Байбақтының қызы қасындағы әйелдің құлағына:
- Анау қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым, - деп сыбырлайды. Сырым да Байбақты қызын тани кетеді. Сонда ақсақал:
- Бір-біріңді қалай таныдыңдар? - деп сұрағанда Сырым:
- Қырық әйелдің отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап, санап шықты. Ал мына әйел қатарынан асып кеткенше, менен көзін аудармады. Содан таптым, - дейді.
Ақсақал әйелден:
- Сырымды қалай таныдың? - деп сұрағанда ол:
- Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі - батырға біткен тұлғасы, екіншісі - өжет мінезі, үшіншісі - асқан даналығы бар деп еститін едім.. Ағамды осыдан таныдым, - деген екен.
6. Мәтінде қарастырылған негізгі мәселені табыңыз?
А) Байбақты қызының жолаушылардан аманат жіберуі
В) Әйелдің басынан үш тал шашын жіберуі
С) Әйелдің Сырым ағасына сәлем жолдауы
Д) Күңдікке кеткен әйелдің елін, бауырларын сағыну [1]
7. Мәселеге қатысты көзқарасыңыз? Себебі?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
8. Кестені толтырыңыз
Үзіндінің қай тұсы әсер етті | Неге? |
| |
[2]
9. Үзінді оқығаннан кейін қандай қортынды жасар едіңіз?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
ІІІ. Жазылым. Берілген үш сұрақтың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
1. « Заң – елімнің тірегі ме?» деген тақырыпта аргументативті эссе жазу. Эсседе тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу
2. «Егеменді елдің - Елбасы» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мектепте өткен іс-шараға шолу жасау.Шолуыңызда мекен, мезгіл үстеулерді қолдаңыз.
3. «Мен жазған мақала» атты тақырыпта мектеп сайтына мақала жазыңыз.Мақалада мекен, мезгіл үстеулерді қолдаңыз [10]
ІҮ. Айтылым.Бір тақырыпқа таңдау жасап, тақырып бойынша монолог дайындаңыз (9-12 сөйлем).Тақырыпқа сай сөздерді дұрыс қолдана отырып, ауызша мәтін құрап айтыңыз.
1. Заң не үшін қажет?
2. Еліміздегі Конституцияның ролі қалай түсінесіз?
3. Тұңғыш Президенттің өмірі мен еңбек жолынан қандай үлгі аласыз?
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының сіздің тәрбиеңізге қандай әсері бар (оң/теріс)?
5. Еліміздегі БАҚ-ның тиімділігі қандай? [10]
Баллқоюкестесі 9-сынып І-нұсқа
Тыңдалым
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл |
1 | Аудиториясы – оқушылар, қазақстандықтар, себебі Елбасы туралы мәлімет. (1-2 нұсқа) | 1 | 5 |
2-3 | Мәселелер тізбегін жазады, оқушы жауабы ескеріледі. | 1 | |
4-5 | Берілгенсөйлемдерді перифраздайды | 2 |
Оқылым
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл | |||
1 | Д | 1 | 5 | |||
2 | Бала үшін ең үлкен байлық – ата-ана, себебі өмірде балаға жақын және оны тәрбиелейтін бағыт беруші , жауапты адам болып саналады | 1 | ||||
3 |
| 2 | ||||
4 | Кез келген адам ата-анасын сыйлап, құрметтеп, қадірлеуі керек. | 1 |
ІІ-нұсқа
Тыңдалым
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл |
1 | Аудиториясы – оқушылар, қазақстандықтар, себебі Елбасы туралы мәлімет. (1-2 нұсқа) | 1 | 5 |
2-3 | Мәселелер тізбегін жазады, оқушы жауабы ескеріледі. | 1 | |
4-5 | Берілгенсөйлемдерді перифраздайды | 2 |
Оқылым
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл | |||
1 | Д | 1 | 5 | |||
2 | Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілдік, себебі Отан әркімнің өз отбасынан басталады | 1 | ||||
3 |
| 2 | ||||
4 | Сыйластық және үлкенді сыйлау, кіші қамқор болу сезімдері және екеуінің де тығырықтан жол тауып кететіндері суреттеледі | 1 |
Жазылым
Балл | Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл) | Тілі (5 балл) |
5 | Өте жақсы Жауап толық, нақты негізделген және жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жқмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қортынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады. | Өте жақсы Сабақтас құрмалассөйлемдерді дұрыс және сәйкестендіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар. |
4 | Жақсы Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және күрделі мәселелерді ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументерді қолдануы мен қортынды жасау қабілеті көрінеді. | Жақсы Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық миниммумды қолдануға тырысады, сөздің қоры жеткілікті, стильдің қолданысы дұрыс.Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен,суреттеуі аз. Жазба жұмыс дұрыс жазылған, бірақ кей аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған. | Қанағаттанарлық Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздің қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған. | Төмен Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қорымен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық форрмалар қате қолданған, мағынасы түсініксіз. |
1 | Өте төмен Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жқмысының құрылымы сақталмаған және аргументтер қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз. | Өте төмен Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер келтірген, түсінуге қиындық келтіреді. |
0 | Жауап жоқ | Жауап жоқ |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашу ( 5 балл) | Сөз қолданысы (5 балл) |
5 | Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлеледермен көрсетеді.Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды жіне бағалайды. | Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателер кездеседі. |
4 | Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады жәнетүсіндіреді Өз көзқарасын жақсыдәлеледермен келтіреді.Қажетті ақпаратты талдайды және бағалайды. | Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателер кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді.Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы.Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз. | Жауабы нақты, тіл қолданысында қателер кетіреді.Жалпы қателер түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізігі ойды ашуы шектеулі.Өз көзқарасын бірнеше ділелмен немесе дәлелсіз жеткізеді.Қажеттіақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз. | Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер келтіреді.Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді. |
1 | Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған.Тек негізгі ақпаратты береді.Көбіне ақпарат қажетсіз. | Жиі қате кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтіреді. |
0 | Идеясын, ойын жеткізе алмайды. | Сөз қолданысы сәйкес емес. |
3-ТОҚСАН. 9-сынып.
«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым
түрлері Айтылым
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен
термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша
қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді
сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы:
-
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді -
Қажетті аргументтерді қолданып,тақырыпқадиалог, полилогке қатысады