Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3007
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
І-НҰСҚА
ТЫҢДАЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз
1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…
«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.
Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.
1. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын _________________________ салынды.
2.«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «__________________________________» іспетті.
3.Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті _________________________________________________________ әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.
4. Вагнер, Штраус, Верди ___________________________ шығармалар жазды.
АЙТЫЛЫМ.
2-тапсырма. Жұбыңызбен «ЭКСПО көрмесі – қазақстандықтардың әлемге танытты ма?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.
ІІ-НҰСҚА
ТЫҢДАЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.
1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…
«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.
Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.
1.1851 жылы Лондонда алғаш рет ____________________________ қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді.
2. Көрмені қабылдаған қалалар ________________________________________ прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…
3. Көрмеге дарынды _________________________________________________ шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды.
4. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша ____________________________________ айналды.
АЙТЫЛЫМ.
2-тапсырма. Жұбыңызбен «Баламалы энергия көздерінің қолданылу аймақтары туралы не білесің?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.
| | Тапсырма № | Дескриптор | | |||
Бағалау критерийі | Білім алушы | Балл | |||||
| | | | ||||
Сөздермен терминдердің мағынасын түсінеді | 1 | - бос орындарға қажетті сөздер мен терминдерді қояды; | 4 | ||||
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сайдиалог, полилогқа қатысады | | - тақырыпты ашады; - стильдік талаптарды сақтайды; - сұраққа қатысты пікір білдіреді; - өз пікіріне аргументтер келтіреді; - тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді; | 1 | ||||
2 | 1 1 1 | ||||||
| 1 | ||||||
| | | |||||
Барлық балл: | | | 9 |
9-сынып. «Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым | | | |
| Жазылым | | | |
Оқу мақсаты | 9.3.4.1 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін | |||
| салыстырып, талдау жасау | | | |
| 9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе | |||
| бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен | |||
| кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп | |||
| жазу | | | |
Бағалау критерийі | Білім алушы: | | | |
| ||||
Ойлау дағдыларының | Жоғары деңгей дағдылары | | | |
деңгейі | | | | |
Орындау уақыты | 25 минут | | | |
ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. Ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз.
1-мәтін
Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология орталығының жұмысы да қарқынды.
Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.
2-мәтін.
«НӘР» синбиотегі - функционалды тағам өнімі. Ол адам иммунитетін нығайтып, белсенді әрі ұзақ өмір сүруіне септігін тигізеді.
Сусамыр, артериалды гипертензия, артық салмақ, метоболизм синдромы, кардиоваскулярлық дертке шалдыққандар үшін бұл өнім өте пайдалы. Оның тиімділігі клиникалық тұрғыдан дәлелденген.
«НӘР» онкологиялық аурулардың, оның ішінде колоректальді қатерлі ісіктің алдын алуда таптырмайтын өнім. «НӘР» синбиотегі «Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру» зертханасындажасалды. Бұл –тамақ өнімдерінің отандық нарығына шыққан алғашқы әрі бірегей өнім.
1-мәтін | 2-мәтін |
Стилі | |
| |
Жанры | |
| |
Ұқсастығы | |
| |
Айырмашылғы | |
| |
ЖАЗЫЛЫМ.
2-тапсырма.«Фаст-фудтың пайдасы мен зияны» деген тақырыпта ыңғайластық және қарсылықты шылау түрлерін қолдана отырып, эссе жазыңыз. Мәселенің барлық жағын қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
ІІ-НҰСҚА
ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма Мәтіндерді оқып. стилін, жанрын салыстырыңыз. Ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз.
1-мәтін.
Қазіргі ХХІ ғасырдың жетістігі – биотехнология. Биотехнология жаңалықтарын ашуға қолдан ұрықтандыру, көбею фунциясын горманаль реттеу, эмбриондар трансплантациялау салаларындағы теориялық жаңалықтар негіз болды. Көбею биотехнологиясын мал шаруашылығында қолданудың болашағы орасан зор. Көптеген елдерде бұл осы күннің өзінде комерциялық жолға қойылған.