Файл: Сауат ашу негіздері дістемелік нсау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 370

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ойын шарты: Балалар шеңбер болып тұрады. Педагог әр балаға жемістер мен көгөністер таратады.
Педагог: Мен баққа барғанымда, бақта шие жоқ екен.

Шие ұстап тұрған бала: Шие бар, алма жоқ.
Алма ұстап тұрған бала: Алма бар, алмұрт жоқ, – дейді. Ойын осылай жалғаса береді.
Шатасқан бала айыбын өлең немесе тақпақ айту арқылы өтейді.
24

Билингвалды компоненттерді қайталатады.
Сергіту сәті:

Алтын айдарлы әтеш оянды,

Тым ерте тұрыпты,

Ойқастап жүріпті,

Жан-жақа қарапты,

Айдарын тарапты.

«Қо-қо-қ-о», – депті,

Қорада ойранды салыпты,

Бір тауық қайран қалыпты,

Секіріп, секіріп айғайлап,

Шарбаққа қоныпты.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр»

Ойын шарты: педагог сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек. Мысалы:

Балалар бақта (не істеді?)...........
Ойын соңында бір сөйлем неше сөзден тұратынын талдайды.

Педагог саусақ басы бұлшық еттеріне жаттығу жасатады.
Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Басбармағым алғашқы,

Балаң үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 12 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерің қандай? Ойнаған ойындар сендерге ұнады ма?
13 ҰОҚ

Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «О» дыбысы.

Мақсаты: "О" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: О дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: дауысты дыбыстардың созылып айтылатынын;

Қолданады: «О» дыбысына сөз, сөйлем құрай алады.

Қолданылатын көрнекі құралдары: қолайна, жұмыс дәптері;

Сөздік жұмыс: орақ.

Билингвалды компонент: орман – лес, орамал – платок.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды кілем үстіне жарты шеңбер етіп отырғызады.
25

2. Негізгі кезең

– Кәне, балалар, енді біз өткен дыбыстарды еске түсіріп, қайталайық.
– Бұлардың бәрі де – дыбыстар.
– Мен қазір бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабының бірінші дыбысы бүгінгі танысатын жаңа дыбыс.
Жұмбақ:
Оң жағымда бес сарбаз,


Сол жағымда бес сарбаз.
– Дұрыс айтасыңдар. Он саусақ сөзінде ең бірінші «О» дыбысы тұр. Кәне, бірге «О» деп қайталайық.
«О» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: «О» дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы астыңғы тістен алыстап, арт жағы көтеріледі.
– «О» – дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз

– Енді «О» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.

– Енді осы сөздерді буынға бөліңдер, неше буыннан құралған екен.

– Енді өздерің айтқан «орақ», «орындық» сөздерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.

– Міне, балалар, ұзақ және қысқа сөздерді қатыстырып бір сөйлем құрап тұрсыңдар.

– Екеуі де қандай дыбыстан басталады екен?
Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

М.Әлімбаев
– Балалар, сендер өздерің айтқан сөздерді буынға бөле аласыңдар. Дыбыс буыннан, буын сөзден тұрады. Мен бір сөз айтсам, сендер жалғастыра аласыңдар.
Мысалы: сау-..., қол-... т.б. сөздер. Билингвалды компоненттерді қайталатады .
– Дауысты бір дыбыс жеке бір буынды құрайды. Дауысты дыбыстар айтылғанда кеудемізден еш кедергісіз еркін шығады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.. Осы дауысты дыбыстардың бәрі де жеке бір буынды құрайды. Мысалы, «о-рақ» сөзін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайық.
– «Орақ» сөзі неше буыннан тұрады?

– Бұл сөзде неше дыбыс бар?

Қалған сөздерге педагогтің көмегімен дыбыстық талдау жасау.

«Телефон» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: Балалар, бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы айтылған сөзді басқа балаға жеткізеді. Егер соңындағы бала, сөзді шатастырып алса, «айыбын» төлейді. Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №13 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3.Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларға еңбек етуден жалықпау керек екенін ұғындыру.

14 ҰОҚ
26

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: "О" дыбысын қайталау.

Мақсаты: "О" дыбысы және оның таныстыру.
Міндеттері: О дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу,

Күтілетін нәтиже:

Жасайды; дыбыстық талдау жасайды;

Түсінеді: "О" дыбысының дауысты екенін түсінеді;

Қолданады: буынды қолданып, сөз құрайды.



Қолданылатын көрнекі құралдар: мамандық иелерінің суреттері, жұмыс дәптері.

Билингвалды компонент: аспаз – повар.
ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға өлең жолдарын оқиды.
Әкем менің – дәрігер,
Шешем менің – аспаз.

Ағам менің – етікші,

Жеңгем менің – суретші.

Атам менің – ол ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.
Педагог өлең жолдарындағы мамандық иелерінің аудармасын орыс тілінде балаларға түсіндіріп өтеді.
– Балалар, өлеңде не туралы айтылған?

– Иә, дұрыс айтасыңдар, өлеңде отбасы туралы айтылады.
2. Негізгі кезең

– Отбасы қандай дыбыстан басталады?
"О" дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?

Біз өткен тақырыптан дыбыс буынды, буын сөзді құрайтынын білеміз.
– Айтыңдаршы, бір буында неше дауысты дыбыс болады? Дидактикалық ойын: "Буынға буын қос".
Педагог балаларға бір буын айтады, балалар буынға буын қосып жалғастырады. Мысалы: ор- ..., дор-..., бот- ..., то- ..., оқу-..., оқы-..., са-... .
Ор- ман, дор-ба, бот-қа, то-қылдақ, оқу-шы, са-ғыз т.б.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.
Дидактикалық ойын:"Мамандықтың бәрі жақсы".
Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Басбармақ,

Балалы үйрек,
27

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр – қойыңа бар!

Сен тұр – қозыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №13 тапсырманы орындайды. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Қандай ойындар ойнадық? Егер ойнаған ойындарың ұнаса, шапалақтау арқылы қуаныштарыңды білдіріңдер.


  • 15 ҰОҚ


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «Қ» дыбысы.

Мақсаты: «Қ» дыбысымен таныстыру.

Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасату,сөздерді буындарға бөлгізу.
Тапсырмадағы суретті жалғастырту арқылы зейіндерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: сөздерді буынға бөледі;
Түсінеді:
сөздердің мағынасын түсінеді;

Қолданады: сөздердің арасынан өткен дыбысты табады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, қолайна.

Сөздік жұмыс: сырмақ.
Билингвалды компонент: киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – национальный орнамент.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог топтағы үстел үстіне ұлттық бұйымдарды әкеліп қояды.
– Балалар, сендер не көріп отырсыңдар?

– Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары.

– Мына киіз үй неден жасалған?

– Ал мынау не?

– Сырмақ неден жасалған?

– Балалар, мына сырмақ қандай ою-өрнектермен әшекейленген?
– Сырмақты, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.
– Ою-өрнектердің атын атап беріңдер.
– Дұрыс, балалар, біз қазақ халқының, өз халқымыздың ою-өрнектерімен, сырмақпен таныстық.
Сырмақ – өрнектелген төсеніш.
Билингвалды компоненттер қайталанады: киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – национальный орнамент.
2.Негізгі кезең:

– Балалар, бүгін біз «Қ» дыбысымен танысамыз. Дыбысты біз естейміз.
Мысалға, қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі.
28

– Кәне, бәріміз «Қ» деп айтайық.
«Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Міне, осыдан «Қ» дыбысы жасалады. «Қ» – дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

– Енді өздерің «Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.
– Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «Қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.
Құлыншағым – құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(І.Жансүгіров)


Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.

«Жасыл қияр» ойыны.
Балалар шеңбер бойымен жүреді. Ортада бір бала тышқан болып отырады. Балалар өлең жолдарын айтады:
Қияр, қияр, қиярлар,

Алысқа кетіп қалмаңдар.

Ұйықтап жатыр дәу тышқан,

Оятып енді алмаңдар!

Оянған тышқан балаларды қуып ұстайды, ұсталған бала тышқан болады.
– Осы «Қ» дыбысына өзіміз өткен дыбыстарды қосып, қысқа сөздер айтайық. Сол сияқты басқа сөздерге де дыбыстық талдау жасауға педагог көмектеседі. «Ойлан тап» дидактикалық ойнын ойнатуға болады.
Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрайды.
Жұмбақ:

Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды.

– «Сандық» сөзінде «Қ» дыбысы қай жерде кездеседі?
– Сандықтың ішіне не салады, үстіне не жинайды? Балалар «Сандық» сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды. Жұмбақ:
Арқауы бар қос қалта,

Ажырата алмайды.

Атам қайда жол тартса,

Қанжығадан қалмайды.

– «Қоржын» сөзінде «Қ»дыбысы қай жерде кездесіп тұр?
– Қоржынды білесіңдер ме? Ол – жолға шыққанда қауын, қарбыз, азық-түлік салып таситын, аттың, түйенің үстінде жүретін қазіргі сөмке сияқты құрал.
– Енді «қоржын» сөзін қатыстырып, сөйлем құраңдар.
– Балалар, сендер «Қ» дыбысы сөздердің қай жерінде кездессе де, таба алатын болдыңдар. Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №15 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3.Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге түсінікті болса, бармақтарыңды жоғары қаратыңдар.
16 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
29

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: "Қ" дыбысы .

Мақсаты: «Қ» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буындарға бөлгізу. Жалпылама сөздерді айтқызып үйрету. Саусақ моторикасын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

жасайды: сөздерге дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі.
түсінеді: "Қ" дыбысының дауыссыз екенін түсінеді;

қолданады: "Қ" дыбысын анық, таза айтып қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, Жұмбақбай ата болып киінген кейіпкер, қоржын.
Билингвалды компонент: қонақ – гость.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


Педагог балаларға қонақ келе жатқанын хабарлайды. Қоржынын арқалап, топқа Жұмбақбай ата кіреді. Балалармен амандасады.
– Жұмбақбай атаның қоржынында жұмбақтар бар, соны шешкен балаларға Жұмбақбай атаның арнайы сыйлықтары бар екен.