ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1779
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау -бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар - сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бірнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірінше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңыңда педагогке өз пікірін білдіру үшін сөз беріледі, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгіме жүргізіледі.
Тәрбиелік жұмыстың нәтижелерін есепке алу оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейін бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологі жүргізеді. Психологиялық бақылау мен диагностика -психологтің педагогикалық ықпал-әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негізінен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы таңдалып алынған бірнеше әдістерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгілі бір зерттелетін психикалық сипаттардың даму дәрежесінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, объективтілік талаптарына сай болу керек. Тестің беріктігі дегеніміз оның сол нәтижелерді бірнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі.
349
Дәлдік дегеніміз тестің тест жасаушысы өлшегісі келетін дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуі. Айтылғандардан белгілі болғандай, бұндай тестерді жасау мен қолдану арнайы білім мен уақытты қажет етеді. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргізуі керек. Алынған мәліметтер негізінде психолог мұғалімге оқу-тәрбие процесін психологиялық қамтамасыз ететін кепілдеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткізілуі керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесі басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылауға енгізілген.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1) Мектеп ішілік бақылау дегеніміз не?
2) Білім, білік және дағдының сапасы дегеніміз не?
3) Оқыту мен тәрбие нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістерін атаңыз.
4) Психологиялық бақылау мен диагностика не үшін қажет?
5) Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігін не анықтайды?
6) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін есепке алу мен бағалау неге тұтас жүйені құрауы керек?
7) Бақылаудың қандай түрлерін білесіз?
8) Бақылауды жүргізудің бірізділігі қандай?
9) Әңгіме-сұқбатқа арналған сұрактардың негізгі түрлерін атаңыз.
10) Әңгіме-сүқбат өткізер алдында сүрақтар тізімін жасап алу не үшін қажет?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1) Әңгіме-сұқбат жүргізудің тәртібін жасаңыз (бақылау жүргізу тәртібін негізге алыңыз). Таңдап алған әңгіме-сұқбатты дәлелдеңіз.
350
2) Оқушылардың белгілі бір пәнге деген ынта-ықыласы деңгейін бақылаудың кестесін жасаңыз (мысалы, математика). Ол үшін оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын айқындауға болатын негізгі параметрлер қандай екенін, қанша оқушыны және қандай уақыт аралығында бақылай алатыныңзды анықтап алу керек. Содан кейін ғана кестені жасаңыз.
3) Мектеп бағдарламасының бір тақырыбы бойынша тексеру жұмысын жасаңыз (мысалы, биология бойынша: "Гүлді өсімдіктер" тақырыбы бойынша тексеру жұмысы).
4) Сіздің ойыңызша, мұғалім еңбегін бағалаудың басты көрсеткіштері қандай екенін анықтаңыз.
Реферат тақырыптары
1. Тест тәрбие процесс барысындағы оқушьшардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын зерттеу әдісі ретінде.
2. Педагогикалық процесте мектеп ішіндегі бақылаудың қажеттілігі.
3. Оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейін есепке алу мен бағалау әдістері.
4. Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігі.
5. Психологиялық бақылау мен диагностика, тұтас педагогикалық процесс нәтижелерін тексерудің қажетті бөлігі.
6. Оқыту нәтижелерін есепке алу мен бағалау, олардың тұтас педагогикалық процесс жүйесіндегі орны.
7. Өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау әдістері, оқыту процесін белсендіру факторларының бірі.
8. Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау әдістері.
351
2.16 Педагогикалық технологиялар
Мақсаты: педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері, түрлері, қызметтері туралы білімдерді қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Педагогикалық технологиялардың мәнін ашу.
ә) Дәстүрлі және қазіргі кезендегі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен түрлерімен таныстыру.
б) Педагогикалық технологиялардың қызметтерін ашып көрсету.
г) Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспары
1. «Технологиялар», «теория», «әдістер», «әдістеме», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарыньгң арақатынасы.
2. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
3. Дәстүрлі оқыту технологиясы.
4. Педагогикалық технологиялардың қызметтері.
5. Тұтас педагогикалық процесс теориясы — педагогикалық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі.
Негізгі ұғымдар: теория, әдістер, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технологиялар, педагогикалық процесс, технологияның түрлері, сабақ, мониторинг.
Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, кибернетика, психология, педагогика тарихы, этнопедагогика, жеке әдістемелер.
«Технология». «теория». «әдістер». «әдістеме». «технология», «оқьггу технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.
Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К.Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға кызмет ету оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестердің барысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауынын негізгі себептерінін бірі - нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардын жоқтығы. Осыған
352
байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайыңдау сапасын жоғарлату мақсатында қазіргі кезендегі педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердін оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді процесуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.
«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі турғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.
Айтылғандарды айқындау үшін өндіріс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен практикада да тұрақты бекітілген «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталамыз.
Технология сөзі (tесhпе-өнер, шығармашылық, Іogos-ілім) грек тілінен аударылғанда:
а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағнаны білдіреді.
Екі түбірдің бірлігінен өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен тәсілдері жөніндегі білімдер жиынтығы, шеберлік туралы ғылымды немесе ілімді біддіретін сөз құралады.
40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда, «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің иедагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер негізін калаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде кұрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты.
353
Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдалақтары туралы білімді жоғарланудан тұрады. 70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ақпаратты өндеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады.
Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің кажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілендіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады. Соңдықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологиялаңдыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты. Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдыңда да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өсіп келе жаткан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туындаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады. Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады. Бұл орталық -бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен қарым-қатынас жасауға бағытталған.
Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технология-ларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдерік деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, С.
354
Сполдинг, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В. Гузеев, Н.Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген. Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.
В.П. Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықгайды /1/.
В.М. Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология — мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы — оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы- білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады /2/.