Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 324

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

  • - Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

  • - Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

  • - Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

  • - Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

  • - Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

  • - Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

  • - Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

  • - Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

ІІ. Есте сақтау түрлерін, зейіннің таралуы мен көлемін анықтау

.Жұмыс барысы:
1. Үш бағанада көрсетілген сандарды есте сақтау қажет. Біріншісі бағана – көру есте сақтауға бағытталған тест, екіншісі – моторлық (қозғалғыш) және үшінші – есту арқылы есте сақтауға арналған тест.

7.1 – Есте сақтау типін анықтау

Көру

Моторлық

Есту

5239

89765

224896

1267412

98615437

146769543

5649082451

24167549067

037427994410

5672

98761

675413

7841095

12435961

985241672

1864460902

06748117620

136777312064

0426

12785

651801

7082409

08761432

8652183555

1642507118

37470837502

760845267144


Сол жақ бағанадан бастаңыз. Ерінмен қозғалтпай, жоғарғы сандарды оқып шығу керек, әр санға шамамен 1 секунд уақыт жұмсаумен. Содан кейін бұрылып, санды дәптерге жазу керек. Кейін дәл осылай барлық бағананы тексермей толығымен көшіріп ал. Сіздің мүмкіншілігінізді есте сақтаған ең ұзын жолақтағы санды дұрыс жазуыңыз анықтайды. Моторлық есте сақтау қабілетін тексеру үшін ортаңғы бағанадағы сандарды дыбыссыз, бірақ ерінді қозғалтып оқыған дұрыс. Естіп есте сақтау қабілетті тексеру үшін бірінші бағанадағы сандарды бір адам оқығанын сұраныз, ал өзіңіз сол сандарды жазып отырыңыз.

Қай бағанада неше санды Сіз есте сақтағанызды есептеңіз. Осы жұмыстардан кейін өзіңіздің есте сақтау типін азда болсын анықтай аласыз. Адамдарың көбі 7-8 санды қатарымен есте сақтай алады, есте сақтау қабілеті жақсы адамдар 12 санды, әлсіз – 4 және одан да аз санды есте сақтайды.

Тапсырма: Қорытынды жаз.

2. Кестеде 1 ден 40 дейін сандар берілген. Уақытты белгілеп, қандай сандар босатып алынғанын іздестір де, дәптерге жазып отыр.

Болғаннан кейін өзінді зейін қойып, уақытсыз тексер. Әр қате үшін (өткізіп алған немесе қате жазылып алған сан үшін) айып 20 с анықталған. Бұл уақыт санауға кеткен уақытқақосылады. Егер сізде 3 минуттан кем болса, онда ол өте жоғарғы нәтиже.

Кесте 7.2 – Зейін таралуы қабілетін бағалау

14

5

31

27

37

40

34

23

1

20

19

16

32

13

33

30

6

8

25

9

12

26

36

28

39

Келесе кесте бойынша өзіңіздің зейін көлемін анықтауға болад. Ол үшін қарандаш, секундомері бар сағат қажет. Кестеде кездейсоқпен 101 ден 136 дейін сандар келтірілген.

Кесте 7.3 – Зейін көлемін анықтау

121

131

123

130

106

113

135

114

110

125

118

108

127

103

136

116

101

128

115

134

119

102

105

117

120

109

126

122

133

112

107

124

129

111

104

132


Сізге 101, 102, 103 және әрі қарай 136 дейін осы қатармен сандары табу қажет. Басталған уақытты белгілеп, табылған сандарды нүктемен белгілеп отыр. Уақытты секунтпен есептеу қажет. Зейін көлемін төмендегі формула бойынша есептеу керек

З = 648 / t

мұндағы З – зейін көлемі,

t – жұмыс уақыты (секундта).

Формулада 648 саны қайдан шыққанын түсіндірейік, орташа есеппен бір санды табу үшін кестенің жартысын қарау қажет, яғни 18 санды. Барлығы 36 сан. Демек, барлық сандарды табу үшін Сіз 18*36=648 санды қарап шықтыңыз (кестедегі сандарды бір неше рет қарағандағы есеппен). Осы санды жұмысқа кеткен уақытқа бөлгенде (секундта) өзіңіздің зейін көлемін анықтай аласыз: 6 саннан көп – жоғары көрсеткіш, 4-6 – орташа, 4 аз – төмен.

Тапсырма: Өтілген жұмыс бойынша қорытынды жаз.

Талдағыштар (анализаторлар) тақырыбы бойынша студенттердің білімін тексеруге арналған сауалнамалар мен ситуациялық есептер

  1. Екі кісінің біреуі 12 см, екіншісі 30 см жерден бір затты айқын көрді делік. Олардың қайсысы жас, қайсысы кәрі? Олардың қай жаста екенін айта аласыз ба?

  2. Мына дыбыс жиілігінің қайсысы адамға тән? 1. 20-20000 гц; 2. 16-20000 гц; 3. 5 гц – 15000 гц; 4. 16 гц – 40000 гц

  3. Науқастың ішкі құлағындағы жартылай айналмалы каналдар бұзылған. Ондай адам өз басының кеңістіктегі орнын анықтай ала ма? Терең судың ішінде жүзіп жүрген кезде ол қай бағытпен бара жатқанын біле ме?

  4. Суда жүзіп жүрген адам маска кисе, айналасындағы заттарды айқын көреді, маскасыз нашар көреді. Бұл неліктен?

  5. Белгілі бір затты қарағанда неліктен көзге жақындатамыз?

  6. Тура қарап тұрғанда 2 м қашықтықтағы затты қайткенде тез көреміз: ол жоғарыдан төмен қарай жылжығанда ма, әлде бойлай оңнан солға немесе солдан оңға қарай жылжығанда ма?

  7. Адамға белгілі бір тітіркендіргіш күшті әсер тесін делік, ол адамның ауруды сезіп не сезбей тұрғанын одан сұрамастан қалай білуге болады?

  8. Көз бен жарық аспа (фотоаппарат) екеуінде жарық сәулелері қалай фокусқа түседі? Олардың айырмашылығы қандай?

  9. Иіс анализаторы зақымдана қалса, оның қай бөлімі бұзылғанын елес сипатына (галюцинацияға) қарай қалай білуге болады?

  10. Есіту мүшесі қандай бөлімдерден тұрады, олардың қызметі жағынан қандай мәні бар?

  11. Кортиев мүшесінің құрылысы, қызметі, функциялық алатын орны.

  12. Есіту талдағышының ортаңғы бөлімі. Дыбыс толқындарын қабылдау жөніндегі резонанстық ілім.

  13. Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөліміне сипаттама беріңіз. Оның қызметі жөнінде не білесіз?

  14. Тепе-теңдік талдағышының өткізгіш бөлімінің құрылысы мен қызметін баяндап беріңіз?

  15. Тілдің, оның ұшы мен бүйірлерінің, ортаңғы бөлігінің дәмге деген сезімталдығы, бұл қалай зерттеледі?



Практикалық жұмыс: №9 Мектеп жасында жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, алдын алу.

1 Жүрек-тамыр жүйесінің ерекшелігі. Қан қысымын өлшеу.
Мақсаты: адамның максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы мәнін анықтаудағы әдісімен таңысу.

Қажет жабдықтар: тонометр, фонендоскоп немесе стетоскоп.

Жұмыс барысы

Артериялық қан қысымын өлшеуде кеңінен таралған Рива-Роччи әдісі, оны әрі дамытқан Коротков. Бұл әдіс арқылы иық артериясындағы максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы анықталады. Әдіс белгілі бір уақытта артрияда қысқаннан кейін шетке қарай тарайтын дыбысты естуге негізделген.

1. Зерттелуші иығына созылмайтын матамен қапталған резінкелі манжетті орналастырады, Манжетка резінкелі грушамен және монометрмен байланысқан.

2. Грушанын көмегімен білек артериясында тамыр соғысы жоғалғанға дейін ауаны енгізеді (қысым систолалық қысымнан аздап жоғары). Содан кейін грушанын бұрмдамасын сәл босатып манжеткадағы қысымды төмендетеді.

3. Фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естуге тырысады және сол уақытта манометрдің көрсеткішін бақылап отырады. Дыбыстар манжеткадағы қысым систолалық деңгейден төмен болған жағдайда пайда болады.

4. Тамыр соғысы жүректің систоласы кезінде қанның артерияға енгенінен болады. Осы уақыттаға манометрдің көрсеткіші қанның систолалық артериялық қан қысымына сәйкес келеді.

5. Қысымның әрі төмендеуі дыбыстың жоғалуына әкеледі. Дыбыстың толығымен жоғалу сәті диасталық қан қысымына сәйкес келеді. Осы уақыттан бастап манжеткадағы қысым артерияны қысым көрсете алмайды, сондықтан дыбыстар естілмейді.

Адамда ірі артерияларындағы қалыпты систолалық қан қысымы 105-120 мм с.б.б. (қолқада 100-125 мм с.б.б.), ал диастолалық - 60-80 мм с.б.б.

Осындай әдіспен алынған мәліметтер нақты көрсеткіштен біршама үлкенірек (максимальді қысым үшін 7-10%, минимальді қысым үшін 20-25 %), өйткені манжеткадағы қысымның бір бөлігі артерияны қоршап жатқан жұмсақ ұлпаларды қысуға жұмсалады. Әдістің нақтылығы 10-15 мм с.б.б. құрайды.

Тапсырма: қалыпты және физикалық жүктеме кезінде иық артериясындағы систолалық және диастолалық қан қысымын өлшендер. Қан қысымы мәніндегі айырмашылықты түсіндіріндер. Өтілген жұмыс бойынша қорытынды шығарындар.
Бақылау сұрақтары:

1. Қан дегеніміз не және адам өміріндегі маңызы?

2. Қанның пішінді элементтеріне не жатады?

3. Эритроциттердің қызметі қандай?


4. Тромбоциттер және лейкоциттер дегеніміз не?

5. Гемоглобин дегеніміз не, және оның түрлерін атаңыз?
2 Тамыр соғысы бойынша жүрек цикілінің ұзақтылығын анықтау.
Мақсаты: жүрек циклі ұзақтылығының өзгеріс ерекшеліктерімен танысу.

Қажет жабдықтар: секундомер.

Жұмыс барысы

2 минут ішінде әр 15 секунд сайын 5-6 рет тамыр соғысын санау керек. Әр санағандағы жүрек циклінің ұзақтылығын анықтау (15 с жүрек соғысы санына бөлу). Цикл ұзақтылығының орташа мәнін табу қажет.

1 минут ішінде жүрек соғысын сана. Бұл жағдайдағы жүрек циклінің ұзақтылығы қандай болатындығын анықтау (60 с соғыс санына бөлу).

Тапсырма: Бірінші және екінші тәсілдермен есептелінген жүрек циклінің ұзақтылығын салыстырындар. Нәтижесін дәптерге жазындар.
10 Практикалық жұмыс. Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бұзылуы, себептері және алдын алу.

Балалық кезеңдегі тыныс мүшелерінің құрылысы мен қызмет ерекшеліктері Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу (О2, СО2) және иіс сезу, сондай-ақ дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Сыртқы орта мен өкпелер арасындағы газ алмасу – өкпе желдетілуі немесе сыртқы тыныс, қан мен өкпе көпіршіктерінің арасындағы газ алмасу – өкпелік тыныс, қан мен ұлпа арасындағы – ұлпалық немесе жасушалық тыныс деп айтылады. Компоненттердің ішіндегі ең керектісі қан арқылы газдарды (О2 – жасуша – СО2 - ) тасымалдау. Балалардың ағзасы тұрақты түрде ұлпаға оттегін (О2) үнемі әкеліп, онда тотығу барысынан пайда болған көмір қышқыл газын (СО2) әкетіп отырмаса тіршілік ете алмайды. Бұл қызметті тыныс мүшелері орындайды.Тыныс мүшесінің тәнтануы бойынша – ауа өткізуші және газ алмастырушы мүшелер деп екі тобына жатқызады. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр (бронх) және өкпелер кіреді.Ауа өткізгіш мүше жолдарынан өткенде тазаланады, жылынады, түрлі тітіркендірілуді қабылдау және дем алу ауа көлемін реттеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ауа өткізгіш жолдарының кілегей (шырышты) қабатында белсенді өнім (секреторлық) қызметі болады. Мысалы, кеңірдектің кілегей (шырышты) қабаты, биологиялық белсенді заттар: пептидтер, норадреналин, серотонин, дофамин шыға-ратын эндокринді жасуша болады.