Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 320

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді (мысалы, адам, қайық, алма т.б) сау адам 20 м қашықтықтан есітуі тиіс. Құлақ мүкісі жайменен сөйлей отырып осы әдіспен анықталады.

Жұмыс нәтижесін қорытындылау: Есіту дәрежесін анықтау нәтижесі жазып алынады.

Жұмыс барысы

Зерттелуші көзін жұмып отырады. Қант ерітіндісіне батырылған шыны таяқшамен тілдің ұшын, түбірін, бүйірі мен жиектерін жағады, осы уақытта зерттелуші не сезіп отырғанын дәптерге жазып отыру қажет. Осылайша әр ерітіндіні тіл аймақтарына жағып, сезгіштігін анықтайды. әр ерітіндіден кейін ауыз қуысын шайып отырған жөн.

Тапсырма: Жұмыс аяқталғаннан кейін тілдің сезгіштік аймақтарын салу. Қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Дыбыс анализаторының 3 бөлімін атап шығыңыз?

2. Құлақтың құрылысын және олардың қызметін анықтаңыз?

3. Ішкі құлақта қандай анализаторлар орналасқан?

4. Дыбыс анализаторының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылығы?

5.Қалыпты жағдайдағы ересек адамның дыбысты қабылдау қашықтығы?
Практикалық сабақ №7 Мектеп жасында ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары және алдын алу.

Ішкі секреция бездеріне жалпы сипаттама

Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды беліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан-серік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (1-сурет). Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонодотропин. Ішкі секреция бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады.


Қалқанша без, қалқансерік бездері және олардың қызметі

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы- 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секідді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин.

Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Итттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте қиын болады. Қалыптсақан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуына адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.

Адамға тәуліктік йодтың мөлшері 0,15-20мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың синтезі (жасалуы) бұзылады. Зобдамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулалаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.

Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100кг тұзға, 2,5г. Йодты калийды қосады).

Қалқансерік бездер

Қалқансерік бездер (glandula parathyroideae) аса үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны – паратгормон деп аталады.

Паратгормонның гиперкальциемиялық іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңіуінің күшеюінің маңызы зор. Паратгормон бүйректе активтілігі төмен витамин Д-дан гормональактивті формалы витамин Д3 жасалуына әсер етеді.

Витамин Д3 нысана ағзаларға көбінесе паратгормонның сипергисі ретінде әсер етеді, атап айтқанша ішекте тамақ құрамындағы кальцийдің қанға сіңіуін күшейтіп, сүйектік деплолардан кальций мен фосфатты мобилизациялап, бүйректің проксимальдық түтікшелерінен кальций, фосфат және натрийдің кері сіңіуін тездетеді.



Соңғы жылдары паратгормонның басқа да бұрын нысанаға жатқызылмаған ағзаларға да әсер ететіні анықталды.

Қарынасты (ұйқы) безі аралас (қос) сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне ас қорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «үш» жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше ткань. Аралшық клеткалардың тканьдерінде өзектері болмайды.

Ең алғаш аралшық клеткаларды морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863жылы Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі клеткалар бар α және β (түйірлі клетка). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%-дей. Балықтардан бастап барлық омыртқалы жануарлардың аралшық тканьдері бар. Сүйекті балықтарда аралшық тканьдер дәнекер тканьмен қапталып бездің басқа тканьдерінен жеке ағза сияқты бөлінген. Балықта аралшық тканьнің бұлай орналасуы және без тканьдерінің анатомиялық ерекшелігі аралшықтың экстрактысын дайындауға қолайлы. Аралшық тканьдерінің салмғы аз болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті. Оның гипофункциясы қантты диабет ауруын тудырады. «Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант клеткалық тканьдық кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады.

Бүйрекүсті бездері, оның гормондары

Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милықабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.

Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.

Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жауар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қойылады және басқа өзгерістер пайда болады.

Бүйрекүсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостериодтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болн заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді.


Гипофиз, оның гормондарының физиологиялық маңызы

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацедофилдік, базофилдік және хромофобтық клеткалардан тұрады. Соңғылары – бас клеткалар осы бас клеткалардан дамиды. Бастапқы аталған екіклетка бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.

СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал салмағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.

Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсеррециясы акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді.

Гипофиздің артқы бөлігі – нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен клеткалар – питунциттерден және гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамуста түзіліп, нейросекреторлық клеткалар аксондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады.

Возопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравенртикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік горсон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.

Жыныс бездері – гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden – без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі – жыныс клеткаларын (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде аналық клеткалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің ірі көбею немесе репродуктік қызмет. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференциясынан) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген процестерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.


Нағыз еркек жыныс гормоны – тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондр бар – андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап әйел жыныс гормоны – эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.

Бақылау сұрақтар.

1. Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметі.

2. Секреция бездерінің баланың жасына байланысты ерекшелктері.

3. Жыныс тәрбиесінің физиологиялық – гигиеналық негізі, ата-аналармен жүргізілген жұмыстың конспектісін баяндау

Пайдаланған әдебиеттер

1.К.Дуйсенбин, З.Алиакбарова Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы,2000

2.М.Т.Матюшенок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 1986.

3.Химич Г.З.,Суркова О.А. Возрастная физиология и гигиена. 1. Повладар,2003

4.Химич Г.З.,Суркова О.А. Возрастная физиология и гигиена. 2. Повладар,2006
Практикалық сабақ №8 Медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеудің қағидалары

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтының мотивациясын анықтау. есте сақтау түрін анықтауды, зейін көлемін бағалауды үйрену.

Қажет жабдықтар: кестелер

І. Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.