Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 325
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі кезде өкпелердің газалмасуынан басқа, әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдану тәсіліне қарай маңызды 10 шақты қызметі белгілі болып отыр.
Өкпелердің веноздық қандарын-дағы қосылған қоспалардан бұзылып және түрлері өзгерген жасушалар-дан, майда фибрин қойыртпағынан, майдың ұсақ түйіршіктерінен (микроэмболдан) тазартатын сүзгілік (филтрлік) қызметі болады. Өкпелер-дің арнайы механикалық сүзгісі болмаса да, көптеген ферменттер жәрдемімен өздері өзгертіп өңдеп сіңіреді. Өкпелерде қанның ұюы және ұюға қарсы жүйесіне де әсер етеді. Өкпелердің липид алмасуын реттеуде де үлкен маңызы бар. Ыдыратылған май, май қышқылы және глицеридтер кеуде сарысу (лимфа) жолына веноздық қанағымымен өткендері өкпелердің липопротеаздары мен көмір қышқылына дейін тотығады, осы кезде көп мөлшерде энергия бөлінеді. Осылармен бірге май-фосфолипидтер және глицирин белсенді түрде синтезделеді.
Дем алу – көкет пен сыртқы қабырғааралық тыныс бұлшықет-терінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысы кеңеюіне байланысты болады. Өкпелерге ауаның енуі көп дәрежеде үлпершек (плерва) қуысының қысымына да байланысты (ол сынап бағанасы бойынша 4-9 мм атмосферадан төмен).
Дем шығару – бір жағынан, тыныс мускулатуралардың босаңсуы, бір жағынан, екінші жағынан, кеңейген өкпе өзінің серпімділігі арқасында қалпына келуіне байланысты сипатталады.
Тыныс алуды реттеу. Балалардың тыныс орталықтары
Нәрестенің тынысы. Нәресте-нің алғашқы дем алуы пайда болуының бірқатар себептері бар. Нәрестенің кіндік сабауын байлағаннан бастап, бала жолдасы арқылы, оның ағза қанынан және анасынан келетін газ алмасуы тоқтайды. Бұл қанның құрамындағы көмір қышқыл газдың көбейіп, тыныс орталығының жасушасын қоздырады да ырғақты тынысты пайда етеді.
Нәрестенің алғашқы дем алу себептерінің пайда болуы, оның тіршілік ету жағдайын да өзгертеді. Сыртқы ортадан келген әр түрлі сан-алуан факторлардың, бала тәнінің барлық қабылдағыштарына әсері рефлекторлы жолмен дем алуды пайда етеді. Солардың ішінде ең күшті тітіркену тері қабылдау-шылары болып саналады.
Нәрестенің алғашқы дем алуы өте қиын. Өйткені өкпе ұлпасының серпімділік қасиеті көпіршік және ауатамырлары қабысуынан созылуы ұлғайған болады. Осындай тартылу күші азайған кезде көпіршіктерде бір-біріне жабыспайтын беткі қабық (сурфактант) қалыптаса бастайды.
Өкпелердің керіліп-созылуы тыныс бұлшықеттерінің белгілі дәрежеде күші жеткенде ғана өкпе ұлпасы созылады. Егер тыныс бұлшықеттер нашар болса, өкпе созылмайды да тыныстық қимылдар пайда болмайды.
Өкпенің алғашқы 1-3 тыныстық қимылынан кейін, өкпе толық жазылады және біркелкі болып ауа толады. Алғашқы дем алған кезде өкпедегі ауа қысымы атмосферамен теңеседі де өкпе сондай болып керілгендіктен, қабырғалық (перис-талды) және ішкі (висцералды) үлпершек (плевра) жапырақшалары өзара беттеседі.
Кеуде қуысы өкпеге карағанда тез өседі. Сондықтан да үлпершек қуысында теріс қысым пайда болады да өкпенің тұрақты керіліп-жазылуы үшін жағдай жасалады. Үлпершек қуысындағы теріс қысым және оның тұрақты дәрежеде болуы да үлпершек ұлпасының қасиетіне байланысты. Оның сорғыштық қасиеті зор. Сондықтан да тыныс жүйе дамуындағы ерекшеліктердің ағза дамуындағы әр түрлі кезеңдегі заңдылықтарын орта жағдайына бейімделу механизмдерін және ауырып қалған кездегі жетілуін білген бала-бақшада – тәрбиеші, мектептерде – мұғалімдер балалар-дың, әсіресе, өкпе ауруларының алдын алуын қамтамасыз ете алады.
Бала жаңа туылған кезде, мұрын қуысы да өте шағын, мұрын жолдары нашар дамыған болады. Төменгі мұрын жолдары 6 айлық шамасында бастайды да, 3-7 жасына дейін тез өсіп, 13 жасында қалыптасады. Мұрынның ортаңғы жолы 2 жасынан қалыптаса бастап, ол 20 жасына дейін созылады.
Мұрынның кілегей (шырышты) қабаты ересекке қарағанда, саңлауларындағы қантамырларымен жабдықталуы мол, ауаны жылытуы жақсы. Бірақ демді алғандығы ауаның өтетін кеуекті бөлімдерінде қантамыр өрімдері жетілмеген. Сондықтан да кілегей үнемі ісініп тұратындықтан мұрынмен тыныс-тану қиындайды, бірақ мұрыннан қан кету мүлдем болмайды.
Иіс сезу аймағының кілегейі (шырышы) тез өзгереді. 7 айлығында иіс буылтығы айқындалып, 2 жасқа келгенде үлкен шоғыры түзіледі. Осыған байланысты балада иіс сезімі тез дамиды деп айтуға болады.
Нәрестенің мұрын қосалқы қуысы өте жетілмеген. Тор сүйектің шытырманы (лабиринт) 12-14 жаста қалыптасады. Маңдай қуысы 1 жас соңында дами бастайды да, дамуы 11-12 жаста аяқталады. Нәрестенің үстіңгіжақ қуысының нышаны да және қалыптасуы да тек 12 жасынан басталады. Негізгі қуыстардың дамуы 3 жасынан басталып, бұл да 12 жасында аяқталады. Сөйтіп емізулі балаларда мұрынның қосалқы қуысы болмағандықтан, олардың бұл жасында қабыныс (қабынуы) болуы мүмкін емес. Демек қабыну болмайды.
Нәрестенің мұрын-жұтқын-шақ жолы өте келте. Ол мүшенің өсетін кезеңі 14-18 жас аралығы. Нәрестенің жұтқыншақ бадамшасы (миндалинасы) жұтқыншақтың артқы қабырғасында орналасады. 1 жасында ол өте тез өсіп, төбеге жақындайды да, оларды жауып қалуы да мүмкін. Одан кейін 6 жастан 14 жасқа дейін өсу баяулайды сосын оның кері дамуы басталады.
Есту түтігінің тесігі төмен орналасқандықтан, балалардың жо-ғарғы тыныс жолының аурулары көбінесе ортаңғы құлақтың қабы-нуынан асқындайды. Бұл жағдай ортаңғы құлақ пен жұтқыншақ (ауыз қуысы) аралығын жалғастырып тұратын тұрақты келте, әрі кең түтігі арқылы ортаңғы құлаққа жұқпалы ауру жәндіктері (инфекция) өтуіне байланысты.
Нәрестенің көмекейі ересектерге қарағанда, үш омыртқа деңгейінен жоғары орналасқан. Сондықтан да бала бір уақытта (мезгілде) тыныстанады және жұтына да алады. Көмекей әр жаста әр түрлі өсіп дамиды. 3 жасқа дейін ұлдар мен қыздардың көмейі бірдей жылдам өседі. 3 жастан 12 жасқа дейін оның өсуі баяулайды, бірақ шеміршек-тердің пішіні күшті өзгереді. Олардың тығыздығы, шырышты қабатының құрылысы, дыбыс байламы бір жастың ішінде және 14-16 жастарында тез өседі. 12 жасынан жыныстық белгі айырмашылығы қалыптасады, бұл уақыттан ұлдардың дыбыс байламы (1,65 см), қыздарға (1,5 см) қарағанда ұзарады. Осыған орай ұлдардың дыбысы – дауысы түбегейлі жуандап мутацияланады.
Нәрестенің кеңірдегі мен ауатамырлары (бронхтары) 6 айға дейін және 14-16 жас арасында қарқынды дамиды, ал кеңірдек 10 жаста – 2 есе, 25 жаста – 3 есе ұзарады. Нәрестеде кеңірдектің пішіні сүйір (конус), ол көмекейден шамалы кең. Алғашқы 4 айда ол ұршық пішінді болып, одан кейін көмекей диаметріне қарағанда тарылып, жұмыр (цилиндр) пішінді болады. Кеңірдектің серпімді талшықтары нәрестеде сирек болса, 12 жасында олар қалыңдап жылдам дами бастайды.
Өкпе, нәрестенің өкпелері алғашқы 2 жасқа дейін қарқынды өсіп-дамиды, 10 жасқа дейін баяуласа, 13-16 жасында қайтадан тездейді. 1 жасқа толғанда өкпенің сыйымдылығы (көлемі) – 4 есе, 7-8 жаста – 8 есе, 13 жаста – 10 есе, ал 20 жаста – 20 есе ұлғаяды.
Нәрестенің кеуде қуысы (кеудесі). Емізулі баланың қабырғалары көлденең дерлік болады. 3 жаста олар едәуір қиғаштанып және қабырғалардың көлемі өзгеруі кеуденең диаметрін өзгертеді. 7 жасқа дейін кеуде қуысы ұзын, 15 жаста, оның көлденең диаметрі тез ұлғайып, артынша өсу баяулап кеуденің кәдімгі пішіні қалыптаса бастайды. 3 жастан қабырға тыныс қимылына (актісінде) қатысады.
Кеуде қуысы шартты дамуын үш кезеңге бөледі: бірінші - тез өсуді қамтитын жаңа туған кезеңінен екі жас аралығы; екіншісі - екі кезеңге бөлінетін (ажыратылатынын); 2-ден 7 жасқа дейін тез өсетін және 7-12 жаста дейін баяу дамитын; үшінші кезеңі - 20 жасқа дейін жыныстық жетілу кезеңінде тез өседі; одан кейін даму баяулайтын кезеңді қамтиды.
12-сурет. Мұрын қуысы
1 – кеңірдек; 2 – өңеш; 3 – құрмау (тіласты) сүйегі; 4 – тіласты-көмейасты байламы; 5 – көмекей; 6 – көмекейқақпағы; 7 – жұтқыншақ қуысы; 8 – жұтқыншақ бадамшасы (миндалина); 9 – жұмсақ таңдай; 10 – мисауытының негізі; 11 – жұтқыншақтың мұрын бөлігі; 12 – жұтқыншақ күмбезі: 13 – жұтқыншақтың тесігі (есту түтігі); 14 – түтіктік белдеуі және бадамшасы; 15 – мұрынның артқы хоанасы; 16 – мұрынның жоғарғы кеуілжірі; 17 – тор сүйегі; 18 – мұрынның жоғарғы жолы; 19 – мұрынның ортаңғы кеуілжірі; 20 – мұрынның ортаңғы жолы; 21 – мұрынның кіреберісі; 22 – мұрынның төменгі кеуілжірі; 23 – мұрынның төменгі жолы; 24 – күректіс түтігі; 25 – қатты таңдай; 26 – астыңғыжақсүйек; 27 – тіл; 28 – тіл бадамшасы.
Мұрын арқылы тыныс алу. Мұрынмен тыныс алуды қиындататын себептер.
Өкпелік көлемдер мен сыйымдылықтарды спирометр не спирограф арқылы өлшейді.
Тыныш тыныс көлемі 500 мл (300-600 мл). Барынша терең тыныс (дем) алу көлемі-өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) (600)-оны спирографта жазуға болады.
ӨТС-орташа 4500 мл: сонда демді барынша алғанда қосымша 2500 мл ауа сияды және демді барынша шығарғанда 1500 мл ауаны қосымша шығара алады, енді осыған тыныш (қалыпты) жағдайдағы 500 мл ауаны қоссақ өкпенің тіршілік сыймыдылығы – 4500 мл шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:
1. қалыпты тыныс көлемі – 500 мл
2. қосымша тыныс (алу) көлемі – 2500 мл
(тыныс алудағы қосымша ауа көлемі (ТАҚА)
3. қосымша тыныс (шығару) көлемі – 1500 мл (тыныс шығарудағы қосымша ауа көлемі (ТШҚА)
Өкпенің тіршілік сиымдылығы – 4500 мл. Енді өкпеден демді барынша шығарған кезде де шамалы ауа өкпеде қалады - оны қалдық ауа немесе өкпенің тіршілік сыйымды-лығының қызметтік қалдық сыйымдылығы (ҚҚС) дейді.
Есеп. Адам 1 мин. 15 рет тыныс алса, әр тыныста 500 мл десек, 500х15=7500 мл/мин. Сонда тыныстың минуттық көлемі (ТМК) – 7500 мл.
Бір қалыпты тыныс көлемінде қабылданған 500 мл ауаның бәрі өкпе көпіршігіне бармайды, оның 150 мл ауатыныс жолында қалып газ алмасуға қатыспайды. Сондықтан да (500-150)х15=5250 мл, сонда 1 мин қабылданған 7500 мл ауаның көпіршіктік (альвеолалық) ауа (газ) алмасуы 5250 мл ауаға тең.
Демді шығаратын ауадағы СО2-мөлшері: %CO2
Vco2 =Vax 100
Vco2- демді шығарғандағы CO2 көлемі
Vco2x 100
VА = %CO2
%CO2 100 мөлшерін CO2-ң фракциялық концентрациясы - FCO2 деп белгілейді.
Сонда демді шығарудағы ауадағы СО2-ң мөлшерін, бұл газдың көпіршіктік ауасындағы концентра-циясына бөлу арқылы көпіршіктік ауа алмастыруын табуға болады.
СО2-ң парциалдық қысымы (РСО2) бұл газдың көпіршіктік ауадағы концентрациясына пропор-ционалды:
Pco2 = Fco2 xK K- константа
Осыдан CO2
VА = Pco2xK.
Тыныс гигиенасы. Балаларға дұрыс тыныс алуды үйрету.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде - 4 л, футболистерде - 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет.
Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін жөне физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жұмысын да сабақ кестесін жасағанда Бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондыбқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.