Файл: Лекция Жеіл дегей (20 пай) ылымны азіргі оамдаы ролі мен маызын крсетііз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 298
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қайталама зерттеу ӛлшемін анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы не себепті аса маңызды еместігін талдаңыз.
Қайталама зерттеу өлшемі – зерттеуші басқалардың жұмыс нәтижелерін қайталауды таңдап жатқанда қолданылады. Бұлай етулеріне белгілі себептер де бар, мысалы, түпнұсқа нәтижелері қарастырылып отырған сұрақтың басқа аспектілеріне сай емес деген пікірдің туындауы. Қайтара зерттеу жүргізу үшін зерттеу жұмысы қайталауға бейім болуы керек, басқаша айтқанда зерттеу жұмысы қайталап жүргізуге мүмкіндіктер қарастыруы керек. Осы арада туындайтын ӛте айқын ой: егер зерттеуші ӛз ойын ерекше ашып кӛрсетпеген болса, қайталау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, тұжырымдаманың сенімділігін бағалау үшін, осы бағалау басқа біреулер тарапынан берілуі тиіс. Бірақ зерттеулерде қайталама зерттеу аса кӛп танымал емес. Себебі әрбір зерттеулер оригиналдылығымен құнды. Мысалы: Буравой (1979) АҚШ зауытында тақырыптық зерттеу жобасын жүргізіп жатқанда, осы зауытта отыз жыл бұрын басқа бір зерттеуші (Дональд Рой) тарапынан зерттеу жүргізілгенін біледі, ол ӛз жұмысын ары қарай қайтара зерттеу ретінде жүргізуді ойлады. Алайда академиялық ӛмірде қайтараның тӛмен бағаланатынын ойлап, бұл пікірінен айныды. Ол жазбаларында былай дейді: «Ройдың зерттеу жұмысын қайталау маған алдағы уақытта жұмысқа орналасуымды есепке алмағанда, тіптен диссертацияны ойдағыдай қорғауыма да кӛмектеспейтінін білдім... Академияда шынайы марапат қайталама жұмыстарынан емес, жұмыстың ӛзіндік ерекшелігіне қарай беріледі!» (Буравой, 2003: 650).
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Заңдылық өлшемін анықтаңыз және қолданылатын маңызды түрлерін талдаңыз.
Заңдылық өлшемі - кӛптеген жағдайларда, заңдылық зерттеу ӛлшемдерінің ең маңыздысы болып табылады. Заңдылық – зерттеудің жүргізілген шағын бӛліміне негізделіп шығарылған ұғымдар қаншалықты тұтас бӛлімін сипаттайды немесе онымен байланысқан. Заңдылық ӛлшемінің қолданылатын келесідей маңызды түрлері бар:
• Өлшем заңдылығы – бұл ӛлшеу мүмкіндігі. Ӛлшем заңдылығы ең алдымен сандық зерттеуде және әлеуметтік ғылыми ұғымдарды бағалауға арналған зерттеулерде қолданылады. Ӛлшем заңдылығы кӛбіне сындарлы ӛлшем деп те аталады. Шын мәнінде, ұғымды қалыптастырған ӛлшем іс жүзінде сол мағынаға сәйкес келеді ме, тура сол мағынаның түсінігін береді ме деген сұрақ туындайды. Мысалы: IQ тест шыныменде адамның ақыл жетістігіндегі ауытқуларды кӛрсетеді ме? Оны бағалауға болады ма? Егер берілген баға қарастырылып отырған мәнмәтіннің тиянақты мағынасын ашып кӛрсетпегендіктен, сенімсіз деп табылса, бұл баға заңды бола алмайды, себебі заңды ӛлшем бағалауға бағынатын ұғымды дәріптейді.
Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)
-
Зерттеу жобасы түрлеріне жататын зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент тиімділігін салыстырмалы бағалаңыз.
Эксперименттік жоба зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент болып екі негізі маңызды түрге бӛлінеді.
Зертханалық эксперимент зертхана ішінде немесе жасанды ортада ӛткізіледі. Мысалы: Хауэл мен Фрост (1989), харизмалық жетекші (Макс Вебердің (1947) заңды билік түрлерімен байланысты атау) басқа жетекші түрлеріне қарағанда, мекемеде тиімдірек болатын мүмкіншілігіне қызықты. Олар харизмалық жетекшілік пен жетекшіліктің басқа екі түрі - ойланыптолғану және құрылымдаудың тиімділігін салыстыратын зертхана экспериментін ұйымдастырды. Бірнеше гипотеза талданды, соның ішінде таңдалғаны: «Харизмалы жетекші қол астында жұмыс істейтіндер, ойланыптолғанатын жетекшімен жұмыс істегендерге қарағанда тапсырманы орындау қабілеті жоғары болады» деген тұжырым жасалды (Хауэл мен Фрост, 1989: 245). Бұл экспериментке 144 оқушы ӛз еркімен қатысты. Олардың пән бағалары, зерттеуге қатысуға келіскендері үшін 3 % жоғарылатылды. Бұл оқушылар кездейсоқтық әдісімен үш жетекші түрінің бірінің қол астына тапсырма жасауға белгіленді. Тапсырма ретінде симуляцияланған бизнес тапсырма берілді. Барлық үш жетекшілік әдісін екі әртіс әйел орындады. Кең ауқымда гипотезаға сай, харизмалық жетекші қол астында тапсырма орындағандар жалпы алғанда, басқа жетекші қол астындағыларға, әсіресе ойланып-толғанатын жетекші қол астында тапсырма орындағандарға қарағанда жоғарырақ бағаланды.
Далалық эксперимент - табиғи ортадағы яғни, мектеп сыныптарында және ұйымдар ішінде немесе жаңа реформалар немесе жаңа саяси бағыт енгізу тәрізді шынайы ӛмір ортасында ӛткізіледі.
-
Зерттеу жобасы түрлеріне жататын кросс-секциялық зерттеу жобасының ғылымдағы рӛлін бағалаңыз.
Кросс-секциялық жобасы дегеніміз - бірнеше тақырыптар қиылысынан тұратын (әдетте екіден кӛп) және белгілі бір уақыт аралығында сандық немесе санауға болатын кӛрсеткішті жинау мақсатында, екі немесе одан да кӛп (әдетте екіден кӛп) айнымалыларға қатысты және одан әрі байланыс бағытын анықтау үшін, деректер жинақтауға байланысты және зерттеу жұмыстырында ең кӛп қолданыстағы жоба түрі (Сурет 4.1). Мысалы: Кросс-секциялық жоба және ішкі дәлділікке: Денсаулық пен ӛмір салты сауалнамасы негізінде бір мысал қарастырайық. Блакстер (1990) сұхбатттың кең ауқымды кросс-секциялық зерттеудің кейбір нәтижелеріне деректер жинақтауда үш тәсілді қолданғанын айтады: әр респондентінің физиологиялық мәліметтерін медбике кӛмегімен жинау; стандартталған сұхбат жүргізу; ӛз бетімен сауалнама толтыру. Мәліметтер 9000-ға жуық адамдардан тұратын кездейсоқ іріктеліп алынған топ арасында жиналды. Бір мезгілде, Блакстер тұлғаның темекі шегіп-шекпеуі мен оның диетасы арасында байланыс барлығын кӛрсеткен болатын. Алайда бұл байланысты қалай талдауымызға болады? Блакстер бұл мәселеде ӛте абай болып, екеуінің арасындағы себеп-салдар қатынасын тұжырымдамайды.
Жиналған мәліметтерге сүйеніп, темекі шегу белгілі бір диетаға себепкер немесе диета темекі шегуге себепкер, не болмаса екеуінің арасындағы байланыс шын мәнінде, мысалы, «салауатты» ӛмір салтына берілгендік немесе немқұрайлылық сияқты үшінші бір айнымалының әсерінен туындағаны туралы түсінік болуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде себепсалдар әсері бағытының тұрлаусыздығы (екіұштылығы) орын алған.
5 лекция
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
-
Зерттеу барысында этикалық нормаларды ұстану маңызын көрсетіңіз.
Ғылым экономикалық, саяси, әлеуметтік, әдіснамалық, эстетикалық және этикалық жағынан зерттеледі. Біз этика мен ғылым арасындағы байланысты қысқаша қарастырамыз.
Ғылым этикасы – жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді.
Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогреспен ұштастыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен қағидаларды қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа тӛнген термоядорлық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың әлеуметтік
жауапкершілігінің маңызы ӛте зор. Осы ӛзекті мәселені ғылым этикасы зерттейді. Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуі тиіс. Ғалым этикасы - бұл ғылым этикасына қарағанда тар мағынадағы ұғым. Бұл екі ұғымнан басқа әдістемелік әдебиеттерде ғылыми қызметкердің этикасы деген ұғымдар да кездеседі. Ғылым этикасы ӛзара қарымқатынастағы моральдың философиялық және әлеуметтік жағын қарастырады.
Ғылыми этиканың нормалары:
Біріншісі, жалпы адамзаттық адамгершілік талаптарын орындаудан тұрады.
Екіншісі, этикалық нормалар ғылымға тән арнайы құндылықтарды корғауға қызмет ету. Яғни ғылымға адал қызмет ету, риясыз іздену арқылы ақиқатты дәлелдеу. Күнделік ғылыми әрекетте алған білімді бірден дәлелдеу мүмкін емес, ақиқат екенін дәлелдеу қиын. Бұл сондықтан ғалымның тактикасына, адамгершілігіне жүктеледі.
Әдетте ғылым мен адамгершілік мәселелері бір-біріне қарама-карсы ұғым деп қарайды. Ал шындығында ғылым адамгершілік, мораль талаптарының дамуымен тығыз байланысты. Ғылым әрбір дәуірдің адамгершілік құндылықтарын реттеп отырады. Белгілі бір этикалық талаптар, ережелер анықталып отырады. Шын мәнінде табиғат сияқты ғылым адамгершілік категориясына бағынбайды, ғылымның басты мақсаты-объективті шындық.
Ғылым шындығында шынайы емес, оны адамдар жасайды. Ал адамға тән нәрсе адасуы; жолдан тайуы; пиғылының азғыруы, қатты ынтығуы, яғни сезімге берілуі сияқты кӛріністер ғалымның бойына болатындықтан оның қорытындысы әрқашан да шынайы болады деп айта алмаймыз.
2. Зерттеу барысында плагиатты болдырмау жолдарын кӛрсетіңіз.
Әдебиетке шолуды жазу барысында плагиат немесе шығармашылық ұрлық жасамауды, заңсыз пайдаланбауды естен шығармау керек және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу ережелерін сақтау қажет. Плагиат екі ұшты түсінік болып табылады: Қысқаша оксфорд cөздігінде шығармашылық ұрлық жасауға «басқа біреудікін (пікірлерін, жазбаларын, ойлап тапқандарын) ӛзінікі тәрізді алу және қолдану» деген анықтама берілген. Сонымен қатар, Ұлыбритания желідегі Encarta ағылшын сөздігінде «басқа біреулердің идеясын немесе жазба жұмысын кӛшіріп алу және оны түпнүсқа ретінде ұсыну» деген анықтама берілген. Шығармашылық ұрлық эссе немесе баяндама дайындау барысында оқыған әдебиеттерге ғана байланысты емес. Басқалары жазған эсседен немесе веб парақтардан ешкімге тиесілі емес ақпаратты ауқымды мӛлшерде алу да шығармашылық ұрлыққа жатады. Және ӛзін-ӛзі шығармашылық ұрлыққа итермелеу де мүмкін, бұған адам ӛзі бұрын жазған және түпнұсқа ретінде ӛткізіп тастаған ақпаратын қайтадан қолдануы жатады. Сондықтан тіптен ӛзіңіз жазған ғылыми еңбектерге де дұрыс сілтеме жасай білу қажет. Кез келген шығармашылық ұрлық ғылыми алдаудың түрі деп қарастырылады және егер шынында академиктердің саналарында жалған ғылыми нәтижелер жасау тәрізді теріс қылықтар орын алса да, немесе білместіктен жасалса да бұл әрекеттердің айырмашылықтары ӛте аз. Ізденушілер арасында шығармашылық ұрлық деңгейі барған сайын көбейіп барады деген кӛп таралған пікірлер бар, алайда бұл пікірдің дұрыс немесе бұрыстығын анықтау қиынға соғатыны анық. Шынында, шығармашылық ұрлықтың ӛз алдына қаншалықты кең таралғанын айту қиын, себебі таралу деңгейі туралы берілген бағалар арасында елеулі айырмашылықтар бар. Осы плагиаттың орын алуына маңызды себеп – егер негізгі себеп деп айтпағанда - ғаламтор деген пікірді кӛбі қолдайды. Веб парақтарынан оңайлықпен кӛшіріп алуға болатын мән-мәтіндер, электрондық журналдар мақалалары, электрондық кітаптар, коммерциялық негізде сатылатын желідегі эсселер және басқа кӛптеген ақпарат кӛздерінен алып, өз эссесінде қолдану білім алушылар мен басқа жерлерде плагиат мәселелерінің кеңінен таралып кетуіне себепші негізгі факторлар деп қарастырылады. Дегенімен, интернет ол деректер мен мәліметтер базасы, сол базаны дұрыс қолдану, яғни басқа бір ғалымның еңбегіне құрметпен қарау бұл әрбір ізденушінің ажырамас серігі болуы тиіс.
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
3.Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптарын салыстырмалы талдаңыз.
Қазіргі заманда экологиялық проблемаларының шиеленісу, адамзат пен табиғаттың ӛзара әрекеттесуінің құндылығы арта түсуде, қазіргі заманғы ғылым өзінің экологизациялық дәуіріне аяқ басып отыр. Ғылым алдында жаңа мақсат тұр ол мақсат табиғатпен соғыс емес, керісінше адам мен табиғат біріктіре отырып дамыту. Мәдениет тарихында ғылым мен адамдардың тығыз өзара әсерлесуіне қарамастан ғылым міндетін орындауда ізгілікке жат, адамдық қасиетке жатпайтын әрекеттері кездеседі, сондықтан да ғалымның адамгершілік
жауапкершілігі деген сұрақ тұрады. Зерттеуші қазіргі кезде ӛзінің зерттеу нәтижесінің сапасы алдында ғана жауап бермейді. Ол сол зерттеудің салдарын да ойлануы керек, оның зерттеуінің салдарынан қандай зардабы бар екенін де ойлануы қажет. Бұрыннан белгілі ғылыми жетістіктер тек қоғамның дамуына әсер етпеуі керек. Дәл қазіргі жағдайда ғылым адамзатты бақытсыздыққа немесе жер бетіндегі ӛмірдің жоғалып кетуіне себепкер болуы мүмкін деген мәселе өткір қойылып отыр.Мысалы: бірқатар ғылым саласында биологияда қатерлі зерттеулер жүргізілуде микро организмдерді ойлап табу, ауруды қоздыратын, бұрыннан бар имунитетті құртатын микроорганизмдерді ойлап табу, гендік инженериядағы жаңалықтар, антибиокке қарсы тұратын микробтарды тауып отыр. Бұл келтірілген мысалдардан ғылымның міндеті, әрқашан да адамгершілікке жатады деп айту қиын. Дәл қазіргідей ғалым бұрын ешқашан ӛзінің жаңалығы үшін моральдық жауапкершілікті сезінбеген еді. «Мақсат құралды ақтайды» деген қағида этикаға сай емес болуы мүмкін (цель оправдает средства) бұл ғылыми этикаға жат. Мысалы: Зигмунд Рашердің тәжирбиелерінен кӛргендей, ӛз мақсатына жету үшін қаншама адам шошырлық эксперименттерді қолданған. Мақсаты дұрыс болғанымен, сол мақсатқа жетудегі құралының дұрыс емес екенін кӛреміз. Достоевскиий сӛзі бар: «Бүкіл әлемнің бақыты бір күнәсіз баланың көз жасына тұрмайды» деген. Осылайша ғалым ӛзінің мақсаты мен құралына, сонымен бірге ӛзің әрекетіне, ар алдында, адамдар алдында үлкен