Файл: Фоб012016 . А. Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті Медицина факультеті Зертханалы пндер кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 340

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Түркістан-2016

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

6. Әдебиет:

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Билет -10

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Лабораториялық жұмыс

С - зерттелетін сынамадағы креатининнің концентрациясы мкмоль/л

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

10. Миокард кезіндегі биохимиялық өзгерістер.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып

жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Бақылау жұмысы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып

жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Бақылау жұмысы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



3 БИЛЕТ

  1. Кетон денелерінің түзілуі.

  2. Организмде холестериннің тасымалдануы.


4 БИЛЕТ

  1. Фосфатидил қышқылының қолдану жолдары.

  2. Кетон денелерінің тағдыры.


5 БИЛЕТ

  1. -гидроксиацетил-КоА-ның түзілуін және дегидрлену реакциясын жазыңыз (энергетикалық шығымы).

  2. Организмде холестериннің бөлінуі.


6 БИЛЕТ

  1. Глицерин мен бос май қышқылынан түзілетін Ацетил-КоА жазыңыз.

  2. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, олар қай процестер кезінде түзіледі.


7 БИЛЕТ

  1. Кетон денелерінің химиялық табиғатын және олардың қолдану

жолдарын жазыңыз, энергетикалық шығымы.

  1. Атеросклероздың биохимиясы.


8 БИЛЕТ

  1. Холестериннің биосинтезі.

  2. Өттің биохимиясы.



9 БИЛЕТ

  1. Бос май қышқылдарының биосинтезі.

  2. Өт тастарының пайда болу механизмі.


10 БИЛЕТ

  1. Холестериннің түрлері, оның маңызы.

  2. Бос май қышқылдарының -тотығуы. Энергетикалық шығымы.


11 БИЛЕТ

  1. Липидтер алмасуында өкпенің ролі.

  2. Активті сірке қышқылының тағдыры.


12 БИЛЕТ

  1. Фосфолипидтердің биосинтезі.

  2. Бос май қышқылдарының активтенуі және дегидрленуін жазыңыз.


13 БИЛЕТ

  1. Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.

  2. Транспорттық липопротеидтер, олардың маңызы.



14 БИЛЕТ

  1. Липидтердің аралық алмасуы.

  2. Бос май қышқылдарының -тотығуы кезінде, қанша дегидрлену реакциясы жүреді (мысалы: пальмитин қышқылы).



15 БИЛЕТ

  1. Липидтердің алмасуында май тканінің ролі.

  2. Стеарин қышқылының -тотығуын жазыңыз. Қанша АТФ түзіледі бұл кезде.

5 Тақырыбы: Ақуыздардың алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі, амин қышқылдарының ағзада қолданылуы, аммиактың усыздану жолдары, мочевинаның синтезі.

2. Мақсаты: Студенттердің, ақуыздардың асқазан-ішек трактінде қорытылуы, сіңірілуі жөніндегі білімін қалыптастыру.

Студенттерге асқазан сөлін физико-химиялық жолдарымен зерттеу жүргізуді үйрету.

Асқазан-ішек трактінің функционалды жағдайын түсіну үшін, алынған биохимиялық көрсеткіштерді пайдалана білуді үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады. Биохимиялық лабораторияда асқазан-ішек трактісінің патологиясын анықтау үшін асқазан сөліне анализ жасаймыз.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері және патология кезінде өзгеруі.

2. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.

3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі.

4. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі, қалыпты мөлшері.

5. Бос тұз қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы туралы түсінік.

6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі (гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия) туралы түсінік.

7. Асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.

8. Асқазан сөлінде әртүрлі патологиялық жағдайларда түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.

9. Асқазан ішек трактісінде белоктардың қорытылуы. Осы процестерге қатысатын ферменттер, олардың сипаттамасы.

10. Белоктардың қорытылуы нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.

11. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.

12. Белоктың шіруінен түзілген улы өнімдерді усыздандыру.

13. Жануар организміндегі амин қышқылдарының тағдыры (кесте).

14. Амин қышқылдарының дезаминденуі, түрлері, түсінік.

15. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.

16. Аммиактың тағдыры (атап өту).

17. Амидтену және дезаминдену, процесстердің маңызы.

18. Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары.

19. Мочевинаның синтезі.

20. Мочевинаны анықтаудың клиникалық маңызы.

21. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының тағдыры.

22. Азотсыз баланс дегеніміз не? Оң және теріс азоттық балансқа түсініктеме беріңіз.

23. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары.

24. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың түзілуі және бөлінуі.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL
6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008
Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.
Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.
Ағылшын тілінде:

1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)


Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Асқазан сөлінің қышқылдылығының түрлерін қалай анықтауға болады.

2. Асқазан сөлінде қанды, сүт қышқылын және өт қышқылдарын қалдықтарын қандай сапалық реакциялар арқылы анықтауға болады

3. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерінің пайда болу себептері.

4. Асқазан сөлінде әр түрлі патологиялық жағдайдағы түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.

5. Белоктардың шіру процессі мен қорытылу процесстерінің айырмашылығы.

6. Жануар индиканыдегеніміз не?

7. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезде, немесе төмендеген кезде сүт қышқылының мөлшері көбеюі мүмкін бе?

8. Қай амин қышқылдары тотығудан дезаминденуге қатысады; а) серин; б) тирозин;

в) гистидин; д) глютамин қышқылы; г) метионин.

9. Аммиактың ең негізгі усыздану реакциясын жазыңыз.

10. Реакцияның нәтижесін жазыңыз, катализдейтін ферменттерін атаңыз.
Карбомоилфосфат + ? ? + Н3РО4

Цитруллин + ? аргинин сукцинат
11. Аммиак пен глютамин қышқылының әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Бұл реакция қайда жүреді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы бар? Қайтымды реакция ма?

12. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.

13. Мочевинаның синтезін жазыңыз.

14. Аммиак қай қосылыс түрінде организмнен шығарылады.

15. Мочевинаның синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.
Ситуациялық есептер

1. Қан сары суында азот мочевинасы 89, қалдық азот санының барлығы 0,75 г/л тең. Сіздің қояр диагнозыңыз?

2. Науқас адам белок мөлшерінің аз кездесетін диетасында отыр. Зерттеу кезінде қан сары суында мочевинаның мөлшері 11,33 мМоль/л тең екені анықталды. Қандай патологиялық өзгеріс деп ойлауға болады.

3. Асқазан сөлін зерттеген кезде, сүт қышқылының көбейгені байқалады. Бұл қай патология кезінде болады.

4. Анализ кезінде асқазан сөлінен күкіртті сутегінің иісі сезілді және тұз қышқылының мүлдем кездеспейтіні анықталды. Науқастың іші өтеді, асқазан аймағында ауыр салмақ сезімі байқалады. Бұл жағдай асқазанның қандай патологиясы екенін білдіреді?

5. Науқас асқазан аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөлін зерттеу барысында асқазан сөлінде қан бар екені және жалпы қышқылдықтың 90-ға тең екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз.


6. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдылығы энтеральды белсендіруден кейін 85 мм/л, ал бос тұз қышқылы НСІ - 65 мм/л болды. Бұл жағдай қалай аталады және асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері табылуы мүмкін.

7. Зерттелген зәрде көп мөлшерде индикан бар екені дәлелденді. Бұл өзгеріс қай жағдайда байқалады?

Лабораториялық жұмыстар

Бензидин әдісі

Анықтау әдісі: Пробиркаға сүзілмеген асқазан сөлінен 1-2 мл құямыз, оның үстіне 1 тамшы қаныққан бензидин ерітіндісін қосамыз (концентрлі хлор қышқылында немесе 0,2% спирті ерітіндісінде ерітілген бензидин), және 3% сутегінің асқын тотығынан 1тамшы құйып араластырамыз. Сұйықтық жайлап көк түске боялады. Біраз уақыттан соң сұйықтықтың түсі қоңыр түске ауысады.

Химиясы. Гемоглобиннің қатысуымен, бензидин сутегінің асқын тотығымен, тотықсызданып бензидинді көк түсті комплекс түзеді.
Конго-қызыл қағазымен реакция.

Конго-қызыл қағазына(конго-қызыл индикаторынаалдын-ала малынып, кептірілген сүзгі қағаз) асқазан сөлінен 1-2 тамшытамызамыз. Егер асқазан сөлінде бос тұз қышқылы бар болса қағаз көк түске боялады. Егер асқазан сөлінде бос тұз қышқылы болмаса және органикалық қышқылдар мөлшері көп болса қағаз қоңыр түске боялады. Конго-қызыл индикаторының ауысу аймағы 3,0-5,0 тең, сондықтан асқазан сөлінің рН ортасы бос тұз қышқылының әсерінен қышқыл болған жағдайда индикатор қағаздың түсі көк түске өзгереді (рН3,0 төмен).
Асқазан сөлінің қышқылдығын парадиметиламиноазобензолмен анықтау.

Пробиркағаасқазан сөлінен 10 тамшы құйылып, парадиметиламиноазобензолдың 0,5%-ті спирті ерітіндісінен 1 тамшы қосылады. Асқазан сөлінде бос тұз қышқылының болуына байланысты қызыл түс пайда болады.
Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау.

Анықтау әдісі:

Колбаға сүзілген асқазан сөлінен 5мл өлшеп құйылады және парадиметил-аминоазобензолдың 0,5% спиртті ерітіндісінен2 тамшы, 1%фенолфталеиннің спиртті ерітіндісінен 3 тамшы қосамыз. Содан соң титрлі бюретканы пайдаланып сұйықтықты 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейміз де төменде көрсетілген түстердің пайда болуына жұмсалған күйдіргіш натрийдің (мл) мөлшерін есептейміз:

1) қызыл түстен қызыл-сары түске өткенше қанша натрий гидроксиді жұмсалды (А-көлем);