Файл: Билет 1 Паллиативтік кмекті йымдастыру жне жргізу. Паллиативті кмекті даму тарихы, масаттары мен міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 619
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Онкологиялық пациентке мұрын қуысына күтім жасау.
Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.
Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.
Іс - әрекеттер:
1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.
3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз
4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.
5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.
6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.
Билет № 10
1.Мейіргер мен науқастың туыстарының қарым-қатынасының ерекшеліктерін оқыту принциптері.
Мейіргердің науқаспен жақсы тіл табыса алуыболашақ ем шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді. Қарым –қатынас орнау үшін ең бастысы науқастың мейіргерге деген сенімін қалыптастыру.Оған мейіргердің өзін зі ұстауы киген таза киімі, яғни қалпақ халаттың үтіктелген болуы, жаққан далабы қатты көзге түспейтін, иіс суы өте өткір болмауы жүрген жүріс тұрысы бәріде науқас арасындағы қарым қатынасқа әсерін тигізеді.
7. Мейіргер мен науқастың арасындағы қарым қатынас кезінде ұсталынатын ережелер:
Медігер науқасты барлық артық -кемшіліктерімен
қабылдау керек
Оның ойы мен қалауын сыйлау керек
Науқастың адамгершілік қасиетін таптамау керек
Уәдені орындай алмаса, науқасты босқа
үміттендірмеу керек
Шындық қаншалықты ашшы болсада тәтті болсада
оны жаймен жеткізу керек
Науқастың мейіргерге деп сенілген ақпаратты
таратпау
2.Онкологиялық пациентке құлақ күтімін жасау.
Мақсаты: құлақтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу.
Қажетті заттар:астауша, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған турунда, тамызғыш, Жане шприці, 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі және зарарсыздандыру ерітіндісі.
Іс- әрекеттер:
1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
2. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын тотығын тамызыңыз.
3. Мақтадан жасалған таяқшамен құлықты шығарыңыз.
4. Құлақта құлық көп болса, құлақтың ішін жуыңыз.
5. Жанэ шприцына 150-200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алыңыз.
6. Науқасты отырғызып немесе жатқызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп, астаушаны қолына ұстатыңыз.
7. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің ағынын, оның жоғарғы, артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз.
8. Ем шараны істеп болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз.
9. Мақта тампонымен аз уақыт жауып қойыңыз, сосын алып тастаңыз.
Билет № 11
-
Мейіргердің онкологиялық науқаспен қарым-қатынасындағы қиындықтарды жеңуге үйрету. -
Онкологиялық қарым-қатынаста эмпатия пациенттің толық басқарылуын қамтамасыз ету үшін қажет. Медициналық маманның жақындығы, маңызды түсінік және әлеуметтік-аффективті әдіс сияқты маңызды элементтер пациенттің өз жағдайының шынайылығымен, сондай-ақ ұсынуға тиісті әр түрлі емдеу мүмкіндігін береді біз онкологиялық ауруларға диагноз қоюдың не екенін білеміз. Сондықтан қатерлі ісік «ауру» болудан бас тартпайды және бұл аяғында болмай қалса, бұл іс жүзінде бастама. Біз өзімізді науқас адам ретінде немесе отбасы немесе жақын достар ретінде өзімізге барынша қабілетті болуы керек шешуші бастама.Бұл бастама екі нәрсені білдіреді: бір немесе бірнеше емделумен күресу және күнделікті қиындықтарды жеңу үшін тиісті психологиялық және эмоционалды стратегияларды қолдану. Сондықтан, және осы процестің барысында,денсаулық сақтау қызметкерлерімен қарым-қатынас маңызды және басымдық болып табылады. -
Онкологиядағы қарым-қатынас тек «тыңдауды білу» ғана емес, сонымен қатар, науқастың қажеттіліктерін қаншалықты сезініп, қарым-қатынас жасау керектігін қамтиды.Бұдан басқа, ол сондай-ақ әр адамға тиісті ресурстар мен стратегияларды қалай қолдану керектігін білуді де білдіреді. Мұның бәрі пациентке толығымен қамқорлық пен жеткілікті қамқорлықты қамтамасыз етеді, бұл көбінесе емдеу мен хирургиядан тыс жүреді.Осылайша онкологиядағы қарым-қатынасты анықтайтын 3 маңызды дағдылар бар. -
Байланыс жасауды және қалай сұрауға болатындығын біліңіз -
Медициналық мамандар әрдайым жаман жаңалықтар беруі керек екенін біледі: қатерлі ісік диагнозын қою, қажетті операция туралы хабарлау, мұндай емнің жұмыс істемейтінін немесе ауруды қалпына келтірудің орнына, жетістікке жетудің алдын алу. Бұл кез-келген адам үшін күрделі жағдай және дәрігер осы түрдегі қарым-қатынас үшін жаттығулары керек. -
Екінші жағынан, «хабарлау» әрдайым жеткіліксіз.Медициналық қызметкер пациенттің сұрақтарын қалай пациенттің ақпаратты түсінетінін білу үшін қалай білуге болатынын білуі керек, ол оны қалай меңгергенін және ол ұсынған қажеттіліктерін немесе қарапайым күтімнен басқа (мысалы, психологиялық күтім) қосымша көмек алуға болатындығын білу. -
Дәрігерлер, медбикелер, ассистенттер … Медицина орталығының барлық қызметкерлері, әсіресе онкология саласында жұмыс істейтіндер, емделушілердің пациенттермен маңызды екенін біледі.Эмоционалды шиеленіс, қорқыныш, қорқыныш, қорғаныштық қарым-қатынас (тіпті ашулану) қатерлі ісікке шалдыққан адамдарда да, онкологиялық ауруларда да, денсаулық сақтау қызметкерлері қалай басқару керек екенін білуі керек элементтерге қатысады.
2.Онкологиялық пациентке құсу кезіндегі көмек.
-
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарының құсық массасымен аспирациялануының профилактикасы. -
Қажетті заттар: орамал, лоток, шара, электроотсос, алмұрт тәріздес баллон, қолғап, маска, алжапқыш, клеёнка, шпатель, қайнаған су, салфетка, стакан, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнер, шара, құсық массаларын салу үшін ҚКЖҚ. -
Әрекет ету алгоритмі: -
Пациент есін біледі (отырған қалыпта). -
Дәрігерге пациенттің жағдайы туралы хабарлаңыз. -
1.Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап , маска, алжапқыш киіңіз. -
2.Пациентті орындыққа ыңғайлы отырғызып, кеудесін клеёнкамен жабыңыз. -
3.Пациентке орамал беріп, аяғының арасына шараны қойыңыз. -
4.Пациенттен егер тіс протездері бар болса шешуін сұраңыз. -
5.Құсу кезінде алақаныңызды пациенттің маңдайына қойып, басын ұстап тұрыңыз. Әр құсудан кейін пациенттің аузын таза сумен шайғызып, беті мен аузын салфеткамен сүртіңіз. -
6.Пациентке тыныштық жағдай қамтамасыз етіңіз. -
7.Құсық массаларын тексеріп, дәрігер келгенге дейін қалдырыңыз. -
8.Белгісіз улы затпен уланған жағдайда контейнерге 200мл құсық массасын жинап, қақпағын жабыңыз. -
9.Дәрігердің нұсқауы бойынша құсық массаларын зертханаға тексеріске жіберіңіз. -
10.Көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз. -
11.Қолғапты шешіңіз. Салфетка мен қолғапты ҚКЖҚ-на тастаңыз. -
12.Қолды жуып құрғатыңыз.
Билет № 12
1.Мейіргердің онкологиялық науқаспен қарым-қатынасындағы қиындықтар
. Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
Қарым-қатынас айнасын құру" Пациентпен «мен – сізге доспын» деген сезімді ұялатып, сәл жымиған, жылы жүзбен сөйлесу қажет. Осы кезде пациентте қорғаныш сезімі мен жағымды эмоция пайда болады. Онымен ашық, игі ниетте, көңілді және сыпайы болған жөн.Әңгімелесуде оның тегімен айтпай, жоғарыдан қарап немесе немқұрайлы әңгімелесуге болмайды. "Әңгіме құру" Пациентпен әңгімелесу кезіндегі қарым-қатынас қызметінің дағдыларын оның денсаулығындағы кінәраттарын жою үстіндегі жетістіктерімен және артықшылықтарын атап көрсетуден бастау керек. Әңгімелесуді медициналық
терминологияны пайдалана отырып, пациент үшін күрделі әңгімеден бастамаған жөн. Неғұрлым толғандыратын, жанына ауыр тиетін мәселелерге бірте-бірте келеді. Пациенттің проблемалары шыдамдылықпен және зер сала тыңдалады. Мән жайды нақтылай отырып, әңгімені керекті бағытта өрбіткен жөн. Бұл кез келген адамның ең маңызды қажеттіліктерінің біріне – өз-өзінің көзін жеткізуге әкеліп, жағымды ойға жетелеп, пациентке сенімді пікір қалыптастырады.Пациентті қабылдаудың соңы сендіру әсерін алатын қолдап-қолпаштаумен аяқталады. Дәрігер мен мейірбикенің қарым-қатынас дағдылары әңгіме жүргізілетін адамның қадір-қасиетін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беруі керек. Оны мақұлдау және мадақтау сөздерімен көрсетеді. Осы арқылы пациенттің жақсарту қажеттілігін "сырттай" қанағаттандыру орын алады, бұл оның жағымды эмоцияларының қалыптасуына әкеледі және медицина қызметкеріне деген көзқарасын анықтайды.
2. Онкологиялық пациенттің әйел жыныс мүшесін жуу.
Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.
Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2.Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.
3.Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.
4.Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
5.Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.
6. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз.Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.
7.Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай (қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.