Файл: Билет 1 Паллиативтік кмекті йымдастыру жне жргізу. Паллиативті кмекті даму тарихы, масаттары мен міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 620

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


8.Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

9.Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

10.Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

11.Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

11.Кермені жинап алыңыз.

12.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Билет № 13


  1. Паллиативті медицинадағы балалармен және олардың ата-аналарымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері.

  2. Балалар -  дені сау және белсенді болу керек, алайда олардың денсаулығына қауіп төніп тұрғанда, олардың қасындағы жақын адамдар, әсіресе ата-анасы өмірден түңіліп қалады.

  3. Осындай жағдайда педиатриялық паллиативті қызмет көмектесе алады

  4. Ересек адамдарға сияқты, паллиативті көмек аурудың белгісін жеңілдетіп, жақсы жағдай қалыптастыруға өз алдына мақсат қып қояды. Ол ем жүріп жатқан кезде физикалық, сезім мен рухани азаптан айығуға көмектеседі. Бірақ соның өзінде балаларға арналған паллиативті қызмет ересек адамдарға қарағанда, негізгі бағытпен ерекшеленеді.

  5. Сырқаттың ағымы

  6. Балалық шақта қауіпті ауру сирек кездеседі, бірақ аурудың ағымын алдын-ала білу мүмкін емес. Бала өлім аузында болғанның өзінде бір мезетте сырқаттан айығып кетуі мүмкін. Және де аз ғұмыры қалған баланың өзі емхана мен аурудың құшағында өзін-өзі кейде жақсы сезінуі мүмкін. Тәрбиешілер мен оның ата-анасы баласының сырқаттан сауығып кетуі үшін қолынан келетін де, келмейтінде тіршіліктің бәрін жасайды.

  7. Сырқатты түсіну 

  8. Физикалық және рухани азапты, ауру мен өлімнің мәнін  балалар әрқайсысы өзінше түсінеді. Ал кішкентай бүлдіршіндер емделу үшін қажет шаралардан және диагностткадан өткенде, оның себебін мүлде түсінбейді.

  9. Сырқатты және басқа да белгілерді анықтау мен оны емдеу

  10. Сәбилер мен балалар өзін нашар сезінгенде оны толық жеткізе алмайды. Сондықтан педиатриялық паллиативті қызметтің негізгі мақсаты - осы белігелерді анықтап, және емделудің амалдарын қарастырып жан-жақты талқылау болып табылады. Ересек адамды емдеу мен баланы емдеу бағыты көп жағдайда бір-бірінен ерекшеленеді. Өйткені дәріні балаға беру ең бірінші оның дене салмағына байланысты. Және де балалар көп жағдайда пилюляны жұта алмайды ғой. Сонда осыны ескере отырып, паллиативті қызметтің мамандары фармацевтермен жұмыс істегенде, балаларға дәріні дайындау барсында оның балаға қолдануға жеңіл болу үшін деген айғақты талқылау керек, мысалға дәріні сұйықтық ретінде жасау, немесе пилюляның ерітінді түрде жасау.

  11. Жанұяның мәселесі

  12. Баланың ауруы анықталған кезде, жанұяның тұрақты өмірі мүлдем өзгереді. Балаларда ауыр сырқаттар сирек кездескеннен кейін, сырқат балалармен оның ата-аналарына үйден жиі алысқа кетуге тура келеді, яғни бұл ауруды емдейтін медициналық орталықтарға сапары басталады. Соның салдарынан жанұя өз қаражатын жоғалта бастайды. Жас жанұялар өз қаражатын тез бітіріп, баламен емханада бірге болу үшін жұмысынан айырыла кетеді. Ал баланың інілері мен қарындастары тиісті көңіл бөлуден қалады, себебі ата-ананың бар ойы сырқат балаға ауып қалады.

  13. Үміт/Қорғау/ Ақпараттың ашылуы 

  14. Паллиативті қызметтің ең негізгі бөлігі – ол үміт. Тек қана емделу кезінде ғана үміттің сақталуы мен емделушіні жаман хабардан қорғау бірінші орынға шығады. Емделуші бала болған жағдайда, оны қорғау әрекеті күшейе түседі. Көп жағдайда оның ата-анасы, медбикелер мен дәрігерлер оның алдында аурудың болашағын жорытпайды, өйткені тек сонда ғана баланың сауығып кетуге үмітін әрі қарай жалғайды деп ойлайды. Бірақ осының өзінде зерттеулердің нәтижесі  бойынша, тіпті кішкентай бүлдіршіннің өзі өз ауруының қаншалықты ауыр екенін сезінеді, ал бұл тақырыпта баламен ашық сөйлесу оның қорқынышын басады екен... Балалар ауруға байланысты  өз сезімін жеткізу үшін паллиативті қызмет көрсететін мамандар жоғарғы санатты білікті болуы тиіс. Емделу кезінде мамандар баланың ойын, ән, және де басқа әдістер арқылы  ішкі-жанын ұға алады.

  15. Шешім жасау

  16. Ата-аналар баланың медициналық қызмет алуы үшін заңды келісім беруі тиіс, педиатриялық паллиативті қызметте  «келісім» дегені ерекше рөл атқарады. Балалар 7-10 жаста, оларға қажет медициналық көмекте өз ойын толық білдіре алады. Және де жасөспірімдер өздерінің қандай емделу жолдарын таңдауда өз шешімін де айтуға атсалысады. Кейбір кезде паллиативті қызметтің мамандары бала мен жасөспірімге емделу жолдардың түсінігін толық ашып  жақсы нәтижеге жетеді.

  17. Жану синдромы - бұл ұзақ уақыт бойы жоғары қысымды атмосферада болу салдарынан болатын физикалық және психикалық сарқылу күйі. Термин жиі қолданыла бастайды, кейбір зерттеулерге сәйкес американдық жұмысшылардың 30% -ы күйіп қалудан зардап шегеді. Жоғары қысымды өрістерде жиілік 50% -дан асуы мүмкін. Тітіркену туралы тікелей хабарламайтын жұмысшылардың арасында да көптеген адамдар стресстің, эмоционалды күйзелістің және отбасылық проблемалардың төзгісіз деңгейіне тап болып, бұл проблеманың қаншалықты кең тарағанын көрсетеді.

  18. Сарқылудың негізгі белгілерінің бірі - ажырау немесе иесіздендіру. Бұл симптом денсаулық сақтау саласында кең таралған, өйткені қызметкерлер үнемі этикалық және моральдық мәселелерге тап болады. Алайда, отрядтың себептері әлдеқайда тереңірек. Көбінесе, күйіп қалумен айналысатын адамдар өз жағдайында үмітсіз сезінеді, туннельдің соңында жарық жоқ сияқты. Бұл цинизм мен эмоционалды деперсонализацияны тудырады, көбінесе басқаларға деген қызығушылықтың аздығынан, мысқылдан және адамдармен қарым-қатынас дағдыларының нашарлауынан көрінеді.



2. Онкологиялық пациентің ішкі киімдерін ауыстыру.

Ішкі киімді ауыстыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.


Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.
Билет № 14


  1. Паллиативтік көмекті жүзеге асыру кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  2. Инфекциялық қауіпсіздік- аурухана ішінде жұқпалы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық -профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар

  3. Аурухана ішілік инфекция бұл -аурудың белгілері ауруханада болған кезде немесе одан кейін болған жағдайға қарамастан сол мекемедегі қызметшілер немесе тағы басқа науқастарды зақымдайтын жұқпалы арулардың жиынтығы.бұл ең көп таралған патология түрі болып саналады.

  4. Инфекция  алдын алу профилактикалары

  5. • бір рет қолданылатын құралдарды қолдану

  6. • стоматологиялық орындардың жұмысын бақылау

  7. • қан құю станцияларында жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу

  8. • эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу

  9. • плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю

  10. • хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу

  11. Ауруханалардағы инфекциялық қауіпсіздік ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын білдіреді

  12. Медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік тұжырымдамасы екі аспектіде қарастырылады: оларды жою, әлсірету немесе олардың туындаған салдарын жою мақсатында және ауруханалар мен емханалардың пациенттері мен қызметкерлері арасында қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық шаралар. АІИ алдын алу үшін уақытылы дезинфекция жүргізіп отыру керек,яғни адамды қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюымыз қажет



2. Онкологиялық пациентке төсек жаймаларын ауыстыру.

Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек. Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.  
Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет 
Билет № 15


  1. АИТВ / ЖИТС, туберкулез ауруларында кезінде паллиативтік көмек.

*Бұл емге көнбейтін аурулар мен ауыратын науқастарға жан-жақты және өз уақытында күтім көрсету, ауруға байланысты проблемаларды шешу, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету.

*Мақсаты: Бір нақты жағдайларда пациенттің және оның туыстарының жағдайларын жақсарту.

*Басты міндеті: Пациентті уайым қайғыдан сейілту, жан дүниесіне психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету.

*Паллиативтік көмек аспектілері:

1)Медициналық: Науқасқа үй жағдайында оның отбасы мүшелері немесе денсаулық сақтау қызметкерлері арқылы көмек көрсету (дәрі-дәрмектерін қолдану және т.б).

2)Психологиялық: -көмек көрсету (депрессия кезінде, науқастың көңіл –күйі жоқ кезінде).

3)Әлеуметтік-экономикалық –тұрғын үй мәселесі, қаржылай көмек, жетім балалары жөнінде туындаған проблемалар төңірегінде көмек көрсету.

4)Құқықтық-
 жетім балаларға қажетті жағдайды жасау.

*Жалпы принциптері:

Паллиативтік көмек АИТВ жұқтырғандарға көрсетілетін негізгі медициналық кешенді көмек.

- Паллиативтік көмек науқасқа берілетін симптоматикалық ем және науқасқа ең соңғы сатысында көрсетілетін көмек.

- Паллиативтік көмек науқастың үйінде, ауруханада, хосписте көрсетіледі.

*Паллиативтік көмек қандай жағдайларда беріледі:

- Егер пациент АИТВ - инфекциясының арнайы еміне қарсылық білдірсе және паллиативтік көмек алғысы келсе;

- АИТВ - инфекциясымен емдеу мүмкіндігі жоқ кезде;

- Берген емнен нәтиже жоқ болса;

- Берілген емге қарамастан науқастың жағдайы жақсармаған болса;

- Аймақтық ЖИТС орталықтары паллиативтік көмекті үйлестіреді;

- ҮЕҰ, діни және ұлттық орталықтарға паллиативтік көмекке байланысты (әлемдегі стандартқа сай) ұсыныстар жасауға болады;

- Паллиативтік көмек барлық пациенттің қажеттілігіне сай көрсетілуі тиіс;

- Әлеуметтік және политикалық себептерге байланысты ПК көрсетуден бас тартуға болмайды;

- Паллиативтік көмек әр пациенттің қажеттілігіне байланысты көрсетілуі қажет;

- Ауруды емдеу АИТВ - инфекциясының сатысына қатысты болмауы қажет;

Емдеу жағдайында жалпы принциптері Мүмкіншілігінше б/е инъекция жасамау, ауыз немесе тік ішек арқылы беру.

Пациент анальгетиктерді белгілі бір уақыт аралықтарында алуы қажет;

Препараттарды қабылдау режимі ұйқы режиміне байланысты болуы тиіс. Пациент келесі препарат дозасын алдыңғы препарат дозасының әсері аяқталғанға дейін қабылдауы тиіс;

Емді аз дозадан бастап, оны ауырғаны қойғанға дейін дозасын біртіндеп көтеру қажет;

Анальгетиктерді жоспарлы түрде беріп әр 4 сағат сайын, сол екі аралықта ауыратын болса қосымша доза беру қажет (препараттың 50-100% бір реттік дозада);

Сәл ауырса аспирин жақсы көмектеседі, бірақ қан кету жағдайын байқау қажет. Бауыр қызметі бұзылған жағдайда парацетамол, аспиринді байқап пайдалану керек;

Аспиринді әр 4 сағат сайын беріп, оны әр 4 сағат сайын парацетамолмен кезектестіріп беруге болады, бірақ 2 препа-раттың арасында 2 сағат үзіліс болу керек. АИТВ -жұқтырғандарға күтім кезінде берілетін кеңестер Жұқтырудың алдын алу шаралары.

Барлық манипуляциялар кезінде, қан мен басқа биологиялық сұйықтықтармен (ВИЧ қоздырғышы бар) жұмыс істегенде қолғап кию.

Науқастың да, күтушінің де қолында жара болса таңылу қажет.