Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 610

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)

II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ

2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ

2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ

2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ

3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)

3.2. СОЗЫЛМАЛЫ АППЕНДИЦИТ

3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)

3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ

4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.

4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ

4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ

V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ

5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ

5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)

VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ

7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.

VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ

9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ

9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

Кураторлық науқаснама

ӘДЕБИЕТТЕР



Алғашқы — бірінші кезенде көлденең ішек резекциясымен оның жарасы жойылады. Екінші операциямен қарын резекциясы орындалады.

Ойық жараның қатерлі ісікке шабуынегізінде қарын ойық жарасы қатерлі ісікке ауысуы мүмкін. Ұлтабар ішегі ойық жарасының ісікке айналуы кездеспейді. Ішек қарынға жасалған 12 мың операцияда С.С.Юдин бірде-бір ұлтабар ішегі ойық жарасынан өскен қатерлі ісікті кездестірмеген.

Қарын ойық жарасының қатерлі ісікке ауысуының көріністері — кекірік, құсық, жасырын қан ағуы, тәбет нашарлығы, әлсіздік, асқазан сөлі қышқылының төмендігі.

Рентгенде — асқазанның толуының кемістігі.

Ойық жарадан өскен қатерлі ісік операциямен емделеді. Бұл асқынуды азайту үшін ескірген коллезды ойық жараны әсіресе жасы қартайған адамдардың кіші иінінің ойық жараларында кешіктірмей операциямен емдеу қажет.

Сонымен, қарынның операциядан соңғы ауруларының алдын алу үшін қажетті операцияларды сапалы орындау, паллиативті (гастроэнтероанастомоз) операцияларын мүмкіндігінше сирек орындау т.б. жағдайларға көңіл бөлу қажет.

Резекциядан соңғы синдромдарды емдеу принциптері :

  1. Диета - қантты т.б. тәттілерді, майларды аз пайдалану, нәурызды тағамдар пайдалану, тағамды жатып аз мөлшерден, құрғақ түрінде қабылдау.

  2. Тағамның ащы ішекке шапшаң түсуіне кедергілік жасау (новокаин, анестезин, атропин, пипольфен, резерпин, инсулин).

  3. Алмастырғыш терапия- қан құю, плазма, нәурызды препараттар, витаминдер, тұзды қышқыл, панкреатин, асқазан шырыны.

  4. Психопатологиялық бұзылыстармен күресу.

  5. Консервативті емнің шипасыздығында- реконструктивті операциялар.



2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).


  • Параэзофагеальды жарықтар- эпигастральды аймақтың, төс астының ауыруымен, өңеш қыжылдауымен, құсықпен сипатталады.

  • Пилоростеноз - қарын буылтығының етінің қалындауы салдарынан оның тесігінің тарылуы. Нәрестенің ғұмырының 2-4 тәулігінде құсық басталады, Нәресте жүдейді, денесі құрғайды, зәрі азаяды, іші кебеді. Қарынның қозғалысы күшейеді. Рентгенмен тексергенде қақпаның тарылуы анықталады.

Науқас экстрамукозды пилоропластикамен емделеді.

  • Қарын және ұлтабар ішегінің дивертикулы- аурудың пульсионды және тракционды түрлерін бөледі. Пульсионды түрі ішек-қарынды ішінен қысатын әсерден, ал тракциондылар ішек-қарын қабырғасының сырттан тартылып созылуынан басталады.

Дивертикулдер ұзақ уақыт симптомсыз өтеді. Тек дивертикулит (катаралды, ойық жаралы, флегмонозды) басталғанда белгілі клиника береді. Дивертикулден қан ағуы, оның перфорациялануы мүмкін.

Диагноз рентгенографиямен және эндоскопиямен анықталады. Асқынған дивертикулит операциямен емделеді.

  • Дуоденостеноз- ұлтабар ішегінің органикалы және функциональды бұзылыстары әсерінен ішек арқылы тағам пассажының нашарлауы. Дуоденостаздың себептері - ұлтабар ішегінің және ұйқы безінің аномалиясы, немесе төмен салбырап, Трейц байламының тұсында ішектің бүгілуі, немесе жоғарғы шажырқай артериясымен қысылуы.

Консервативті емдеу- церукал, реглан, спазмолитикттер, витамин В-12, ұлтабарды жуып тазарту. Хирургиялық емдеу- дуоденостаздың себебін жою, гастроеюностомия немесе дуоденогастростомия.

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ




3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)



Этиологиясы мен патогенезі. Жедел аппендициттің симптомдары. Балалар, кәрілер, жүкті әйелдер аппендицит ауруының ерекшеліктері.. Жедел аппендицитті емдеу және оның нәтижесі.

Жедел аппендицит- хирургиялық тәсілмен емделетін аурудың ең жиі кездесетіні. Барлық жедел операциялардың 75-83% аппендэктомия операциясы болады.

Жедел аппендицит ауруы туралы алғашқы хабарларды 1642ж. Сараценус (Saracenus) "оң жамбас қуысының іріңдеуі" туралы бірінші хабарды жариялаған. 1808ж. Жуделет (Gudelet) - "соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің тесілуі" туралы хабарлаған.

1813 ж. Вегелер құрт тәрізді өсіндінің қабынуынан перитонит басталғанын, 1827 ж. Милиер (Milier) қосындының қабынуына онда тас пайда болуы себеп болатынын жазған.

1833 ж. Дюпюитрен (Dupiutren) өсіндінің қабынуына соқыр ішектен инфекция енуі себеп болуын хабарлаған.



Оң жамбас " іріңдеуі " туралы Пирогов та жазған.

1886 ж. Америка хирургтары құрт тәрізді өсіндінің қабынуын аппендицит деп атауды ұсынған. 20-ғасырдың басына дейінгі кезеңде аппендицитпен аурулардың 22,7%- 37 дейінгісі өлетін.

Аппендицит дамуы себептері туралы шоғырлану, құрттардың әсері, қан айналымы мен жүйке жүйесінің бұзылыстары, инфекция, нейрорефлекторлы теориялар ұсынылған.

Аппендицит ауруы көне заманнан белгілі. Оны операциямен емдеу талабы аурудың абсцесспен асқынуында іштен іріңді шығару болатын (Дюпюитрен, А.Паре, Н.И. Пирогов). 1827 жылы Мелъе (Моlіе) соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің қабынуы ауру шақыратындығын атаған. Бірақта аппендицит ауруы сирек анықталынатын. Аппендицит ауруы XIX ғасырдың ақырынан жиі анықтала бастады. Сондықтан Америкада арнайы комиссия құрылып, бұл ауруды аппендицит деп атауды қабылдады.

Appendicitis – (грекше) – құрт тәрізді өсіндінің қабынуы. Америкада туған бұл сөз өзінің түсініктілігі, оңайлығы арқылы жер жүзінде қабылданды.

Аппендицит этиологиясы соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің қабынуын көрсетеді. Бірақта, жеке онда неге қабыну басталатындығы, қабынудың кейбір дені сау адамда ойда жоқта басталатындығының себептері анық емес. Аталған сұрақтарға жауап ретінде көптеген теориялар ұсынылды.

Аппендициттің этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсіну үшін соқыр ішекпен оның құрт тәрізді өсіндісінің анатомиясын және физиологиясын еске алайық.

Құрт тәрізді өсінді эмбриональды кезеңнен қалған кішкене, жіңішке, қуыс мүше. IV -Vайдан бастап соқыр ішек жоғарыдан төмендеп жамбас ойшығына орналасады. Бұл төмендеу үрдісінің толық немесе жартылай аяқталуына байланысты соқыр ішектің орналасатын орны бірнеше түрлі.

Соқыр ішектің төменге және ішке қарай созылып орналасуына сәйкес бұл ішектің нәжістен тазаруы қиындайды. Ішектің өте төмендеуі оның нәжістен тазаруын одан әрі қиындатады. Соқыр ішектің пішіні шыны сауыт немесе қапшық тәрізді. Ішектің созылуы оның қабырғаларының атрофиялануына ұшыратады. Көлденең тоқ ішектің бұралуы, созылуы, тарылуы да соқыр ішекке нәжіс көп жиналуын күшейтіп ішекте инфекция басталуын қолдайды.

Әрдайым құрт тәрізді өсінді соқыр ішекпен бірге қозғалады, өз орнынан ығысады сондықтан соқыр ішектің орын ауыстыруы кұрт түсті өсіндінің өз орнынан ауысуына әкеледі.

Соқыр ішектің келесі орындарда орналасуы мүмкін :

1. көбінесе ішпердесі ішінде,

2. ішпердеден толық тысқары (4%),

3. ішпердеден жартылай тысқары (3%) .


Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің ұзындығы - 2-26 см. дейін болуы мүмкін. Өте сирек нәресте бұл өсіндісіз тууы мүмкін. 10 мың өлген адамдардың 5-де өсінді жоқ. Оның жуандығы (диаметр) 0,3 ден 1,1 см. дейін. Өсіндінінің соқыр ішекпен жалғанатын тесігі басқа жерінің тесігінен тар, кейде аз ғана кең. Бұл тесіктің бітеуіші бар. Бүны Герлахжапқышы деп атайды. Жапқыш ішек нәжесінің аппендикске енуінен сақтайды.

Аппендикс - түбі бітеу түтікше қалта. Ұзын аппендикстің қуысы тар, қысылған, бұралған болуы мүмкін. Бұл өзгерістер аппендикстің іші босауына кедергілік жасайды.

Өсіндінің соқыр ішек айналасында орналасатын орындары :

1) шажырқайы ұзын өсінді соқыр ішектің алдыңғы бетінде орналасады, оның қысылуы, бұрылуы жоқ, қан айналысы бұзылмаған (2%).

2) соқыр ішектің артқы бетінде (ретроцекалъді) орналасқан. Өсіндінің және оның шажырқайының бұралуы, қысылуы, бүгілуі салдарынан қан айналысы бұзылған, нәжістен босануы қиынданған.

3) жартылай ішпердеден тысқары орналасқан түрінде аппендикспен оның шажырқайы қысылған, бүгілген.

4) жамбас қуысында орналасуында — қан айналысы бұзылмайды, өсінді бос, оның қысылуы, бүгілуі жоқ.

Аталған анатомиялық ерекшеліктерге қоса қабыну үрдістерінен соң басталатын өзгерістер өте көп.

Өсінді шажырқайының ұзындығына сай оның пішіні де өзгереді. Қысқа шажырқай өсіндіні бүгеді.

Әйелдерде өсінді түбірі мен жатырдың оң сіңірі lig. appendico-ovaricum apaсындa Кладо байламы деп аталатын сіңір бар. Бұл арқылы лимфа және қан тамырлары өтіп, олар өсіндіге инфекция жайылуына жол ашады.

Аппендикстің лимфа тамырлары бауыр, өт қапшығы, ұлтабар ішегі және асқазан қалтқысы лимфа тамырларымен байланысты. Сондықтан аталған мүшелердің бірінде басталған қабынудың (аппендикстен бауырға, өтке) және керісінше де жайылуы мүмкін.

Қан айналысы a. ileocolica арқылы.

Соқыр ішекпен өсінді иннервациясы шажырқайдың жоғарғы өрімі арқылы жүргізіледі. Бұл нерв шиеленісу (сплетения) ішек - қарынды тегіс қамтиды. Сондықтанда аппендициттегі іш ауыруының іштің бар бөлімдеріне, әсіресе шеміршегі астында шабуы түсінікті.

Аппендицит ауруларының себептері:аурудың басталуы өсіндінің қабынуымен байланысты болғандықтан оны спецификалық емес инфекциялы ауру деп санаймыз. Өсіндіге инфекция энтерогенді немесе гематогенді жолмен енеді. Гематогенді жолдың мүмкіндігін тұмаудан, баспадан соң аппендицит басталуы дәлелдейді.


Аппендициттің басталу себептерін анықтаудың теориялары (болжамалары) :

а) Шоғырлану теориясы (ішекке нәжестің жиналуы). Бұған ішектің және өсіндінің қысылуына, созылуына, бүгілуіне соғатын жағдайлардың бәрі себеп болады.

ДьелофуаXIX ғасырдың аяғында "куыстар жабылу" теориясынұсынды. Бұл теория бойынша аппендицитте әр түрлі себептерден аппендикстің іші жеке жабық қуыстарға айналады. Ол қуыстарда инфекция басталуына қолайлы жағдай туады.

б) Құрттар ену теориясы - бұл теория бойынша аппендицит ауруына өсіндіге құрттар немесе олардың жұмыртқалары енуі әкеледі. Бірақта ішекте құрттар табылатын адамдардың аппендицитпен ауырмауы және ауру адамдардан құрттар табылмауы бұл болжамның қателігін көрсетеді.

в) Ангионеврозды теория - бойынша аппендициттің басталуы неврогендік себептерден өсіндінің қан тамырларының тырысып тарылуынан, ондағы қан айналысы бұзыладыда кілегейлі қабатта некроздалғен ошақтар пайда болады. Олар арқылы инфекция өсіндінің барлық қабаттарына өтеді. Кейде өсіндінің гангренасына оның артериясының тромбпен бітелуі ұшыратады.

г)Ашоффтың(Aschoff) инфекциялы теориясыбойынша - операциямен алынған құрт тәрізді өсіндіні гистологиялық зерттеуден өткізгенде аурудың басталу кезеңінде тек қана кілегейлі қабаттың кішкене, саяз кемістігі байқалатындығы, уақыт өте келе бұл кемістік тереңдеп өсіндінің барлық қабаттарына жайылып, инфекцияның дамуына жол ашатындығы дәлелденеді.

д) Аппендицит ауруының себептерін іздестіруде мамандар келесі жағдайды анықтады. Өсіндінің және тандай бадамшасының лимфа фолликулдары бір біріне ұқсас.

Дифтериямен ауырып тұрғаннан кейін жасалған аппендэктомияда препараттан дифтерия таяқшасы табылуы негізінде инфекция құрт тәрізді өсіндіге таңдай бадамшаларынан енеді деп саналған.

е) И.И.Греков - аппендициттің басталуында соқыр ішектің Баугин жапқышының және қарын пилорусының қысылуының маңызы зор деп санады.

Ішектің тітіркенуі, инфекция, құрттар, тағаммен улану, ішектің, әсіресе Баугин жапқышының тырысып тарылуына, ал ол ішекте нәжіс жиналуына ұшыратып, ішектің қабынуға соғады.

ж) Н.В.Шамов ,А.В.Русаков, И.А.Давыдовский - аппендициттің басталуын мида байқалатын бұзылыстармен, кортиковисцеральды, жүйкелі-рефлекторлы өзгерістермен байланыстырған.

з) Тұқым қуалау теориясы - Ата мен баланың ішек қарын құрылысының бірдей болуы және жеке жанұяның тұрмыс ерекшеліктері бір жанұяның бірнеше мүшесінің аппендицитпен ауруын шақырады. Сондықтан бұл тұқым қуу емес - анатомиялық және экономикалық ерекшеліктердің әсерін көрсетеді.