Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 601

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)

II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ

2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ

2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ

2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ

3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)

3.2. СОЗЫЛМАЛЫ АППЕНДИЦИТ

3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)

3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ

4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.

4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ

4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ

V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ

5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ

5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)

VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ

7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.

VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ

9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ

9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

Кураторлық науқаснама

ӘДЕБИЕТТЕР


9.6. БРОНХЭКТАЗИЯ АУРУЫ
Цилиндірше немесе қапшықша болып сегментарлы және субсегментарлы бронхтардың созылуы.

Аурудың жеке бірінші немесе туберкулез, өкпе ісігі, созылмалы абсцессі салдарынан басталатын екінші түрлерін бөледі.

Туғаннан және жүре пайда болатын түрлері бар.

Кейін басталатын - бронхоэктазия ауруы бронхтың тарылуы, тырысуы, тыртықтануы, оның ішіне бөгде заттың енуі, ісінген лимфа безімен қысылуында бронх кілегейінің ағымы нашарлайды. Көбінесе бұған қызылша пневмониясы, коклюш, бронхит, бөгде зат енуі, бронхопневмония, бронхиальды астма, муковисцидоз себеп болады.

Бронхоэктаздар пайда болуы келесі факторлармен байланысты:

  1. Бронх қабырғасының эластикалық қасиетінің бұзылуы.

  2. Бронх ішіндегі қысымның көтерілуі.

Бронхэктазия ауруының 3 кезеңі бар:

1) Кішкене бронхтардың 0,5-1,5 см.кеңеюі.

2) Бронх қабырғаларының қабынуы қосылуы.

3) Қабыну үрдісі бронхтан оның айналасындағы тіндерге жайылуы. Аурулардың 30% жуығында екі өкпенің зақымдануы қоса байқалады.

Аурудың клиникасы

1) Күніне 5 тен 200—500мл. дейін ірінді қақырық шығуы. Біраз уақыт ыдыста сақталатын қақырық 3 қабатқа бөлінеді. Төменгі қабаты - ірің, орталық қабаты- серозды сұйық, жоғарғы қабаты - кілегей. Кейде қақырықта қан байқалады.

2) Екінші симптомы - ентігу және кеуде ауырсынуы.

3) Саусақтардың дабыл таяқшасына ұқсас өзгеруі, ал тырнақтардың сағат шынысына ұқсауы.

4) Аяқ—қолдың сыздап ауырсынуы (гипертрофикалық остеоартропатия: Пьер-Мари-Бамбергер синдромы).

5) Рентгендік, қомпьютерлік тексеріс.

6) Лабораторлы өзгерістер.

Бронхэктаздың орнына, пішініне, қабыну үрдісінің ауырлығына байланысты науқастың клиникасы әр түрлі. Аурудың дамуына келесі үш көрініс тән – бронхорея, қан түкіру, аурудың қайталанып дамуы. Әлбетте таңертеңде қақырық мол «ауыз толып» шығады.

Аурудың диагнозын негізінде рентгенмен тексеру шешеді. Бұл тексеріспен аурудың орналасқан орыны, жайылуымен түрі анықталады.

Диагнозды ажырату

Бронхоэктазды — өкпе абсцессінен, өкпенің карциномасынан, туберкулезінен айыру қажет.

Емдеу шаралары

Аурудың 1 кезеңі консервативті тәсілмен, II—III кезеңі операциямен емделеді. Консервативті ем антибиотиктерапиядан, постуральды дренаждан, аэрозольдар пайдаланудан, климаттық емнен, сапалы қоректенуден, тыныс гимнастикасынан құралады.


Қолданылатын операциялардың түрі аурудың орналасуымен, айналасына жайылуымен, аурудың жасымен, жалпы жағдайымен байланысты. Осыларға байланысты сегментэктомия, лобэктомия және олардың қоса орындалуы, сирегірек – пульмонэктомия орындалады.

Бронхэктазияның асқынулары (қан ағуы, абсцесске, қатерлі ісікке көшуі операциямен емдеуді қажет етеді.

Операциямен емделетін аурулардың 1-3% қайтыс болуы мүмкін.


9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ



Өкпе кисталары туа пайда болатын — даму кемістігінің солитарлы- жеке және бірнеше түрлері кезделеді. Жүре пайда болатын кисталар жарақаттанбаған плевра астында альвеолардың жыртылуынан пайда болады. Кисталар толық қоршалған, сілекеймен толған, көбінесе бронх бұтақтарымен жалғасқан болуы мүмкін.

Клиикасы - асқынбаған кисталар ешбір көрініс бермейді. Өте аумақты кисталарда кеуде ауырсынуы, жөтел, кейде жөтел және дисфагия байқалады.

Емделуі - асқынған кисталар операциямен емделеді. Алдымен кистаның пункциясы - дренажы - аспирациясы орындалады.

Бұл 2-3 тәуліктен соң өкпенің желденуін бермесе - торакотомия жасалып жыртылған бронх тігіледі, кистаның резекциясы немесе өкпенің резекциясы орындалады.


9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ



Өкпенің гидатидозды (жеке камералы) эхинококкозы бауыр эхинококкінен кейін екінші орында кездеседі (15-20%).

Эхинококк ауруын туғызатын ішек кұрты (Echinococcus gralulosus) ішек қарыннан өтіп қан ағынымен бауырға, дарып оның эхинококкпен жиі ауыратындығының себебі болады (85%). Құрттың ұрықтарының біразы бауырдан өтіп төменгі қуыс көк тамыр, жүректің оң бөлімі және қан айналуының кіші шеңбері арқылы өкпеге дарып оның эхинококкоз ауруын туғызады. Ауруды өте баяу дамитындығынан өның клиникалық белгілері ұзақ уақыт анық емес. Ұзақ уақыттан соң әр аумақты киста өсіп аурудың клиникасы анықтала бастайды.

Аурудың 3 кезеңі бар.

І кезең белгісіз.

ІІ кезең - клиникасы байқалатын кезең (ауырсыну, ентігу, жөтел).

ІІІ кезең - асқынулар байқалу кезеңі. Эхинококк кистасының іріңдеуі оның бронхқа төгілуі, плевраға төгілуі, ішке, өт жолдарына, перикард қуысына төгілуі мүмкін.

Кистаның бронхқа төгілуінде ірің түкіріледі, хитинді қапшық үзінділері , сколекстер түкіріледі. Кейде олар асфиксияға ұшыратады. Дене қызуы көтеріледі, кеуденің көтерілуі, қабырғалар арасының кеңеюі, перкуторлық дыбыстың жуандануы, аускультацияда - сырылдар, бронхиалды, амфориялы дыбыс байқалады.

Рентгенде - гомогенді қараңғылану, өлі эхинококкте - кистаның суы азайып қоюланғанында фиброзды қапшық көлеңкесі көрінуі.

Қан анализінде - ЭТЖ шапшаңдаған, лейкоцитоз.

Серологиялық тексеріс – Каццони сынағы орындалады. Білектің алақан бетінің терісіне 0,1 мл эхинококк аллергені егіліп ағзаның жергілікті кейде жалпы реакциясы анықталынды. Егер 5-20 минут аралығында аллерген егілген орын айналасының терісі қызарып оның ортасында көпіршіктер пайда болса және дене қышынуы байқалса бұл адамның эхинококкпен ауыратындығын дәлелдейды.


Аллерген ретінде стерилизациядан өткізілген эхинококк суы пайдаланылады.

Егілген аллерген анафилакты шокқа ұшыратуы мүмкіндігінен бұл сынақ шокқа қарсы дайындығы бар емханалық жағдайда орындалады.

Қазіргі уақытта өндірісті жағдайда даярланылатын эхинококк диагностикумы пайдаланылады.

Емдеу тәсілдері - эхинококк тек операциямен емделеді!

Эхинококкотомия — кистаны пункциялап, оның суын сорғызу, қапшығын кесу, хитинды қабын алып тастау, ішін 20% натрий хлоридымен, 76% спиртпен жуу. Кистаға ашылатын бронхты тігу.


9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ



Бұл өте ауыр және қауіпті науқас, әртүрлі операциядан соң 0,3-3,3%-ке дейін, ал аутопсия жасалған өлгендердің арасында 0,4% кездеседі. Өте ауыр жарақаттан соң және қартайған адамдарға операция жасағанда жиі пайда болуы мүмкін. Ауру көбінесе қысқы айларда байқалады. Оған себеп витаминдер жетіспеуі және қыста адамдардың аз қозғалуы болады.

Өкпе тромбэмболиясының 85—95% төменгі қуыс көк тамыр жүйесінің тромбозымен байланысты аяқ, жамбас қан тамырлары аурулары дамиды. Әсіресе осындай ауруы бар адамдарға операция жасалғаннан пайда болуы мүмкін.

Өкпе тромбоэмболиясының келесі түрлерін бөледі:

1. Өкпенің ең жіңішке қан тамырларының тромбоэмболиясы. Одан адам өлмейді.

2. Өкпенің бөлімшек, не бөлшек сегменттік қан тамырларының тромбоэмболиясы. Науқастың 6% дейінгісін өлімте ұшыратады.

3. Өкпенің басты артериялық қан тамыры тромбоэмболиясы 60—75%—ке дейін өлімге әкеліп соғады.

Уакытына карай науқастың 4 түрін бөледі.

1. Өте жедел 10 -15 минут шамасында жүрек тоқтап, науқасты өлімге әкеп соғады.

2. Аз -қысқа уақытта алғашқы бір-екі күн ішінде өлімге соғатын түрі.

3. Аздап, мысқылдап басталып едәуір уақытқа созылатын түрі.

4. Созылмалы түрі көпке созылады, және оның қашан басталғаны анық емес, жалпы өкпе мен жүрек ауруларына ұқсас.

Клиникалық ағымына қарай аурудың 3 түрін бөледі:

а) Дене қан тамырларының тромбозы көрінісінен басталатын түрі (41%) .

б) Қан тамырлары тромбозының көріністері өкпе тромбэмболиясынан соң анықталатын түрі "шешіккен аяқ" - аяқтың ауыруы кеш байқалады (43%).

в) Аяқ қан тамырлары өкпе тромбоэмболиясына себеп бола тұра өзі анық көрінбейтін түрі " үнсіз аяқ " (16%).

Өкпенің тромбоэмболиясының белгілері мен көріністері тромбозға ұшыраған қан тамырларының түріне, орнына байланысты. Өкпенің тромбоэмболиясы әйелдерде және қарт адамдарда жиі кездеседі.


Ауру тыныс алудың бұзылуынан, кеудеде қатты шаншудан, бет пішіні бұзылып көгеруінен, жөтелден, қан аралас қақырық шығуынан басталады.

Өкпе тромбоэмболиясы белгілерін келесі синдромдарға бөлген жөн:

1. Өкпе мен кеуденің көк етімен байланысты синдромдар - ентігу, дене көгеруі, кеуде шаншуы, жөтелу.

2. Жүрекке байланысты синдром. Төстің астының шаншуы, тамыр соғуының жиіленіп нашарлануы, кан қысымы төмендеуі, коллапс.

3. Миға байланыстысиндром. Естен тану, аяқ-қол қозғалмау, сезімін жоғалту, дене тырысуы.

4. Бүйрекке байланысты синдром - зәр азаяды, не толық жоғалады (олигурия, анурия).

5. Ішке байланысты синдром - бауырда қан айналысы нашарлауына байланысты ол ісініп, сыртқы Глиссон қапшығының созылуыанан іш қатты ауырады, қан қысымы жоғарылайды.

Кеудені рентгенмен тексергенде өкпенің тамырында қанның ұйығаны көрінеді, көк ет жоғары көтеріліп оның қозғалысы нашарланғандығы. ЭКГ-да жүректің оң бөлігінің жұмысының нашарланғандығы анықталады.

Диагнозды анықтау үшін рентгенопульмонография, перфузиялы сканография, ангиопулъмонография пайдаланылады.
Өкпе тромбэмболиясын емдеу

1. Қан ұюына қарсы және қайталанып тромб пайда болуына қарсы антикоагулянтты терапия, және өкпенің қан тамырларымен бронхиоладарының тарылуына қарсы жүргізіледі. Бұл үшін алдымен 30—35 мың бірлік гепарин қолданылады. 12 -14 күннен соң гепариннің орнына тікелей емес антикоагулянттар жұмсалады. Гепаринге қоса реополиглюкин пайдаланылады.

2. Тромбты еріту үшін фибринолизин, аспергиллин, стрептаза, урокиназа пайдаланылады.

Хирургиялық тәсілмен емдеудің түрлері:

а) тромбты немесе эмболды операциямен aлy (тікелей эмболэктомия),

б) тромбпен жабылған қан тамырына дәрі жіберіп, тромбты еріту,

в) тромбымен жабылған кан тамырын байлау.

Тромбоэмболияның алдын алу үшін операцияға даярлауда, операция үстінде және одан соңғы 3 күн бойы профилактикалық шаралар жүргізілуі қажет:

1. Дәрісіз тәсілдер - кинезотерапия - аяқтың еттерін қозғау, қолмен не арнайы аяқ - киіммен қысу, ауруды операциядан соң ерте аяғына тұрғызу. Бұның бәрі қан айналысын жақсарту үшін қажет.

2. Тромбозды болдырмау үшін мына шаралар орындалады :

а) қанның ұюын бәсеңдеңдету,

б) қанның фибринолитикалы (тромбты ерітетін) күшін көтеру,

в) қанның адгезивті -агрегациялық (қоюланып, ұюын) үрдісін азайту.

Осы шарттарды орындау ұшін гепарин (тікелей әсерлі антикоагулянт), фенилин, синкумар, реополиглюкин, гемодез, неокомпенсан, никотин қышқылы, аспирин, курантил, трентал, анутран, эуфилин (тікелей емес әсерлі) антикоагулянттар пайдаланылады.