Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 622
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)
II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ
2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ
2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ
2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)
3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)
3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ
4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.
4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ
V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ
5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)
VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ
VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
Дивертикулит – дивертикулдың қабынуы (2-27%) тесіліп перитонитке, флегмонаға немесе периколикалы абсцеске ұшыратуы мүмкін.
Ұзақка созылған дивертикулит іште жабысқақты үрдіс шақырып ішек байлануына ұшыратады. Аурудың 3-5%-да дивертикулден қан ағуы байқалады.
Дивертикулит диагнозы анамнез, рентген, колоноскопия көмегімен анықталады.
Асқынбаған дивертикулез консервативті (диета, спазмолитиктер, антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылы клизма) тәсілімен емделеді.
Дивертикулдың перфорациясы, жыланкөзі, қан ағуы, ішек байлануы операциямен емделеді. Зақымдалған тоқ ішек кесіліп алынып, гемиколэктомия жасалады. Диверкулден қан аққанда қан аққан тамыр байланады да, дивертикул ішекке енгізіледі (инвагинация). Бұны орындау қиындығында дивертикулдың резекциясы орындалады.
в)Тоқ ішектің полиптері
Полиптер ішек эпителиінен өсетін қатерсіз ісікке жатады, бірақта олардың қатерлі ісікке ауысуы мүмкін. Барлық проктологиялық аурулар арасында полиптер 10-12% жетеді. Еркектер әйелдерден 2-3 рет жиі ауырады.
Полиптер жалғыз және көп болуы мүмкін, олар 0,5-2 см-ден 3-5 см дейін болады, олардың ұзын "аяғы" бар.
Полиптердің келесі түрлері бар:
а) Ювенильді полиптер - жас балаларда кездеседі, жүзім шоғына ұқсас, беттері тегіс,"аяқтары" ұзын. Қатерлі ісікке ауыспайды.
б) Өте ұсақ (2-4 мм) - гиперпластикалы полиптер
в) Аденоматозды полиптер - ісікке ұқсас. Жиі қатерлі ісікке айналады.
г) Қылшықты полип (аденопапиллома) беті көптеген қылшыктармен жабылған, бөлшектенген.
д) Көп полиптер (полипоз) - туғаннан өсетін тұқым қуалайтын ауру. Полипоз 70-100% қатерлі ісікке айналады. Полипоздар жұмсақ тіндер мен сүйектер қатерсіз ісіктерімен қосарласуы симптомын шақырады (ұрттың кілегейлі қапшығының, ауыз айналасының, алақанның терісінің пигментті дақтармен жабылуы (Пейтц-Йегерс синдромы) байқалады. Іштің әр бөлшегінің ауыруы, іш өтуі, нәжіспен қоса қан және шырыш ағуы, анемия, жүдеу байқалады.
Диагнозды анамнез, клиника, ректо-колоноскопия, ирригография көмегімен анықтайды.
Полип және полипоз тік ішек арқылы электрокоагуляциямен емделеді.
Малигнизацияланған полиптерде гемиколэктомия немесе субтотальды колэктомия орындалады.
г)Тоқ ішектің қатерлі ісігі
Көлденең тоқ ішек қатерлі ісігі 50-70 жасқа жеткен әйел-еркектерде бірдей жиілікте кездеседі.
Аурудың басталуына ішектің қатерлі ісікке шабатын аурулары зор әсер етеді (полиптер, полипоз, ворсинді ісіктер, ойық жаралы колит, Крон ауруы).
Ісіктің 50% сигма тәрізді ішекте, 15% соқыр ішекте, 12% көтерілуші, 8% оң иілімде, 5% көлденең тоқ ішекте, 5% сол иілімде, 5% төмендеуші ішекте өседі. Тоқ ішек рагі кілегейлі қабатта басталып, одан соң ішектің басқа қабаттарына жайылады. Ісік эндо және экзофитті өседі. 90% дейін ісік аденокарцинома болады. Ісік (30%) лимфогенді және (50%) гематогенді, ал 20% имплантациялы жолмен метастазданады. Көбінесе метастаз бауырға, сирек өкпеге, сүйекке, ұйқы безіне шабады. Бұл ауру туралы толық мағұлматтар онкология кафедрасында беріледі.
17-ші науқас46 жасар шахтер, клиникаға 1979 ж. 21 қазанда түскен. Шағымдары : Іштің екі бүйірінің ауыруы, желмен толуы, нәжіс шығуының қиындануы. Нәжіс 4-5 күн шықпай одан соң іш өтуімен алмасады. Нәжіске қоса ішек шырыны және қан шығады. 1960 жылы дизентериямен ауырған. Емханада емделгеннен соң 2 жыл бойы жағдайы жақсы болатын. Кейінгі 5-6 аптада күніне 3-4 рет іш өтетін болды, және мұнымен қатар тенезмалар күшейе түсті. Ауру қатты жүдеді. Бойы 179 см, салмағы 63 кг. Лимфобездері ісінбеген, тізе буындары ісінген, ауырсынады.
Іші жұмсақ, тоқ ішектер ауырсынады, олар желмен толған. Терісі таза, тілі дымқыл. Сигма тәрізді ішектің тұсын басу қатты ауыртады. Қан анализінде өзгеріс жоқ.
Аурудың дәжісін тексеріп ондағы микрофлоралардың түрі және олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталады. Пеницилинге, биомицинге, левомицитинге сезімтал микрофлоралар табылды. Дизентерия бактериялары жоқ. Қарын қышқылының анализінде -жалпы қышқыл - 20, бос қышкыл - 0.
Қарынды рентгенмен тексергенде өзгерістер жоқ.
Ректороманоскопиямен тік және сигма тәрізді ішектердің кілегейлі кабатының қызарып қабынғандығы, оларда кішкене ойық жаралар және эррозиялар барлығы, ішекте кілегейдің көптігі көрінеді.
Аталған субьективті, обьективті және инструментальды көріністер негізінде спецификалық емес ойық жаралы колит диагнозы қойылды. Қан аралас сұйық дәреттің жиі шығуымен, тенезмамен, ойық жаралар және эррозиялармен қатар буындар ісінуі, ауырсынуы колит ауруының негізгі симптомдарының бірі болып саналады.
Ішек ауруларын ажырату
Ащы ішектің міндеті - тағам қорыту және сіңіру. Ішек шырынында энтерокиназа (трипсиноген, трипсин) ферменттері бар.
Тоқ ішекте – көмірсутектері қорытылып және белоктар шіруін қамтамасыз ететін микробты флоралар көп.
Ішектердің ауруларының көріністері өте көп және күрделі. Олар 3 топтан тұрады:
1. Ac қорытуының бұзылуы
- іш ауыруы, диспепсия, ішек моторикасының бұзылуы.
2. Вазомоторлы, нейровегетативті симптомдар.
3. Резорбциялық бұзылыстар.
Аталған өзгерістерді айыруда нәжісті макро-микроскопия және химиялық тексерудің маңызы зор.
Рентгендік және эндоскопиялық тексерістер де өте маңызды.
3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ
Ұлтабар ішегінің ақаулары
а) Атрезиясы 20 мың нәрестенің біреуінде кездеседі, көбінесе ер балада.
б) Туа байқалатын үлкен ұлтабар - 20-30 жасқа толған кезеңде анықталуы мүмкін. Әлсіздікпен, жүдеумен, ауызда жағымсыз дәм, іштің ауырлануы, тәбет нашар, тағаммен кұсумен сипаттанады. Құсықта өт және ұйқы безі шырыны көп.
в) duodenum mobile - негізінде болмайтын шажырқай пайда болып, ол ұлтабар ішегін бүгіп, тарылтады.
Ұлтабар ішегінің дивертикулы және оның асқынулары
Дивертикулит - дивертикулдың қабынуы,
дивертикулдың ойық жарасы,
дивертикулдың түйілуі,
дивертикулдың жыртылуы,
дивертикулдың қатерсіз және қатерлі ісіктері.
Үлтабар дивертикулында ауызда жарамсыз дәм, тәбет нашар, дене қызуы жоғары, жалпы дененің, шеміршек аймағының немесе кіндік айналасының ауырсынуы. Аурудың көріністері баяу басталады да одан әрі күшейе түседі. Ауырсыну қатты тағам қабылдағаннан соң күшейе түседі. Ауырсыну арқаға шабады, кейде "аш", аш қарында байқалады. Кейде құсу. Құсықтың иісі жағымсыз. Дивертикул Фатер емізікшесін қысса - дене сарғаюына ұшыратады, ұйқы безі шырыны ағуына кедергі жасап - дәретті бұзуы, іш кебуіне, қарын қышқылының азаюына ұшыратуы мүмкін.
Дуоденит - ұлтабар ішегінің қабынуы - дистрофиялық зақымдануы.
Бульбит - ұлтабардың буылтығының қабынуы.
Оддит - Одди сфинктерінің қабынуы.
Ауру дуоденостаз әсерінен, оған ұзақ уақыт қарын қышқылының көрсететін зиянынан басталады.
Дуоденит және перидуоденит тәбет нашарлануымен, ауыз құрғауы және жағымсыз дәм сезілуімен, кілегей қөп шығуымен, іштің кіндік айналасының созылу, толу сезімі, лоқсу, бас ауыруы, жалпы әлсіздену, гипотония, кейде іштің шаншып ауырсынуы, улану, жұмыс қабілеті төмендеу, жүдеу, дене бозаруы, ақырында нәурызды, витаминді, электролитті алмасулардың бұзылуымен сипаттанады. Тіпті дене сарғаюы, пигментациясы, шаштың, тырнақтың трофикалық өзгерістері, анемия, қан белогінің азаюы анықталады.
Актиномикоз- созылмалы жұқпалы ауру. Келесі клиникалық түрлері бар - бастың, тілдің, мойынның, кеуденің, іш қуысының, зәр мүшелерінің, сүйектің, терінің, буынның, орталық нерв жүйесінің, тіпті барлық мүшелердің бірдей актиномикозы болуы мүмкін .
Ұлтабар ішегінің актиномикозында іштің болмашы ауырсынуы, іш өтуі, кұсу, лоқсу байқалады.
Ұлтабардың туберкулезінде - қарынның пилородуоденальды бөлігі қалың, жұмсақ, ісінген, ақшыл-перламутрлы жабысқақтармен жабылған.
Жара инфильтратының беті тегіс емес, түйіртпекті, екі иірімдері лимфа бездері көп және олар ісініп үлкейген.
Крон ауруы- патологиялық үрдіс ұлтабар ішегінде орналасқанында өт коликасы және кейінде ішек түйілуі, кейде нәжіспен қорытылмаған тағам қалдығы шығуы байқалады. Бұл ұлтабар ішегімен тоқ ішек арасында жыланкөз пайда болғанын дәлелдейді. Қанның сілтілі фосфотазасы көтеріледі.
Рентгенмен тексергенде қарынның қабырғаларының кіші иірімі және антральды бөлімі тұсының қатайғандығы, ұлтабардың және ащы ішектің бастама бөлімінің тіктенгендігі байқалады.
Ұлтабардың ісіктері - сирек кездеседі. Арнайы әдебиеттерде небары 350 қатерсіз ісігі хабарланған.
Қатерлі ісіктері барлық тағам қорыту мүшелерінің ісіктерінің 0,4-0,5% кұрайды.
Қатерсіз ісіктер - аденома, липома, фиброаденома, шванномалар. Ұлтабар фиброаденомалары полипке ұқсас, аяғы бар.
Ащы және тоқ ішектердің туа басталатын аурулары
Меккель дивертикулы - көбінесе жамбас ішегінің алдыңғы бетінде, Баугиний жапқышынан 40-50 см қашықтықта орналасады. Ұзындығы 15 см жетуі мүмкін. Дивертикул инфекцияланып қабынғаннан кейін анық көріністер береді. Бұлар - ішек түйілуі, дивертикулдың жыртылуы, қатерсіз және қатерлі ісіктері. Осымен байланысты іштің әр түрлі жедел науқастарына операция жасағанда оның негізгі себебі Меккель дивертикулы болуы мүқмкіндігін ұмытпаған жөн.
Меккель дивертикулының ойық жарасы - клиникасы бойынша резекциядан соңғы анастомоздың ойық жарасына өте ұқсас - іш ауырғыш, диспепсиялық бұзылыстар, мелена, кейде нәжіспен қоса қорымаған тағам қалдықтары.
Долихоколон - тоқ ішектің ұзаруы адамдардың 3-8%-да, жиірек ер адамдарда кездеседі.
Ішек туберкулезінде - ішектің функциональды бұзылыстары байқалады: іш өтуі, іш кебуі, дәрет шығуының сиректенуі, іш күрілдеуі, созылуы, желдің көп жиналуы.
Ішектің қатерсіз ісіктері- липома, лейомиома, гемангиома, полип, полипозды және қылшықты аденомалар.
Ішектің қатерлі ісіктері