Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 204

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгi
Павлодар мемлекеттiк педагогикалық университеті

Айтқалиев Нұржан Ержанұлы

Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В01401 - «Дене тәрбиесi және спорт » мамандығы


Павлодар 2021
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Павлодар мемлекеттiк педагогикалық университеті
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы


Қорғауға жiберiлдi

кафедра меңгерушiсi________

Лебедева В.И. _______

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау»

5В01401 - «Дене тәрбиесi және спорт» мамандығы бойынша

Орындаған: Айтқалиев Н.Е.

Ғылыми жетекшiсi

п.ғ.к. доцент Командик Т.Д.

Павлодар 2021
Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………………….....

5

1 Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау теориясы....................................................................................................................


9

1.1 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің теориялық-әдістемелік негіздері.....................................................................................................................


9

1.2 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық қызмет мүмкіндіктері............................................................................................................


9

1.3 Өзіндік зерттеу материалдарын алу әдістері.........................................

18

2 Ұлттық спорттық күрес қазақ күресі жас балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдірудің алғы шарттары.....................


23

2.1 Қазақ күресі жас балуандарының жарыстық қызметі (ЖҚ) зерттеу нысаны ретінде.........................................................................................................


23

3 Қазақ күресі балуандарының техникалық- тактикалық даярлығын жетілдірудің эксперименталды әдістемесі.............................................................


31

3.1 Қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдіру әдістемесі тиімділігінің эксперименталды негіздемесі...............................................................................................................



31

Қорытынды……………………………………………………………………….

50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..………………………..............

53


























Кіріспе



Зерттеудің өзектілігі. Дүниежүзілік федерациясының (ФИЛА) қазақ күресі спорттық күрес халықаралық спорттық күрес түрлері қатарында тануы балуандардың техникалық-тактикалық даярлығына белгілі бір талаптар қояды, бұл өз кезегінде қазақ күресімен шұғылданушы спортшыларды жалпы даярлау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болып табылады. Аталмыш алғышарттар ең алдымен, қазақ күресімен айналысатын қазақстандық балуандар үшін жоғары спорттық нәтижелерді көрсетіп, аймақтық, құрлықтық және әлемдік, чемпионаттарда бірқатар жеңіске қол жеткізу қажеттігін туындатады.

Сонымен қатар, бірқатар мамандардың айтуынша, соңғы жылдарда қазақ күресі балуандарының техникалық- тактикалық іс – әрекеттер қолданумен аса ерекшеленген жоқ. Ресми жарыстарда спортшылар негізінен төмен бағаланатын техникалық-тактикалық іс-әрекеттерді пайдалана бастады[1]. Даярлаудың тиімділігін арттыру жаңа тәсілдерді іздеуге, оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізуге, техникалық-тактикалық дайындықты арттыруға негізделеді. Сондай-ақ, тәжірибелі балуан даярлау мақсатында тиімді құралдар мен әдістерді әзірлеу, жаттықтырушы мамандардың біліктілігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелелердің қатарынан саналады [2].

Зерттеу тақырыбының өзектілігі, сондай-ақ төмендегі бағыттармен анықталады:

  • Зерттеу барысында көтерілген мәселелердің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өңделуі;

  • Зерттеу нәтижесінде қазіргі спорттық қазақ күресі даму жағдайының жоғары теориялық және әдістемелік маңыздылығы;

  • Қазақ күресінің оқушы жастар арасында танымалдығы;

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыруда, «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.


Зерттеу мақсаты. Қазақ күресі жас балуандары қызметінің нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін техникалық-тактикалық даярлықты жетілдіру әдістемесіне эксперименталды негіздеме беру.

Зерттеу нысаны. Қазақ күресі спортшыларының оқу-жаттығу үрдісі.

Зерттеу пәні. Қазақ күресі жас балуандарының техникалық-тактикалық даярлығы әдістемесінің тиімділігін арттыруды жетілдіру зерттеу пәні ретінде алынды.

Зерттеу болжамы. Қазақ күресі бойынша жас балуандардың техникалық- тактикалық әрекеттерін жетілдіру жолдары:

  • Техникалық-тактикалық әрекеттер (ТТӘ) үйлесімділігі мен сенімділігін кешенді оқу-жаттықтыру тапсырмалары кешенін жасау арқылы арттыру;

  • Техникалық-тактикалық әрекеттерді (ТТӘ) жоғары бағалауды арттыру есебінен даярлық әдістемесінің тиімділігін жетілдіру;

  • Жарыс ережелерін өзгерту, бақылау мен түзетулер енгізе отырып, жекпе жек нәтижелілігін арттыру жолдары арқылы техникалық-тактикалық даярлықты (ТТД) жетілдіру моделін жасау негізінде жүзеге асыру.

Зерттеу міндеттері:


      1. Қазақ ұлттық дене тәрбиесі мәдениетінің теориялық-әдістемелік және әдіснамалық негізін қазақ күресі ұлттық күресінің арқауы ретінде орнына талдау жасау

      2. Қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдірудің педагогикалық алғышарттарын айқындау.

3 Қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдіру әдістемесінің теориялық моделін дайындау

4 Қазақ күресі жекпе жек сайыстары көріністері мен тиімділігін шарттайтын техникалық-тактикалық жаттығулар кешенін дайындау және экперименталды негіздеме жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы:


Қазақ күресі ұлттық спорттық күресімен шұғылданушылардың техникалық-тактикалық даярлық тиімділігінің көрсеткіштерін жетілдірудің нақты жолдарын айқындау

Зерттеу әдістері


Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Диплом зерттеу міндеттері теориялық және эмприкалық әдістер арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді қарастыру мен салыстырмалы, логикалық сараптама жасау теориялық әдістердің негізін құрады. Эмприялық әдістер ретінде педагогикалық бақылау, техникалық-тактикалық даярлық пен физикалық деңгейін айқындайтын тестілеулер, түрлі сауалнамалар, математикалық-статистикалық сараптамалар пайдаланылды.

Зерттеу кезеңдері:


Зерттеу жұмысы 2020-2021 жылдар аралығында орындалып, шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөлінді:

2020ж. қыркүйек - қараша бірінші кезеңде зерттеліп отырған мәселенің спорт теориясы мен тәжірибесіндегі жағдайы