Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 262

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жан-жақты зерделеніп, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Сонымен қатар, қажетті зерттеу әдістері кешені мен педагогикалық эксперимент бағдарламасы айқындалып, даярланды.

Аталмыш кезеңде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу сараптамасын жүргізу мен жинақтау жұмыстары, жарыс хаттамалары мен спортшылардың қызметтері мен жарыстары хаттамалары қарастырылып, сауалнама, әңгімелесу, сұхбат алу, оқу-әдістемелік құжаттарға сараптама жасау сынды әдіс-тәсілдер пайдаланылды.

Екінші кезеңде желтоқсан - ақпан алғашқы эксперименталды материалдарды өңдеу мен оларға тікелей сараптама жасау жұмыстары жүзеге асырылды. Техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіруге бағытталған кешенді оқу-жаттығу тапсырмалары даярланып, эксперименталды және бақылау топтары құрылды.

Зерттеу жұмыстары Павлодар қаласының «Баянтау» спорт кешені аясында жүргізілді.

Осы кезеңде жұмыстың алдына қойылған мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік, нормативті-құқылы материалдардың зерттелуі мен сараптамасы, жаттықтыру және жарыстық жүктемелерді педагогикалық бақылау мен есепке алу, педагогикалық бақылау, математикалық статистика әдістері қолданылды.

Наурыз - сәуір орындалған зерттеу жұмысының үшінші кезеңінде қазақ күресі спортшыларын техникалық-тактикалық даярлауды жетілдіру әдістемесінің тиімділігіне негізделген арнаулы педагогикалық эксперимент жүргізілді. Осы кезеңде алынған мәліметтерді түсіндіру мен жүйелеу, өңдеу және қорытынды мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдау жұмыстарына логикалық сараптама жасалды. Сонымен қатар аталмыш кезеңде, зерттеу нәтижелерін ҚР оқу мекемелері мен ұйымдары практикасына ендірумен бірге дипломдық жұмыстың рәсімделуі іске асырылды.


Зерттеу базасы. Қазақ күресі техникалық-тактикалық әрекеті тиімділігін жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары Павлодар қаласының «Баянтау» спорт кешені аясында жүргізілді.

Зерттеуге 50-ден аса студенттер, оның 30-і эксперименттің негіздемелі (констатациялы) бөліміне қатыстырылды. Экспериментке сарапшы-мамандар ретінде жоғарыда аталған Павлодар қаласының «Баянтау» спорт кешені 5 тәжірибелі маман оқытушы-жаттықтырушылары жұмылдырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:


  • спортшылардың техникалық-тактикалық даярлығының заманауи талаптарға сай үлгісі жасалды;

  • қазақ күресі балуандардың техникалық-тактикалық әрекеттерін тиімді жетілдіруге арналған кешендеріне эксперименталды негіздеме берілді;

  • қазақ күресі спортшыларының тиімді техникалық-тактикалық әрекеттерінің көлемі жетілдірілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер


    1. Қазақ күресінің теориялық негізі болып табылатын қазақтың ұлттық дене мәдениеті әйгілі халықаралық спорт түрлерінің аясында өзіндік ұлттық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сақтауға мүмкіндік береді.

  1. Педагогикалық алғышарттар техникалық-тактикалық даярлықты ұйымдастыруда сапалы амал-тәсілдерді пайдалануға жағдай жасайды.

  2. Қазақ күресі спортшыларын дайындау әдістемесінің теориялық

үлгісі техникалық-тактикалық даярлық деңгейін жетілдіру әдіс-тәсілдерін айқындап, сол арқылы осы спорт түрінің оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

  1. Өте маңызды оқу-жаттығу тапсырмалар кешенін даярлап, шығару балуандардың техникалық-тактикалық даярлығын шыңдап, қазақ күресі ұлттық спортында сенімді, құрылымды іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

Зерттеу нәтижелерінің негіздемелігі


  • Қазақстан Республикасында жоғары білікті спортшыларды даярлаудың біршама тиімді бағыттарын ескере отырып зерттеулер жүргізумен;

  • Қазақ ұлттық спорт түрлерінің, соның ішінде қазақ күресінің саяси, экономикалық және идеологиялық маңыздылығымен;

–логикалық тұрғыдан негізделген және іс-жүзінде
жүзеге асырылған зерттеу бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыс көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс ол өз кезегінде кіріспеден, үш бөлімнен, тұжырымнан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1 Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау теориясы

1.1 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің теориялық- әдістемелік негіздері


Адамзат дамуының әрбір кезеңі мәдениетінің нақты бір деңгейімен сипатталады. Оның айнымас қасиетінің өзі адамдардың тіршілік жағдайларын өзгерту мен жетілдіруге арналған, тіршілік өнімділігін, оның жан-жақтылығын, қоғамның маңызды талаптарына бағыныштылығын және көптеген объективті тіршілік шарттарымен айқындалады. Сонымен қатар бұл күрделі әлеуметтік білімнің көпқырлылығымен, және адамның тіршілік әрекетінің жан- жақтылығымен өзара байланыста болып табылады.

Мәдениеттің маңызды бір бөлігі – дене мәдениеті, ол негізінде адамның дене күшін түрлі жағдайларда дамытумен және дұрыс қолданумен байланысты болып келеді.

Мәдениет ұлттық сипатта екендігі дауысыз. Ұлттық мәдениеттің маңызды түрлеріне ұлттық тіл, ұлттық психология, ұлттық дәстүр, ұлттық дене мәдениеті және т.б. жатады.

Әрбір ұлттық мәдениет іргелі екі үлкен бөлімнен құралады. Тұрғылықты мәдениетпен қатар жаңадан туындаған мәдениеттің элементтері бойынша үйлесімділік бар , өйткені қоғамның өткені мен келешек дамуын, оның біршама жоғары деңгейге өтуін айқындауы арасында жалғасымдылық болады.

Бұл аталған заңдылық мәдениеттің барлық түрлерімен қатар, Қазақ ұлттық дене мәдениетіне (ҚҰДМ) де қатысты. Бұдан қазақстандық қоғамның болашақ талаптарына (2050 жылға дейін) жауап бере алатын жалпыауқымды мәдениетіне дейін көтерілуге мүмкіндік беретін көптеген мәселелер туындайды.



1.2 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық қызмет мүмкіндіктері


ҚҰДМ білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу ісінде өте бір маңызды, қажетті рөл атқарып келеді, яғни жеке тұлғаның сұраныстары мен қажеттігін қамтамасыз ету бүтіндей бір саяси, экономикалық және әлеуметтік- идеологиялық құбылыстың ары қарай да тиімді дамуына ықпал етеді. Түрлі жалпыадами мүмкіндіктер айқындалуының ерекше бір жүйесі бола отырып, бірқатар құрамдас жүйелерді қамтиды, олар: материалды-техникалық база, педагогикалық мамандар, арнайы спорттық ғылым, ғылыми-әдістемелік қаматамасыз ету және т.б.

Тарихи қалыптасқан жүйе ретінде ҚҰДМ объективті құбылыстармен қалыптасқан байланыстарымен сипатталады. Сондай-ақ, бұл байланыстар ерекше бір ҚҰДМ, оның тіршілікте тұрақтылығы заңдылықтарының айқындалуына мүмкіндік береді, сонымен оның өзіндік болмысын айқындайды. Педагогикалық мүмкіндіктер салаларының «тіршілік қабілеті» қазақ халқының ҚҰДМ педагогикалық қызметтерін көрсетеді. Қарастырылатын жоспардың ең маңыздылығы педагогикалық қызмет тікелей ҚҰДМ ішкі қасиеттерінің сырттай айқындала білуінде, адамға, онымен қарым-қатынасына әсер етуінде

қоғамдық және жекелей сұраныстарды қанағаттандыра білуінде. Бұл ҚҰДМ қызметін айқындау жолымен оның объективті мазмұны қалыптасуына ықпал етеді, оның тікелей қолданылуының заңдылықтары анықталады, яғни қызметтер туралы таным ҰДМ бірқатар маңызды мәселелерін қамтиды және толығымен дерлік оның Қазақстан қоғамы мен жекелей бір алынған адамның тіршілігіндегі шынайы рөлі мен маңызын айқындайды.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда ҚҰДМ қызметін құрастыру сәйкес бағытсыз мақсатта және негіздемесіз жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған мәселе педагогикалық қызметтер туралы қандай да бір