Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 207

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жайттарда түрлі бағыттарда қарастырылады. Жиі айтылатын пікірлер тым әрқалай сипатты және негізінен жүйесіз болып келеді.

Біздің ойымызша, пікірлер мен көзқарастар көптүрлілігінің себебі, ең алдымен, теориялық-әдістемелік мәселелердің жеткілікті деңгейде қарастырылмауында, өзіндік бір тарихи қайталанбас ҚҰДМ рөлі мен маңызын толық бағаланбауында болып табылады. Экономисттердің көзқарасы тұрғысынан бірқатар фактілерге де жете көңіл бөлген жөн. Олар екі маңызды қызмет атқарады: шаруашылық-басқару және мәдени-тәрбиелеу; адагершілік тұрғысынан 4 қызмет атқарады: білім беру, тәрбиелеу, коммуникативті және гедонистикалық. Басқалары осы қызметтердің мазмұны, олардың айқындалуы, өзара байланыс жайттары туралы және т.б. қарастырады. Осы жайттарды ескере отырып, ҚҰДМ педагогикалық маңызын айқындау қажеттігі туындайды. ДШ теориясы мен әдістемесі маңыздылығы деп нақты бір нәрсенің мәні, яғни өзіндік нәрсе қарастырылады [11]. Бұл тәсіл берілген нәрсенің басқалармен айқындалуын және өзіне тән белгілерін қарастырады. Нәтижесінде, оның бойындағы тығыз байланыстар жиынтығы, берілген жағдайдың, заттың, құбылыстың басты қасиеттері мен бағыттылығын орнықтыратын қарым-қатынастар мен іштей заңдылықтар айқындалады.

Маңыздылықтың айқындалу арқасында сәйкес заңдылықтар, олардың іс жүзінде қолданылуын басқару әдістері түсіндіріледі.

Бүгінгі таңда ҚР барша халқын белсенді де, өнімді еңбектенуі мен елді қорғауы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы қазақ халқының ҰДМ әлеуметтік мәнін құрайды. Мұндай ереженің тікелей жүзеге асырылуы үшін көптүрлі жұмыс әдістері мен құралдарының
біршама тиімді қолданылуы шарт.

Сатылылық, көпдеңгейлік қандай да бір мәннің құрылымын, сипатын, қызметін сипаттайды. Мәнділіктің кейбір деңгейлері оның айқындалуының бір мәселелерін, екіншілері – басқаларын айқындайды. Қызмет ету бүтіндігі оның барлық салалары мен деңгейлерінің өзара әсер қорытындысы болып табылады. Ыңғайлылық пен маңыздылық мақсатында барлық мәнділіктерді 4 деңгейге бөлдік:

  1. Мәнділіктің ең жоғары деңгейі әлеуметтік деңгей. Ол ҰДМ ҚР жалпыәлеуметтік мәселелерін енгізу бойынша әсерлерінің көптүрлілігін ашуға арналған. Еңбек жағдайлары мен тиімділігін, өндіріс сапасын арттыру, Қазақстанды сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға барлық уақытта дайын болуын сақтау, оның қоғамдық және жекелей тәртіп сұраныстарының түрлерін қамтамасыз ету үшін рухани және денелік сауаттылық дәрежесін арттыру- Қазақстандық қоғамның заманауи сатысындағы мәселенің мәні болып саналады. Жоғарыда аталған мәселелер сипаты қазақстандық тіршілік мәнерінің адамгершілік мазмұнын ашады және тұрғылықты халықтың өзіндік ҰДМ бағытына толығымен сәйкес келеді. Бұл жерде жалпы қазақстандық ДШ жүйесінің теориялық-әдістемелік, бағдарламалы-нормативті негізі болып табылатын «Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің ұлт көшбасшысының тестері» өзінің мақсаттарымен және міндеттерімен ерекшеленеді [12].

Қазақстан халқының ҰДМ мәнінің әлеуметтік деңгейін біршама терең зерттеу республика азаматтарының және сала мамандарының бойында диалектикалық дүниетаным, қандай да бір құбылыстарға (үдерістерге) деген байсалды да, ойлы көзқарас, Қазақстандық

мәнер қалыптастыруы қажет.

  1. Келесі, мәні жағынан маңыздылығы бар жалпықазақтық ҰДМ деңгей ретінде педагогикалық деңгей танылады. Оның басты мәні – ҰДМ қызметін жеке тұлғаның жан-жақты дамуының біршама тиімді құралы ретінде қамтамасыз ету. Бұл деңгейдің бағыттылық сипаты Қазақстан дамуының қандай да бір даму кезеңі есепке алына отырып және осыған орай тұрғындардың, әсіресе өскелең ұрпақтың қазақстандық мәнеріне қойылатын ерекше талаптарымен тікелей байланысты өзгереді. Бұл дене шынықтыру- спорттық қызметті (ДСҚ) басқаруды республика тұрғындарының арасында білім беру мен тәрбиелеу жұмысының рухани бай, моральдық тұрғыдан таза және денелік жетілген тұлғаны қалыптастырудың аса маңызды бөлімі ретінде қарастырылады.

ҰДМ мәнінің педагогикалық деңгейі тәрбиелеудің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, отансүйгіштік және т.б. түрлерінің мәнділігін айқындайды.

  1. Қазақ халқы ҰДМ маңыздылығының үшінші деңгейі арнайы- педагогикалық. Қазақ ҰДМ бұл деңгейінің басты мәні – ҰДМ тиімділігін қазақ халқының замнауи ұрпағын жетілдірудің ерекше бір арнайы саласы ретінде қарастыру. Мұндай әлеуметтік-педагогикалық үдерістің қорытындысы рухани байлықпен және моральдық тұрғыдан тазалықпен бірлестікте қарастырылатын денелік жетілуге қол жеткізуде болуы қажет. ҰДМ мәнінің берілген деңгейі айқындалуының салалары ең алдымен жан-жақты дене тәрбиесінің (ДТ) маңызды салаларымен, тіршілікте маңызды қимыл сапаларының тәрбиеленуімен, сәйкес қимыл дағдысы қалыптасуымен және ДСҚ дайындықпен айқындалады.

Бұл деңгейге тәрбиелеудің басқа түрлеріне тән қасиеттер (ақыл-ой, еңбек, өнегелік және т.б.) жатады. Денелік даму
мәселелерінің біршама тиімді шешімдерінің Қазақстан ғалымдарының (К.И.Адамбеков [13], Е.А.Алимханов [14], Н.Б.Мамиев [15], Х.К.Унтаев [16] және т.б.) бірқатар еңбектерінде ғылыми тұрғыдан дәлелденгені: ақыл-ой, еңбектену, өнегелік тәрбиелеу оларды қазақтың ұлттық спорт түрлерімен (ҚҰСТ) шұғылдану барысында ұлттық қозғалмалы ойындармен (ҰҚҚ) және дене жаттығуларымен (ДЖ) ұтымды үйлестіре білген жағдайда жеке тұлғаның ДТ түрлі арнайы салаларына күшті әсер етеді.

  1. Қазақтың ҰДМ төртінші деңгейі спорттық, кәсіби-қолданбалы, сауықтыру-қалпына келтіру сияқты дене шынықтыру түрлерінің адам ағзасына әсерінің түрлі тәсілдерін айқындайтын құралды-тәжірибелік деңгейі. ДЖ орындау барысында нақты бір тәжірибелік-қолданбалы айқындалуларға сай келуі-бұл деңгейдің мәнін құрайды. Сонымен бірге, ҰДМ өзіндік мәнін қолданушылар іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әдістеменің түрлі салаларында қолданылады.

ҰДМ мәнінің құралды-тәжірибелік деңгейінің біршама сәтті жүзеге асырылуы шұғылданушылардың, тұрғындардың түрлі деңгейлерімен жұмыс жүргізе білуге дайындайды.

Сонымен, қазақ ҰДМ мәнділігінің жоғарыда көрсетілген деңгейлері қоғамның дамуына сай күрделі де, өте қажетті динамикалық жүйесін түзе отырып, тығыз байланыста болады. Берілген қазақ жүйесінің қызмет етуінің басты логикасы оның нақты салаларының дамуын басқарудан жеке тұлғаның шынайы түрде жан-жақты дамуына біртіндеп өтуді, жеке тұлғаның жан-жақты дамуынан оның күнделікті тіршілікке әлеуметтік сұраныстардың барлық түрлерін біршама тиімді енгізуге нақты даярлығына өтуді қарастырады.

ҚҰДМ әлеуметтік қызметтері берілген
саланың әлеуметтік мәнінің маңызды салаларын біршама нақты түрде айқындайды. Осы салалардың ең маңыздысы күмәнсіз еңбек тиімділігіне белсенді түрде әсер ету болып табылады, өйткені тек еңбек қана қоғамның тіршілік қажеттілігі негіздерін қанағаттандырады, оның қуаттылық деңгейін, адамның түрлі сұраныстарын қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. ҰДМ еңбегінің өзра әсер етуі мен өзара үйлесімділік сараптамасы оның негізін құрайтын түрлі элементтердің сәйкес орны мен маңыздылығы есепке алынады.

Осыдан келіп, ҰДМ 1-ші әлеуметтік қызметі туындайды, оның мәні: жоғары өнімді еңбекке даярлық және оның тиімділігін жан-жақты арттыру. Берілген қызмет бірқатар элементтерден құралады: денсаулық күйін жақсарту, ағзаның қызметті күйін дамыту, қимыл-қозғалысты қолданбалы тәжірибе ауқымын кеңейту, табысты еңбектену үшін қимыл-қозғалыстарының алғышарттарын қалыптастыру, жүзеге асырылушы іс-әрекеттерді жіне олардың нәтижелерін жан-жақты сараптай білуге үйрету, еңбек құралдары мен оның оның өнімдеріне деген оң көзқарас тәрбиелеу және т.б. Берілген қызметтің басты мәні адамды белсенді еңбектенуге жедел де, тиімді дайындау, бар мүмкіндіктерді еңбектену барысында толығымен дерлік жүзеге асыру мақсатында аса қажет жеке тұлғаның сәйкес қасиеттерін білікті түрде және жүйелі түрде дамыта білуде.

Әлемде болып жатқан саяси, экономикалық және идеологиялық жайттар, кейбір экстремистік және діни ағымдардың белсендірілуі ҰДМ 2-ші әлеуметтік қызметін туындатады.Отанды қорғауға деген жоғары дайындыққа қол жеткізу және жан-жақты қолдауда ерекше мәнге ие.

Бұл қызметтің ауқымы: Қазақстанның