Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 258

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
күрес жүргізе білуімен анықталуы қажет [80]. Бұл техникалық мүмкіндік пен тактикалық қамтамасыз етудің шектелуіне әкеп соғады, бұл спортшылар мен жаттықтырушыларды адам мүмкіндігінің шегінен шыға отырып, ағзасының функционалды мүмкіндіктерін допингтің көмегімен және басқа да жетілдіру құралдарын - қосуға мәжбүрлейді [81].

Қазіргі уақытта балуандар жекпе-жегі төрешілік жүргізу талаптарына сай құрылады – спортшы бірнеше баллды ұтып ала отырып, өзінің мүмкіндігін арттыруға аса талпына қоймайды.[45, б.45].

Мықты балуандардың басымдылығы жекпе-жек кезінде ТТӘ тиімді және тұрақты түрде қолдануында және қарсыласына өзінің шабуыл жүргізу мәнерін мойындата білуінде [82]. Сондай-ақ, оларға күрделі де, құбылмалы жарыстық жекпе-жек жағдайында шабуылдау әрекеттерін жүргізу үшін жағымды динамикалық жағдайлар жасай білуінде.

Жұмыс тәжірибесін жинақтау, ҚР құрама командасының ізбасарларын құрайтын жоғары білікті балуандарды даярлаудағы СӘ мен ерекшеліктерін [7, б.6]; өйткені жоқ мәселелер бар:

  • жақын елдерде жоғары жетістікке қол жеткізудегі даярлықтың болашақтағы жекелей жоспары және бағыттылығы;

  • ТТД мазмұнындағы дамудың және СК төрешіліктің мазұнында [7, б.6];

  • республиканың құрама командасының (жастар және ересек) көптеген мүшелерінің жекпе-жекті жүргізудегі жекелей мәнері, алып кету тактикасының және жекелей ТТӘ шабуылдарының басымдылығы;

  • көптеген спортшылардың тактикалық даярлығының шектеулі мүмкіндігі, стандартты жағдайларды қолданудың өте төмен тиімділігі;

  • жоғары амплитудалы «таза» болып бағаланатын лақтырулар және керісінше орындалу тәсілдері бойынша қарапайым тәсілдердің басымдылығы [83];

  • аяқпен әлсіз жұмыс жасау және қарсыласын тепе-теңдіктен шығаратын шектеулі мүмкіндігі.


Балуандардың ОЖӘ ТТӘ меңгеру жолдарын анықтау мақсатымен күрестің тиімді бөлімдерін және тәсілдерді қолдану бағыттарын құрастыру, балуанның бар техникалық-тактикалық мүмкіндіктерін айқындауда ЖӘ сипаттайтын белсенділік, тиімділік, нәтижелілік, сенімділік, үйлесімділік сияқты сандық көрсеткіштерді қолдану қажет [84].

Балуандардың ЖӘ сандық сипаттамасын айқындау үшін жалпы танылымды стенография әдісі қолданылады [85- 91]. Материалдарды өңдеуден өткізу жарыс хаттамаларын есептеу техникасын қолдана отырып, арнайы формуламен анықтау арқылы жүзеге асырылады [92-95].

Балуандардың ЖӘ нәтижелері бойынша техникалық-тактикалық шеберлігін бағалаудың басты бөлімі болып спортшылар нәтижелі жарыстарда жиі қолданатын жекелей ТТӘ құрамын анықтау болып табылады [96-98]. Берілген мәселенің маңызды шешімінің мәні қазіргі уақытта егер қазақ күресінен жарыс ережелерінің өзгерістерін есепке алса айқындала түседі.

Е.Алимханов негізінен балуандардың ЖӘ зерттеу нәтижесінде қазақ күресі бойынша жарыс ережелерін жетілдірумен байланысты оның техникасы мен тактикасының өзгерістері мен мазмұнының заңдылықтарын айқындады. Жарыс ережелері төмендегідей:

  • балуандардың күрделі жоғары-амплитудалы ТТӘ қарапайым шабуылдарға өтуі;

  • балуандар жекпе-жектің бір минуты ішінде жинақтаған техникалық балдары санының төмендеуі;

  • жекпе-жектің жалпы ұзақтығының қосымша уақытты белдесулер есебінен артуы;

  • таза жеңістер санының артуы;

  • шабуылдау әрекеттері тиімділігі көрсеткіштерінің төмендеуі;

  • қорғану әрекеттерінің сенімділігін арттыру;

  • спортшылардың тәуекелге бел буу даярлығының төмендеуі [3, б.6; 74, б.47].


Зерттелінетін көрсеткіштердің басым бөлігі салмақты дәрежені арттырумен төмен нәтижелі көрсеткіштерге ие болуы әсіресе бұл жарыстық жекпе-жектің белдесудегі және минут ішіндегі орташа нәтижелігіне, сондай-ақ, шабуылдаудағы ТТӘ санына қатысты. Жарыс деңгейі артқан сайын балуандардың сапалық-сандық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады [99, 100]. Жекпе-жектердегі жоғары бағаланатын тәсілдердің жан-жақтылығы біршама төмендеді және бұл үдеріс ары қарай жалғасып келеді.

Мұндай қазақ күресі СК ТӘ айқындалған теңсіздік жарыс ережелерінің жиі және әлсіз негіздемелі өзгерістерімен түсіндіріледі [101, 102, 103]. Біршама нәтижелі және жоғары бағаланатын тәсілдер, тәртіпке сай біршама ұзақ даярлықты талап етеді [104]. Сонымен бірге, жекпе-жекті жүргізудің қарқындылығы тәртібіне қойылатын талаптар спортшылар ескертулер алып қалуына және тіпті күресті сылбыр жүргізгендігінен белдесуде жеңіліп қалуына байланысты балуандардың ТӘ біршама нақты жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, балуандар даярлық уақыты бойынша ұзақ емес, техникалық тұрғыдан біршама қарапайым жолмен жүруге мәжбүр болады. Мұндай жағдай күрестің дамуына кедергі келтіреді және қазақ күресінен жарыстық жекпе- жектің көріністілігіне теріс әсер етеді.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақ күресі балуандарының техникалық- тактикалық даярлығын жетілдірудің эксперименталды әдістемесі




3.1 Қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдіру әдістемесі тиімділігінің эксперименталды негіздемесі

Балуандарды даярлаудың, спортшылардың оқу-жаттықтыру және жарыстық қызметінің арнайылығын қоса ерекшеліктері туралы әдебиет мәліметтерінің сарапатамасы мен жинақтамасы қазақ күресі балуандарының маңыздылығы олардың спорттық шеберлігі артқан сайын жоғарылайтын оңтайлы және негіздемелі ТТД, жарыстардағы ТТӘ тиімді жүзеге асырылу мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері нәтижелі және көріністі ТТӘ жетілдірудің эксперименталды әдістемесін қолданумен қалыптастыру мүмкіндігі туралы біздің болжамымызды дәлелді. Ұсынылған модель білікті спортшыларды даярлаудың эксперименталды әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға және нақтылай түсуге мүмкіндік берді.

Эксперименттің жүргізілуі кезінде тиімді жарыстық ТТӘ жетілдірудің негізінде жасалған әдістемені қолдану арқылы ЭТ ЖӘ және спорттық нәтижені сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Өз кезегінде жетілдірілу үдерісінің алдын-ала келтірілген моделінен көретініміздей, түрлі және жоғарыбағаламалы ТТӘ жекпе-жектің көріністілігін қамтамасыз етеді.

ПЖ ұйымдастырылу кезеңінде екі міндет қойылды.

Біріншісі сенімділікке, көптүрлілікке, сапалы бағаламалықты, үйлесіимділікті арттыруға арналған әдістеменінің қолданыстағылығын тексеру. Мұны шешу кезінде жасалған құралдар кешендерінің алдын нақтылануы мен түзетулері жүргізілді. Бұл міндет ПЭ басында шешілді және дәлелдемелі сипатты болды. Экспериментке 2015-2016 оқу жылының қыркүйек-маусым айлары аралығында тәжірибелі топтың (бақылау және
эксперименталды) барлық балуандары қатысты. ТТД даярлықты жетілдіру мақсатында жоспарланған әрбір ОЖС,ЭТ-та спортшылар шабуылдау мен қорғану ТТӘ қалыптастыру бойынша бірдей тапсырмалар орындады. Жасалған тапсырмалардың алдын-ала тексерістен өткізілуі барысында олардың жарыстық белдесулерда жүзеге асырылу мүмкіндігі нақтыланды, біруақытта басты жаттықтырушылар мен спортшылардың жұмыс тәжірибелері мен ұсыныстары топтастырылды. Дәлелдемелі эксперименттің жүргізілуі барысында нақты бір тәсілді, ТТӘ әдістемесін орындау кезінде жүзеге асырылды. Толықтырулардың, ескертулердің және өзгерістердің ескерілуі еспеке алынған берілген кешендер жұмыста қандай күйде берілген болса, сондай күйде біржола құрастырылған. Олардың ары қрайғы тиімділігі қалыптастырушы ПЭ барысында тексерілді.

Екінші міндет балуандардың ТТД арттыруға арналған құралдар кешендерінің тиіміділігін тексеру.

Жасалған кешендердің тиімділігі ЭТ жекелей-топты әдісті қолдану арқылы тексерілді, «қазақ күресі» СК ТТӘ тиімділігін жетілдіруге арналған жасалған тапсырма кешендерін қолдану бойынша мақсатты-бағытты педагогикалық жұмыс жүргізілді.

Балуандар СӘ бейнежазбаларын зерттеу бағаланатын ТТӘ санын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 2).

Кесте 2 Балуандардың бағаланатын техникалық-тактикалық әрекеттер

Бағаланушы ТӘ

%

-Аяқпен алдынан қағып лақтыру

10

-Аяқпен жанынан қағып лақтыру

7

-Аяқпен іліп лақтыру

9

-Іштен шалып лақтыру

3

-Аяқпен бұттан қағып лақтыру

5

-Сырттан шалып лақтыру

2

-Кеудеден асырып лақтыру

4

-Арқадан асыра лақтыру

6

-Жамбастан асыра лақтыру

26

-Иіріп лақтыру

2

-Жығу

13

-Отырғызу

8

Басқа техникалық әдістер

5