Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 203

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Келтірілген жағдайлар, олардың объективті және заңнамалы сиапты біз ұсынған зерттеу болжамының ерекшелігін дәлелдейді, балуандардың СЖ қалыптасқан ережелерінің іс жүзінде арықарайғы нақтыландырылуының және осы негізде спорттық шеберліктері жетілдіріліуінің шынайы мүмкіндіктерін ашады.

Мұның барлығы балуандардың толыққанды ЖҚ қажетті техникалық- тактикалық даярлығының басты маңыздылығын айқындайды.

Тұжырымдай келе, балуандарды даярлаудың біз ұсынып отырған құралдары мен әдістемесі өзіндік-жарыстық әрекетте табысқа қол жеткізуіне ықпал ететін, олардың техникалық-тактикалық мүмкіндіктерінің біршама тиімді жетілдірілуін қамтамасыз етудегі басты маңызын атап өтеміз.

Үшінші тарау бойынша тұжырым


Балуандардың ЖӘ зерттеу нәтижелері бойынша бағаланған ТТӘ айқындалды: аяқпен алдынан қағып лақтыру- 10%, аяқпен жанынан қағып лақтыру - 7%, аяқпен іліп лақтыру - 9%, іштен шалып лақтыру - 3%, сырттан шалып лақтырулар - 2%, кеудеден асыра лақтыру

  • 4%, арқадан асыра лақтыру - 6%, жамбастан асыра лақтыру - 26%, иіріп лақтыру - 2%, жығу - 13%, басқа техникалық әдістер - 5%.

Қазақ күресі СК даму бағыты жан-жақты және жоғары бағаламалы ТТӘ орындауды талап ететін жарыс ережелерінің ары қарай да өзгертілуі мен толықтыруларына бағдарланған және де заманауи ережелер негізінде балуандардың функционалды даярлығын жүзеге асыруға арналған.

Осының нәтижесінде спортшылардың қазақ күресі ТТӘ көптүрлі мүмкіндігін қолдануы шектеледі, нәтижесінде жарыстық жекпе-жектер көріністілігі біршама төмендейді.

Даярлықтың жасалған әдістемесі тиімді ТТӘ жетілдіру бойынша ОЖС кешендерінен тұрады, бұл балуандардың СӘ өзгермелі жарыс ережелеріне және ерекшеліктерін сәйкес келеді.

ОЖС кешендері шабуылдау мен қорғану ТТӘ үйлесімділігін, көптүрлілігін, сенімділігін қалыптастыруға арналған. ОЖД таза жеңіске қол жеткізу мақсатында ТТӘ бағаланушы ТӘ үйлесімділікте жетілдіруге көбірек көңіл бөлінеді.

Жүргізілген ПЭ нәтижесі бойынша кейбір топтарда ЖӘ көрсеткіштері бойынша өзгесітер тіркелінді. ЭТ шабуылдау әрекеттері сенімділігінің көрсеткіштері, үйлесімділігі, тиімді және жарыстық қызметтің көлемі, қорғану әрекеттерінің сенімділігі, жарыстарда иеленілген орын сенімділік деңгейінде (Р<0,05) болды.

БТ өзгерістер дегенмен тоғыз көрсеткіштің екеуі бойынша ғана сенімді айырмашылықтар байқалды.



Балуандардың ТТД жетілдіру әдістемесін қолдану тиімділігі ПЭ кейін ЭТ салыстырумен дәлелденеді. Балуандардың спорттық шеберлігі және ЖӘ көрсеткіштері сенімділік деңгейінде БТ көрсеткіштерінен артып кеткендігіне көз жеткіздік.

ҚОРЫТЫНДЫ



Қазақ күресі спорттық күресі спортшыларының техникалық-тактикалық даярлығының (ТТД) мазмұнын және оны пайдалану әдістемесін жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер қойылған міндеттерді толықтай іске асыруға және келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік берді:

  1. Қазақстанның қоғамдық өмірінде жалпы және арнайы педагогикалық, сондай-ақ әлеуметтік функциялардың бар болуының және кеңінен көрініс табуының арқасында, қазақтың ұлттық дене шынықтыруы сан алуан спорт түрлерін, ең алдымен, қазақ күресін ең танымал ұлттық спорт түрі ретінде дамытудың және жетілдірудің табиғи теориялық және методологиялық іргетасы болып табылатыны анықталды.

  2. Техникалық-тактикалық даярлық үдерісін сапалық жағынан жақсартуға жағдай жасайтын педагогикалық жағдайлар қатары зерттеліп, анықталды:

а) терең теориялық білімдер және практикалық дағдылар мен қабілеттер;

б) объективті әлемді көрсетудің ғылыми-педагогикалық теориясына сүйену және білімдерді берудің сан алуан түрлерін пайдалану барысындағы білім беру мәліметтері туралы ақпаратты бұлжытпай тереңдету;

в) тиісті оқу-әдістемелік тәсілдердің үдемелі санын тиімді қолдану;

г) пайдаланылған ақпарат көздерінің тереңдей түсетін өзара әрекеттестігі. Ең алдымен, қазақ күресінің даму тарихы туралы, оның қазіргі кездегі жағдайларға сай жетілдірілуі, оның
ағзаның функцияларына әсерлері, сабақтардың білімдік, тәрбиелік және сауықтыру мәні, қазақ күресінің балуанның рухани-адамгершілік және психикалық жағдайына әсері туралы ақпарат;

д) толыққанды оқу-жаттығу үдерісі;

е) спорттық педагогтің ұдайы және білікті қадағалуы;

ж) ойдағы нәтижеге жеткізетін тиісті шарттарды саналы түрде қою және балуандардың күш-жігерінің ойдағыдай сипатын қамтамасыз ететін қарым- қатынастар жүйесін орнату.

  1. Техникалық-тактикалық даярлықты жетілдірудің теориялық моделі ұсынылып, апробацияланды, ол құрамдас бөліктері ретінде келесілерді қамтиды: жарыстық қызметтің жетекші сипаттарын; жарыстардың өзгермелі ережелеріне бейімделген әдістемені; жаттығу-жарыстық қызметті бақылау және түзету. Модель нәтижелілікке және көріністілікке бағдарланған, және қазақ күресіндегі техникалық-тактикалық даярлықтың ең бір маңызды алгоритмдерін анықтайды.

  2. Құрамдастырылған арнайы жаттығулар кешенін әзірлеу және оны оқу- жаттығу үдерісінде қолдану әдістемесі эксперименттік топ (ЭТ) балуандарының техникалық-тактикалық даярлығының деңгейін бақылау тобымен (БТ) салыстырғанда келесі көрсеткіштер бойынша анық көтергені эксперименттік тұрғыдан дәлелденді: қорғану әрекеттерінің белсенділігі (t = 2,32; P < 0,05), шабуылдау әрекеттерінің сенімділігі (t = 2,33; P < 0,05), шабуылдау әрекеттерінің үйлесімділігі (t = 2,30; P < 0,05), сайыс техникасының көлемі (t = 2,46; P <0,05). Жалпы алғанда бұл сайыстық белдесулердің нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға көмектесті. Эксперименттік топ орындарының орташа көрсеткіші - 4,32 бақылау тобымен салыстырғанда анық кеміді - 5,14. Жақсару анықтығы ((t = 3,18; P < 0,01) деңгейінде тұр.


Қалған көрсеткіштер бойынша (шабуылдау әрекеттерінің белсенділігі, қорғану әрекеттерінің сенімділігі, тиімді техника көлемі, техниканы сапалық бағалау) жағымды ілгері басулар орын алғанымен де, олар қажетті маңыздылық деңгейіне жете қоймайды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері мен қорытындыларының негізінде келесі ұсыныстар ұсынылады.

  1. Балуандардың спорттық шеберлігін жоғарылату мақсатында, техникалық-тактикалық әрекеттерді сипаттайтын деректерді жүйелі түрде зерделеу, талдау және жалпылау керек, сондай-ақ, бұл орайда алынған көрсеткіштерді әділ бағалау, және солардың негізінде оқу-жаттығу және жарыстық сипаттағы мәселелерді жетілдіру құралдары мен әдістерін тиісті түрде нақтылау қажет.

Мұндай деректерді спорттық жаттығудың әр кезеңінің (оқу жылының) алдында, оларды өткізу барысында және аяқтау кезінде анықтау керек. Онсыз шұғылданушылардың аталған жақтарына жеткілікті, дәл және таңдамалы әсер ету өте қиын.

Балуандардың даярлығының шынайы деңгейін және оқу-жаттығу және жарыстық қызметтегі техникалық-тактикалық әрекеттерге қатысты ұсынылған құралдар мен әдістердің ерекшеліктерін терең түсінудің негізінде оқу-жаттығу жұмысының модельдік сабақтардың талаптарын ескеретін нақты міндеттерін әзірлеу қажет. Аталған міндеттерді балуандарға жүйелі түрде түсіндіріп отыру керек.

Мұндай күш салу жоспарлы нәтижелерге жағдай жасауы және ықшамдылығымен ерекшеленуі үшін, балуандардың әрбір жеке алынған оқу тобы, салмақ санаты және біліктілігі үшін жаттығу жұмысының үлгісін жасаған дұрыс. Мұндай үлгілер олардың жеке түрлерімен жүргізілетін спорттық жаттығуды дербестендіруді қамтамасыз етуге қабілетті тиісті тапсырмалармен және талаптармен толықтырылуы тиіс, мұндай спорттық жаттығу қазақ күресі балуандарымен жүргізілетін бүкіл