Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 310

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көп сөздер қолдануында анық айтылмайды, бала өзіне тапсырылған керекті заттың атының орнына соған ұқсас өзінің түсінігіне жеңіл, таныс заттардаң аттарын атайды. Мысалы: жүгері-собық, оймақ-саусақ, лақ-ешкі, шөміш-ожау.

Дизартрия балалар айналасындағы жағдайды жетерліктей жақсы бағдарлай алады, тұрмыс тіршілігіндегі мәліметтер мен түсініктері жеткілікті. Мысалы, балалар бейнелі суретте көрсетілген өткеншек, асқана, велосипед сияқты тағы басқа заттарды танып аттарын атайды. Мамандықтары бойынша ұшқышты, мұғалімді, аспазшыны ажыратады. Суреттегі адамдардың істеп жатқандарын қимыл бейнелеріне қарап түсінеді. Әр затты бояуына қарап көрсете алады. Бірақ мүлде сөйлей алмауы немесе өте нашар сөйлеуі тілінің белсенділігі мен енжар сөз қорының арасындағы айырмашылығын соқтырады.

Лексиканы игеру деңгейі сөйлеу тілінде дыбыстардың айтылу жағының бұзылу дәрежесіне ғана байланысты емес, сонымен бірге баланың ой-өрісінің мүмкіншілігіне, әлеуметтік тәжірибесіне, оның тәжірибиеленген ортасына да байланысты[43, 29-57 бб].

Тілдің грамматикалық құралдарын жеткілікті түрде игере алмау дизартрия балаларға және жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған даларға тән қасиет.

Балалардың сөйлем құрамының жұпынылығы, олардың дұрыс құрылмауы, сөйлем мүшелерінің, көмекші сөздердің түсіп қалуы өздігінен жазуынан айқындалады. Кейбір балаларға тіпті көлемі шағын мазмұндаманың өзі мүлдем түсініксіз.

Сөйлем мүшелерінің нашар қимылдауынан және бір дыбыстан екінші дыбысқа өте алмауының салдарынан дизартрия балалардың дағдысы өте қиын. Көбінесе бөліп және ырғақсыз оқиды. Оқығаны баланың өзіне де, тыңдаушыға да түсініксіз.
Мысалы, кітаптан сәкі деген сөзді оқып, суреттен сатыны көрсетеді. Дизартрия балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері астарының айтылуындағы ақаулықтарды жоюға, сөйлеу тілінің лексикалық қорын және грамматикалық құрлысын дамытуға, жазуы мен оқуын түзетуге бағытталған түрде арнайы оқытуды қажет өтеді. Түзетудің мұндай мәселелері жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы класс көлемінде оқытатын сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектепте шешіледі.

Мектеп жасына дейінгі дизартрия балалар мақсатқа бағытталған сөйлеу тілінің фонетикалық және лексико-грамматикалық құрлысын қалыптастыра-тын логопедиялық оқыту жұмысын қажет етеді. Бұндай оқыту жұмысын сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүргізіледі [44, 8 б].

Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет.

Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Сөз дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны меңгере алатын жас мөлшерін де көрсетеді. Сөз дыбыстарының осылайша бөлінуіне орай түрлі жастағы балаларға арнап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді[45, 104 б].

Сөйлеу қабілеті ойдағыдай дамып келе жатқан (сөйлеу әрекетінің дамуына логопедтердің араласуы қажет емес) балаларға арналған артикуляциялық жаттығулар баланы дұрыс айтуға үйрететін дыбысты қамтитын сөздер мен сөйлемдерді олардың дауыстап айтуынан тұрады. Жаңылтпаштар мен белгілі біріңғай дауыссыз дыбыстар қайталанып келіп отыратын өлеңдер бұл жерде дидактикалық материал қызметін атқарады.



Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінін, қалыптасуына ересектердің сөзінің әсері өте күшті екендігі белгілі. Бала оларға үнемі еліктеп, сөз арқылы қарым-қатынас жасауға талпынады. Өз бетінше сөз шығарып, басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалатын қателіктерді көргің келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.

Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Тілі дамыған баланың тілдік құралдарды үлкендерден қабылдап, оны өзі қолданатын контекстік тілде пайдаланатындығын жоғарыда айттық. Әрине мектепке дейінгі балалардың тілі жақсы жетілген дей тұрсақ та, ол бала тілі. Контекстік тілді әрі дамытып, жетілдіруге іргетас қаланды деп айтуға болады[46, 247 б].

Мәдениетті тіл үшін сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің қалай қолданылатындығы мен баяндалатын ойдың айқындығы ғана маңызды емес, сондай-ақ баламен, басқа адаммен қалай сөйлескені, сөзді қандай нақышпен айта алатындығы да маңызды. Адам тілі ынтықтырмас әншейін бір жылуы жоқ нәрсе емес, тілде әрқашанда сезім күйін шертетін бейнелі мәнерлілік болады.

Біз үшін баланың сөздік қоры және оның контекстік тілді құра білуі қаншалықты маңызды болса, оның өз ойын қалай, қайтіп айтып жеткізе алуы да соншалықты маңызды болуы тиіс. Тілдің эмоциялық мәдениетінің адам өміріндегі маңызы зор. Тіл жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен бірге оның кейде қалай болса солай аса жылдам немесе баяу, жабырқау түрде мүлде сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланың, қалай сөйлегеніне, тілінің қалай дамығанына қарай, оның тілін қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз.

Мектепке дейінгі бала тілінің дамуы мынадай үш кезеңнен тұрады- Бірінші кезең: сөйлеуге дайындық кезеңі. Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылу, інгалау т.б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды, жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың үілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Үілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздерін, дыбыстарына орайлас жасайтын реакциялар. Бұл кезең шамамен 2 айдан 11 айға дейінгі мезгілді қамтиды. Екінші кезең тіл құралдарын алғаш меңгерумен сипатталады. Бұл кезең 11 айдан 1 жас жеті айлық мезгілде қамтиды. Үшінші кезең тілдің грамматикалық жүйесін игерумен ерекшеленеді. Бұл мезгіл бір жыл жеті айдан шамамен үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Баланың жасы ұлғайған сайын қарым-қатынасқа пайдаланатын грамматикалық формалардың саны бірте-бірте молая түседі[47, 640 б].


Бала тілінің дамуына аса нәтижелі және нәтижесіз кезеңдер болатынына келейік. Адам психикасының дамуының аса табысты мезгілін психологияда сензитивтік кезең деп атайды. Әр жылда егіннің жақсы немесе өнімсіз болатыны сияқты, адамның да оның ішінде баланың әр нәрсеге қабілетті, сезімталдығы, қабылдау түрліше болып келетін кезеңдері болады. Бұл жөнінде тұңғыш пікір айтқан Италияның дарынды педа­гогі Мария Монтессори болды. Бұл көзқарас жөнінде Л.С.Выготский мен А.С.Лейтестер құнды пікірлер айтты.

Сензитивтік көзге неге мән берілуі тиіс? Өйткені бала қабілеті мен қабылдауы үнемі прогресспвтік жолмен дамымай, есейген сайын бұл қасиеттер көмескіленуі мүмкін, тіпті жоғалып кетуі де ықтимал. Ұстаз бала қабілетінің мол кезін пайдаланбай мезгілінен кешігіп қалса, даму өз дәрежесінде болмайды, ол дамыта алған күннің өзінде де оған көп уақыт, көп қаражат шығару қажет.

Ғалымдардың пікірінше, ана тілін меңгерудің сензитивтік кезі мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста бала ана тілінің грамматикалық құрылысын толық игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер баланы шет тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөнгеннен кейін меңгертетін болса, оған көп уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады[49, 448 б].

Бала ақыл-ойының даму кезі тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасында ана тілін өз дәрежесінде меңгерсе, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толығады. Демек тіл мен ойлаудың сензитивтік кездері түрлі уақыттарға сай келеді.

Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы болмаса, кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін. Оның себебі әуелгі кезде бұл іс-әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де болмауы мүмкін. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Мұнан шығатын қорытынды, баланың сензитивтік кезі белгілі бір жасына ғана сай келмей, оның жеке басының психикалық ерекшелігіне сырттан түрткі әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де кездесуі мүмкін.

Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша сөйлеу тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек (1-3 жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен шектеледі. Ал мектепке дейінгілер (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан заттың мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп басқа да сөз табына бөлуге өтеді[50, 256 б].


Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі жеке сөздерде бөліп алу процесі бірнеше кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде бала белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен сөзді бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сыртқы тіректер тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл опе­рация тұрақты сипат алмайды. Үшінші кезеңде мектеп жа­сына дейінгі балалар (6-7) сыртқы таяныштарға сүйенбей-ақ ішкі іс-әрекет нәтижесінде тілден сөзді бөлу операциясы біршама тұрақты болады.

Мектептегі оқу жүйесінде аса қажетті сөйлем құрамынан сөзді бөліп, оны талдау дағдысы бүкіл мектепке дейінгі кезеңде өте баяу қалыптасады. Жоспарлы түрде оқыту бұл процесті тездетуге ықпал етеді.

Сөйлеу мен сөздің мағынасы табиғи жолмен дамыған және сөздердің мағынасы психологиялық тұрғыдан қалай дамығанының тарихы белгілердің дамуы, балада табиғи түрде алғашқы белгі қалай пайда болады, шартты рефлекс негізінде мән-мағыналар механизмін меңгеру қалай жүреді, осы механизмнен шартты рефлекстен асып түсетіндей жаңа құбылыстар қалай пайда болады-осыларды белгілі деңгейде ашып көрсетуте көмектеседі [51, 340 б].

Біз өз сөздеріміздің ойдан құрастырылмағанын білеміз. Алайда балалардың сұрағаны сияқты, біз де кез-келген адамнан бір заттың осы сөзбен қалай аталғанын, мысалы, терезе неге терезе, есік неге есік деп аталғанын сұрасақ көпшілігіміз жауап бере алмаймыз. Тіпті терезе, есік деген дыбыстық кешенмен аталуы мүмкін деп жорамалдауға болады немесе керісінше. Бәрі тек шартқа байланысты. Дегенмен біз тілдің шартты түрде ойлап табылған сөздерден жасалмағанын, мысалы, терезені-терезе деу керек деп шарттас-пағанын білеміз. Тіл табиғи түрде пайда болған, сондықтан психологиялық тұрғыдан тіл-судағы үйректен түймеге ауысқан "квак" сөзі сияқты, шартты рефлекстің даму желісінен толығымен өткен [52, 210 б].