ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 238
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
Бұлшықеттер орналасуына байланысты үлкен 3 топқа бөлінеді: бас, тұлға және аяқ пен қол бұлшықеттері.
Жүрек бұлшықеттері көлденең жолақты ерекше бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кейде айқасып жатады. Жүрек бұлшықеттерінің осындай ерекшелігіне байланысты олар тез жиырылады.
Бас бұлшықеттеріне шайнау және бет – қимыл бұлшықеттері жатады. Шайнауға қатысатын бұлшықеттер жақ сүйектерді қозғалтып, асты ұнтақтауға мүмкіндік береді. Бет – қимыл бұлшықеттері адамның қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді. Бет – қимыл бұлшықетінің қатысуымен адамның қуану және ренжу қалпын, қайырымдылық пен азаматтықты, көңілдік пен ризалықты байқаймыз. Қабақ бұлшықеттері жақ сүйекті қозғалту арқылы сөз сөйлеуге қатысады.
Бұлшықет құрылысы.Қанқа бұлшықеті көлденең жолақты бұлшықет талшықтары шоғырынан тұрады. Бұл шоғырлар сыртынан балбыр дәнекер ұлпасымен қапталады. Бұлшықеттер топтары немесе жеке бұлшықеттер тығыздау дәнекер ұлпаларымен қапталады.
Оларды фасция немесе шандыр деп атайды. Бұлшықет талшықтары оның денесін түзейді де, сіңірлер арқылы сүйекке бекиді. Сіңірлер (тарымыстар) ұзын бұлшықеттерде айқын байқалады. Олар коллаген талшықтарынантүзіліп, созуғаүлкенкедергіжасайалады. Ендісіңірлерді апоневроз немесе шандыр деп атайды. Мысалы, табан апоневрозы – табаншандыры.
Қимыл-қозғалысқа қатысып отырып, бұлшықеттер оны қамтитын жүйелермен тіке байланыста болады. Мысалы, қантамырлары, асқорыту, тыныс алу және реттілеу (жүйке, қаналмасу) жүйелерімен.
Адам денесінде қарама-қарсы әрекетететін жазғыш және бүкіл бүккіш буын бұлшықеттер тобы түрлі қимылдар жасауға жағдай тудырады. Олардың кызметі жүйкелі креттеуге байланысты болады. Жұлын орталығында пайда болған қозу мен тежелудің әсерінен болатын бұлшықет тобының кезектесіп кызмет етуін бұлшықеттердің үйлесімділігі деп атайды.
Бұлшықет негізінен екі түрлі қызмет атқарады: денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және оны тік ұстауға мүмкіндік береді. Бұлшықет жиырылғанда, сүйек иіні қимылдап, жұмыс атқарады (бұл динамикалық күш). Бұлшықеттіңнегізгіқасиеті-жүйкежүйесіненкелгеннемесегуморальдыәсерденқозуғатүсіп, оғанжиырылуарқылыжауапқайтару. Тіріағзада, оныңдемалыскезінде де бұлшықеттертолықсозылмайды, оларүнемішамалыширығудаболады. Бұлшықеттің тонусы орталықжүйесінентолқындардыңсиреккелуіне, ал бұлшықеттіңширығуыдененітікұстап, оны тепе-теңдіктесақтауынабайланысты. Бұлшықеттіңқызметізаталмасужұмысынкүшейтіп, энергияныңбөлініпшығуынаәсеретедіжәнеэнергияныөзініңжұмысынапайдаланады. Бұлшықеттіңқызметірефлекстіксипаткөрсетеді.
Бұлшықетқызметінзерттегенде, екітүрлірычагтардыажыратады. Бұлшықеттеркүшірычагқа
перпендикулярлыкелмей, басқабұрышпентүсуімүмкін. Егер, күшсүйірнемеседоғалбұрышпентүссе, оныңәсерінқозғалыштарғаыдыратыптабуғаболады. Ондабіркүштіңқосылғышы рычаг бойымен, ал екіншісіоғанперпендикулярлыболады. Біріншікүшқимыл-қозғалысқакөпәсертигізбегендіктен, оны көбінесеесепкеалмайды. Екіншісіқимыл-қозғалыстыарттырады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Мимикалық бұлшықеттердің басқа қаңқалық бұлшықеттерден ерекшелігі.
2. Бассүйектің күмбезі мен құлақ қалқаны бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
3. Шайнау бұлшықеттері, қанмен қамтамасыз етілуі
4. Кеуденің терең бұлшықеттері.
5. Көкеттің тесіктері мен үшбұрыштары.
6. Кеуде бұлшықеттері мен кӛкеттің қызметтері.
7. Арқаның беткей бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.
№19 Тақырып.Иық белдеуінің және бос орналасқан қол бұлшықеттері. Орналасуы, қызметтері
Мақсаты. Студенттердіқол-аяқтағы орналасқан бұлшықеттер, шандырлар бағдарына үйрету. Бұлшықеттердің тобы, жеке бұлшықеттерді, топографиялық құрылымдарды (өзектерді) жүлгелерді) табуға үйрету. Топтас және жеке бұлшықеттердің қызметін түсіндіру, қол-аяқ шандырлардың құрылысын үйрету.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Қолдың бұлшық еттерін орналасуына қарай иық белдеуінің және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөледі.
Иық белдеуінің бұлшық еттері қолды тұлға мен жауырын арқылы жалғастырып тұрады. Ал жауырын мен бұғана денеге арқа еттері арқылы бекіп жатады. Иық белдеуінің еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді, жалүсті, жаласты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырынасты еттері жатады.
1. Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовиднаямышца) - өз дамуының ерекшелігіне байланысты иық буынын қаптай орналасып, иыққа пішінін беріп тұрады. Ол бұғананың сырт жақ бөлігінен жауырынның иық өсіндісі мен жалынан басталып, тоқпан жіліктің сырт жағындағы дельта бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды горизонтальды күйге келтіреді, ал тек алдыңғы бөлігі ғана жиырылғанда қолды иық буынынан алға, артқы бөлігі жиырылғанда артқа қарай қозғайды.
2. Жауырының жалүсті еті
(надостнаямышцалопатки) – жауырының жалүсті ойысында жатып тоқпан жіліктің үлкен буындарына барып бекиді. Бұл ет жиырылғанда дельта тәрізді етке ұқсап қимыл жасайды, яғни қолды сырт жағына қарай горизонтальды күйге келтіреді.
3. Жауырынның жаласты еті (подостнаямышцалопатки)- жауырынның жаласты ойысынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына екиді. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан сыртқа қарай айналдырады.
4. Кіші жұмыр ет (малаякруглаямышца) - жауырын еттерінің төменгі жағында жатады. Ол жауырынның сырт жақ қырынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды сыртқа қарай айналдырады.
5. Үлкен жұмыр ет (большаякруглаямышца) - жауырынның бұрышынан басталып, қолтық астынан алға өтіп, тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады.
6. Жауырынасты еті (подлопаточнаямышца)- жауырынның астыңғы ойысында орналасып, бұл да тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда үлкен жұмыр етпен бірге қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады. Иық белдеуінің бұлшық еттері шандыр қапшықтармен қаптала жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттерін жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік, білек, қол басының еттері деп бөлеміз.
Тоқпан жілік бұлшық еттері орналасуына қарай алдыңғы, артқы топқа бөлінеді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бұлшық еттері жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынынан бүгеді, ал артқы еттері жиырылғанда сол буындардан жазады.
Қардың алдыңғы бұлшық еттеріне құстұмсық-тоқпан жілік еті, екібасты ет және тоқпан жілік еті, ал артқы тобына үшбасты ет пен шынтақ еті жатады.
1. Құстұмсық тоқпан жілік еті (ключево-плечеваямышца) – жауырынның құс тұмсық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің орта жеріне тіркеледі. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан алға көтереді.
2. Иықтың екібасты еті (двухглаваямышца) - қысқа басымен жауырынның құстұмсық өсіндісінен, ал ұзын басы жауырынның буынүсті бұдырынан басталып, буын қапшығының ішімен төмен түсіп, екі басы бір-бірімен қосылады да, шынтақ буынының алдынан өтіп шыбық сүйектің төмпешігінен бекиді. Екібасты бұлшық ет жиырылған кезде қолды иық және шынтақ буынынан бүгіп, ішке қарай айналдырады.
3. Тоқпан жілік еті (плечеваямышца) - тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып шынтақ сүйектің буындарына бекиді. Жиырылған кезде білекті шынтақ буынынан бүгеді. Тоқпан жіліктің артқы жағында жатқан еттерге үшбасты және шынтақ еті жатады
4. Иықтың үшбасты еті (терхглаваямышцаплеча) - тоқпан жіліктің сыртынан үшбасты болып басталады. Ұзын басы жауырынның буынасты денесінен, ішкі және сыртқы бастары тоқпан жіліктің арт жағынан басталып, үшеуі өзара қосылып, шынтақ буынынан аттап сіңірмен шынтақ сүйектің шынтақ өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды, иық және шынтақ буынынан жазады.
5. Шынтақ еті (локтеваямышца) - білек шандырымен қапталған үшбасты кішкене ет. Үшбасты бұлшық етпен бірге қолды шынтақ буынынан жазады.
Тоқпан жіліктің ет шандырлары жіліктің ішкі және сырт жағынан сол сүйекке бекіп, перде түзеді. Бұл перделер бүгуші еттер тобын жазушы еттер тобынан бөліп тұрады.
Білектің бұлшық еттері – алдыңғы және артқы топ деп екіге бөлінеді. Бұл бұлшық еттері сыртынан шандыр қапшықпен қапталып жатады. Ол шандыр алдыңғы тобын артқы тобынан ажыратып тұрады.
Білек бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы топтары беткей және терең бұлшық еттерге бөлінеді. Алдыңғы беткей бұлшық еттеріне жататындар:
1. Жұмыр пронатор (круглыйпронатор) – жоғарыда айтқан аймақтан басталып, төмен қарай қиғаш түсіп, кәрі жіліктің орта бөлігіне бекиді. Жиырылғанда білекті, яғни жілікті қол басымен ішке қарай бұрады. Бұл жағдайда кәрі жілік шынтақ сүйектің үстінде қиғаш жатып, қол басын, алақанды ішке айналдырады.
2. Кәрі жіліктің білезік бүгетін еті (лучевойсгибательзапястья) - қиғаш орналасқан. Ол тоқпан жіліктің ішкі өсіндісінен басталып, ІІ алақан сүйегіне бекиді. Ол қол басын бұруға және білекті ішке бұруға қатынасады.
3. Алақанның ұзын еті (длиннаяладоннаямышца) – кей адамдарда жоқ болуы да мүмкін. Бұл еттің ұзын сіңірі үшбұрышты алақан шандырына жалғасып, алақан терісіне бекиді. Жиырылғанда алақан терісін тартып, қол басын бүгеді.
4. Саусақтарды бүгетін беткей ет (поверхностныйсгибательпальцев) – бұл еттің пішіні жалпақ кетеді. Оның төменгі бөлігі төрт сіңірге тармақталған. Бұл сіңірлері ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың бақайшықтарына бекиді. Бұлар жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге бүгеді.
5. Шынтақтың білезік бүгетін еті (локтевойсгибательзапястья) – білектің ішкі жағында орналасқан. Оның сіңір бөлімі бұршақ тәрізді сүйекшені қоршап барып, алақан сүйегіне бекінеді. Жиырылғанда қол басын бүгеді.
Білектің алдыңғы терең еттеріне саусақты бүгетін терең ет, басбармақ бүгетін ұзын ет және шаршы пронатор еттері жатады.
1. Саусақтарды бүгетін терең ет (глубокийсгибательпальцев) – шынтақ сүйектің алдынан және сүйекаралық жарғақтан басталады. Бұл ет саусақтар бүгетін беткей ет тәрізді төрт жіңішке сіңірге бөлініп ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың тырнақ бақайшықтарына бекиді.
2. Басбармақ бүгетін ұзын ет (длинныйсгибательбольшогопальца) – білектің кәрі жілік жағында терең орналасқан. Ол кәрі жіліктің алдыңғы беті мен тоқпан жіліктің ішкі жағынан басталып, ұзын сіңірі білезік шандырларының астына өтіп, басбармақтың тырнақ бақайшығына бекиді. Жиырылғанда басбармақты бүгеді.
3. Шаршы пронатор (квадратныйпронатор) – білектің төменгі жағында жатып, шынтақ сүйектің алдыңғы бетінен басталады да, кәрі жіліктің алдыңғы сырт жақ бетіне бекиді, яғни жұмыр пронатордыңсинергисі болып есептеледі.
Қол басының бұлшық еттері.Қол басының бұлшық еттері саусақтарды қимылға келтіретін майда бұлшық еттерден түзілген. Бұлшық еттердің көпшілігі сіңірлермен қапталған. Олардың көбі басбармақ дөңесін түзіп жатады. Олар: басбармақтың қысқа бүгуші, қысқа жазушы, қысқа тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады. Бұл аталған еттербасбармақтың жеке аппараты болып есептеледі.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Иық белдеуі және иық бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
2. Білек бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
3. Қолұшы бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
4. Қол шандырлары
5. Қол шұқыршақтары, жүлгелері, өзектері, олардың тағайындылығы
6. Жамбас белдеуі және сан бұлшықеттерінің құрылысы және қызметі
№20. Тақырып.Аяқ бұлшықеттері орналасуы, қызметтері. Жамбас бұлшықеттері орналасуы, қызметтері
Мақсаты.
Аяқ бұлшық еттерінің орналасу траекториясын ажырата білуге үйрету. Аяқ еттерінің құрылысын зерттеу және атқаратын қызметтерімен танысу
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып бөлінеді.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқа топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйектерін сыртқы жағынан қоршап орналасқан бұлшық еттер жатады. Бұл еттер жамбас буынның жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді.
Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттеріне бел-мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сытқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөксе еттері, санның жалпақ шандырын керетін еті, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады.