Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 239

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жамбас еттерінің шандырлы жапқыштары ішінде бел-мықын бұлшық еттерін қаптап жатқан мықын шандыры жақсы жетілген. Жамбас шандырлары құрсақтың ішкі шандырларының жалғасы болып келеді. Жамбастың бұлшық еттері де шандырлармен қапталған. Бөксе шандырларының бірнеше жапырақшалары бөксе бұлшық еттерін жекелей орап та жатады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерінің бөлінуіне сәйкес бұлар да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болып бөлінеді.

Сан немес ортан жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап жатады. Бұл еттер өздерінің орналасу жағдайы мен қызметіне байланысты алдыңғы, ішкі және артқы топтарға бөлінеді. Оның алдыңғы топ еттері санды бүгу қызметін атқарса, ішкі еттері ішке тарту, ал арт жақ еттері санды жамбас буынынан жазу қызметін атқарады.

Санның алдыңғы бетіндегі бұлшық еттерге тігінші және төртбасты бұлшық еттер жатады.

Тігінші ет (портняжнаямышца) – адам денесіндегі еттердің ең ұзыны болып саналады. Ол санның алдыңғы жағынан ішке қарай ұзынынан, қиғашталып орналасқан. Бұл ет мықын сүйектің алдыңғы жағынан басталып, санды алдынан қиғаш орай өтіп кетеді де, асықты жіліктің іш жағынан бекиді. Жиырылғанда аяқты жамбас және тізе буынынан бүгуге, сонымен бірге сирақты ішке, ал санды сыртқа бұруға қатысады.

Санның төртбасты еті (четырехглаваямышцабедра) - санның алдыңғы жатқан еттер тобына кіреді. Бұл ет жеке-жеке басталатын төрт саладан түзілген. Оның біріншісі санның тік еті мықын сүйегінің алдыңғы етінен басталады. Ол қауырысын пішінді келеді. Төртбасты еттің қалған үш басы санның жалпақ еттеріне жатады. Оларды санның ішкі, сыртқы және аралық жалпақ еттері деп атайды. Сыртқы жалпақ еті ортан жіліктің үлкен ұршығынан және оның ұршықаралық сызығынан басталады. Ішкі жалпақ ет тік еттің ішкі жағында орналасқан. Ол ортан жіліктің ұршықаралық сызығынан басталады. Сыртқы және ішкі жалпақ еттердің құрылысы жартылай қауырсын пішінді болады. Төртінші басында аралық жалпақ ет жатады. Ол сыртқы және ішкі жалпақ еттердің аралығында, санның тік етінің астында орналасқан. Оның басы ортан жіліктің алдыңғы бетінен басталады. Бұл айтылған еттердің төрт басы бірігіп, төменгі жағында тізе тобығын қоршай өтетін меншікті сіңір байламын түзеді де, үлкен асық жіліктің алдыңғы бұдырына бекиді. Санның төртбасты еті өте күшті бұлшық еттерге жатады, ол ет жиырылғанда аяқты тізе буынынан жазады, ал тік басы аяқты жамбас буынынан бүгеді.


Санның ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге нәзік ет, қырлық, ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер жатады. Бұл бұлшық еттер жамбас сүйегінің әр жерінен басталып, ортан жіліктің арт жағындағы ұзына бой бұдырлы сызығына бекиді.

1. Нәзікет (нежная мышца) – лента тәрізді. Олсанныңішкіжағыментіктөментүсіпжатады. Шатсүйегініңтөменгібұтасыменқасағабөлігіненбасталып, кәріжіліктіңішкіжағынабекиді де, аяқтытізебуынынанбүгеді.

2. Қырлыет (гребешковая мышца)- бел-мықынетініңішжағынаншектеліпжататынкішілеует. Олшатсүйегініңжоғарғықырынанбасталып, ортанжіліктіңбұдырлысызығыныңжорғарғыбөлігінебекиді. Жиырылғандасандыжамбасбуынынанбүгіп, оны жақындатыпсыртқабұрады.

3. Ұзын, қысқажәнеүлкенішкетартушыеттер (длинная, короткая и большая приводящие мышцы) - шатжәнешонданайсүйегіненбасталып, ортанжіліктің артжағындағыбұдырлысызығынажоғарыдантөменқарайбекиді. Жиырылғанданәзікжәнетарамдыеттергеұқсас, аяқтыішкетартыпсыртқаайналдырады.

Санныңартқыбеттеріндегібұлшықеттеріне санныңекібастыеті, жартылайсіңірліжәнежартылайжарғақтыбұлшықеттержатады, бұлбұлшықеттердіңжоғарғыбөліктерібөксебұлшықеттеріменжабылған. Оларшонданайсүйегіненбсталып, тізебуыныныңішкіжәнесыртқыжағынанқоршайөтіп, сирақсүйектерінебекиді.

1. Санныңекібастыеті (двуглавая мышца бедра) – үлкенқысқабасыменбасталады. Қысқа басы ортанжіліктіңбұдырсызығынан, ал ұзын басы шонданайсүйектіңденесіненбасталады. Бұлекі басы бірігіптөменгіжағындаетсіңірінекөшіп, шыбықсүйектіңбасынабекиді. Жиырылғандааяқтытізебуынынанбүгеді, ал сандыжамбасбуынынанжазыпсыртқақарайбұрады.

2. Жартылайсіңірліет (полусухожильная мышца)- бұлөзініңатыналайықтыжартысынатеңкелетінтөменгісіңірдентүзілген. Олжамбастыңшонданайбұдырынанбасталып, тігіншіеттіңсіңіріменбіргетізебуындыайналыпөтіп, асықжіліктіңішжағынабекиді. Жиырылғандааяқтытізебуынынанбүгеді, сәлішкеқарайайналдырады да, сандыжазады.

3. Жартылайжарғақтыет (полуперепончатая мышца)– алдыңғыайтқанбұлшықеттердіңастындаорналасқан. Олұзынжұқашандырыменшонданайдөңесіненбасталып, жартылайсіңірліетпенбіргекәріжілікбұдырынабекиді. Бұлетқауырсынпішіндіболады. Жиырылғандасанныңартқыеттерінеұқсас, аяқтытізебуынынанбүгіп, сандыжамбасбуынынанжазады.

Бұлайтылғансанныңартқыжағындағыбұлшықеттеріаяқтыжамбасбуынынанжазып, тізебуынынанбүгеді, ал сирақбүгіліптұрғанжағдайда оны сыртқа не ішкебұрады.

Санныңшандырлыетжапқыштары 

меншіктіжәнежалпышандырлыжапқыштардепбөлінеді. Жалпышандырлыжапқышыбарлық сан бұлшықеттерінжауыпжатса, меншіктішандырлыжапқыштарәрбіреттібөлек-бөлекжауып, бір-біріненбөліптұрады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Бел шандыры

2. Мықын шандыры

3. Бөксе шандыры

4. Жалпақ шандыр

5. Сирақ шандыры

6. Аяқ ұшының сыртқы шандыры

21Тақырып.Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, дистрофия, некроз

Мақсаты. Зақымдалудың негізгі себептерін, даму механизмдердің, функционалдық маңызын білу, морфогенетикалық механизмін ашу (инфильтрация, декомпазиция, бейтабиғи синтез, трансформация) және дистрофияның жіктелу принциптері
Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Көмірсулыпаренхималық дистрофия

Көмірсуларгистохимиялық құрамы бойынша: 1) полисахаридтерге, 2) глюкозамингликандарға 3) гликопротеидтергебөлінеді. Күнделікті өмірде полисахаридтерге жатушы гликогеннің және гликопротейдтер алмасуының бұзылуы көбірек кездеседі.

Гликоген алмасуының бұзылуы. Қантты диабетте гликоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі белгісі болып саналады. Ұйқы безіндегі Лангергансаралшаларының в-жасушаларынан бөлініп шығатын инсулин гормонының тапшылығы нәтижесінде глюкозаның гликогенге айналу үрдісі бұзылып қанда қант мөлшері көбейіп кетеді (гиперглике­мия) және олар зәрмен шыға бастайды (глюкозурия). Бауырдағы гликоген мөлшері төмендеп кетіп, оның орнын май басады.

Гликопротеидтер алмасуының бұзылуы. Гликопротеидтергему­цинмен мукоидтар кіреді, оларды шырьшты және шырышқа ұқсас заттар деп атайды. Көптеген патологиялық жагдайларда тіндер мен жасушаларда шырыш істеп шығару үрдісі бұзылады. Асқазан шы­рышты қабатындагы бездердің тітіркенуі нәтижесінде секреция үрдісі күшейіп асқазанның ішкі қабатын шырышты зат жауып жатады (гиперсекреция). Егер шырышты заттар тиісті мөлшерден кем пайда болса, олар ылғалданып тұрған шырышты қабықтар құрғап қалады (гипосекреция).
Мысалы, Шегрен синдромында көздің шырышты қабығы құрғап, содан соң ол жер қабынады (кератоконъюктивит).

Стромалық-қантамырлық дистрофиялар

Стромалық-қантамырлық дистрофиялар дәнекер тінде зат алмасуының бұзылуымен, осыған байланысты ағзалар стромасы мен қан тамырлары қабырғасының альтерациясымен сипатталады.

Зат алмасуының бұзылу түрлеріне қарап: белоктық, майлы және көмірсулықстромалық-қантамырлық дистрофияларды ажыратады.

Белоктық стромалық-қан тамырлық дистрофиялар.

Белоктық стромалық қан тамырлық дистрофияларға: мукоидтық ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз және амилоидоз кіреді.

Мукоидтық ісіну. Бұл үрдістің негізінде дәнекер тін құрылысының үстірт бұзылуы жатады. Коллаген талшықтары ісініп, түтеленіп, бір-бірінен алшақтайды. Осыған байланысты қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі күшейіп, плазма белоктары, оның ішінде глобулиндерайналадағы тіндерге жиналады. Мукоидтық ісіну ревматизм тобына кіретін ауруларда көбірек кездеседі. Бұл үрдіс дәнекер тіннің толық қайта қалпына келуімен аяқталады немесе ол фибриноидтық ісінуге өтеді.

Фибриноидтық ісіну. Фибриноидтық ісіну дәнекер тіннің терең және қайтымсыз бұзылуымен, яғни деструкциясымен, қан тамыры мен тіндер өткізгіштігінің өте артып кеткендігімен және фибринге ұқсас заттың (фибриноид) пайда болуымен сипатталады. Дәнекер тін талшықтары ісініп, бір-біріне қосылып, біртекті болып қалады. Фибриноидтық ісіну нәтижесінде тін бүтіндей өледі, кейінірек склерозға немесе гиалинозға айналады.

Гиалиноз(грекше hyalos — мөлдір, шыны тәріздес) тіндерде біртекті, күңгірт, гиалин шеміршегіне ұқсас, қатты заттардың пайда болуымен сипатталады. Гиалиноз дәнекер тінде, ағзалар стромасында және қан тамырлары қабырғаларында көрінеді. Гиалинозқан тамырларының өткізгіштігі өте артып кеткенде, олардың қабырғасындағы талшықтық құрылымдар, өзгергенде, фибриноидтықісінуден соң склероз және некроз нәтижесінде пайда болады.

Гиалинніңхимиялық құрамына байланысты 1) жай гиалин, 2) липогиалин, 3) күрделі гиалин түрлерін ажыратады.

Жай гиалиннегізінен қан плазмасынан құралған, оның пайда болуы, қан тамырлары кемерінің өткізгіштігінің күшеюімен бай­ланысты


Липогиалинқантты диабет ауруында кездеседі, оның құрамы негізінен липопротеидтерден тұрады.

Күрделі гиалинніңтуындауы қан тамырларына иммундық кешендердің шөгіп қалуына байланысты. Бұл гиалиннің құрамында фибрин және деструкцияға ұшыраған қан тамырларының элементтері көрінеді.

Гиалиноздың жергілікті және жалпы түрлері бар,

Жергілікті гиалинозкаллоидтытыртықтарда, сірлі қуыстардың фиброзында, тромбтарда, ісіктердің стромасындакездеседі.

Жалпы гиалинозгипертония ауруында, ревматизмдік ауруларда көптеген ағзалардың қан тамырларында және стромасында көрінеді.

Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Микроскоппен қарағанда аралық тінде біртекті, гиалингеұқсас зат көрінеді. Бірақ йодтың люголь ерітіндісімен амилоид қоңыр-қызыл түске, басқа тіндер және гиалин сары түске боялады;

Амилоидоздың даму себептеріне қарап:

  • біріншілік (идиопатиялық),

  • тұрмыста арттырылған (екіншілік),

  • тұқым қуалау жолымен (генетикалық) дамитын,

  • кәрілік түрлерін ажыратады.

Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1.Стромалық-тамырлық дистрофиялардың фунционалды маңызы және ақыры қандай?

2. Алмасуының бұзылу түріне байланысты стромалық-тамырлық дистрофиялардың жіктелуін атаңыз?

3. Морфологиялық сипаттамасын олардың себептерін, патогенезін беріңіз?

4. Диспротеиноздардың патогенезіне, олардың себептеріне морфологиялық сипаттамасын беріңіз?
22Тақырып.Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері
Мақсаты.  Қозғыш құрылымдардың ерекшеліктері туралы білім беру, организмнің интегративтік бірлігі ретінде нейронның ролін түсіну,бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру,негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және синапс жұмысы механизмін салу.
Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10