Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 552

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін


Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады; немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды. Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.

Тест тапсырмалары


1. Оқушылардың тақырып бойынша нені түсінбегенін анықтау үшін бақылау алып, ақтаңдақтарды жоюдағы бағалау мақсаты

  1. оқудағы қиындыктарды анықтау

  2. стандартты бақылау және орындау

  3. оқыту стилін бақылау

  4. бағдарлама мазмұнын бақылау

  5. болжау және сұрыптау

2. Оқу үшін бағалаудың мақсаты

  1. Пәнге бейімділігін тексеру

  2. Оқу нәтижесін тіркеу

  3. Білім денгейін анықтау

  4. Табысқа жетуге бағыт беру

  5. Оқу жетістігін белгілеу

3. Дж.Флейвелл бойынша, оқушыға білмеген тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай алмауы

  1. тәжірибенің аздығы

  2. қолдауға мұқтаждығы

  3. өнімділік тапшылығы

  4. шектеулі уәжділік

  5. оқуға салғырттығы

4. Тапсырманы орындау барысында окушыға бағдар беріп отыратын сұрақ қою тәсілі

  1. түрткі болу

  2. мәселені шешу

  3. басқаға бағыттау

  4. сынақтан өткізу

  5. сілтеме жасау

5. Оқуды бағалауды оқу үшін бағалауға ауыстырылу шарты

  1. бағалау кестесінің ауысуы

  2. модерация үдерісінде

  3. уақыттың тапшылығы

  4. бағалау сипатын өзгерту

  5. оқу үдерісінің қарқыны

6. Бағалаудың барлық түрлеріне тән үш сипаттама бар.

«Қадағалау» сипаттамасына сәйкес мұғалім әрекеті

  1. оқушының жауабын үлгімен сәйкестендіру

  2. оқушыға тапсырма бойынша сұрақ қою

  3. оқушының жауабына сәйкес шешім қабылдау

  4. оқушының сұраққа жауабын тыңдау

  5. оқушының тапсырманы қалай орындағанын түсіну

7. Бағалау мақсатында жүргізілген кадағалау нәтижелерінің интерпретациясы

  1. оқушының жауабына сәйкес шешім шығару

  2. алынған мәліметтердің мәнін анықтау

  3. оқытудың келесі кезеңдерін жоспарлау

  4. енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалау

  5. оқушының келесі даму бағытын айқындау

8. Бағалаудың барлық түрлеріне тән үш сипаттама бар.

«Интерпретация» сипаттамасына сәйкес мұғалім әрекеті

  1. оқушының тапсырманы орындауын бақылау

  2. оқушының жауабын критерийге сәйкестендіру

  3. оқушының жауабына сәйкес шешім қабылдау

  4. жазбаша тест жұмыстарының жинағын құрастыру

  5. тапсырманы орындау қадамдарын талқылау


9. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы икемділік сенімді өлшемінің сипаттамасы

  1. қызығушылығын арттыру үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады

  2. басқаларға қарағанда ойлау қабілеттері жақсы ұйымда-стырылған

  3. олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады

  4. олар ерте жасынан бастап сөйлей, оқи және жаза бастайды

  5. жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспар-ды тез жүзеге асырады

Әдебиеттер:

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.

  2. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  3. Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі: оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 244 бет.

Жауаптары

1A 2D 3C 4A 5D 6D 7B 8B

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі


Жоспары:

Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Ұғымдықсөздер: дарындылық, шығармашылық, талант, есте сақтау, жетілдіру, шеберлік, іздену, ойлап табу, экстернат, танымдық даму, зейін, ойлау, метасана

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер


Д apындылық – бұл бaсқa aдaмдapмeн сaлыстыpғaндa әpeкeттiң бip нeмeсe бipнeшe түpiндe нeғұpлым жoғapы жeтiстiккe жeту мүмкiндiгiн aнықтaтын жүйeлi, өмipдiң бapысындa дaмитын психикaның сaпaсы. «Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен

шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі деп көрсеткен. Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, тұлға аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары. Дарындылық бала қызметінде анық және айқын көрінетін болса, онда олар оны анық, қарама-қарсы көрінбейтін формада болса, оны жасырынды дарындылық деп атайды.

Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі өнімінің шынайылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке тұлғалық қасиеттері байқалады.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір жолы – адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары осы зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман талабына сай туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс екендігінің дәлелі болып отыр. Себебі адам ойы арқылы шығармашылықта еркіндікке қол жеткізеді. Ал, Н.А. Бердяев болса шығармашылықты – шығармашылықтық интуициясы, түпкі ниеті, ойындағы көркем немесе поэтикалық бейнесі, құлағына естіліп тұрған симфонияны, ішкі әлі ашылмаған жаңалық немесе өнер табысы. Одан кейін оны жүзеге асыру, яғни шығармашылық үдерісі жүреді, бұл үдерістен артық ештеме жоқ – деп қарастырады. Қоршаған ортаның шығармашылық әрекетпен жасаған қайсыбір заты болсын, адамның ойымен, сезімімен құрылған нәрсе болсын, әйтеуір бір жаңа нәрсені жасайтын іс-әрекет ретінде қарастырады. Пассау (1955) дарындылықты қандай да бір саладан, ғылым, өнер, әлеуметтік көзқарастардан үлкен нәтижелерге жету деп анықтады.


Дж. Гилфордтың ойынша, шығармашылыққа деген қабілет көп қырлы жəне өзіне келесіні қосады: тəуекел ету қабілеті, дивергентті ойлау, ойлау икемділігі, ойлау жылдамдығы, бай қиял, бірегей емес заттарды қабылдау, жоғары эстетикалық құндылықтар, дамыған түйсік. Дж. Гилфорд өзінің келесі жұмыстарында ұқсастықтар жəне қайшылықтар тездігі, экспрессивті тездік (сөз тіркестерін тез құру қабілеті), кенеттен икемділік (шығармашылық тұлғаның бір объект класынан екіншісіне жылдам ауысуы), бейімдік икемділігі (ерекшелік), аудиовизуалды икемділік (вербалды жəне визуалды түрде ойластырылған сұлбасын беру қабілеті) секілді қабілеттерді бөлек факторлар ретінде бөліп қамтыған. Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон Б. Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген.

Швейцария ғалымы Ж. Пиаже – психология ғылымындағы генетикалық бағыттың ірі өкілдерінің бірі. Ж. Пиаженің басты мақсаты – тұлғаның ақыл-ойын зерттеу болды. Ол оны эволюция барысындағы төмен ұйымдасқан органикалық құрылымдардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Ж. Пиаженің алғашқы еңбектері 20-шы жылдары жарыққа шықты: «Баланың ойлауы және сөйлеуі» (1923), «Баланың талдауы және ойды қорытындылауы» (1924), «Баланың әлем туралы түсінігі» (1926). 1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан Жан Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды. Сол кезең үшін бақылау мен эксперимент жүргізудің тиімді әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап кезеңдерде жүзеге асырылатын жалпы танымдық операциялардың кешенді даму көрінісін нанымды дәлелдеп шықты. Пиаже кеңістік, уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін анықтады. Алайда, қырық жылдан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге өзіндік ережелер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін анықтап, жалпы сатылар мен құрылымдар болатынына күмән тудырды. Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет деп есептеген.

Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұмыс істейтін және өзара қарым-қатынаста бола алатын көптеген салыстырмалы түрде тәуелсіз «зияткерлік қабілеттерге» ие деген пікірге келді. Пиажені жеке айырмашылықтар қызықтырмаған, ол «эпистемиялық субъектіні» зерттеген. Бұл саладағы көптеген соңғы зерттеулер жеке ерекшеліктерге шоғырланған, мұның өзінде айрықша таланттар мен кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шектеулі мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына аса мән берілген. Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен қоректену», айналадағыны аңдау сияқты шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге, оқудың – ассимиляция және бейімделу деп атаған басты екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған.