ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 406
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүрсе де тым шіреніп,
Білімсіз жан — тірі елік, —
деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады.
2. Ақтамберді «Күмбір де күмбір кісінетіп» толғауындағы оқиғаларды жекелей талдап, әр жағдайға сипаттама беріңіз
Толғау арқылы қазақтың қандай мінез, қасиеттерді дәріптетеді?
Қазақтың қалмақпен бақытсыздығында орай қандай ұқсастық бар?
Қазақ жауынгері мәселесі қандай орын алады, өз көзқарастарыңыз қандай?
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екемiз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екемiз!
Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екемiз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екемiз!
Күдері - басқа қайыс түрлеріне қарағанда ылғал, суық және ыстық сияқты әсерлерге өз қасиетін жоғалтпайтын ерекшелігіне байланысты оны көбінесе, кіреуке сауыттардың ішкі бауын жасауға пайдаланған қайыс түрі.
Кіреуке – батырлардың сауыты.
Тобыршықты әндіген – саптаяқ, бай манаптардың сусын ішетін ыдысы.
Жонсау – кең, жазық жон, дала.
Қидасын – мықты, күшті.
Қамқапты – алтындатқан, күмістеткен жіптен тығыз етіп тоқылған жібек матадан тігілген киім.
Құлаты – таудың аты, ауыз әдебиетінде кездеседі.
Дабыл –барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.
Атымтай жомарт – жомарттық қасиеттің символы.
Шүлеңгір мырза – жомарт адам.
3. Рабғұзидың «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы» таным мен тәрбие жайлы ой толғаңыз.
Пайғамбарымыз қоштасу қажылығын жасап, Мәдинаға оралды. Осы міндетінің аяқталып, бұл дүниеден көшетін уақытының келгенін түсінді. Ауруы күннен-күнге үдей берді. Науқас болса да азан оқылғанда мешітке барып намаздарын оқитын. Бірақ бақиға аттанарының алдында үш күн халі нашарлайды. Мешітке бара алмады. Хазірет Әбу Бәкірге жамағатқа имамдық етіп, намаз оқытуды тапсырды.
Қызы Хазірет Фатима күн сайын әкесіне барып тұрды.
Пайғамбарлығының 13 жылы Меккеде, 10 жылы Мәдинада өтті. Өмір бойы адамзаттың бақыты үшін тер төкті. Соңғы пайғамбар ретінде міндетін абыроймен орындап, бұл дүниеден өтті.
Сүйікті пайғамбарымыз қарапайым өмір сүріп, қолына не түссе де кедейлерге таратып жіберетін. Осындай іс-әрекеттерімен қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті тек сөзбен емес, ісімен де көрсетіп, адамзатқа өнеге болған.
12 билет
1. Қисса сул әнбия» жырындағы мәдениетке, оқу-білімге ұмтылғанжастардың образы. Автордың баяндау тәсілдері және кейіпкерлердіңпсихологиясын ашудағы шеберлігін ашып көрсетіңіз
Рабғұзи
«Қисса-сүл-әнбийя-и» кітабы
Рабғұзи – XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі туындылар әкелген тұлғалардың бірі. «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегі 72 пайғамбар өмірінің тарихы жайында. Қиссаның негізгі мазмұны Құран мен Інжілден алынған. Өйткені әр пайғамбардың тұсында қандай аяттардың түскеніне дейін нақтылы көрсетіліп отырады. Әрі сол пайғамбарлар заманындағы халықтың сана-сезімі қандай дәрежеде болғандығы һәм ісләм дінін сол замандағы халыққа таратудағы қиындықтар мен соғыстар, сергелдең мен жеңістер жайлы кең мағлұмат береді. Қолымызға түскен «Қисса-сүл-әнбийя-и» моғол-татар тілінде 1903 жылы Қазан шаһарында Кәримовтер баспасынан жарық көрген. Бірақ аталмыш тәржімада 24 пайғамбардың ғана өмір тарихы сөз болады. Яғни жоғарыдағы Рабғұзидың қаламынан шыққан 72 пайғамбар санына жетпейді. Құранда 24 мың пайғамбар, 33 мың сақаба дейді.
1903 жылы жарық көрген «Қисса-сүл-әнбийя-и» аудармасының алғы сөзінде:
«Қисса-сүл-әнбийя-и» кітабы Рабғұзи жазбаларынан тәржімаланып отыр. Кітапқа енбей қалған пайғамбарлар тарихын біз Қазы тәпсірі мен Жәлелин тәпсіріне мұражағат қылып (сүйеніп), бұ екі тәпсірде болмағанын Нәзһәтүлмүжәліс кітабынан алып «Һарот уа Марут» қиссасын және Дәуіт ғалайһи уәссәләм қиссасымен моғол тілінен тәржімалап, мүмкіндігімізше толықтыруға еңбек еттік».
МАЗМҰНЫ
Қисса Адам ғалайһи-уәссәләм
Құтпа Адам ғалайһи-уәссәләм
Қабыл мен Әбіл қиссасы
Шіш пайғамбар
Ыдырыс Ғалайһи-уәссәләм
Нұһ ғалайһи-уәссәләм
Хүд ғалайһи-уәссәләм
2.
Қазтуғанның махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлеңдері жыр өлеңдеріндегі сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезімтайталасының шебер бейнеленуін талдаңыз |
Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістеріҚазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
Көрінген мынау көк Нарын
Ойран салып өткен жер.
Маңдайы күнге күймеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Сұлудан басқа сүймеген,
Қамқадан басқа кимеген…
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайдыҚазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.
3. Сайф Сарайдың «Гүлстан бит турки» шығармасында айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді теріп жазып, қандай мақсатпен айтқанын талдаңыз.
Ақын ел кезіп жүріп көрген- білген қызықты әңгімелерді, қанатты сөздерді (афоризм- дерді), аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. Кейін соның бәрі „Гүлстан» кітабына арқау болған.
Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ши- рази атына мақтау сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зүлым әкімдерді бауырмал, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол үшін ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарт- тықты, т. Б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек на- зар аударған.
Шығармада жақсылық пен жамандық, қатыгездік пен мейірімділік, патша мен диқан, шындық пен өтірік, әке мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. Б. аралық қарым-қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сау- алға жауап берілеәділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарт- тықты, т.б.
Аудармасы: „Бір сүлтанның үш баласы бар еді. Екеуі үзын бойлы, келбетті, ал біреуі қысқа бойлы еді. Бір күні сүлтан сол қысқа бойлы үлына ашу-ызалы көзімен қарады. Баласы бәрін ақылымен үқты да, әкесіне айтты: «Ей әке, үзын бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды жақсы.
Гүлстан бит-түркте’1 әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпай, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы: „Мың бат- пан келетін тасты қаңбақ қүрлы көрмейтін бір алып палу- ан бүрқан-талқан болып ангуланып түр екен.
— Бүған не болған?—деп сүрапты біреу.
Сонда әлгі палуанның көршісі түрып:
— Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің бір ауыз сөзімді көтере алмай, бүлініп жа- тыр —деп жауап беріпті.»Бөрінің бөлтірігі түбінде
Нақыл сөз:
Әкесіндей жыртқыш аң болып шығады.
Қанша бақсаң да, күндердің күнінде Захым келтірер, одан сақ бол.
13 билет
1.
Қоғамдық әлеуметтік мәселе ретінде Фараби уақыты, сол кезеңге тәнпроблемалық жағдаяттарды «Топтастыру» стратегиясы бойыншажазыңыз.
Қоғамдық әлеуметтік мәселе ретінде Фараби уақыты, сол кезеңге тән проблемалық жағдаяттарды «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазыңыз.
1.Әртүрлі көзқарас
2.Саяси әл-ауқаттың нашар болуы
3.Отырықшылық пен көшпенділік
4.Өзара саяси қақтығыстар
5.Діни сенімдер
6.Озбыр немесе қанаушы жоғарғы топтар
7.Әртүрлі топтардың таласы
8.Әртүрлі жұқпалы аурулардың көптеп белең алуы
2. Қорқыт ата жыры арқылы талдаңыз:
Әңгіме дебат:
Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, береалмады ма?
Келісімшілік әңгіме:
Оғыз қызы тек оқыса ғана бақытты болады ма?
Зерттеушілік әңгіме:
Әңгіме дебат:
Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, бере алмады ма?
Келісімшілік әңгіме:
Оғыз қызы тек оқыса ғана бақытты болады ма?
Зерттеушілік әңгіме:
Қорқыт ата жыры, тек ел тағдыры ғана мәселе етіп көтерілді ме?
Қорқыт ата қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын мекендеген оғыздар арасында, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар» дейді ғалым Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты еңбегінде.Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын істе болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның барлық өсиетін, билігін Бұлжытпай орындаған», деп жырланған жыр кіріспесінде.
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің «Аталар сөзі» атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде