Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 200
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халықаралық саладағы мамандарға көмектесу үшін белгілі ағылшын экономисі С. Маджаро төмендегідей сұрақтар тізімін жасады, олардың жауаптары сыртқы нарықтың маркетингтің зерттеулерін жүргізудің жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді (Кесте 1.5).
Кесте 1.5
Халықаралық нарықты зерттеудің жобасын жоспарлау бойынша сұрақтар тізімі
Сұрақтар | Жауаптар (Иә, жоқ) |
Зерттеуді жүзеге асыруға жеткілікті уақыт берілді ме? Мақсаттар нақты анықталған ба? Барлық көрсеткіштер анықталған ба? Айқын емес мәселелер жойылған ба? Егер зерттеу жобасы бірнеше алғышартпен құрылса, олардың негізділігі тексерілді ме? Орналасқан жердегі зерттеушілер арасында байланыс қамтамасыз етілді ме және олардың бәрінің жобаның барлық алғышарттары мен мақсаттарын дұрыс түсінгеніне көз жеткізуге бола | |
Кесте 1.5 жалғасы
ма? Зертеушілер ең қолайлы әдіснаманы таңдауды алуға қатысты ма немесе бұл сұрақта келісушілік болды ма? Нәтижелердің салыстырмалылығына әсерін тигізетін проблемалар айқындалды ма? Белгілі бір әдіснама таңдап алынғаннан кейін сұраулар тізімі мұқият құрылды ма? Сұраулар тізіміне енгізілген сұрақтардың екі мәнді түсінігіне тап болмас үшін олардың аударымын қайта тексеру жүргізілді ме? Түзету коэффициенттері өзара келісіліп, анықталынды ма? | |
Шешілмеген сұрақтарға жауаптар алынбайынша зерттеу жобасы жүзеге асырылмайды. Кестедегі сұрақтарға жауаптар алу бақылау жасаудың жай нысаны, бірақ қажетті тәртібі болып табылады. Оның қажеттілігі маркетингтің зерттеу процесінің және маркетингтік операцияларды жүргізудің шығарылуына негізделген. Өкінішке орай, егер бақылау тізімінде келтірілген сұрақтарға бекітілген жауаптар алу үшін қолайлы жағдайлар жасалынбаса, айтарлықтай қиындықтар туындайтынын зерттеушілер мен менеджерлердің барлығы түсіне білмейді. Олай болмаған жағдайда, халықаралық ауқымда жүргізілетін зерттеулердің күрделі жобаларын жүзеге асыруға бөлінген компанияның қаражаттары тиімсіз жұмсалынған болып шығады.
Қорытындылай келе, шетел нарықтарындағы стратегиялық басқару, басқа елдер нарықтарына қойылатын талаптардың өзгеруіне сәйкес фирманың іс-әрекеттерін алдын ала болжау, тауар өткізу, баға және ынталандыру саясаты аясында әлемдік ауқымдағы бәсекелестердің мүмкін
реакциясын ескере отырып, өзара байланысқан шараларын кешенін әзірлеу және т.б. фирманың елден тыс өндірістік-өткізу және ғылыми-техникалық қызметін ұйымдастыру халықаралық нарықты зерттеудегі басты мәселелері болып табылады.
2 Қоғамдық тамақтандыру нарығын маркетингтік зерттеу
2.1 ҚР қоғамдық тамақтандыру саласының қазіргі жағдайын
талдау
Тамақтану кәсіпорындары – мемлекет экономикасының нақты секторы, оның басқа салаларға қарағандағы ерекшелігі бір ғана функцияны емес бір уақытта өндіріс, өнімді тұтынушыға дейін жеткізу, тұтынуды сол жерде ұйымдастыру сияқты үш функцияны атқаратынымен байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарағанда қоғамдық тамақтандырудың функциялары өңдеу кәсіпорындарының функцияларына ұқсайды. Қоғамдық тамақтандырудың өз өнімі мен тауарын тұтынушыға дейін жеткізу функциялары негізінен бөлшек сауданың функцияларымен бірдей, ал тұтынуды сол жерде ұйымдастыру – өнім өткізуді коммерциялық қызмет сияқты дамытудың мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік беретін қоғамдық тамақтандыруға ғана тән және ерекше функция ғана емес, сонымен бірге ол жекелеген кәсіпорындардың және жалпы ел бойынша қоғамдық тамақтандыру желісінің өсуі мен кеңеюінің негізін қалайтын маркетингтік зерттеуді жақсы ұйымдастыруды қажет ететін қызмет түрі.
Сондықтан осы саланы көбінесе сұраныс ұсыныс пен тауардың түріне ғана емес, сонымен бірге халықтың орташа табысының сатылатын өнімнің нарық бағасы параметрлерінің арақатынасына орай қалыптасатын жалпы өте сезімтал салаға жатқызуға болады. Қоғамдық тамақтандырудың даму деңгейі мен оның мемлекеттегі жай-күйі халықтың орташа табысының деңгейін анық байқатады, сонымен бірге халықтың сатып алу қабілетінің көрсеткіші болып табылады және кез-келген мемлекет азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму үрдістерін айқындайды.
Қоғамдық тамақтандырудың ерекше рөлі оның елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етумен байланысты болып келеді.
Сонымен бірге сала кәсіпорындарының басым бөлігінің (әр түрлі елдерде 87%-100% аралығында) кәсіпкерлік қызмет ауқымында ұйымдастырылуына, яғни жеке меншікте болуына байланысты, басқа салаларға қарағанда мемлекеттің нарықтық қатынастар проблемаларын шешу қабілеті неғұрлым анық байқалады. Осыған байланысты экономикалық қызметтің басқа салаларына қарағанда қоғамдық тамақтандыруда сұраныс пен ұсыныстың нарық заңдары, тең салмақты баға қалыптастыру жағдайлары есебінен мемлекет өзінің нарықтық экономикасын реттей алады.
Мемлекеттегі қоғамдық тамақтанудың дамуы төмендегі факторларға тікелей тәуелді болып табылады:
-
ел экономикасының даму деңгейі; -
халық табысының көрсеткіштері; -
халықтың материалдық игіліктер мен қызметтерді жұмсау мен тұтыну көрсеткіштері; -
халық табысының сараланған көрсеткіштері, кедейшіліктің деңгейі мен шекараларының болуы; -
халықтың қордағы мүлікпен қамтамасыз етілу деңгейі мен оның маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қабілеті; -
халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының талдап қорытылған бағасының көрсеткіштері; -
ел халқының әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары.
Осы факторларға талдау жасай отыра Қазақстан Республикасындағы тамақтандыру қызметтерінің даму деңгейінің қандай екендігіне көз жеткізе аламыз (кесте 2.1)
Тамақтану кәсіпорындары жоғары қарқынмен дамуда және экономиканың басқа салаларын өсу серпіні бойынша артта қалдыруда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы қызмет көрсету саласының жылдық айналымы 2017 жылы 780 млн. АҚШ долларын құраған, ал соңғы бес жылдық өсімі (дағдарысқа дейінгі кезеңде) 39 %. Осы сегмент бойынша инвестицияның өтімділігі орта есеппен 3-4 жылды құрайды.
Кесте 2.1
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мониторингі
Көрсеткіштер | 2016 жыл | 2017 жыл | Өсу қарқыны, % |
Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер | |||
Кезең соңына халық саны, мың адам | 17409,8 | 17 671,0 | 101,5 |
Туғандар саны, адам | 400966,8 | 398 561 | 99,4 |
Өлгендер саны, адам | 132263,8 | 131 867 | 99,7 |
Иммигранттар саны, адам | 16787,5 | 16 670 | 99,3 |
Эмигранттар саны, адам | 28950,9 | 30 080 | 103,9 |
Тұрмыс деңгейі | |||
Орташа жан басына атаулы ақшалай табыс (бағалау), теңге | 744115,5 | 798 436 | 107,3 |
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу | |||
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге | 120398,6 | 125 335 | 104,1 |
2.1-Кестенің жалғасы
Ұлттық экономика | |||
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге | 27489,4 | 27 819,3 | 101,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге | 6774,0 | 7 024,7 | 103,7 |
Экономиканың нақты секторы | |||
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, млрд. теңге | 14872,4 | 14 634,5 | 98,4 |
Отандық тамақтану кәсіпорындарының құрылымы дамыған европа елдерінің тамақтану кәсіпорындарының (негізінен мейрамханалар мен кафелер) жанында ерекше болып табылады. Мысалға, жалпы тамақтану кәсіпорындарының ішінен мейрамханалар Францияда – 41%, Норвегияда – 38%, Германияда – 28%-ды құрайды екен. Қазақстанда ресми статистика бойынша, тамақтану кәсіпорындарының құрылымында мейрамханалардың үлесі – 4,5%, кафе мен барлар үлесі – 50%, асханалар – 44,5% Республика бойынша мейрамханалар, кафе, асханалар санының көшбасшысы болып Алматы қаласы табылады. Республиканың ең ірі қаласында кеңес кезеңінен бері дамып келе жатқан қоғамдық тамақтану жүйесінің құрылымы жақсы сақталған.
Қазақстанның астанасы, Астана қаласында, соңғы жылдары аса жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Тамақтану кәсіпорындарының жалпы көлемі 5,1%-ды құрап отыр, мейрамханалар тізбегі 14,5%.
Инвесторлардың қызығушылығын халық саны неғұрлым көп (республиканың оңтүстігі, Шымкент қаласы) немесе жоғары кіріс деңгейіне ие (мұнай өндіруші – Ақтау, Атырау, Ақтөбе) аймақтар оятады.
Қазіргі қоғамда тамақтандыру сферасының дамуы мемлекеттің саясатында маңызды орынға ие және экономика саласының теориялық тұрғыдағы зерттеу объектілерінің бірі болып табылады (Кесте 2.2).
Адамның дамуы мен лайықты өмірін қалыптастыру мақсатымен нарықтық экономикаға әлеуметтік бағытталу, жайлы жағдай жасауға бағдарлану барлық жағынан жалпы қызмет көрсету сферасында, оның ішінде, тамақтану кәсіпорындарында сапалық тұрғысынан өзгерістің қажеттілігін көрсетеді.
Кесте 2.2
Тамақтану кәсіпорындарының өңірлер бойынша желілері
Өңірлер | 2017 жыл | |||||||
Барлығы | Заңды тұлға | Жеке кәсіпкерлер | ||||||
бірлік | Орын саны | бірлік | Орын саны | бірлік | Орын саны | |||
ҚР | 20208 | 1047 085 | 1841 | 173486 | 18367 | 873599 | ||
Ақмола | 804 | 35 293 | 28 | 2 931 | 776 | 32 362 | ||
Ақтөбе | 672 | 75 185 | 72 | 10 473 | 600 | 64 712 | ||
Алматы облысы | 2 515 | 103 194 | 45 | 3 538 | 2470 | 99 656 | ||
Атырау | 757 | 64 201 | 73 | 8 161 | 684 | 56 040 | ||
Батыс Қазақстан | 779 | 21 749 | 37 | 5 954 | 742 | 15 795 | ||
Жамбыл | 1 033 | 65 317 | 83 | 11 350 | 950 | 53 967 | ||
Қарағанды | 1 013 | 50 811 | 185 | 13 665 | 828 | 37 146 | ||
Қостанай | 725 | 41 039 | 140 | 11 267 | 585 | 29 772 | ||
Қызылорда | 537 | 22 623 | 73 | 4 671 | 464 | 17 952 | ||
Маңғыстау | 482 | 32 573 | 144 | 12 947 | 338 | 19 626 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 3 763 | 199 961 | 113 | 7 173 | 3650 | 192 788 | ||
Павлодар | 569 | 28 189 | 60 | 4 839 | 509 | 23 350 | ||
Солтүстік Қазақстан | 554 | 30 854 | 19 | 1 407 | 535 | 29 447 | ||
Шығыс Қазақстан | 1 485 | 85 077 | 131 | 10 891 | 1354 | 74 186 | ||
Астана қаласы | 1 443 | 55 557 | 231 | 23 865 | 1212 | 31 692 | ||
Алматы қаласы | 3 077 | 135 462 | 407 | 40 354 | 2670 | 95 108 |
Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтер бойынша [11]
Бұл мәселелерді шешудің табысты шешімі ретінде келесі факторларды ұсына аламыз:
-
Тұрақты және заман талабына сай үнемі жетілдіру барысындағы басқару; -
Қызметкерлердің білімін, біліктілігін және тәжірибесін тиімді пайдалана білу; -
Кәсіпорын қызметтерін тұтынушыларға қол жетімді қылу мақсатымен интернет технологияларды пайдалану; -
Тұтынушыларға қызмет көрсету барысында жаңа технологияларды (электронды меню) пайдалану.
Мейрамхана, кафе мен асхана иелері, Қазақстанда халық табысының құлдырап бара жатқанынына қарамастан, баға тұрақтылығын сақтаууға тырысады. 10 айда қоғамдық тамақтандыру қызметтері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті.
Сонымен қатар, асханаларға қарағанда мейрамханаларда бағаның өсуі баяу жүреді. Мейрамханаларда тұтынушылар үшін азық-түлік құны осы жылы 2,6 пайызды құрады. Ал, асханада дайын тамақ өзін де баға қазанда жыл басындағы көрсеткіштен 4,9 пайыз болды. Мұндай жағдай екінші жыл қайталанып отыр (2016-2017 жылдары).
2017 жылы Атырау облысында қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы (10 айда + 10,6 пайыз), ШҚО (+ 9,1 пайыз) және Алматы облысында (+ 7,7 пайыз) күрт өсті.
Тамақтанудың ең төменгі бағамы Маңғыстау облысында (+ 0,1 пайыз), Қарағанды облысында (+ 0,6 пайыз) мейрамханалар, кафелер мен асханалар арқылы көрсетілді.
Алматыдағы мейрамханашылар мен асхана иелері қаңтар-қазанда олардың қызметтеріне бағаны тек 1 пайызға көтерді, бұл қала үшін төмен өсу қарқыны. Өткен жылы осы кезеңде қалалық тамақтандыру пункттеріндегі бағалар 6,9 пайызға өсті.
Елордадағы мейрамханалар, кафелер және асханаларда тамақтану үшін жыл басындағы деңгеймен салыстырғанда 3,4 пайыз қымбаттады. 2016 жылдың ұқсас кезеңінде Астана қаласындағы қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы 5,7 пайызға артты.
Осылайша, үй шаруашылықтарының табыстарын сатып алу қабілетінің төмендеуі екінші жыл қатарынан жалғастып отыр. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде олардың нақты құны 2 пайызға төмендеген.
Ресми мәліметтерге сәйкес, нақты түсімдердің құлдырауы ағымдағы жылы 16 аймақтың 9 аймақ тұрғындарына әсер етті.
Нарықтағы өнімнің сұранысы мен ұсынысына азық-түлік өнімдердің тұтынуы әсер тигізеді (Кесте 2.3).
Соңғы жылдары өнімдерді сату үшін жаңа технологиялар қолданылды. Мәселен, жазылу арқылы тамақ. Бұл жағдайда адам бірден көптеген артықшылықтарды алады:
1. Дәмді және пайдалы. Сапалы өнімдер мен әр түрлі мәзір. Сіз әрқашан әртүрлі ыдыстарды көре аласыз. Бұл өте ыңғайлы. Және бәрі - үйден шықпай.