Файл: Дипломды Жмыс мамандыы 5В051100 Маркетинг.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 199

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондықтан, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерді ойдағыдай ынталандыру - қызметкерлер клиенттермен тікелей және өндіріс процесін іске асыру мен коммерциялық қызметті үйымдастыру процесінде өзара байланыс жасауға міндетті нақты кәсіпорынның экономикалық-қаржы табысының шүбәсіз факторы. Менеджерлердің қызметкерлермен сөйлесе алмауы, оларды қалай да болмасын құрметтемеуі не болмаса қызмет көрсету саласындағы өзінің еңбек ететін қызметкерлеріне қатысты экономикалық және әлеуметтік-психологиялық басқару әдістерін пайдалануда жол берілген кемшіліктер алдымен дау (айқын немесе жасырын) тудырады, ал содан кейін кәсіпорынның қаржылық жай-күйін оны бәсекелестік пен сыртқы нарық ортасының жай-күйінің бүзуынан жылдам және күшті бұзады.

Қоғамдық тамақтандыру маркетингінің екінші қасиеті күшті бәсекелестік жағдайында тұтынушыға өзінің тәбетін қанағаттандыру жеткіліксіз болатынымен байланысты.

«Каравай.kz» ЖШС тұтынушыларға тез  және сапалы қызмет көрсетумен бірге, сапалы және дәмді тағамдарды ұсыну мақсатымен ашылды. 

«Каравай.kz» асханаларының негізгі тұтынушылары болып:

  • Жас және орта жастағы адамдар;

  • Бизнес ұйымдардың жұмыскерлері;

  • Жанұялар.

    Тұтынушылардың негізгі сегменті 2.5- кестеде көрсетілген.

Кесте 2.5.

Тұтынушылардың негізгі сегменті   

Өзгермелі факторлар

Тұтынушылар сегменті

Демографиялық

Жасы

13-19 жас -5%тұтынушы, 20-34 жас-52 %

35-49 жас  34%, 50 және одан жоғары -9%

Отбасы  жағдайы

Жастар- 48%, жастар отбасын құрған -34%

қарттар-10%, қалғандар- 8%

Табыс деңгейі

Төмен- 4%, орта -39%, жоғары-51%,

өте жоғары- 6%

Психологиялық

Өмір  стилі

Элитарлы -30%, жастық -47%, спорттық- 11%

Кездейсоқ сатып алу деңгейі

Асхана тамақтану күнделікті пайдаланушылар -83%, Анда-санда пайдаланушы-17%

Пайда іздеу

Жоғары сапалы тамақ іздеушілер-16%

Жақсы қызмет көрсетушілерді іздеу-49%

Төмен баға іздеу -34%

Асханада  тамақтанудың қажетті деңгейі

Аптасына бір  рет-33%,

Анда-санда 67%



Көрсетілген зерттеулер бойынша «Каравай.kz» асханаларының тұтынушылары негізінен жоғары, орта және төмен табысы бар клиенттер екенін көруге болады. Олар үшін жақсы қызмет көрсету негізгі фактор болып табылады.

Тұрақты тұтынушылар көрсеткіштердін арттыру мақсатында асхана көптеген маркетингтік шаралар, жарнамалық акцияларды өткізуді, сонымен қатар сервистің сапасын жақсарту мақсатында жаңа енгізулер ұйымдастыруда. Бұл шаралардың сипаттамасы мен нәтижелері келесі кестеде көрсетілген (Кесте 2.6).  
Кесте 2.6

«Каравай.kz» асханаларының тұтынушыларын зерттеу 

Негізгі тұтынушылар

Тұтынушылардың  талғамдары

1

2

Төмен және орташа  табысы бар орта жастағы адамдар 

қауіпсіздік

дәмді тағам

тартымды сервис

жанға жайлы әуен

ыңғайлы көлік тұрақтары

Бизнес ұйымдардың жұмыскерлері

қауіпсіздік

дәмді тағам

тартымды сервис

жанға жайлы әуен

ыңғайлы көлік орындары

тазалық

тез қызмет көрсету

қол жетерлік бағалар

Жанұялар

  • қауіпсіздік

  • балаларға арналған ойнау аландардың болуы

  • тартымды сервис

  • жанға жайлы әуен

  • ыңғайлы көлік тұрақтары

  • тазалық

  • тез қызмет көрсету

  • оңтайлы бағалар


Сонымен қатар,қызмет көрсету сапасын бағалау жүргізілді, сұрау нәтижесінде  қызмет көрсетудің сапасы ондық шкала  бойынша орташа балл 8,5 болып шықты. Бұл қызмет көрсету дәрежесі жоғары екенін көрсетеді.

Тұтынушылардың  асханаға қандай мақсатпен келетіндігін анықтау өте маңызды. Сондықтан асхана концепциясының басты құрауышы меню ғана емес,сонымен қатар  жағымды  интерьер,сапалы қызмет көрсету. Осының бәрі қонаққа жанға жайлы демалыс  өткізуге мүмкіндік береді.

Нарықты зерттеуде асхана бизнесі кәсіпорнының маркетингтік ортасын мұқият зерттеу қажет. Кәсіпорынның маркетингтік ортасы микроорта мен макроортадан құралады. Микроорта фирмаға тікелей қатысы бар және оның клиенттерге қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерімен байланысты субъектілерден тұрады, яғни олар жабдықтаушы, маркетингтік делдалдар, бәсекелестер мен байланыс аудиториясы. 2.7-кестеде «Каравай.kz» асханаларының микроортасының қысқаша сипаттамасы келтірілген.

 


Кесте 2.7

«Каравай.kz» асханаларының микроорта сипаттамасы  

Микроорта факторы

Сипаттамасы

Тұтынушылар

Жасы: 22-45

Табысы: 50-100 мың теңге

Білімі: жоғары

Қызмет  түрі: студенттер, жұмысшылар, мамандар, кәсіпкерлер

Жабдықтаушылар 

«Эм-Нур» ЖШС, «DAK» ЖШС

Маркетингтік делдалдар

«Afdal Logistics» ЖШС, «Baidex» ЖШС

Бәсекелестер

«Димаш», «Мизам» асханалары

Байланыс аудиториясы

«Media Zonе» ЖШС, «РА АК-КАРА» ЖШС


«Каравай.kz» асханаларының өндірістік бағдарламасы клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін жоғары сапалы азық-түлікті пайдалануды көздейді. Азық-түліктер коммерциялық сұрақтарға жауап беретін бас директордың орынбасары, арнайы мамандар мен көмекшілердің көмегімен сатып алынады. Шикізатты және азық-түлікті сатып алу аптаның нақты бір белгіленген күні жүргізіледі, өндіріс бағдарламасын бас-аспазшы белгілейді, ал оны бас директордың орынбасары мақұлдайды.

Шикізатты және азық-түлікті сатып алу көтерме  сатып алу актісі негізінде әзірленіп  жүргізіледі.

«Каравай.kz» асханаларының азық-түліктің қалдығы мен нақты міндетіне байланысты азық-түліктер тізімі өзгеріп отырады. Кәсіпорынның нақты бір қызметкері сатып алынатын азық-түліктің сапасына ерекше жауапты, бұл олардың міндеттерінің бірі, ол өз кезегінде тағамды әзірлеу кезінде сапасы төмен шикізат пен азық-түлікті пайдаланбауына алып келеді. Жалпы сатып алынатын шикізат пен азық-түлік, сонымен қатар дайын өнімдердің 200 атаудан асады.

«Каравай.kz» асханаларының осы аталған азық-түліктерден 100-ге жуық әр түрлі тағамдарды әзірлейді. 2.8-кестеде «Каравай.kz» асханаларының әзірлейтін тағамдар тізімі көрсетінген. «Каравай.kz» асханаларының 2017 жылы наурыздағы  жеке өнімдерінің тізілімі келтірілген.  
Кесте 2.8

2017 жылы 31 наурыздан бастап тағамдардың сатылу құны

Тағамдар  атауы

Саны

Бағасы,

теңге

Құны,

теңге

1

2

3

4

Ет  ассортиі

27

402,00

10854

Жылқы еті ассортиі

4

427,00

1708

Шай

129

33,00

4257

Соус

34

125

4250

Айран

72

201

14472

Қой етінен антрекот

241

506

121946

Тауық

4

205,00

820,00

Люля-кебаб

5

504,00

2520,00

Нан

87

39,00

3393,00

Лаваш

338

20,00

6760,00

Палау

19

154,00

2926,00

Кофе

90

62,00

5580,00

Оливье

24

400,00

9600,00

Бесбармақ

8

398,00

3184,00

Палау

68

302,00

20536,00

Ет  сорпасы

323

201,00

64923,00

Үй  кеспесі

70

200,00

7650,00



Әр  айда әзірленетін тағамдардың  тізімі өзгеріп отырады, оған ерекше күндерді кіргізуге болады. Мысалы, Құрбан-байрам ислам дінінің мейрамы, Пасха және тағы басқа мейрамдары. Мейрам күндерінде  қой еті толығымен пайдаланылады.

«Каравай.kz» асханаларының төрт жыл ішіндегі көп тұтынылған тағамдардың жалпы мөлшері – 55,5 % қымбаттылығына қарамастан, «Ет сорпасы», «Палау», «Бесбармақ» тағамдары клиенттердің ең таңдаулы тағамдарына жатады.

Өндірістік  бағдарламаның әр күндегі жоспарлануында «Каравай.kz» асханаларының бас аспазшысы тағамның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептемейді, жұмыс тек қана бас аспазшының өз қалауы мен көңіліне байланысты жүріп отырады.

 Бірақ асхана – экономикалық кәсіпорын болғандықтан коммерциялық қызығушылық туындауы керек. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары азиялық асханаға бағдарланғандықтан олар бірдей немесе ұқсас тағам түрлерін әзірлеуге бағдарланған.

«Каравай.kz» асханаларының жоғары сапалы дайын өнімдерді өткізеді. Мейрамхананың ұлғаюна байланысты ассортимент кеңейтіліп, өндіру және сату көлемдері ұлғайтылған.

Сонымен қатар, бас-аспазшының ұйымдастыруымен жұмыс күндері бизнес-ланчтар өткізіледі. Бұл кешенді асқа шектелген тағам кіреді және оған белгіленген баға сақталып тұрады.

Сенбі және жексенбі күндері бранч-жанұялық түскі астар ұйымдастырылады. Бұл күндері шведтік үстел ретінде қызмет көрсетіледі.

Асханаларының тауарлық саясатындағы басты ерекшелігі – дайын өнімдер, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, алкогольді және алкогольсіз сусындар жоғары сапалы отандық және шетелдік өндірушілермен тікелей қарым қатынастың негізінде сатып алынады. Мысалы, отандық өндірушілер қатарына- «Алматы Маргарин Зауыты», «Raimbek Bottlers», «Cocа-Cola Almaty Bottlers», «FoodMaster» және т.б.

 Әрбір қоғамдық тамақтандыру орындарында сияқты «Каравай.kz» асханаларында ассортименттік минимум белгіленген, соған байланысты ас мәзірі құрылады. «Каравай.kz» асханаларының ас мәзірі тек ұсынылатын тағамдардың тізімі ғана емес, сонымен қатар мейрамхананың бет келбеті, яғни жарнаманың бір түрі болып табылады. Сондықтан оның көркемделуіне көп көңіл бөлінеді. Ас мәзірі жоғары сапалы типографиялық жолмен басылып, атаулар мен бағалар түсінікті және анық көрінеді. Ас мәзірінің түсі және түрі асхананың жалпы дизайынына сай келеді.

«Каравай.kz» асханаларында баға қалыптастыру процесіне ерекше көңіл бөлінген (Кесте 2.9). Адекватты әрекет ету мақсатында нарықтық жағдайдың өзгеруі мүмкін, сатып алынатын шикізат пен материалдардың бағасы, дайын өнімнің және басқа да жағдайлар, асханада әрдайым сауда үстемесіне қайта есептеулер жүргізіледі, ол шығарылған тағамның бағасын  калькуляциялау негізінде жүргізіледі.  

Кесте 2.9

«Каравай.kz» асханалары 2017 жылы 1 қаңтардағы сауданың орташа айлық үстемесіне есеп айырысуы 

Калькуляциялау  баптары

Сомасы, теңге

Қызметкерлердің еңбекақы жинағы

83500,00

Әлеуметтік  салық

12757,50

Кесте 2.9 жалғасы

Жалданылған ғимараттың амортизациясы

5409,60

Орынды жалға  алу

139297,20

Коммуналдық қызметтер (460*1,02*147,0)ҚҚС-сыз

68972,40

Электр энергия 

17429,00

Абоненттік  төлем+қала аралық

31471,00

Ауданды дамыту қоры

5000,00

Сертификацияланған  қызметтер

763,83

Алаңды жалға  алу

12250,00

Негізгі қордың тозуы

2782,00

Басқа да шаруашылық шығындар

10666,72

Жарнама қызметтері

75356,77

Барлық шығын

465656,02

Жалпы шикізат  жиынтығы

227935,45

Жалпы табыс

693591,47

Пайда (15*22,5%)

79763,02

Жалпы шығын

545419,04

Саудадағы шикізатқа  үстеме

239,29


Тағамды пайдалану мөлшеріне байланысты бағаны белгілеу қажет (Кесте 2.10). Мысалы, «Бесбармак» тағамының сату көлемі жоғары, сол үшін бағаны жоғарлату керек. Ал «Жылқы еті ассортиі» тағамына керісінше бағаны төмендету керек. Осындай стратегияны жүргізу кезінде тағамдың өткізу көлемін жақсартады, тағамды сату көлемі де жоғарлайды.
Кесте 2.10

«Каравай.kz» асханаларының және оның бәсекелестерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау рейтингі

Көрсеткіштер

«Димаш»

«Мизам»

«Каравай.kz»

Өнім  сапасы

8

9

10

Репутациясы

6

9

9

Өндірістік мүмкіндіктері

6

9

8

Технологиялық деңгейі

9

9

9

Бағасы

4

9

7

Маркетинг және жарнама

3

9

8