Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 816
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Іс-әрекет алгор1итмі:
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит
формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
120. Зимницкий байқауына зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.
Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза құрғақ шыны банкілер, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапыстырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін
Ескерту:
Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.
Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.
Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.
Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:
121. Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банка, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімнің қолы).
Іс әрекет алгоритмі:
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
122. Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза құрғақ шыны банкілер, мөлшерленген ыдыс, шыны таяқша, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғап, ҚЖКЖК.
Іс- әрекет алгоритмі:
Ескерту:
123. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті.
Құрал-жабдықтар: зәр, ұзынша-сопақ тесті реактивімен, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс -әрекет алгоритмі:
Ескерту:
124. Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Құрал-жабдықтар: 1% спирттік йод ерітіндісі (1 г кристалды йод), сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт (ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза, құрғақ шыны түтік, тамызғыш, зәрді жинауға арналған ыдыс, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
125. Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы гепатиттер.
Құрал-жабдықтар: жаңа жиналған зәр, ұзынша-сопақ тест реактивпен, шыны түтік, қолғап, ҚЖКЖК
.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
126. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу
(әйелдерге)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.
Құрал-жабдықтар: жылы қайнатылған су, сабын, қағаз сүлгі, қағаз салфеткалар, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдыс, лабораторияға жолдама, ҚЖКЖК.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
-
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз. -
Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. -
Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз. -
Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит
формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
-
лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін; -
эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін; -
цилиндрлер – жоқ.
120. Зимницкий байқауына зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.
Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза құрғақ шыны банкілер, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапыстырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:
-
зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; -
бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын; -
зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
-
Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. -
Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін
-
24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек. -
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.
Ескерту:
-
дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»; -
порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.
Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.
Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.
Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.
Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:
-
Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады. -
Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді. -
Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы. -
Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы. -
Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.
121. Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банка, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімнің қолы).
Іс әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз. -
Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз. -
Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
122. Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза құрғақ шыны банкілер, мөлшерленген ыдыс, шыны таяқша, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғап, ҚЖКЖК.
Іс- әрекет алгоритмі:
-
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. -
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет. -
3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай). -
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін). -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.. -
3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз. -
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз. -
100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз. -
Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. -
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар). -
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
123. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті.
Құрал-жабдықтар: зәр, ұзынша-сопақ тесті реактивімен, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс -әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз. -
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз. -
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
124. Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Құрал-жабдықтар: 1% спирттік йод ерітіндісі (1 г кристалды йод), сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт (ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза, құрғақ шыны түтік, тамызғыш, зәрді жинауға арналған ыдыс, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. -
Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз. -
Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз. -
Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса). -
Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
125. Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы гепатиттер.
Құрал-жабдықтар: жаңа жиналған зәр, ұзынша-сопақ тест реактивпен, шыны түтік, қолғап, ҚЖКЖК
.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. -
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз. -
Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз. -
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз. -
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
126. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу
(әйелдерге)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.
Құрал-жабдықтар: жылы қайнатылған су, сабын, қағаз сүлгі, қағаз салфеткалар, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдыс, лабораторияға жолдама, ҚЖКЖК.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз. -
Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз. -
Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
-
Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз. -
Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз. -
Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз. -
Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз. -
Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз. -
Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз. -
Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз. -
Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз. -
Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз. -
Науқасқа киімін киюін сұраймыз. -
3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.