Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 814

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Науқасты арқасымен жатқызу


Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Көрсеткіштері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудын алдын алу.

Құрал-жабдықтар: функциональды кереует, 4 валик, 2 кішкентай жастықтар, қол ұшына арналған 2 валик, аяққа арналған тірек (құмы бар қапты),қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

  7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

  8. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

  9. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

  10. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

  11. Сирақтын төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

  12. Табанға 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

  13. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).

  14. Науқастың қолының ұшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).

  15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

  16. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



  1. Наукасты қырымен жаткызу


Максаты: тесекте жайлы калып жасау.

Көрсеткіштері: тесектегі еңжарлы және еріксіз калыптағы наукас, ойылудын алдын алу.

Құрал-жабдықтар: функциональды кереует, 3 жастық, аяққа арналған тіреу, қолғап, ҚЖКЖК .

Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

  7. «Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

  8. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастын аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол

аяқты тығып жіберіңіз.

  1. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

  2. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін – мейірбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.

  3. Науқастың басының және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына

бүгілуін және төс-бұғана – емізікшелік бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).

  1. Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық

және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының

қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту).

  1. Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.

  2. Наукастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз

(науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

  1. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяктың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ

басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяктың жазылуын

болдырмау).

  1. «Төменгі» аяктың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяктың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

  2. Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

  3. Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (наукастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

  4. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



ІV. Науқастың жеке бас тазалығы


  1. Науқасқа төсек-орын дайындау



Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

Көрсеткіштері: науқастың ауруханаға түсуі.

Құрал-жабдықтар: функциональдық кереует, матрас, матрас тысы, ақжайма, жастық тыстары, екі жастық, жұмсақ қалың бәйке көрпе қаптама сейсебімен, клеенка, жаялық, қолғап, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Гигинаалық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  2. Матрасты матрас тысына салыңыз.

  3. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

  4. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

  5. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

  6. Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

  7. Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

  8. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

  9. Қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.




  1. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру

(ұзынынан жасалатын әдіс)
Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Көрсеткіштері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, ойық жаралардың алдын алу, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Құрал-жабдықтар: таза ақжайма, ластанған төсек орынды салатын клеенкалы қапшық, қолғап, ҚЖКЖК .
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Таза ақжайманы бікүл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

  4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

  5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

  6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

  7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

  8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

  9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

  10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

  11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

  12. Ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырыңыз.

  13. Жастықты тыстап науқастың басының астына қойыңыз және оны жаңадан тысталған


көрпемен жабыңыз.

  1. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  2. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




  1. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру

(көлденең әдіс)

(екі мейірбикемен орындайды)
Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Құрал-жабдықтар: таза ақжайма, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенкалы қапшық, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

  4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

  5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

  6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

  7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

  8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

  9. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



  1. Ішкі киімді ауыстыру


Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Көрсеткіштері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейірбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Құрал-жабдықтар: таза іш киім жиынтығы, ластанған киімдерді салуға арналған клеенкалы қап, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс- әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

  4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

  5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

  6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

  7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

  8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

  9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

  10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

  11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыыңызды жуып, кептіріңіз.