Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 387
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дегенмен де, гендерлік интеллектің белгілері қазіргі таңда өткендегіден өзгеше. Уақыттың ағысы мен техниканың дамуына байланысты, жаһандық кезеңге өтуіміздің салдарынан қазіргі адамдардың интеллектуалдық ерекшеліктерін теңестіруге мүлдем келмейді.
Ертеде «ақыл» адамның рухани, адамгершілік, имани құндылықтарымен таразыланатын болса, қазіргі ақылды адам бай, қоғамда өзінің лайықты орнын (лауазым, белгілі бір жетістіктер, қоғамдық мақсат тб) иеленген, атақты танымал болып есептеледі. Сондай-ақ өткен заманғы интеллегент пен қазіргі заманғы интеллегент адамды да теіестіре алмайтынымыз анық. Әр заманның өз құндылықтары, рухани әлеуеті, қоғамдағы формациясы өзгеше, соған сәйкес интеллегенттердің де бейнесінде айырмашылықтар байқалады.
32 «Қазақ шешені» деген ұғымының мәнін ашатын 20 сөзді мысал ретінде жазыңыз.
-
Сөзшең -
Сөзуар -
Тапқыш -
Ойлы -
Парасатты -
Пайымдағыш -
Көзді \ауысп.Білімпаз, көзі ашық\ -
Көкіректі -
Аңдағыш -
Зерделі -
Зейінді -
Тілді -
Білгір -
Білікті -
Білімдар -
Ақылман -
Алғыр -
Кемеңгер -
Санагер -
Данышпан
33 Зерттеуші Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымының:
1) өзіндік эмоцияларды тану
2) эмоцияларды басқара алу
3) өзіндік мотивация
4) өзге адамдардың эмоциясын тани білу белгілерін талдай келе, пікіріңізді ұсыныңыз.
Эмоционалды интеллект ұғымына Х.Гарднер ерекше жақын келді, ол өзінің көптеген интеллект теориясының аясында ішкі тұлғалық және тұлғааралық интеллектіні сипаттады. Оның осы ұғымдар аясына сыйдырған қабілеттерінің ЭИ-ке тікелей қатынасы бар. Мысалы, ішкі тұлғалық интеллектіні ол «өзінің эмоциялық өміріне, өзінің аффектілері мен эмоцияларына апаратын жол: сезімдерді тез ажырата білу, оларды атай білу, таңбалық кодтарға айналдыра білу және өз мінез-құлқын түсіну мен басқару үшін құрал ретінде пайдалана білу қабілеті» деп түсіндірді.
Эмоционалды интеллектінінің ғылыми психологиядағы алғашқы және анағұрлым танымал моделін 1990 жылы Питер Сэловей мен Джон Мэйер ұсынды, олар «эмоциялық интеллект» терминіне анықтама берген алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялады, сондай-ақ, оны өлшеу әдістемесін ұсынды (EQ). Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 1990 жылы ұсынылған болатын.
Олар эмоционалды интеллектіні «өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын қадағалай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты ойлау мен әректтерді бағыттау үшін қолдана білу қабілеті» ретінде анықтады. 1997 жылдан бастап қана эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы тренингтер мен дамыту топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарымқатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өз жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды позитивті өзгерту біздердің маңызды мақсаттарымыздың бірі.
Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:
1) өзіндік эмоцияларды тану,
2) эмоцияларды басқара алу,
3) өзіндік мотивация,
4) өзге адамдардың эмоциясын тани білу.
1. Эмоциялардың идентификациясы. Эмоцияларды қабылдау (яғни эмоциялардың бар екендігін байқай білу қабілеті), оларды идентификациялау, бара бар білдіру, шынайы эмоциялар мен олардың жасандылығын ажырата білу сияқты өзара байланысты бірқатар қабілеттерден тұрады.
2. Эмоцияларды ойлау мен іс-әрекеттің нәтижелілігін арттыру үшін қолдану.
Эмоцияларды зейінді маңызды оқиғаларға бағыттау үшін қолдану, міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын эмоциялар туғызу (мысалы, жақсы көңіл-күйді шығармашылық идеялар туғызу үшін қолдану), көңіл-күйдің толқуын мәселені әр түрлі тұрғыдан талдау құралы ретінде қолдану қабілетінен тұрады.
3. Эмоцияларды түсіну. Эмоциялар кешенін, эмоциялар арасындағы байланыстарды, бір эмоциядан екіншісіне ӛтуді, эмоциялардың себептерін, эмоциялар туралы вербальды ақпаратты түсіну қабілеті.
4. Эмоцияларды басқару. Эмоцияларды қадағалау, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығын тӛмендету, өз эмоцияларын, оның ішінде жағымсыздарын да ұғыну қабілеті, эмоциялық тұрғыда артылған мәселелерді олармен байланысты жағымсыз эмоцияларды басып-жаншымай шешуге қабілеттілік. Тұлғалық өсуге және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға мүмкіндік туғызады.
34.Интеллектіге қатысты концептуалдық өріс
: зейін, дарын, талант, тіл, қабілет, білім, оқу сөздерінің әрқайсысына анықтама жазыңыз.
білім, ғылым ұғымдары да интеллектінің айқындаушысы бола алады. Себебі, адамның интеллектісін толықтырып, «шынықтырып», сақтау, дамыту сияқты құбылыстар дәл осы атаулармен (білім, ғылым) тікелей байланысты.
ЗЕЙІН – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
ДАРЫН – адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
ТАЛАНТ – қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.
ТІЛ – қарым - қатынас тәсілі, адамдар бір - бірімен қатынасу үшін қолданатын өзара коммуникация жүйесі.
ҚАБІЛЕТ – тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
БІЛІМ – бұл білімнің, яғни шындықты ақыл, түсінік пен зерделілік арқылы түсіну үшін құнды ақпарат алудың әрекеті мен нәтижесі. Демек, бұл оқу процесінің нәтижесі туралы айтады. Білімдерге әртүрлі тәсілдермен сілтеме жасауға болады. Білімнің сөзі өзінің жалпы мағынасында белгілі бір тақырып немесе тақырып бойынша жинақталған ақпаратты білдіреді. Нақтырақ мағынада, білім - бұл қабілет, дағды, психикалық процестер мен индивидтің алған ақпаратының жиынтығы ретінде анықталады, оның функциясы оған шындықты түсіндіруге, мәселелерді шешуге және оның мінез-құлқын бағыттауға көмектеседі. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
ОҚУ – жеке тұлғаның іс-әрекетінің түрі, оқыту (өзі оқу, бірін-бірі оқыту) жүргізіледі де, оқымыстылыққа жетеді.
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Дарын- адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр.
Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.
Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.
Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу.
Білім — адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы.
Оқу - бұл іскерлік пен рахаттың тамаша үйлесімі. Бір жағынан, бұл хобби, процестен бас тартылатын ләззат, екінші жағынан, таза түрде білім.
35 Интеллект ұғымымен байланысты психологтардың тұжырымдамаларын талдаңыз.
Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жай қосындысы деп қарамай, оларды белгілі бір жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдай көбінесе интеллектке қатысты. Интеллект (латын тілінде «intellectus» - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны, ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады.Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллект туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше көңіл аудару керек. Интеллект термині адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Бұл жағдайда абстракты символдарды дұрыстығының тексеруде маңызды рөл атқарады. Жаңа жағдайларға қалай бейімделуді бұрынғы пайдаланған тәжірбиені осылай пайдаланып интеллект арқылы жол табуға болады, жағдайды үйренуге деген қабілет туындайды. Интеллектің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды. Адам үшін интеллектің маңызы қоршаған орта мен заттарды танып білуде ғана емес, оларды ары қарай шығармашылық түрде дамытуда. Қазіргі ғылымда адам интеллектісі туралы көп біледі және зерттеліп те келеді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуынан яғни, белгілі бір әрекеттің үздіксіз айналысуына тәуелді. Кез-келген адамда кездесетін жалпы қабілеттермен: ойлау, сөйлеу, оқу, жазумен қатар арнайы қабілеттер де болады. Интеллектінің қазіргі ғылымда бәрін тереңдетіп әлі де толық зерттеп бітпеген. Оған адам интеллектісінің тереңдігі, оның шексіздігінің әлемді тануға деген қабілетте жасырын іскерлігі себеп. Интеллект пен ойлаудың байланысы соншалық тығыз болғандықтан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ
психологы М.Мұқанов өзінің «Ақыл – ой өрісі» деген кітабында былай жазған: «Философия энциклопедиясында интеллект деген сөзге бұл термин оймен бір мағынада қолданылады деп анықтама берілген. Бірақ бұл анықтама бізді қанағаттандырмайды. Совет психологы Б.Г.Ананьев (1907-1972) соңғы еңбектерінде интеллектті ой қабілетіне тән нәрсе деп санайды. Бұл дұрыс пікір. Осы пікірді басшылыққа алып, біз ақылды немесе интеллектті ой процесінің жемісі екенін дәлелдемекшіміз. Ойлау үстінде адам бір ниеттен екінші ниетке ауысып отырады. Бұл процессуалдық құбылыс». Интеллектің өзін басқа когнитивті процестерден бөлек алып қарау мүмкін емес. Ол басқа құрылымдармен қатар тұрған құрылымдарға жатпайды. Интеллект бұл теңдіктің белгілі бір пішіні, қабылдау базасында әдет және қарапайым сенсомоторлық механизмдерден құрылған барлық құрылымдарды тартады. Ойлау операцияларының (анализ, синтез, жалпылау, абстракция) ерекшеліктеріне байланысты интеллект деңгейі туралы айтуға болады. Ойлау мен интеллекттің тығыз байланысына қарамастан, медицина психологиясы мен психиатрия тәжірибесінде бұлар жеке түсінік ретінде қаралады. Мұның дұрыстығын және мақсатқа лайықтығын тәжірибенің өзі көрсетті. Мысалы, кейбір психикалық патологияда ойлау үрдісі бұзылмағанда ес пен назардың зақымдануынан білу мүмкіншілігі төмендейді. Керісінше жоғары интеллекті адамда ойлау үрдісінің зақымдануы (жабысқақ, сандырақ, қалыптан тыс ойлар) мүмкін. Осы айтылғанға байланысты патопсихологияда интеллектті жеке қарау заңды және қажет.
36.Төменгі эмоционалды интеллект белгілері: дау-дамайға берілу, ашуланшақтық, жасқаншақтық, ызаға бой алдыру екендігін нақты фактілер негізінде дәлелдеңіз.
Төменгі интеллект – адамның интеллектіге негізделмеген іс-әрекеттері нәтижесінде білінетін белгі. Төменгі интеллектіге ақылсыздық (ақымақтық), білімсіздік (оқымағандық), психикалық ақыл-есінің кемдігі сияқты ұғымбелгілер жатады . (Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады. (Ғ. Мүсірепов) Осындай интеллект түрлерін анықтай отыра, жоғарғы интеллектіге тоқталып, оладың тілдік ерекшеліктерін талдап көруге болады. Адамның жоғарғы интеллектуалдық сипатын тілімізде үнемі қолданылатын даналық, данышпандық, ақылгөйлік, кемеңгерлік, ғұламалық, ақыл кемелдігі, терең интеллектуалдылық сияқты тілдік бірліктермен атаймыз.