Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 781

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
алдын-ала жоспарланған әдістермен ғылыми зерттеулердің бір түрі, оның зерттеу объектсі арнайы зерттеулер. Жүйелік шолулар осы зерттеулер қорытындысын жүйелі және кездейсоқ қателер болу мүмкіндігін азайтатын жолмен синтездейді. Көптеген жүйелік шолуларда статистикалық әдіспен мәліметтерді ортақтастыратын — метаанализ қолданылады. Жаңа мәліметтер түсуне қарай олардың қорытындылары өзгеріп отырады.

Жүйелік шолуларқұрылымды процесс, оған кіреді:

  • дұрыс құрастырылған сұрақ;

  • толық және профессиональды ақпарат іздеуі;

  • өзгермейтін (қатесіз) публикацияларды таңдау процессі және одан фактлерді алу;

  • алынған мәліметтерді сынмен бағалау;

  • мәліметтер синтезі.

Дұрыс құрастырылған клиникалық сұрақжоғары сапалы жүйелік шолулардың негізін құрайды. Егер сұрақ дұрыс қойылмаса шолу да жеткілікті информативті болмайды. Сонымен бірге, дұрыс қойылған сұрақ шолулардың қорытындысы дәрігердің клиникалық тәжірибесіне қолдануына жарайды ма соны тез түсінуіне мүмкіндік береді. Осындай шолулар негізінде келесі қорытындылар жасалады:

  • кірісулер еш күмәнсіз тиімді және оны қолдану керек;

  • кірісулер тимсіз және оны қолдануға болмайды;

  • кірісулер зиян келтіреді және мүлдем қолданбау керек;

  • пайдасы немесе зияны дәлелденбеген әрі қарай зерттеу керек.

Жүйелік шолулар тек жақсы жоспарланған, дәледілікке сараптамадан өткен ғылыми зерттеулердің қорытындыларын қарастырады. Бұл көбінесе бақыланатын проспективті (қатысушыларды зерттелетін кірісу қолданатын және қолданбайтын топтарға ақыр соңы болғанға дейін бөледі) зерттеулер, онда науқастарды тәжірибелік (жаңа ем қолданылатын) және бақылау тобы (оларда стандартты ем қолданылады) деп бөледі.

Жүйелік шолуларды белгілі бір клиникалық сұрақтарға жауап беру үшін жүргізеді және онда келесі
параметрлары болу керек:

  • айқын популяция және клиникалық база (мысалы, балалар, амбу­латорлы науқастар);

  • зерттелетін ауру (мысалы, бронх демікпесі);

  • қолданылған әдіс немесе емі (мысалы, белгілі бір дәрілік ем);

  • бір және одан көп клиникалық ақыр соңы (мысалы, ұстамалар жиілігі, өмір сапасы).

Әдебиетттердің сандық жүйелік шолулары немесе алғашқы мәліметтердің сандық синтезі негізінде суммарлы ста­тистикалық көрсеткіштерді алу метаанализдеп аталады.

Ең алғашқы жүйелік шолудың тарихы былай болған. 1972 ж. ең алғашқы клиникалық зерттеудің қорытындысы жарияланды, онда қысқа курстық кортикостероидтарды уақытынан ерте туу қаупі жоғары жүктілерге тағайындалудың тиімділігінің қорытындысы жайлы айтылған. Мына жағдай анықталды, кортикостероидтар жаңа туған нәрестелердің жетілмеуіне байланысты болатын асқыныстардан өлу мүмкіндігін азайтатынын. 1991 ж. осы тақырыпқа арналған жеті клиникалық зерттеудің қорытындысы жарияланды, олар ең алғашқы клиникалық зерттеу қорытындысын дәлелдеп және тағы да пысықтап шықты. Осы зерттеулер арқасында осындай балалардағы өлімді 30—50 % төмендетуге болатыны дәлелденді. Осы зерттеу қорытындысының схемаалық көрінісі Кокрандық Қауымдастықтың эмблемасы болды. 1989 ж. дейін осы зерттеуге қатысты бір де бір жүйелік шолу жарияланбағандықтан көптеген дәрігерлер мұндай емді тиімсіз деп есептеді. Сөйтіп ең алғашқы зерттеу қорытындыларының кеңінен тәжірибеге енуіне дейін 20 жыл өтті. Орта есеппен осы уақыт арасында ондаған мың бала осы қажетті емнің уақытында жасалмауынан зардап шекті немес қайтыс болды. Бұл есте қалатын иллюстрация арқылы дәлелді медицина принци­птерін тәжірибеге енгізу қажеттілігн көрсетеді.

Жүйелік шолулар — Кокрандық Қауымдастық қызметінің негізгі қорытындысы —электронды түрде атауы «The Cochrane Database of Systematic Reviews» (жүйелік шолулардың Кокрандық базасы) үнемі жарияланады.

Жүйелік шолулардың негізгі сипаттамасы 6-шы кестеде көрсетілген.

6- кесте.

Жүйелік шолулардың негізгі сипаттамасы


Мақсаты

Сипаттамасы

Шолу мақсаты айқын

Зерттеу міндеттері бар, объектлер сипаттамасы мен зерттеу әдісі бар хаттамалар

Шолуға релевантты зерттеулер кірмеуінен аулақ болу

Библиографиялық мәлімет базасын, түйінді сөздер, қолмен іздеу, елі мен тіл жағынан шектелмеген, жарияланбаған зерттеу мәліметтерін қосу мүмкіндігі қолдана отырып кең ауқымды, жоғары сезімтал және іс- қағаздары жүргізілген зерттеу стратегиялары қолдану

Кездейсоқ таңдау/ шығару зерттеулерінен аулақ болу

Толық және верифицирленген таңдау және шығару критерийлері, зерттеу қорытындыларын бағалау үшін құрастырылған

Зерттеу мәліметтерінің түйіні

Мәліметтерді алу үшін оның толықтығын тексеретін кестерді қолдану

Зерттеу қорытындыларының валидтілігін бағалау

Дизайнды бағалау, қателер мөлшерін, қиыс кетулер мен мүмкіндіктерді бағалау арқылы зерттеу қорытындыларының валидтілігін бағалаудың сапа критерийлерін құрастырып қолдану

Ассоциациялар мөлшерін және зерттеу мәлімет көздерінің әр түрлігінің көлемін бағалау

Мына факторды бағалау үшін пациент жағдайы, дозасы, кірісу ұзақтығы мен тегі туралы зерттеу қорытындыларын сәйкесінше әр түрлі сандық моделдер қолдана алуы жайлы негіздер шолуы. Мүмкіндігі бар жерде зерттеулерді біріктіреді жалпы ортақ эффект алу үшін.

Шолу қорытындыларының сапасын бағалау

Шолудағы таңдаулар мен ұсыныстардың қортындыларының сезімталдығын анықтау, ол енгізу және валидтілік критерийлері, олар мәліметтерді ортақтастыруда алынған зерттеу әдісіне әсер етеді

Сынмен бағалау және шолуды қайталау

Шолуды құрайтын түйінді аспектілер, әдістер, талдаулар мен қорытындылар жайлы есеп. Оған хаттама резюмесі, іздеу стратегиясы, әрбір зерттеудің негізгі элементтерінің кестесі кіреді. Есеп графикалық суреттермен толықтырылуы мүмкін

Шолуларды денсаулық сақтауды ұйымдастыру-шылар, тәжірибелік дәрігерлер, зерттеушілер қажетіне қолдануын бағалауды үйрету

Алғашқы зерттеулер мен шолулардағы әдістемелік шектеулерді талқылау. Зерттеу қорытындыларын қолдану туралы нұсқаулар құрастыру арқылы зерттеулерден алынған дәлелдерді қолдануды қамтамасыз ету.


Халықаралық атауы Cochrane Collaboration, ғылымдар қауымдастығы емдік кірісулерге қатысты жүйелік шолуларды дайындауға, оны үнемі толықтырып отыруға және қорытындыларын таратып отыру үшін құралған. Cochrane кітапханасы— осы қауымдастықтың ең алғашқы үлкен көлемді, көп пәнді атқарған жұмысының бірі. Ол әр квартал сайын толықтырылып отырылады, онда 500 аяқталған жүйелік шолуы бар, мұнда 1600 астам басқада жүйелік шолулардың түйіндері бар, 110 мыңнан астам бақыланатын зерттеулер тізімі және 400 астам жүйелік шолуды дайындау әдісі жайлы библиографиялық мақалалар бар.


Жүйелік шолулар мен әдебиет шолуларының айырмашылығы

Барлық шолулар ретроспективті сырттан бақылайтын зерттеулерге жатады, сондықтан жүйелік және кездейсоқ қателер кездеседі. Сәйкесінше шолудың сапасы мен құндылығы оны жүргізгенде қателеді неғұрлым азайтатын ғылыми әдіске байланысты болады. Бұл дәстүрлі әдебиет шолуларын жүйелік шолулардан негізгі айырмашылығы осы болады (7 -кестеде көрсетілген).

7- кесте. Жүйелік шолулар мен әдебиет шолуларының айырмашылығы

Сипаттамасы

Әдебиет шолулары

Жүйелік шолулар

Қамтылатын сұрақтар

Жиі кең көлемді сұрақтар қарастырылады

Жиі белгілі бір клиникалық сұрақты ғана қамтиды

Мәлімет көзі және іздестіру стратегиясы

Мәлімет көзі көрсетілмеген, іздестіру стратегиясы қате болуы мүмкін

Мәлімет көзі жалпы барлығын қамтиды және іздестіру стратегиясы толық көрсетілген

Мәліметтерді таңдау принципі

Көрсетілмеген , кейде қате болуы мүмкін

Таңдау белгілі бір критерийлерге негізделген бірегей шолуларда қолданылған

Мәліметтерді бағалау әдісі

Әр түрлі

Қатал, сынмен бағалау әдісі

Мәліметтерді жалпыландыру

Жиі сапалық

Сандық (метаанализ)

Қорытынды

Кейде ғылыми негізделген

Үнемі ғылыми негізделген

Көптеген әдебиет шолулары алынған тақырыпқа байланысты нақты сұраққа жауаптан басқа осы мәселе көлеміне қатысты кең диапазонды сұрақтарға арналады. Сонымен әдебиет шолулары тақырып бойынша толық түсінік алу үшін пайдалы да ал, нақты клиникалық сұраққа жауап іздегенде көмегі шамалы болады. Әдебиет шолулары сұрақтың шешімін іздеу мен даму тарихын суреттегенде, сұрақ көлеміндегі жаңа жетістіктерді көрсетуде маңызы бар. Әдебиет шолулары әсіресе қамтыған мәселелер жөніндегі негізгі теорияны тұтастай талқылағанда пайдасы зор болады. Әдебиет шолуларында аналогиялраға, бір-бірінен тәуелсіз салалардағы зерттеулерді кеңістікте біріктіруге жол беріледі (мысалы, қатерлі ісік пен жүре пайда болған иммунитет тапшылығын біріктіруге болады