Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 768
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескертулердің барында, сараптаманы өткізудің соңында сарапшылар басқарма ұйымға қолжазба қорытынды береді. КН және ДЕХ құрылымына сәйкес өзгерістерді енгізетін жұмыстық топпен қорытынды қарастырылады.
Егер КН және ДЕХ проекттік үлгілердің дәлелді базасы едәуір салмақты болса, негізделген жазба қорытындыларды сараптама кеңесінің қарамағына беріп, жұмыстық топтың мүшелері сараптама кеңесінің қорытындыларын қабылдамауы мүмкін, сарапшылардың қорытындылары немесе денсаулық сақтаудың мақсаттық тобының жағдайында қолдану үшін едәуір қолайлы.
Өңделген КН және ДЕХ бекіту
Сарапшылармен қорытынды бағалаудың толықтауы және өткізілуі, сараптама кеңесі шешімдердің біреуін қабылдауы керек: оларды қолдау және бекітілуге ұсыну; белгілі бір деңгейлерді қайталап өту және кемшіліктерді болдырмау үшін толықтауды қайтару.
Қолдаудан кейін диагностикалау мен емдеудің хаттамалары Қазақстан Республикасы территориясында қолданылуы үшін өкілетті өкілдің Бұйрығымен бекітіледі.
Клиникалық нұсқаулар да ұсыныстық сипатқа ие және қатаң түрде атқарылуы үшін міндетті емес, жеке бұйрықтың басылымымен емес, өкілетті өкілдің Оқыту Кеңесінің қаулысымен бекітіледі. Бұл кезде клиникалық нұсқауларды енгізу республиканың барлық медициналық мекемелерде емес, мамандырылуы енгізілетін нұсқаулардың тақырыбына сәйкес келетін мекемелерде өткізген ұтымды
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, диагностика мен емнің хаттамалары және клиникалық нұсқауларды өңдеу – салмақты міндет. Оны шешу тек нормативтік және ұйымдастырушылық өзгерістерді ғана емес, бар қарым-қатынастардың, медициналық қызметкерлердің менталитетінің бүкіл жүйесі сипатының өзгерістерді де талап етпейді. Бұл әдістемелік ұсыныстар ҚР денсаулық сақтау жүйесінде КН және ДЕХ енгізудің және қолданудың бүкіл методологиясын бөлшектеп баяндалған кейінгі жұмыстардың бүкіл тобында алғашқылардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды реформалау және дамудың Мемлекеттік бағдарламасынан шығатын міндеттерге, халықаралық ұйымдардың талаптарымен, Қазақстан Республикасының ДСҰ-на жедел кіруімен байланысты, диагностикалау мен емдеу хаттамалары және клиникалық нұсқаулар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек сапасын жоғарылатудың негізгі құралдарының бірі болуы керек.
Қойылған міндеттердің жүзеге асуы қатаң әкімшілік әдістерден шығып кетуге рұқсат етеді және медициналық көмектің жақсаруына, бюджеттік қаржыны нәтижелі қолдану және атқаратын қызметтері үшін медициналық қызметкерлер жауапкершілігін жоғарылатуға арналған және медициналық көмекті жақсартуға бағытталған комплекстік жүйені құру.
11 бөлім.
Медициналық мәліметтерді статистикалық талдаудың негізі.
Медицина табиғатының біркелкі еместігі және анықсыздығына байланысты мәселенің шешімін табу үшін жақсы білімнің болуын қажет етеді. Медицинада және денсаулық сақтауда жиі, біліп немесе білместіктен денсаулық жағдайын бағалау,оның болжамы, стратегияны таңдау және емдеу мен алдын алу тактикасы, сұрақтарына байланысты шешім қабылдауда әртүрлі статистикалық концепциялар қолданылады.
Статистиканы білу маңызды түсіну үшін және баяндамаларда, монографияларда, медциналық журналдарда т.б. хабарламаларды сынмен бағалау үшін қажет. Статистикалық анализ дәлелді медицинаның элементтерінің бірі.
Статистиканы принциптерін білу медицинада ғылыми зерттеулердің анализін жасауға және жоспарлауға қажет. Әсіресе бұл қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауда, популяциондық зерттеулердің мәліметтерінде өзекті болады. Мұндай зерттеулер және олардың нәтижелерінің тұрақтылығы барлық кезеңдерде статистикалық принциптердің қолданылуына байланысты.
Қазіргі кезде математика-статистикалық анализ әдістері қолданылмайтын медицина саласы жоқ. Клиникалық зерттеулерді жүргізуде математикалық статистиканы қолданылу мақсаттың түзілуін, рандомизация әдісін таңдауға, статистика қорытындысына қажетті науқастар санын анықтауға, алынған нәтиженің анализін жүргізуге көмегін тигізеді. Статистикалық әдістерді қолдану ресми емес қызмет, ал шығармашылық жұмыс тек математикалық білімді ғана қажет етпей, сонымен бірге биологиялық және медицина аймағындағы білімдерді қажет етеді.
Статистика – материалды құбылыстың сандық заңдылықтарының сапалық жағымен үзіліссіз байланысын зерттейтін ғылым.
Статистика медицина мен денсаулық сақтаумен байланысты сұрақтарды зерттесе ол медициналық деп аталады. Онда бірнеше бөлімдерді ажыратады:
• халық денсаулығы статистикасы
• денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы
• медико-биологиялық зерттеу статистикасы.
Статистика –
• бұл популяциялық зерттеудегі экспериментальды мәліметтер мен нәтижелердің анализіне арналған құрал;
• бұл тіл, ол арқылы зерттеушілер алынған нәтижелерді хабарлайды және ол арқылы медико-статистикалық ақпаратты түсінеді;
• бұл дәлелді медицина элементі;
• бұл басқарушылық шешімді қабылдауға негізделеген база.
Медицина табиғаты мүмкіншілігі математикалық статистика мен болжам теория әдістерін барлық жерде қолдану және кездейсоқтылықтың көріну дәрежесі мен жинағын минимумға келтіру мақсатында шешуші мәселенің деңгейіне байланысты таңдауға рұқсат етеді. Оның негізгі инструменті болып болжамды теория саналады–кездейсоқтық құбылыстарының заңдылықтарын орнататын математикалық ғылым.
17- кесте. Шешуші мәселенің деңгейіне байланысты медицинада статистикалық әдістерді қолдану.
Популяционды деңгей | Индивидуальды деңгей |
1. Норма және патология түсінігі | |
Популяцияның денсаулық жағдайын бағалау (аурушаңдық, демографиялық процесстер, физикалық даму, мүгедектік). Халық тобына байланысты денсаулық жағдайын бағалау(балалар,әйелдер және т.б.) | Науқас денсаулығын жағдайын бағалау (клинико- диагностикалық зерттеулер) |
2.Аурулар диагностикасы | |
Халықтың денсаулық тобына байланысты бөлінуі, скрининг | Дифференциальды диагностика жүргізу |
3. Құбылыстарды болжау | |
Жеке аурумен күрес бағдарламасының мүмкін болатын нәтижесі | Жеке науқас ауруына байланысты соңы |
4. Сәйкес әсерді таңдау | |
Белгілі бір халық тобына арналған емдік профилактикалық бағдарламаны құрастыру | Науқасты жүргізу және емдеуге байланысты жекешілідік тәсілін қолдану |
5. Медициналық көмекті ұйымдастыру | |
Денсаулық сақтауды басқару (денсаулық сақтау жүйесінің қызметі мен желісі: жоспарлау, қаражаттандыру, қызметтер анализі) | Дәрігер қызметінің анализі |
6.Медициналық зерттеулерді жүргізу және жоспарлау. Жарияланымды дайындау және анализі. Медициналық хабарламаларды түсіну және оқу. |
Ықтималдылық теориясының негізгі түсініктемесі.
Ықтималдылық– Белгілі шартты комплекстің жүзеге асыру жағдайының обьективті сандық өлшемі.
Ықтималдылық жағдайы А р(А) деп белгіленеді және бірлік немесе процентпен өлшенеді. Ықтималдылық өлшемі – сандық мағынаның диапазоны: 0 ден 1 немесе 0 ден 100%.
Кездейсоқ жағдай – белгілі шартты кешенді жүзеге асыру кезінде болатын немесе болмайтын жағдай. Оның ықтималдылығы мына деңгейде орналасады 0< p(A) < 1 немесе 0< p(A) < 100%.
Нақты жағдай – белгілі шартты кешенді жүзеге асыру кезінде міндетті түрде болады. Оның ықтималдылығы 1 немесе 100% тең болады.
Мүмкін емес жағдай – белгілі шартты кешенді жүзеге асыру кезінде ешқашан орындалмайды. Оның ықтималдылығы 0 тең.
Медициналық зерттеулерде ықтималдылық жағдайының туындауы 0,95 немесе 95% жеткілікті деп саналады. Медико-әлеуметтік маңызға ие немесе өлім жітім және мүгедектік көп болатын ауруларды немесе жағдайларды қарастырғанда,сонымен қатар фармакологиялық зерттеу ықтималдылық даму жағдайы 0,99 (99%) кем болмау керек.
Жағдайлардың туындау жиілігі (статистикалық ықтималдылық) – бұл белгілі шарт комплексі жүзеге асырылуынан (m) дамыған сандық жағдайдың жалпы сандық жағдайға қатынасы.(n): p(A)=m/n.
Ықтималдылық жағдайының болмауы: q= 1- p.
Кездейсоқ көлем – белгілі шартты комплексті жүзеге асыру кезінде әртүрлі мағына қалыптасатын көлем.
Үлкен сандар заңы: айтарлықтай үлкен бақылаулар санында кездейсоқтық ауытқулар бірігіп өшіріледі және кейбір параметрлерге тұрақтылық пайда болады, ол негізгі тенденция (заңдылық) көрінеді. Бұл кезде анықталатын кездейсоқ жағдайлар жиілігі алдынғы тәжірибенің ықпалдылығынан аз ерекшеленеді.
Статистикалық анализ негіздерін оқуға кірісуде оның екі негізгі кезеңін бөліп қарастыруға болады:
• зерттеу жолында алынған мәліметтер массивін сипаттау;
• мәліметтер анализі және әртүрлі статистикалық гипотезаларды тексеру.
Математика-статистикалық әдістерді медицина мен денсаулық сақтау саласында қолданудың негізгі бағыттары:
1) алынған нәтижелерді біріктіру және мәліметтерді тиімді жинау;
2) екі және одан көп топтардың нәтижелері арасындағы дәлелділікті анықтау және салыстыру;
3) факторлар мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
4) құбылыстар динамикасының анализі;
5) болжамдық факторлардың анализі.
Жүйелі анализ және жүйелі тәсілдеменің негізгі түсінігі мен қалпын ғылыми тәжірибелік зерттеулерді жүргізуге және оларды ұйымдарда қолдану үшін білу қажет.
Ғылыми зерттеулер келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі:
I. зерттеулердің мақсаты мен мәселесін түзу.
II. зерттеуді ұйымдастыру.
III.ақпараттар жинау.
IV.ақпараттарды өңдеу
V. зеттеу қорытындыларының анализі.
VI.зерттеу қорытындысының нәтижесін тәжірибеге енгізу және енгізудің эффективтілігін бағалау.