Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 767

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • суреттеуші (дескриптивті),

  • аналитикалық,

  • экспериментальды.

КЭ негізгі ғылыми категориялары кездейсоқ және жүйелі қателіктер болады, олар медицинаға статистикадан келді. Биостатистика - биологиядағы және медицинадағы статистикалық әдістердің қосымшасы – ол эпидемиологиялық зерттеулердің маңызды ғылыми тетігі болады. Оның негіздерін білу ДМ тәжірибеде қолдануға қажет, өйткені ол сандық мәліметтерге әсер етеді. Кейде КЭ зерттеулерді статистикалық зерттеу әдістеріне әкелуге тырысады, бірақ бұл қателік себебі, статистика бір жағынан зеттеулер тетігі, екінші жағынан, өзі жеке ғылым да бола алады.

КЭ негізгі міндеті клиникалық зерттеулерден шынайы білім алу пинциптерін және зерттеу қорытындыларын сынмен бағалау әдістерін қолдана отырып медициналық тәжірибені жетілдіру.

Клиникалық зерттеулер қорытындысын бағалаудағы ең негізгісі - оның дизайнын бағалау, ол зерттеу ортасына сай болу керек. Құрастырған дизайн сапасы зерттеушінің методологиялық есею жеткіліктілігін көрсетеді, ол осыны таратуды жоспарлайды. Зерттеулердің дизайн түрлерін түсіну – бұл, клиникалық эпидемиология негізін түсінумен бірдей.

КЭ-ның клиникалық зерттеулер мен ДМ тәжірибедесіндегі маңызды элементі аурулардың соңына деген көзқарас.


Клиникалық ақыр соңының түрлері

КЭ жоғары қызығушылық байқалатыны аурудың ақыр соңы, оның медициналық мамандар мен науқастың өзіне де өмірілік маңызы бар, яғни оның - өліммен аяқталу, ауру, дискомфорт, инвалидизация, емнен қанағаттанбау сияқты ақыр соңы бар. Осы құбылыстарды науқастарды емдегенде дәрігерлер түсініп, алдын-ала болжап, интерпретациясын жүргізіп отырғылары келеді. Бұл аурудың ақыр соңы клиникалық маңызды немесе науқас үшін маңызды болады. Соңғы өзгерістердің концентрацияның, тығыздықтың және басқа да белгілері (суррогатты соңы) ДМ тәжірибелік маңызы онша құнды емес деп қарастырылады. Әр түрлі аурулардың емінің тимділігін сурогатты соңғы белгілерді көрсеткіш ретінде алып қарау, нағыз болған клиникалық ақыр соңынан басқа қате қорытындыларға әкелетінін көрсетті.

КЭ басқа медициналық ғылымдардан өзгешелігі осы аталған құбылыстарды тәжірибелік жанурларда, адам ағзасы элементтерінде, тіндер культурасында, клеткалық мембраналарда, рецепторлер мен медиаторларда, нуклеин қышқылдары тізбектерінде т.б. емес нақты адамдарда зерттеледі. Биологиялық құбылыстардың соңы клиникалық зерттеулердің соңымен бірдей эквиваленті деп есептеуге болмайды, олардың өзара байланысы жайлы толық дәлелдер алынбайынша.

Сандық қатынас.

Сапалы клиникалық зерттеулерде өлшемдердің түзу әдістері қолданылуы керек, өйткені сапасы сенімді емес өлшемдер шынайылығы төмен дәлелдер береді. Клиникалық ақыр соңында байқалатын өлім, ауру немесе инвалидизация сияқты көрсеткіштердің жиілігі мен ауырлығын сандар арқылы көрсетуге болады. Функциональды ақаулар мен өмір сапасының кемуі сияқты көрсеткіштерді де өлшеуге болады. Сапалы зерттеулерде адам айқындаған субъективті бағалаудың сенімсіздігін ескере отырып түзетулер жүргізілуі керек.

Клиникалық соңын жоғары дәлдікпен болжау сирек кездеседі. Жиірек алдында осындай науқастарда байқалған ақыр соңы негізінде аурудың ақыр соңының мүмкіндіктерін болжауға болады. Клинико-эпидемиологиялық жолмен қарағанда клиникалық болжамдардың толық анықталмау жағдайы кезесуі мүмкін бірақ, мүмкін болатын жағдайлар санының болжамы көрсетілуі керек. Мысалы, бір жылда жүректің ишемиялық ауруының симптомдары орта жастағы 100 ер адамдардың 1–еуінде байқалады; темекі тарту кез келген жаста өлімнің болу қаупін екі есе жоғарылатады.



КЭ танып білу өте қиын. Бірақ оның негіздерін білмей қазіргі замандағы маман ғылыми публикацияның сапасын анықтай алмайды, осы заманғы әр түрлі ақпараттарды ажырата алмайды, қабылданған шешімнің құнын анықтауда (қауіп/пайда ара қатынасында), жүргізілген зерттеулер мен клиникалық нұсқаулардың шынайылығын сынмен толық бағалай алмайды. Қорытындысында КЭ білмейтін дәрігер нақты науқас емінде ғылыми зерттеулердің қорытындысын әдістемелік білімі жағынан дұрыс қолдана алмауы мүмкін.

Өзінің күнделікті тәжірибесінде дәрігер нақты науқастың мәселелерін шешумен айналысады, сонымен бірге оның алдына қойған мақсаты мен жинақталған тәжірибесі клиникалық сұрақтың жауабын анықтайды. Ол өзінің әр науқасының бет-жүзін біледі, анамнез жинақтайды, зерттеулер жүргізеді және әрбір науқас үшін жеке жауапкершігі бар. Қорытындысында дәрігер әрбір науқастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оларды қауіп-қатер бойынша, диагнозы, емдеу әдісі бойынша мүмкіншілік теориясы терминдеріне сай топтарға қосылуын қарастырады, әрі бағалайды.



2- сурет . Дәлелді медицинаның негізгі компоненттері.
Клиникалық шешім қабылдауда дәрігердің өзіндік тәжірибесінің де маңызы бар. Бірақ, көптеген жағдайда созылмалы ұзақ ағымды ауруларда кездесетін тез байқала қоймайтын, өзара байланысы бар патологиялық үрдістерді ажырата беруге дәрігерлердің көбісінің жеткілікті тәжірибесі жоқ.

Клиникалық эпидемиологияның зерттеу объектісі аурулардың медициналық аспектлері болады. Мысалы, ауру мен байқалатын симптомның, медициналық кірісулер мен аурудың ақыр соңы арасындағы. Зерттеу қорытындыларына қаншалықты сенуге болатынын бағалау үшін дәрігер сол зерттеулердің қалай жүргізілетінін білуі керек.

Сонымен, клиникалық ақпаратттың сенімділігін анықтау үшін дәрігер клиникалық эпидемиологияның негізгі түсініктерін, анатомияны, патологияны, биохимияны, фармакологияны жақсы білуі қажет. Қазіргі кезде клиникалық эпидемиологияны медицинаның фундаментальды ғылымдарының бірі болады.
Клиникалық эпидемиологияның негізгі жағдайлары және принциптері

КЭ негізгі мақсаты дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ететін клиникалық зерттеулердің әдістерін енгізу. Сонымен бірге дәрігердің өзіндік тәжірибесі және ауру механизмдерінің дамуын білу де маңызды. Бірақ
, басқа да маңызды аспектлерді де ұмытпау керек.

  • Көптеген жағдайларда нақты науқастардың диагнозы, болжамы және емдеу қорытындылары тура дәлдікпен анықтала бермейді, сондықтан болуы мүмкін жағдайларды да ескеру керек.

  • Нақты науқаста болуы мүмкін жағдайларды алдындағы осыған ұқсас топта емделген науқастарды емдеу тәжірибесіне негізделген болуы керек.

  • Мынаны есте ұстау керек, өз ұстанымдарына ерікті науқастарды квалификациясы әр түрлі, өз ойлары бар дәрігерлер клиникалық бақылау жүргізеді бұл, жүйелік қателіктерге әкеледі де соңында қате қорытындыларға да әкелуі мүмкін.

  • Кез келген клиникалық зерттеулерде болатын кездейсоқ жағдайлар кездесуі мүмкін, осы кездейсоқ қателер соңғы қорытындыны өзгертуі де мүмкін.

  • Осы кездейсоқ қателерді болдырмау үшін дәрігер шешім қабылдағанда қатал ғылыми принциптерге негізделген, жүйелі және кездейсоқ қателерді азайтатын әдістерді қолданған зерттеу қорытындыларын қолдануы керек.

Клиникалық сұрақтар мен оған берілетін жауаптарды төменде қарастырамыз.
Клиникалық сұрақтар

Клиникалық эпидемиология қоятын негізгі сұрақтар: қалыптан ауытқу, диагноз, қауіп жиілігі, қауіп-қатер, болжам, емі, профилактикасы, себебі, шығындар (3- кесте). Бұл дәрігер мен науқаста пайда болатын сұрақтар. Осы сұрақтарды көбінесе дәрігер мен науқастар өзара талқылайды.
3- кесте. Клиникалық сұрақтар


Немене талқыға түседі

Сұрақтар

Қалыптан ауытқуы

Диагноз
Жиілігі

Қауіп- қатер
Болжам

Емдеуі

Профилактикасы

Себебі
Құны

Пациент сау немесе ауру?

Ауру диагностикасында қолданған әдістер қаншалықты дәл болады?

Бұл ауру қаншалықты жиі кездеседі?

Қандай себепттер ауру тудыру қаупін жоғарылатады?

Аурудың зардаптары қандай?

Ем жүргізгенде ауру ағымы қалай өзгереді?

Сау адамдарда аурудың алдын-алудың әдістері бар ма? Егер ауруды ерте кезеңде анықтап емдесе оның ағымы жақсарады ма?

Қандай себептер ауруға әкеп соқтырады? Оның патогенетикалық механизмдері қандай?

Осы ауруды емдеу қанша тұрады?



Популяция және таңдаулар

Популяция – бұл белгілі бір географиялық аймақта (мысалы, Қазақстанда) тұратын және бірнеше кезеңдік ұрпақтары бар адамдар тобы. Бұл – популяцияның жалпы биологиялық анықтамасы, адамға қатысты – синонимы жергілікті, тұрғылықты халық. Эпидемиологияда және клиникада популяция деп жалпы ұқсас белгілері бар (65 жастан жоғары адамдар немесе мейрамхана қызметкерлері т.б.) кез келен адамдар тобын атайды. Популяция жалпы халықтың тек бір бөлігін ғана құрауы мүмкін (мысалы, ауру себебін анықтайтын эпидемиологиялық зерттеулерде). Олар белгілі бір ауры бар клиникаға түскен науқастардан тұруы мүмкін (көбіне клиникалық зерттеулерде байқалатыны). Сондықтан,
жалпы популяция, госпитальды популяция және нақты аурулары бар науқастар популяциясы жайлы айтуға болады..

Таңдаубұл арнайы таңдап алынған популяция бөлігі. Зерттеуші клиникалық зерттеулерді көбінесе осы таңдап алынған бөлігінде жүргізеді өйткені, толық популяцияны зерттеу мүмкін емес. Таңдау бөлігі популяцияны дұрыс көрсету үшін (репрезентативті яғни көрсеткішті болуы керек), ол дұрыс таңдалып құралуы керек. Қарапайым жағдайларда бұл – популяциядан алынған кездейсоқ таңдаулар. Шындығында әр түрлі себептерге байланысты популяциядан кездейсоқ себептерге байланысты таңдау жүргізу өте қиын сондықтан, қиындығы әр түрлі әдістер қолданып таңдалады. Таңдау өте кең қомақты болуы керек өйткені одан алынған қорытындыларды бағалағанда мысалы, құбылыс жиілігін анықтағанда дәлдігі өте жоғары болу үшін. Таңдау көлемін зерттеу жүргізудің алдында стандартты статистикалық формулалар арқылы анықтап алу керек.


Клиникалық эпидемиологияның қолданылуы

Клиникалық эпидемиологияны зерттеу және оны қолдану күнделікті тәжірибелік жұмыстан қолы босамайтын дәрігерден қосымша уақыт пен шығындарды қажет етеді. Бұл не үшін қажет?

Публикацияларда жарияланған зерттеу материалдарындағы клиникалық мәліметтердің күшті және әлсіз жақтарын білу және түсіну дәрігердің сенімділігін арттырады. Ақпаратты қабылдаудың тиімділігі жоғарылайды, себебі, дәрігер фундаментальды қағидалар негізінде қандай мақалалар мен ақпарат көздері сенімге тұратындығына өзі де көз жеткізе алады. Клиникалық эпидемиология қағидаларын қолдана отырып әр түрлі саланың дәрігерлері жақсы ұйымдастырылған әрі сенімді зерттеулер қорытындыларына негізделген біріңғай ғылыми базаға қол жеткізеді.

3 бөлім

Клиникалық эпидемиологиядағы дәлелдердің дәстүрлік иерархиясы. Жағдайды баяндау және көлденең зерттеулер.

Жағдай –бақылау зерттеулері.

Дизайн дегеніміз зерттеуді ұйымдастыру және жүргізудің әдісі — бұл құрылымы деген сөздің синонимы болады.

Эпидемиологиялық зерттеудің дизайны дегенді былай түсінуге болады: жоспар бойынша нақты жүргізілетін зерттеудің қарастырылатын барлық ерекшеліктерін ескеру жағдайы