Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 765

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
. Бұл ерекшеліктерді көптеген терминдермен белгілейді және олардың топтасуы арқасында осы зерттеудің барлық сипаттамасын көрсетеді. Эпидемиологиялық зерттеулердің көп түрлері мен олардың арасындағы айырмашылықтар 4-кестеде көрсетілген.

4- кесте. Эпидемиологиялық зерттеулерді сипаттайтын негізгі терминдер мен ерекшеліктер

Жіктелу белгілері

Жіктелу белгілеріне байланысты зерттеудің атауы

1

2

Зерттеу мақсаты:

• ауруды немесе эпидемиология аумағына қатысты құбылысты суреттеуі;

• аурудың байқалған көріністерін түсіндіру.

  • Суреттеуші

  • аналитикалық (негізгі түрлері
    жағдай – бақылау зерттеуі және

когорттық зерттеу)

Жалпы ғылыми әдіс:

• бағдарлау;

• эксперимент

• бақыланатын;

• экспериментальды (рандомизирленген далалық және клиникалық зерттеу)

Зерттеу құбылысының көлемі:

•барлық көріністер (генеральды жиынтық)

• құбылыстың арнайы таңдалған бөлігі

• тұтас

• таңдамалы

Тану қызметінің түрі:

• ғылыми (арнайы);

• күнделікті

• ғылыми (арнайы)

• байырғы

Зерттелетін жағдайдың бар болуы (ауру, өлім және басқалар) зерттеу басында:

• жағдай болған (байқалған);

• жағдай болуы мүмкін;

• жағдай болған, бірақ тағы жаңа жағдай байқалуы болжанған
случаев

• ретроспективті

• проспективті

• аралас, комбинирленген

Зерттеу жүргізу уақыты:

• қандай да бір мезет;

• қандай да бір кезең.

• бір мезеттік (көлденең)

• динамикалық қозғалыста (бойлай)

Зерттеу жүрргізу орыны:

• клиникада және басқа емдеу-
профилактикалық мекемеде;

• клиникадан тыс

• клиникалық

• далалық



Тұтас зерттеулер
Тұтас эпидемиологиялық зерттеулер — бұл генеральдық жиынтыққа жүргізілетін зерттеулер, яғни оны эпидемио­логияда жиі қауымдастық деген терминмен көрсетеді. Бақылаудың барлық бірліктерінің жиынтығы болып табылатын бақылау нысанын, жалпы жағдайда, қауымдастық деп атайды. Қауымдастықта енгізу/шығару белгілері деп жиі аталатын нақты белгілері болады. Эпидемиологияда, жоғарыда аталғандай, бұл белгілер уақыт, орын және «тұлға» белгілеріне жатады. Толық зерттеу жүргізу ойы қарастырылынып жатқан құбылысты жоққа шығаратын ақпарат алуға ұмтылыспен байланысты. Қауымдастық көлемі, сондай-ақ, толық зерттеу көлемі ғылыми және байырғы зерттеулерде айырмашылықтары айқын болады. Егер ғылыми зерттеу мақсаты – қазіргі уақытта берілген аурудың пайда болуы мен таралуын анықтау, десек, белгілі бір жұртшылық тобының аймағына қатысын ескермей, онда бұл жағдайда осы аурудың туындау қаупі бар барлық жұртшылық қауымдастыққа жатуы керек.

Егер ғылыми зерттеудің мақсаты – тек осы мемлекетте немесе қаладағы аурудың себебін анықтау болса, онда осы мемлекеттің немес қаланың жұртшылығы қауымдастық болады. Байырғы аналитикалық зерттеулердегі жалпы жиынтық көлемі одан да кішігірім болып келеді, мысалы, балалардың «ұйымдасқан» ортасында аурудың жайылуы. Бұл жағдайда қауымдастық – барлық балалар және осы мекеменің барлық тұлғалары немесе бір (бірнеше) топтың, осы жайылу себебінің алғашқы гипотезасына байланысты.

Құбылыстың толық көлемде зерттелуіне қарамастан, жалпылама зерттеу нәтижелері таңдамалы зерттеу нәтижелеріне қарағанда дәлдірек деп ойламау керек. Жалпылама зерттеу мәліметтерінің нақтылығы көптеген факторларға байланысты. Мысалы, егер жалпылама зерттеу ірі ауқымды болса, онда оған көптеген қызметкерлер қатысады, олардың жіктелуін саралау қиынға түседі де, бұл зерттеу нәтижелеріне әсер етеді. Жалпылама зерттеудің басты кемшілігі – уақыт, күш және қаржыны көп жұмсау, кейде тіпті, осыны жүргізуге мүмкіндіктің болмауы.

Жалпылама зерттеудің кемшіліктерін таңдамалы зерттеу арқылы болдырмауға болады, бұл көптеген ғылыми жобалардың негізгі арнайы құралы болып табылады.

Таңдамалы зерттеулер
Таңдамалы эпидемиологиялық зерттеулер таңдалып алынған, кішігірім жұртшылық қатарына қатысты ауруды зерттеу барысында алынған мәліметтерге негізделген. Осының негізінде таңдау жүргізілген барлық қауымдастықтағы (жалпы жиынтық) зерттелетін құбылыстың ерекшіліктері туралы қорытынды шығарылады. Осылайша, таңдамалы зерттеудің мақсаты – барлық қауымдастыққа келтіруге болатын көрнекі ақпарат алу.



Мәліметтердің дұрыстығы жалпы жиынтықтың дұрыс іріктелуімен анықталатын таңдау көрнекілігіне тура тәуелді. Кейіннен жалпы жиынтықтан бақылау бірлігінің бөлшегін таңдап алады. Зерттеушінің қалауы бойынша, жалпы жиынтық әртүрлі белгілермен (уақыт, аймақ, жас, қызмет, және тағы басқа әлеуметтік және биологиялық адам белгілерімен) шектелуі мүмкін.

Сонымен қатар, іріктеме көрнекілігі қамтамасыз етіледі :

  • Іріктеменің қажетті санымен (көлем,өлшем);

  • Рандомизация принципін сақтаумен.

Іріктеме саны құрамынан, алғашқы орында зерттеу сипаттамасына тәуелді. Егер зерттеу мақсаты – жұртшылық арасындағы аурушаңдықты бағалау болса, онда қажет:

  • Аурушаңдықты өлшейтін дәлелділік дәрежесін таңдау (тағайындау) яғни, қауымдастықты зерттеу мәліметтерінен таңдамалы мәліметтердің мүмкін болатын ауытқу өлшемін;

  • Анықталуы мүмкін ауру жиілігін шамамен білу.

Көрнекі іріктемеге жетудің екінші шарты – рандомизация принципі (ағылшыннан random — жағдай). Рандомизация жалпы жиынтықты құрайтын адамдар санынан кездейсоқ іріктемені қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, рандомизация — бұл әрбір бақылау бірлігіне жалпы жиынтықтан іріктемеге түсуге бірдей мүмкіндік, бұл іріктеме құрамын абайсыз бұрмалау қаупін төмендетеді, алайда оны құру барысындағы зерттеушінің арам ниетін де жоққа шығармауымыз керек.

Рандомизация принциптерін сақтау іріктеме жүргізудің әртүрлі әдістерімен қамтамасыз етіледі

  • Зерттеу әрлемімен ;

  • Болжамды нәтиже нақтылығымен ;

  • Жалпы жиынтық көлемімен;

  • Ең нақты әдістер мен басқа объективті және субъективті себептерді пайдалану мүмкіндігімен.

Қазіргі уақытта рандомизацияның мінсіз принципі болып бақылау бірліктерін таңдау үшін кездейсоқ сандарды немесе осыған ұқсас компьютерлік бағдарламаларды қолдану болшып табылады. Бұл әдіс кездейсоқ қайталанбайтын іріктемені қамтамасыз етеді, бұнда бақылау бірлігі жалпы жиынтықтан тек бір рет қана таңдалынады. Бұндай әдіс көптеген әртүрлі ем әдісі мен емдеу заттарын рандомизациялық-когортты зерттеу жүргізген кезде тәжірибелік және бақылау топтарын құрастыру үшін міндетті болып саналады. Бұл риясыз зерттеу принциптерін сақтауға және әдейі емес топ құрамының бұрмаланбауына мүмкіндік береді. Зерттеу әрлемін барынша сақтаған кезде сенімді нәтижелерді қамтамасыз етеді.
Алайда, есте сақтау керек, зерттеушінің арам ойын ешбір әрлемділік жоққа шығара алмайды.

Келесі әдістер бақылау бірліктерін таңдау кезіндегі белгілі бір жоспарға негізделеді, бұл әрине, рандомизация принципін сақтануды төмендетеді.

Механикалық іріктеу

Басында бақылау бірліктері рет-ретімен орналасады, кез келген белгіге байланысты: ауру тарихының нөмірі, амбулаторлы карта, тегінің алғашқы әрпі, және т.б. Кейін интервалды анықтап алу қажет, осы арқылы бақылау бірліктері жалпы жиынтықтан таңдалынып шығады (мысалы, әрбір бесінші). Интервалды анықтау үшін жалпы жиынтық санын қажетті іріктеме санына бөледі.

Типологиялық (түрлік) іріктеу

Алдымен жалпы жиынтық белгілі бір түрлік белгі бойынша топтарға жіктеледі. Көбінесе адамдардың жеке белгілері бойынша жүргізеді, мысалы жасы, қызметі, болжамды қауіп факторының әсер етуі, сырқат, т.б. ары қарай кездейсоқ немесе механикалық әдіспен бір топтан қажетті бақылау бірліктерінің саны таңдап алынады. Іріктеме көлемі алдын ала анықталуы керек, ал іріктеме көлемінің қатынасы (мысалы, жасы бойынша) жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келу керек. Бұндай іріктеуді кейде таразыланған түрлік іріктеме деп те атайды. Бұл әдіс көбінесе бақылаулы аналитикалық зерттеулерде қолданылады.

Сериялық (ұялық) іріктеу

Сериялық (ұялық) іріктеу түрлік іріктеуге ұқсас. Айырмашылығы, сериялық іріктемеде жалпы жиынтықтан кездейсоқ әдіспен бақылау бірліктері емес, толық топтар таңдап алынады да оларды «ұялар» деп атайды. Жеке мекемелер, цехтар, дәрігерлік аймақтар, палаталар, т.б. «ұя» бола алады. Кейін әрбір «ұяда» барлық бақылау бірліктері зерттеледі.

Бағытталған іріктеу әдісі

Бағытталған іріктеу әдісін алдын ала болжамдау керек, жалпы жиынтықты анықтау кезеңінде аналитикалық зерттеуден кейбір факторларды алып тастау керек, олардың әсері жақсы белгілі болса. Мысалы, темекі шегудің әсері өкпе обырына әкелетіні жақсы мәлім, алайда жалғыз фактор емес. Сондықтан зерттеушілер өкпе обырына әкелетін басқа да факторларды анықтауға бел буса, зерттеуге темекі шегетін адамдарды алмау керек.

Таңдамалы зерттеудің жалпылама зерттеуден артықшылығы – дұрыс ұйымдасқан жағдайда түзу мәліметтерді көп күш, қаржы және уақыт жұмсамай-ақ алуға болады. Таңдамалы зерттеуді кішігірім көлемде жүргізген кезде шынайы ақпарат алуға және кейбір кемшіліктерді азайтуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар объективті себептер бойынша көптеген зерттеулерде аралас таңдаулар жүргізіледі, олардың қауымдастыққа қатысты көрнекілігі жеткіліксіз, демек бұндай зерттеулердің нәтижелерін бағалаған кезде назар аудару керек.