Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 770

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эпидемологиялық зерттеу дизайнын анықтайтын кейбір терминдердің сипаттамасы
Сипаттамалы зерттеу сипатты эпидемиологиялық мәліметтер алуды, яғни аурушаңдық көріністері туралы мәліметтерді қарастырады. Бұндай зерттеу жеке басты болуы мүмкін, алайда эпидемиологиялық зерттеуден алынған сипаттамалар, басқа зерттеушілерді қызықтырып, аурушаңдықтың бұндай көріністерін түсіндіруге итермелейді. Сондықтан сипаттамалы зерттеу, әдетте, толық аналитикалық бөлімі бар эпидемиологиялық зерттеудің алғашқы қадамы болып табылады.

Аналитикалық зерттеу аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтауға арналған. Ізденіс үдерісі болжамды себеп пен салдар арасындағы байланысты анықтайтын жалпы ғылыми екі әдіске сәйкес келеді. Бірінші әдіс – салдардан себебіне. Оны қолданған кезде, болған салдардан (мысалы, аурудан) өткенде болған жағдайларды табуға тырысып, осы салдардың себебі ретінде қарастырады. Басқа әдіс – себептен салдарға. Болжамды себептің әсеріне бағыт алып, осы себепке шартталған салдарды күтеді.
Аналитикалық зерттеулер
Медицинада аналитикалық зерттеулер әр түрлі этиологиялық аурулардың пайда болу мен таралу себептерінің сандық бағасын анықтау үшін қажет. Бұл зерттеулердің нәтижелерін ауруға немесе тағы басқа ақыр соңына әкелетін факторлардың әсер ету дәрежесін төмендетуге немесе жоққа шығаруға бағытталған алдын-алу шараларын өндеу кезінде қолданылады.

Аналитикалық зерттеулер көптеген аурулардың дамуындағы басты қауіп факторларын анықтап, қазіргі кездегі медициналық ғылым мен тәжірибенің дамуына едәуір үлесін қосты. Мысалға, өкпе обыры мен шылым шегу арасындағы байланыс, гипертониясы бар науқастарда бас миының инсульті кездесуінің едәуір көрсеткіші, қызамықпен ауыратын жүктілер мен жаңа туған балалардағы туа біткен ақаулар арасындағы тікелей байланыс, артериялық гипертензия, темекі шегу, қандағы холестериннің жоғары құрамы және жүректің ишемиялық ауруы арасындағы себептік байланыс және тағы басқа анықталған болатын. Аналитикалық зерттеулер өткізілуінің басты шарты – аурулардың пайда болуы мен таралу үрдістерінің табиғи ағымына араласпау (тәжірибелік зерттеулерден ерекшелігі) болып табылатын бақыланатын зерттеулер тобына кіреді (3- сурет).



Сипаттаушы зерттеулер





Бақыланатын зерттеулер



Аналитикалық зерттеулер


Когортты зерттеулер




Жағдай-бақылау зерттеуі



Көлденең (бірмезгілдік зерттеулер)


Ретроспективті эпидемиологиялық талдау





Экологиялық зерттеулер


3- сурет. Бақыланатын аналитикалық зерттеулер.
Іздеу себептеріне сәйкес аналитикалық зерттеудің екі түрі жасалған: жағдай-бақылау және когортты зерттеу.

Жағдай-бақылау зерттеуі — аналитикалық ретроспективті зерттеу, оның мақсаты зерттелетін аурудың қауіп факторларын анықтау. Негізгі топты зерттелетін аурумен сырқаттанатын науқастардан алады, бақылау топты бұл аурумен ауырмайтын адамдар құрайды. Қарастырылатын қауіп факторларының әсер ету жағдайлары адамдарды салыстырмалы топтарда, туысқандарынан сұрастыру арқылы, мұрағат мәліметтері бойынша алынады. Жеке факторлардың кездесу жиілігін негізгі және бақылау топтары арасында салыстыру – мүмкіндік қатынасының көрсеткішін (OR) есептеуге жағдай жасайды, оның өлшемі бойынша себеп-салдарлық байланыс бағаланады.

Бақылау зерттеуі табиғи үрдісте аурудың пайда болуы мен таралуына араласуды қарастырмайды.Оларға сонымен қатар кірістіру міндетті болған тәжірибелер кезіндегі жағдайлар да жатады. Мысалы, иммунды профилактикамен басқарылатын инфекциялық аурушаңдықты байырғы әдіспен зерттеу.

Тәжірибелік зерттеу кезінде керісінше, себептерін анықтау мақсатымен аурудың табиғи дамуына бақыланатын және қайта тудыратын кірістірулер қарастырылады. Бұл жағдайда эпидемиологиялық зерттеу басқа кез келген тәжірибеге жүктелетін жалпы ғылыми талаптарға жауап беру керек. Осыған байланысты, кейбір зерттеушілер қолданатын «табиғи», «бақылаусыз эпидемиологиялық зерттеу» терминдері дұрыс емес. Себебі, тәжірибе нәтижесінде «тәжірибеде сипатталғандай, неге олай болды» деген сұрақтарға жауап беру керек, өйткені кез келген тәжірибелік зерттеу аналитикалық болып келеді.



Ғылыми (арнайы) зерттеу жаңа мәліметтерді алу (қол қою) үшін ұйымдасады.

Байырғы қызметтік міндеттерге сәйкес келетін кез келген эпидемиологиялық зерттеу.Олжаңа ғылыми мәліметтер алуға негізделмеген, керісінше,байырғы зерттеу аурудың қазіргі уақытта ғылымға белгілі пайда болу себептері мен таралуын қарастырады. Әдеттегі мысал – инфекциялық аурудың жайылуын зерттеу, бұндай жайылудың мүмкін болатын себептері ғылымға баяғыдан белгілі себептерге негізделеді.

Ретроспективті зерттеу өткен шақтағы болған ауру туралы мәліметтер қарастырылып, себеп-салдарлық байланыстың бірінші әдісі қолданылады, яғни, салдардан себебіне. Мәліметтердің негізгі көзі тіркеу құжаттары мен науқастардың есепке алынуы. Ретроспективті зерттеу сипаттамалы әрі аналитикалық болуы мүмкін.

Проспективті зерттеу тәжірибе басында болмаған, жаңа ауру жағдайлары жайында мәліметтерді қарастырады, бұнда себеп-салдарлық байланыстың екінші әдісі қолданылады – себептен салдарға. Бұл зерттеуде жұртшылық топтарының арасындағы қауіп факторының әсері (себеп) нақтыланған, аурудың (себеп) жаңа жағдайларының пайда болу мүмкіншіліктеріне негізделеді. Проспективті зерттеу тек аналитикалық болып келеді.

Бірсәтті (көлденең) зерттеу сипаттамалы әрі аналитикалық бола алады. Сондықтан әртүрлі эпидемиологиялық баспаларда бұл әдісті кейде сипаттамалы, кейде аналитикалық зерттеулерге жатқызады. Екі жағдайда да зерттеудің негізгі мақсаты – белгілі бір уақыт арасындағы қандай да бір аурудың жұртшылық арасындағы аурушаңдығы туралы мәлімет алу, қажет болса, бұл зерттеулер қайталанады. Бірсәтті зерттеу осы уақыттағы аурудың барлық жағдайларын анықтауды қарастырғандықтан, оны сонымен қатар таралуды (зақымдалуды) зерттейтін деп те атайды.

Егер анықталған жағдайлар қандай да бір қауіп факторларының әсерімен байланысты болса, онда зерттеу аналитикалық болады.

Динамикалық (бойлық) зерттеу тек бір жұртшылық арасындағы аурушаңдық туралы мәліметтерді жүйелі түрде қарастырады. Зерттеу үзіліссіз болуы мүмкін немесе қысқа уақыт аралықтарында қайталанып тұрады. Әдеттегі мысалы – санитарлы-эпидемиологиялық бақылау орталықтары мамандарымен жүргізілетін, жұртшылық аурушаңдығының байырғы оперативті және ретроспективті саралануы болып табылады.

«Клиникалық» ұғымы эпидемиологиялық зерттеу жүргізілген орынға байланысты болғанымен, оны тек клиникада жүргізілетін тәжірибелерді (емдік заттардың тиімділігі бағалау, диагностикалық әдістерді, науқастарды емдеу сызбаларын анықтау) белгілеу үшін қолданады.Бұндай зерттеулер рандомизацияланған когортты зерттеулер деп аталады.


Алаңды зерттеу емдік-профилактикалық мекемеден тыс жүргізілетн зерттеуді атайды. Оның масштабы әртүрлі, кішігірім жайылымнан жалпы халықтық зерттеуге дейін.

Зерттеуді ұйымдастыру — қойылған мақсатқа жеткізетін, әртүрлі іс-әрекеттердің бірлескен, реттелген, өзара байланысқан жиынтығы. Бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • дайындық кезеңі;

  • ақпарат жинау және алғашқы статистикалық өңдеу;

  • алынған ақпараттың статистикалық және логикалық саралануы;

  • нәтиже шығару (қорытынды кезең).

Дайындық кезеңіне кіреді:

  • зерттеуді жүргізудің маңыздылығын (қажеттілігін) негіздеу ;

  • соңғы және аралық мақсаттарды құрастыру ;

  • жұмыс гипотезасын құрастыру ;

  • зерттеу нысаны мен бірліктерін таңдау;

  • бағдарлама құру;

  • жоспар құру;

  • пилотты зерттеуді жүргізу.

Зерттеу бағдарламасына мәлімет жинау бағдарламасы, мәліметтерді топтастыру бағдарламасы кіреді. Мәлімет жинау бағдарламасы – бұл бар немесе арнайы құрастырылған тіркеу құжаты, онда зерттеудің аралық немесе соңғы мақсаттарын орындауға қажетті есептік белгілер санағы бар. Есептік белгілер келесі кезеңдерде топтастыру үшін қолданылады. Есептік (топтастырулық) белгілердің бірнеше жіктелуі бар.

Негізгі эпидемиологиялық жіктеу негізделген:

  • диагнозға;

  • уақыт белгілеріне;

  • орын белгілеріне (территорияға);

  • «тұлға» (жеке) белгілеріне.

Осындай белгілер арқылы науқастардың да, сау адамдардың да әртүрлі топтастырылуларын жүргізуге болады. Көрсетілген жіктеуден басқа факторлық және нәтижелік белгілер болады. Факторлық белгілер деп осының әсерінен адамның денсаулық жағдайында өзгеріс болатын белгілерді атайды. Нәтижелі белгілер – адам денсаулығын бағалаудың әртүрлі әдістері, оған нәтиже анализі мен қойылған диагноз да кіреді.

Әр тіркеу құжатында есептік белгілерден басқа «құжаттық» бөлімі болады. Онда көрсетіледі:

  • тіркеу құжатының нөмірі (бақылау бірліктері);

  • толтыру күні;

  • сақтандыру полисінің нөмірі;

  • жеке куәлігі;

  • науқас тегі (сау);

  • жасы және басқа да зерттеуге қажет мәліметтер.


Тіркеу құжаты толтырушы қолымен аяқталады.

Эпидемиологиялық зерттеудің қорытынды кезеңіне алынған мәліметтің ары қарайғы статистикалық және логикалық өңдеуі, алынған эпидемиологиялық мәліметтердің ұйымдасуы және зерттеу сипаттамасы, нәтижелерді құрастыру (қорытынды) кіреді.

Ары қарай жинақтап топтастырғаннан кейін, мәліметтердің статистикалық өңдеуі әртүрлі болуы мүмкін және әртүрлі статистикалық әдістер енуі мүмкін. Бұл әдістер аурудың дамуы мен құрылымын жан-жақты әрі нақты сипаттауға мүмкіндік береді, сонымен қатар болжамды қауіп факторы мен аурудың арасындағы себеп-салдарлық байланыстын өлшеу (анықтау емес!) статистикалық мәліметтердің әртүрлілігіне қарамастан, нақты әдісті таңдау қатаң түрде статистикалық және логикалық негізделген болу керек. Бұл ережелердің бұзылуы бірден-бір нәтиже қателіктеріне әкеледі.

Жинақталған ақпаратты қарастыру үшін және зерттеу нәтижелерін көрсету үшін эпидемиологиялық ұйымдасудың маңызы зор, яғни, олардың кескінді және кестелік көрінісі. Қорытынды кезең барысында жаңа кестелер құралады, оларда салыстырылатын өлшемдердің айырмашылықтарының статистикалық бағалану нәтижелері көрсетіледі.

Зерттеу сипаттау (есеп) барлық жұмыс барысының нақты бейнесін түсіндіреді.

Нәтиже шығару (қорытынды) жинақталған мәліметтердің статистикалық және логикалық қарастыру нәтижелеріне негізделеді.

Жағдай-бақылау зерттеуі
Жағдай-бақылау зерттеуінің мақсаты — аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтау. Жағдай-бақылау зерттеуіндегі себеп-салдарлық байланыс аурудың әртүрлі жиілігіне емес, негізгі және бақылау топтарындағы болжамды қауіп факторының әртүрлі таралуына (кездесуіне) негізделеді.

Жағдай-бақылау зерттеуінде себеп-салдарлық байланысты іздеу салдардан себебіне қарай бағытталады (сурет 4).

Жағдай-бақылау зерттеуі










Себеп

Салдар




4- сурет. Жағдай-бақылау зерттеуіндегі себеп-салдарлық байланыстың іздеу бағыты.

Жағдай-бақылау зерттеуі ретроспективті ғана болуы мүмкін, себебі, мұрағаттық мәліметтерге негізделген. Мәлімет көзі медициналық мекемелердің мұрағатындағы ауру тарихтары, науқастардың немесе олардың туыстарының еске алулары сұхбаттасу шеңберіндегі немесе анкета нәтижелері болып табылады.