Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 772
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл зерттеу түрі болжамды қауіп факторы мен нақты ауру арасындағы себеп-салдарлық байланысты алдын ала қарастыру ретінде де жүргізуге болады.
Жағдай-бақылау зерттеуін жүргізу кезеңдері. Жағдай-бақылау зерттеуі (5 сурет) когортты зерттеу сияқты жалпы жиынтықты анықтаудан басталады, яғни, зерттеу жүргізілетін қауымдастыққа қатысты. Зерттеудің дайындық кезеңінде бекітілген енгізу және шығару талаптары есепке алынады. Бұнда жыныс, жас, ұлт, жұмыс орны, зиянды әдеттері, т.б. жеке тұлғалық сипаттамалар да есепке алынады. Зерттелетін топтың тұратын жері мен қауіп факторының әсер ету мерзімі де маңызды.
Кейін іріктеме жасауды бастайды. Жағдай-бақылау зерттеуінде белгілі бір патологиялық жағдайы бар қатысушыларды жинайды.
5- сурет. Жағдай-бақылау зерттеуінің іріктеме алгоритмі
Берілген тұлғалар негізгі топта болады. Бақылау тобына зерттелудегі ауруы жоқ, салыстырмалы дені сау қатысушылар жатады. Нәтижесінде зерттеудің бір жартысы науқастардан тұрса, екінші жартысы салыстырмалы дені сау қатысушылардан тұрады.
Негізгі және бақылау топтарын құрастыру әдістерінің бірі – жұптарды таңдау әдісі. Бұл әдісте негізгі топтағы қатысушыға бақылау тобынан жеке тұлғалық таңдау жасалады: олардың антропометриялық, жыныстық, әлеуметтік, этникалық және т.б. айырмашылықты белгілерін есепке алу арқылы. Нәтижесінде зерттеушілер салыстыратын шамамен бірдей топтарды алады, тек бір айырмашылығымен: зерттелудегі ауру бар немесе жоқ.
Зерттеудің келесі кезеңі — негізгі және бақылау тобындағы болжамды қауіп факторының әсерінде болған және болмағандарды анықтау.
Кейін негізгі және бақылау тобында болжамды қауіп тобының әсері бар немесе жоқ туралы мәліметтерді түйіндестіру кестесіне (төрталаңды кесте) енгізеді (5 кесте) негізгі және бақылау топтарын топастыларына жіктеу кезеңін (a F+, b F-, с F+ и d F-) мұрағаттық мәліметтерді қарастыру барысында анықталған қанша қауіп факторлары бар, сонша рет қайталауға болады.
Кестелерді құрастыру ережесі бойынша кесте жолдарында топтарды көрсетеді: негізгі – зерттелудегі ауруы барлар, бақылауда – салыстырмалы дені саулар. Бағандарға топтардағы қатысушылардың салыстыруы жүргізілетін талаптар енгізіледі (қауіп факторының әсері бар немесе жоқ)
Қорытынды кезең — алынған мәліметтердің статистикалық және логикалық өңдеуі және қорытынды шығару.
Жағдай-бақылау зерттеуіндегі статистикалық өңдеуі.
5- кесте. Жағдай-бақылау зерттеуі үшін төрт алаңды кестенің сызбасы
Топтар | Анамнезде қауіп бар анамнезе | Барлығы | |
| бар | жоқ | |
Зерттелінудегі сырқатпен ауыратын науқастар | а | Ь | a+b |
Сау немесе басқа сырқатпен ауыратындар | с | d | c+d |
Барлығы | а+с | b+d | a+b+c+d=N |
Жағдай-бақылау зерттеуінде қақтығыс пен салыстырмалы қауіп көрсеткіштерін есептеу мүмкін емес болғандықтан, жағдай-бақылау зерттеуіндегі себептік бірлестік айқындылығын салыстыру топтарындағы қауіп факторының әсер ету (кездесу жиілігі) жиілігінің айырмашылықтарымен анықтайды.
Бұл топтардағы әсер ету (кездесу) жиілігін когортты зерттеулердегі абсолютті қауіпті есептейтін формула бойынша есептейді, яғни негізгі топ (жағдай) үшін а/ (а+b), бақылау тобы үшін c/(c+d). Есептелген әсер ету жиілігі зерттелудегі фактрдың салыстырмалы топтарға мүмкін әсерінің мәнін көрсетеді. Ары қарай мүмкіндік қатынасы есептеледі.
Қысқартылған мүмкіндік қатынасын есептеу формуласы:
Алайда когортты зерттеулерден алынған мүмкіндік қатынасының көрсеткіші мен жағдай-бақылау зерттеуінен алынған көрсеткіштерден өзгеше болып келеді. Когортты зерттеулерде қауіп факторы болса немесе болмаса ауруға шалдығу мүмкіндігінің қатынасы есептелсе, жағдай-бақылау зерттеуінде науқастар мен сау адамдарда болжамды қауіп факторын кездестіруге мүмкіндік қатынасын есептейді
.
Жағдай-бақылау зерттеулерінде себептік бөлшектің көрсеткішін есептеуге болады:
Бұл жағдайда көрсеткіш осы ауруға әкелетін қауіп факторының әсер ету жағдайларының санының үлестік салмағын көрсетеді.
Зерттеу нәтижелерінің айырмашылық дәлелділігін бағалау когортты зерттеулерде қолданылатын критерийлер арқылы жүргізіледі: сенім интервалдарын Пирсон критерийі (хи-квадрат) немесе нақты Фишер критерийі арқылы есептейді.
Жағдай-бақылау зерттеулерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Жағдай-бақылау зерттеуінің оң қыры — зерттелудегі аурудың таралуына байланыссыз жүргізуге мүмкіндік. Науқастардың (тіпті ең сирек кездесетін аурулармен) негізгі тобын құруға, оларға бақылау тобын таңдап алуға, оларды сұрастырып, бағыттаушы нәтижелер шығаруға салыстырмалы түрде аздау уақыт, күш және қаржыны қажет. Когортты зерттеуде бұндай ауруларды қарастырған кезде жүз мыңдай адам қажет болып, оларды ұзақ уақыт бойы бақылауға тура келер еді. Бұл өз кезекпен уақыттай, қаржылай әрі моральді төзімділікті қажет етер еді.
Жағдай-бақылау зерттеуінің ұзақтығы салыстырмалы қысқа. Зерттеу ұзақтығы зерттеуге қатысатын адамдардың өнімділігіне тәуелді. Нәтижелер алу үшін, когортты зерттеудегідей, ауру дамуының латентті кезңінен асатын уақыт ағымын қажет емес.
Бір аурудың бірнеше қауіп факторларын анықтау әдісі бар.
Жағдай-бақылау зерттеуі үшін салыстырмалы аз көлемде қаржы қажет. Бұл егер зерттеуші экономикалық жағынан қиналса, еліктіреді, әрине. Алайда, ұмытпай айту керек, әр зерттеудің өзіндік көрсеткіштері мен шектеулері бар.
Жағдай-бақылау зерттеуінде аурудың сирек кездесетін себептерін анықтау мүмкін емес. Бұндай жағдайларда аз мәліметтер салыстыру топтарындағы қаіп факторларының кездесу жиілігінің айырмашылықтарының дәлелділігін бағалауға, демек, себеп-салдарлық байланыстың болған, болмағандығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл зерттеудің тағы бір кемшілігі — болжамды себептен болған аурудың (өлімнің) туындау қаупін сандық жағынан бағалау мүмкін емес. Зерттеуде «мүмкіндік қатынасын» ғана сандық жағынан анықтауға болады. Нәтижесінде зерттеуші жүйелі қателіктерге жоғары тап болғандықтан, қорытындылардың төмен дәлелділігін алады.
Көлденең зерттеулер (таралу зерттеуі, бірсәтті зерттеу)
Көлденең (бірсәтті) зерттеу мақсаты – ауру (немесе ағзаның басқа жағдайлары) мен белгілі қауымдастықта нақты уақытта бар, адамдарға жағымжы әрі жағымсыз әсер көрсеткен факторлардың өзара байланысын сипаттау. Бірсәтті зерттеулер денсаулық сақтау жүйесінде нақты шешім қабылдауға көмектесетін негізгі зерттеу болып табылады. Ол кішігірім адам топтарын зерттеу арқылы жеке контингенттердің денсаулық жағдайы жайында әрдайым жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік беруімен байланысты.
Бұл зерттеу белгілі бір уақытта жүргізеді, алайда жинақталған мәліметтер өтіп кеткен жағдайлармен байланысты болу керек (мысалы, соңғы 6 жылда артериялық қысымды қаншалықты өлшенгедігі жайында науқастардың амбулаторлы карталарын қарастыру) көлденең зерттеу шеңберінде ауру жағдайларының таралуы мен қауіп факторының таралуы, сонымен қатар олардың өзара байланысы бағаланады.
6 - сурет. Аналитикалық зерттеудің салыстырмалы сипаттамасы
Сурет 6-да жағдай-бақылау, когортты және көлденең жүргізілген зерттеулердің салыстырмалы сипаттамалары көрсетілген. Жағдай-бақылау және когортты зерттеулерге (бойлық зерттеулер) қарағанда, көлденең жүргізілген зерттеу – уақыт осіне (қауіп факторы мен ауруды бір мезгілде талдайды ) қатысты көлденең болады.
Көлденең зерттеу кезеңдері
-
Жалпы жиынтықтан енгізу және шығару белгілерін есепке ала отыра іріктеме (когорта) жүргізу (7 - сурет). Іріктеме сапалы және сандық жағынан репрезентативті көрнекі болуы керек. -
Қауіп пен аурудың таралуы жөнінде мәлімет жинау. Зерттеудің әр қатысушысы физикалық қарау, зертханалық тестілер және қажетінше кейбір қызметтік зерттеулерден өтеді. Қауіп факторының әсері туралы зерттеушілер көп жағдайда, науқастардан біледі, олардың есте сақтау қабілеті мен ақпараттылығына сүйене отырып анамнез жинайды, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайы туралы, тұқым қуалаушылық, т.б. мәліметтер алынады. -
Соның нәтижесінде бір мезеттік зертеуде қатысушылардан іріктеменің (когорта) төрт тобы құрастырылады:
7- сурет. Көлденең зерттеулер жүргізу алгоритмі
-
Зерттелудегі фактор әсер ететін науқастар; -
Болжамды фактор әсер етпейтін науқастар; -
Зерттелудегі фактор әсері анықталған сау адамдар тобы; -
Зерттелудегі фактор әсері анықталмаған сау адамдар тобы.
-
Аурудың клиникалық бейнесін сипаттау және болжамды қауіп факторы әсер еткен жағдайларды анықтау. -
Қауіп факторлары жайында және аурулар туралы және олардың өзара байланысы жайында гипотезаларды құрастыру. -
Көрсеткіштерді есептеу.