Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 364

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай  ілгерілей аламыз.

Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға жол бермейтін әдістемелерді пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Тәжірибе корсеткендей, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады.


  1. Информатикадағы теория мен практика.

Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады. Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса қажетті іс.

Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде, меңгерген білімді өмірде қолдануда информатика пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындауда, кітапхана, мектеп құжаттары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.

Информатика пәнін оқып-үйренуде теорияның ғылыми категориялары мен практикалық байланысының мәні өте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияны тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп, нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.


Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан-жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелермен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.

Кері байланыс орнату тәсілдері. Бақылау.

Бақылау – оқыту процесінің нәтижесін анықтау мақсатында оқу процесіндегі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын әрекет тәсілі. Дидактикада бақылау әдістерінің бірнеше түрі қолданылады. Олар ауызша, жазбаша, тест түрінде болуы мүмкін. Бақылау мақсатына қарай ағымдық, аралық, қорытынды болып бөлінеді.

Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі – компьютерлік бақылау. Бақылау компьютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс. Бұл әдіс зерттеу объектісіне байланысты информация алудың ең маңызды әдістерінің бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.

Компьютер әлемін зерттеу барлық басқа ғылымдар секілді объектілерді танып білу, оларды бақылау мен сипаттау жұмыстарынан бастау алады. Жалпы жағдайда, оқушылар үшін бақылау мұғалім тарапынан, жолдастары тарапынан, компьютер тарапынан және өзін-өзі сынау арқылы жүгізілуі мүмкін.

Информатика сабағында оқушылар компьютерде қандай да бір жұмыс нәтижесін көрсетеді. Оның дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Қалай болғанымен де алынған нәтиже оқушыға өзіс-әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кейде, алынған нәтиже қате болған жағдайда «мен дұрыс орындадым, бірақ компьютер басқаша есептеді» – деген секілді оқушының өзіндік бағалауы информатикадағы бақылаудың ерекшелігін сипаттайды. Сонымен бірге, оқушылар бірін-бірі бақылау арқылы «басқаның» ойлау бағытын түсінуді үйренеді. Бұл кезде оқушы басқа адамдарға өзінің білгенін түсіндіреді, яғни білімін сөзбен жеткізіп, ойын жүйелі айтуға қалыптасады.

Компьютерлік бақылау барысында бұл жағдай басқаша сипатқа ие болады. Компьютерлік бақылау қателерді «ерекшелеп» көрсетіп, оған оқушының көңіл аударуын талап етеді. Бұл талап оқушының өзін-өзі бақылауына алып келеді және жоғары деңгейлі бақылау болып табылады. Әрқашан адам табиғатының өзіне-өзі сенуге бейім болатыны, өзін іштей жоғары бағалайтынын ескерсек, оның өзін-өзі бақылауы, өзбетінше ойлауы, өзіне сын көзбен қарай білуі оқушылардың информациялық мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.



Бақылау жұмысының қандай мақсатта алынатынын, яғни қорытынды нәтижені білу үшін немесе оқушылардың іс-әрекет тәсілін меңгеруін анықтау үшін жүргізілетінін ажыратып алу қажет. Мүмкіндігінше бақылау нәтижелерін тексеру, талдау жасау, тұжырымдау, қорытындысын оқушыларға жеткізуге, көңіл бөлу керек. Кейде нәтиже дұрыс алынғанымен, оған жету жолында артық іс-әрекеттер жасалған болуы ықтимал. Сондықтан, оқушының іс-әрекетін бақылай білу маңызды.

Оқытуды ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес бақылауды ауызша және жазбаша жүргізуге болады. Жазбаша жұмыс тиянақты әрекет жасауды қажет ететіндіктен, оның нәтижесіде сапалы болады. Шын мәнінде, компьютер экранында бейнеленген текст жазбаша тілдің бір көрінісі.

Оқыту процесінде мұғалім→оқушы тура және оқушы→мұғалім кері байланысы жылдам немесе баяу жүргізілуі мүмкін. Көбінесе жылдам байланыс тиімдірек болып есептеледі. Бірақ өте жылдам байланыс шығармашылықпен ойлауға бейімі бар оқушылардың ойлауына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жазылған алгоритмге өзгерістер енгізе білу тиімді, әрі тез әрекет. Себебі, енгізілген өзгерістер алгоритмнің орындалуын болжау, түсіну дәрежесін көрсетеді. Егер оқушы әрбір алгоритм қадамындағы нұсқауларға мән бермей жалпы текст жөнінде айтып, өзгеріс енгізілген алгоритмді ойша орындай алмаса, онда берілген тапсырманы қайта талдап, сонан соң жалпылау қажет. Керісінше, өзгеріс енгізілген алгоритмді компьютерде, нәтижелердің өзгеру себептерін түсіндіре отырып орындау, білімді сапалы игеруді қамтамасыз етеді. Оқушыларға өзгерістер енгізу барысында өте ұқыптылық керек екенін көрсеткен жөн. Өйткені, кейде кішкене өзгертудің өзі алгоритмнің мақсатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайларды мұғалім алдын-ала ескеріп отыруы тиіс.

Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;

• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;

• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі.

Кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.



  1. Проблемалап оқыту және интербелсенді әдістер.

Педагогика ғылымының дамуында «проблемалап оқыту» әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің басты мақсаты – информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

Проблемалап оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.

Мұндағы басты міндет – оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы жетілдіру және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажетті зейін-зердесін тәрбиелеу болып табылады.

Психологтар адамның ойлау операциясын екі түрге бөледі. Біріншісі - өмірдегі дайын өнімді игеру туралы ойлау операциясы. Мұны дайын өнімді көшірме меңгеру деп атайды. Жалпы алғанда, репродуктивтік оқыту әдісі дегеніміз осы. Екіншісі – шығармашылық ойлау операциясы. Мұндай ойлау операциясы адам баласының өз еңбегі арқылы қажетті өнімді өзі жасау үшін қолданылады.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.  Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын-ала дайындау.

2.  Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3.  Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.

4.  Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

5. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, тиісті әдебиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күйінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.

Проблемалап оқыту әдісінің дәстүрлі оқыту әдістерінен екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгіл бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.


Осы мәселелерге сүйене отырып проблемалап оқыту теориясының мынадай алғышарттарын жасауға болады:

– проблемалық ахуал – танымдық әрекет заңдылығы және оның құралы;

– оқыту процесінде шартты түрде себептік ахуалтуғыза отырып оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру;

– белсенді ойлауын дамыту.

Проблемалап оқыту әдісін барлық сабақтарда үнемі қолдану тиімді болмайды. Проблемалап оқыту әдісі мен дәстүрлі оқыту әдісі ұласқан жағдайда оқыту процесі ғылыми-әдістемелік негізде тиімді нәтижеге қол жеткізеді. Оқу материалдарында көрсетілген теориялық мәселелерден туындайтын жаңа пікірлерді немесе ерекше мәні бар ұғымдарды, есептерді оқушылардың өз беттерінше ойлау еркін тәрбиелей отырып, олардың білімге деген ынтасын, таным қабілетін, шығармашылық әрекетін қалыптастыру мен дамыту мақсаты қойылады.

Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады.

Проблемалық ахуал – оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады

Проблемалық ахуалды қамтитын есептерді шығару барысында оқушылар шығармашылық іс-әрекет танытады. Бірақ кез-келген есептің қойылымы проблемалық ахуал болып есептелмейді. Оқу материалы проблемалық болуы үшін келесі шарттар ескерілуі тиіс, яғни

– проблеманың түсініктілігі;

– оның танымдылығы;

– проблеманың мазмұны.

Проблемалық ахуал өзіне тән сипатқа ие және ол оқушыларды ұғымдарды өздігінен меңгеруге, анықтамасын түсінуге бағыттайды немесе белгісіздерді табуға жетелейді. Қойылған проблеманың теориялық мәні мен практикалық қолданыстарын көрсетуді мақсат етеді. Проблемалап оқыту әдісінің жалпы құрылымы кестеде көрсетілген.

Проблемалап оқыту әдісінің жалпы құрылымы

Р/с

Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Жүзеге асыру тәсілдері

Жетістігі

1

Өткен сабақтар бойынша пысықтау

Игерген білімді жүйелеп, оны практикада қолдана білу

Оқушыларға қысқа етіп жауап жаздыру немесе олардың пікірлесу арқылы білімін ауызша тексеру

Сынып оқушылары түгел дерлік өз білімдерін көрсетеді

2

Пысықтауды қорытындылау

Өтілген материалдардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу

Оқушылардың жеке жұмыстарына қысқаша шолу жасау

Оқушылар өз жұмысының нәтижесін көріп, келесі өтілетін тақырыпты қабылдауға ынталы болады.

3

Проблемалық жағдай туғызу

Оқушыларды ойлауға, ізденіскеынталандыру

Проблемалық мәселені баяндап беру

Оқушылардың сабаққа ынтасын арттырады.

4

Проблеманы шешу жолдарына болжам жасау

Бұрынғы білімдерін пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету

Оқушылармен эвристикалық (ойлап тапқыштық) бағытта әңгімелесу

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

5

Болжамды дәлелдеу

Алынған білімді бекіту және іскерлік қалыптастыру

Пікілесу, мысалдар келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу

Қойылған мәселеге сын көзқараспен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді.

6

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

Алынған білімді бекіту және іскерлік пен дағды қалыптастыру

Қателіктерді пысықтау, шешімді қорытындылау, тапсырмаларды орындау, есептер шығару

Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін орнықтырады