Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 369

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

Проблемалап оқыту әдісі ойлау операцияларын толық қамтиды, сонымен қатар оқушыларды шығармашылыққа баулуда жоғары нәтиже береді. Проблемалап оқыту әдісі дамытушылық сипатта болады, өйткені оқушы мәселені түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Бұл кезде олар білім мен іскерлікті өз беттерінше, танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді.

Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі – оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқыту әдістерін қолдануды педагогикалық қабілеттілік → проблемалап оқытудың теориясы → оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында көрсетуге болады

Интербелсенді әдістеме

- Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді жетістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады.

-  Интербелсенді оқу таным процесіннегізгі әрекеттістудент (студентцентристік), өздігімен атқаратын«білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты жетістіктер қолданылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».

Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары

Қағидалары

Мақсаттары

Орта

қалыптастыру

- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті  екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;

- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Бірлескен әрекеттер арқылы үйрету/үйрену

- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;

- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Өмірмен байланыстыру

- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу

- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау)

- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, өзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).


Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары

- таным ортасын құрастыру;

- әрекет арқылы үйрену/үйрету;

- өзінділік пен дербестікті қалыптастыру;

- өмірмен байланыстыру.

Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы:

- Интербелсенді әдістеме әрекет арқылы және әрекетпен үйретуге негізделеді: адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есте сақтап, игереді.

- «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций).

Интербелсенді оқудың әдістері:

- Интербелсенді лекциялар мен семинарлар; Пікірталастар; Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); Кейс-стади; Тренингтер; Оқытудың компьютерлік технологиялары.

Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер:

Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді:

- Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер,  Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.

Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері - жобалау; аннотациялау және рецензиялау; ғылыми жұмыстарға пікір жазу; әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру; ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру; портфолио құрастыру; кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу; идеялар аукционын өткізу; презентациялау; өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру; сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу; тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б.


  1. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары.

Соңғы кезде информатика пәнінің қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда. Осының  негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып-білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет.



12 жылдық білім беруге көшу жағдайында информатика пәнін бастауыш сыныптан енгізген білім стандарты бар. Онда былай делінген:

Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

-  ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

-  интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

-  оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.

Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы «Логика және алгоритм бағыты» және де «Компьютер және ақпараттық технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға орай қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:

-  компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

-  ойды логикалық түрде дамыту;

-  алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

-  компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі бейнелеу және математика пәндерімен сабақтастырылады.

Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнін бірнеше кезеңге бөліп оқыту жөн екенін дәлелдеп отыр.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат – психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.


Қазір еліміздегі жалпы білім беретін 155 мектептің бастауыш сыныптары сынақ-тәжірибеден өтуде. Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды. Қазақсатнның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады. 

 Мынадай жастық даму кезеңдері ғылыми негізделген:

- балалық кезең-6-10 жас;

- жасөспірімдік кезең-11-16 жас;

- бозбалалық кезең-17-18 жас.

Информатика кабинетін  жабдықтау және информатика

кабинетіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

 

Информатика пәнінің мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі бір қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді:

1.Ғылыми және практикалық факторлар. Информатика пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек;

2.Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының  шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы тиіс.

Информатика кабинеті – бұл компьютер кешенімен, интерактивті тақтамен, оқу-көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһазбен, ұйымдастырушылық техникамен жабдықталған, сонымен қатар, информатика курсы бойынша теориялық, практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге бағытталған оқу кабиенті.

Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға арналған:

- оқушылардың заманауи компьютердің құрылысы, қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру;

- компьютер көмегімен есептерді шешу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, бағдарламалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға пайдалану;

- оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалау-құрастыру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу үрдісінде және басқаруда қолданылуымен таныстыру;

- оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және оқыту әдістерін жетілдіру.

Информатика кабинетінде мына шараларды:

- информатика сабағын және жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;

- оқушылардың мұғалімдер немесе мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша мектептің және кәсіпорындар қорының мұқтаждығын қанағаттандыратын қолданбалы бағдарламалар құрастыруына;


- ЖАТҚ құралдарын пайдалану арқылы сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізуге болады.

Информатика кабинетінде өтетін сабақ табысты болуы үшін оқу-тәрбиелік үрдістің арнайы шарттарын құру қажет, олардың құрамына өзара байланысқан құрамдас компоненттер кіреді, атап айтқанда:

а) материалдық (сабақ өтетін орын; мұғалім мен оқушының жұмыс орны; оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың техникалық құралдары);

б) гигиеналық (санитариялық шарттар; температуралық, жарықтық және ауа режімі);

в) эстетикалық (кабинеттің безендірілуі);

г) эргономикалық;

д) қауіпсіздік техникасы.

Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы

Компьютерлік кабинеттерді жабдықтауда және қолданғанда бейнедисплейлік терминал (БДТ) және ДК-мен жұмыс істеу кезінде адамға қауіпті факторлардың қолайсыз әсер етуінен сақтап қалу үшін санитарлық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау өте маңызды болып табылады.

Балалар денсаулығына қатысты болғандықтан, БДТ және ДК-мен жұмыс істеудің зияндылығы өзекті мәселе болып табылады. Бірақ бұл мәселе мұғалімнің өзінің денсаулығы ғана емес, сонымен қатар, білім беру процесінде компьютер құралдарына қатысты қатысушылар үшін де маңызды.

Сондықтан мемлекеттік нормативтік акт талаптарын жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар, ғимараттың орналастырылуын және кабинетті жабдықтауды және оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру нұсқауларын қатал сақтауды, яғни онда жазылған барлық жағдайларды жан-жақты барынша сақтау керек. Осы құжаттың кейбір нұсқауларына көңіл аударып кетейік.

Санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер үшін дисплей сыныптарында және информатика кабинеттерінде жұмыс істеу ұзақтығы күніне 4 сағаттан аспауы керек, ал кабинеттерде БДТ және ДК-мен оқу процесіне қызмет көрсететін инженерлер үшін жұмыс ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күніндегі жүктемені азайту үшін жұмыста қосымша үзілістер беріледі.

БДТ-да оқушылардың үздіксіз жұмыс істеуі олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат етілген уақыттардан аспауы керек:

1) 1-сынып оқушылары үшін – 15 минут;

2) 2 - 3-сынып оқушылары үшін – 20 минут;

3) 4 - 5-сынып оқушылары үшін – 25 минут;

4) 6 – 8-сынып оқушылары үшін – 30 минут;

5) 9 – 11 (12)-сынып оқушылары үшін –35 минут.

БДТ мен ДК-да жұмыс жасағанда жоғарыда белгіленген жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар кешенін, ал әрбір сабақтан кейін үзілісте жалпы шаршаудан сақтану үшін физикалық жаттығуларды жасау керек.