Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 367
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
10-11 сынып оқушылары үшін БДТ жэне ДК қолдану сабақтарының саны аптасына 2-ден, ал басқа сыныптар үшін 1 сабақтан аспауы керек. БДТ және ДК қолданып үйірме сабақтарын өткізу аптасына екі реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:
- 1-5 сынып оқушылары үшін 60 минуттан аспауы керек;
- 6 және жоғары сынып оқушылары үшін 90 минуттан аспауы керек;
- санитарлық-гигиеналық талаптар факторы кабинетте оқу процесін ұйымдастыруға, информатикадан әрбір сабақ құрылымына қатаң шектеулер қояды, сондықтан ол жоспарлауда ескерілуі тиіс.
-
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі « іс-әрекеттері мен іс – шараларын » ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу — тәрбиелік іс – шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттарымен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжіибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптантыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
Баладан жағымды «Мен» — тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:
А) Өзіне басқа адамдардың жақсы көз қараста екендігіне сенімділігі;
Б) Өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
В) өзінің маңызды орын алатынын сезіну. Жағымды «Мен» — тұжарымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін қабыілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс — әрекетін бақылауын қалыптыстырады. Сонымен қатар әртүрлі жұмыстар баланың іс – тәжірибесімен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.
Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сынаптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметттерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің
( алкоголь,нашақорлық, тәртіп бұзушылық т.б.) көбеюімен көкейкесті болып тұр.
Әлемтанудағы адамгершілік эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
Танымдық қызығушылықтарды дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үлгісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің – мамандық таңдау мен еңбекке кәсіпке баулуды шешеді.
6.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайларды алдын алуда баланың бос уақытын педагогиканың ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртәбі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту оларды оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.
Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс – шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдеру мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білім көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Мұғалімнің міндеті — әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.
Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моралдық тұрғыдан жетілген жәіне жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.
Сыныптан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екені көрініп тұр. Осы айтылғандардың негізінде, алдымен сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру мәселесі қойылады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстардың мақсатын, міндетін және қызметін айқындап алу керек.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:
Оқушының өзіндік концепциясының қалыптасуы;
Ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптасыруға қолайлы жағдай жасау;
Оқушылардың қоғамдық қызмет түрлерімен танысып, оларды өз бетінше ұйымдастыруына ықпал ету;
Танымдық қызығушылығының артуы;
Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтайтын жалпы принциптер негізінде жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың принциптері:
Мақсатқа негізделген;
Сыныптан тыс жұмыстың өмірімен, еңбекпен және тәжірибемен байланыс принципі;
Оқу-тәрбие процесінің бірлігі мен тұтастық принципі;
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі;
Тәрбие процесіндегі белсенділік және өзіндік қызмет принципі;
Жас және жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру принципі.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны: баланың жеке тәжірибесінде бейімделген әлеуметтік тәжірибені, эмоциялық көңіл күйді сипаттайды және келесі факторлармен сипатталады.
Танымдық қызмет – оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған.
Бос уақытты қызықты өткізу қызметі – оқушылардың демалысы мен ұжым арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған.
Еңбек қызметі – түрі еңбек түрлерін ұйымдастыруға негізделген.
Шығармашылық қызмет – оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен пәнге бейімділігін нығайтуға арналған.
Сыныптан тыс іс – шаралардың кейбір түрлері:
Информатика кеші;
Информатика бойынша сұрақ-жауап;
Іскерлік ойындар, сынып сағаты;
Информатика бойынша пікірталас;
Жарыс, байқау, сайыс. Сөзжұмбақ.
Олимпиада. Информатика бойынша үйірме;
Көріністер;
Информатика бойынша факультатив сабақтар;
Мектеп басылымы;
Экскурсия.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі ұжымдық шығармашылық жұмыс. Ұжымдық шығармашылық жұмысты өткізудің кезеңдері:
І – кезең – мақсат қою. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай мақсат пен міндеттер қойылады.
ІІ – кезең – ұжымдық жоспарлау. Іс – шараның негізгі қызықты идеялары таңдалынып, оның өтілу түрі мен ұйымдастырылуы айқындалады.
ІІІ – кезең – ұйымдастыруға дайындық.
IV – кезең – жұмысты жүргізу. Жұмыс кеңесі эмоциялық қалып, қызығушылық атмосферасын шығармашылықты тудыруы үшін жағдай жасайды.
V – кезең – ұжымдық (жеке) талдау. Мұнда іс – шараның өтілу барысы мен сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.
VІ – кезең – ұжымдық шығармашылық жұмыстың нәтижелері. Педагог мақсатқа жету жолдарын, ұйымдастырылу мен өтілудің барлық кезеңдеріндегі өзіндік іс – қимылын, өзінің кейінгі әрекетін анықтап, баға береді.
Сабақтан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізетін жұмыс мысал бола алады.
Оқудан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруы, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының жеке дара аясы болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс іс-шаралардың кейбір түрлерін қарастырайық
Информатикадан факультативтік сабақтар мектепте негізінен сегіз сыныптан бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдту мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да), оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.
Информатикадан факультативтік сабактарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаға материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерін ойдағыдай өтуге септігін тигізеді.
Олимпиадалар. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешеннің (дәрістер, кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда көп пайда келтіріледі. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпида – оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.