Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 368
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: мектепшілік, аудандық, қалалық,
Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың білім сапаларын анықтауға мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт бреді. Бірақ олимпиадалар оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып табылмайтындығына, сондықтан тереңделіп дайындаудың негізгі түрі бола алмайтындығына назар аудару керек.
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірмен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысты көрнекті түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс-әрекетке ұмтылысты туындатады.
Үйірме – сыныптан тыс жұмысиардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделендіреді, бірақ үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дараландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алмады. Ең бастысы – үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.
Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.
Үйірме жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, нақты бір тақырып бойынша есептер мен жаттығулар іріктеуді, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан
үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.
Пәндік апталар, онкүндіктер, айлықтар пәнге қызықтыру мен пәнаралық байланыстарды орнату үшін өте маңызды. Оларды бір пән бойынша да, бір немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер (математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша әдебиет пен интернет компьютерлік желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы топтарын қамтиды және оағн әркім қатыса алады. Мүмкін тақырыптар: «Информатика және техникалық прогресс», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери техникада» және т.б. Таңдалынған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, программистерімен кездесу, орын алғандарды марапаттау конферециясымен аяқталатын викториналар, әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т.б. өткізіледі.
Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл күй көтерудің түрлерін мұқият ойластырады, кешке арналған материалдарды іріктейді.: қалжың есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар, маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.
Информатика пән бойынша викторина – бұл өзіндік ойын түрі. Викторинаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытты). Викторинаға арналған тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарда шешілетін типтік есептер викторина үшін қызықсыз. Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаға қалжың есептерді қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.
Сөзжұмбақтар. Практика мұғалім мен оқушылардың әріптестіктері мен шығармашылық бірлестіктері, өз бетімен білім алу мен өзін-өзі бақылау идеяларын жүзеге асыру оқушылардың танымдық белсенділігін оятып, нәтижелі оқытуға жетелейтіндігін көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыстың да, сабақта білімді тексерудің де қалыптан тыс түрлерінің бірі – сөзжұмбақтар құрастыру және оларды шешу. Сөзжұмбақтарды пайдалану,оларды құру мен шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз ойларын нақты, қисынды және қысқа түрде білдіруге үйретеді. Сөзжұмбақтар құру жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі онда көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады. Жұпты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға болады. Егер оны жарыс тұрғысында ұйымдастырса, онла ол ешкімді енжар қалдырмайды.
Сайыс – мақсаты оқушылардың ғылымның, өнердің, спорттың қандай да бір облысына қызығушылықтарын арттырып, үздіктерін анықтау болып табылатын ұжымаралық немесе жеке дара біріншілік жарыс. Бұл жұмыс жеке үлгі түрінде немесе мектеп мейрамының, кештің, үйірме жұмысының құрамдас бөлігі, тақырыптық және есеп берушілік түрінде бола алады. Сайыстарға орай оқушылардың компьютерлік шығармашалығы көрмелерін ұйымдастыруға болады.
Іскерлік ойындар – оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс — әрекетті мүмкіндігіншее толық сезінуді туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал-жабдықтық есептерді шешуге бағытталған: нақты іс-әрекет туғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинары түрінде өткізуге болады.
Информатика пәні бойынша диспут – бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы – бұл өтен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы материалды, анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалы дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кйеін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
Источник: https://www.tarbie.kz/25114
-
Сыни тұрғыдан ойлау туралы жалпы түсінік.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру.
СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстривті-түсіндірмелі, өз бетімен іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңнің мақсаты бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастыру.
-
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау
«Математика және информатика» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Математика» – 5, 6-сыныптар; «Алгебра» – 7-9-сыныптар; «Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9-сыныптар.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
«Информатика» оқу пәні 2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылады. 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады)»;
2) «Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
3) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»;
7) «Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»;
8) «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығынанықтау»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі сипаттамалары»;
2) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі»;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»;