Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 281
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры _______
«____»______________20 ж.
20 _______ 20_________ оқу жылында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының жоспары №
| Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі | Өткізу орны | Жауапты | Қорытынды түрі | | ||||||||
| I. Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету. | | ||||||||||||
1. | Сабаққа қатыспайтын, себепсіз босататын балалар мен жеткіншектерді табу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және сабақтан қалуға себеп болған жағдайцлар мен шарттарды жоюға шаралар қолдану. | Жыл бойы | Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | Директордың қатысуымен жиналыс | | |||||||||
2. | Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардағы балаларды анықтау және есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізу, осы отбасылармен алдын алу жұмыстарын үнемі ұйымдастырып тұру. | Тоқсан сайын | Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | Мәліметтер базасы | | |||||||||
3. | Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты ескерту бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру. | Үнемі | Әкімшілік, психологтер | Бұйрық | | |||||||||
4. | Балалар мен жеткіншектерді үйірмелерге, спорттық секцияларға, қосымша білім алуды ұйымдастыруға, спорттық және аула клубтарына қатыстыруға жұмылдыру, жұмыстарды ұйымдастыру | Жыл бойы | Әкімшілік, Сынып жетекшілері | Мәліметтер базасы, директордың қатысуымен жиналыс | | |||||||||
5. | Құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандарды бос уақытта іс-шараларға қамту бойынша мониторингті іске асыру | Тоқсан сайын | Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, | мониторинг | | |||||||||
6. | Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларындағы балалар мен жеткіншектердің және алдын алу есебінде тұрған оқушылардың жазғы мерзімдегі демалысын қамтамасыз ету | Маусым-тамыз | Әкімшілік, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | Директордың қатысуымен жиналыс, ББ ақпарат | ||||||||||
7. | Тұрғын үйге мұқтаж болған кәмелетке толмағандарға қатысты тұрғын үй туралы заңдылықтың орындалу барысына тексеріс жүргізу | Тоқсан сайын | Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | ББ ақпарат | ||||||||||
8. | Оқушылардың жеке қасиеттерін анықтау бойынша диагностикалық жұмыстарды өткізу | Жыл бойы | Психологтар | Директордың қатысуымен жиналыс | ||||||||||
II. Оқушыларының арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықты алдын-алу | | |||||||||||||
9. | Жоғары оқу орындары заң факультетінің оқытушыларын шақыру арқылы білім ұйымдарында құқықтық жаппай оқуды өткізу | Тоқсан сайын | Ақпараттық алдын алу топтарының (ИПГ) басшылары | ББ ақпарат | ||||||||||
10. | Аймақтық ІІБ қызметкерлерінің қатысуымен дәрістерді, алдын-алу әңгімелерін өткізулерді, консультацияларды, дөңгелек үстелдерді,жиналыстарды ұйымдастыру | Жыл бойы | Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары | ББ ақпарат | ||||||||||
11. | Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталған аймақтық ІІБ бірлескен жедел алдын алу кешенді іс-шараларын өткізу | Жыл бойы | Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, сынып жетекшілері, | ББ ақпарат | ||||||||||
| ІIІ. Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын-алу | | ||||||||||||
12. | Нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы бағытталған кең ауқымды акциялар өткізу | Жыл бойы | Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | ББ ақпарат | ||||||||||
13. | Ата-аналар жұртшылығын кең ауқымда жұмылдырумен бұқаралық-мәдениеттілік және спорттық іс-шаралар өткізу | Жыл бойы | Директордың Т/Ж бойынша орынбасары, сынып жетекшілері, дене шынықтыру ӘБ | ББ ақпарат | | |||||||||
14. | ІІБ Әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шараларды өткізу | Жыл бойы | Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы | ББ ақпарат | | |||||||||
15. | Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығымен, облыстық наркологиялық диспансерімен және басқа да мекемелермен нашақорлық және алкогольдік өнімдерді қолдануды алдын-алу бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу | Жыл бойы | Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, ме | | |
3 БӨЛІМ
Білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру Білім беру ұйымдарында оқушылар, ата-аналар және педагогтер арасында құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің 21.06.1995 жылғы №2347 «Қазақстан Республикасындағы құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру шаралары туралы» Қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Құқықтық жаппай оқудың мақсаты-оқушылар мен олардың ата-аналарының, мұғалімдердің жалпы құқықтық мәдениетін көтеру, саяси белсенділігін қалыптастыру. Барлық ұйымдастырылған сабақтар заманауый әдістемелік, интерактивтік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеке бостандық пен құқықтарды қорғаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға және адамдарда жағымды құқықтық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған болуы қажет.
Оқу жылының басында білім беру ұйымының директоры құқықтық оқуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындап, «Құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру» бұйрығын шығарады. Педагогтер, ата-аналар және оқушылар үшін сабақтар кестесі және оқу-тақырыптық жоспар жасалып, бекітіледі.
Оқу-тақырыптық жоспар тыңдаушылардың (ата-аналар, оқушылар, педагогтер) жас ерекшеліктеріне және кәсіби ерекшеліктеріне байланысты жеке тұлғалық принциптерді ескере отырып жасалынып, жоспарда өткізілетін уақыты, сабақтардың тақырыбы, сағат саны, өткізетін жауапты тұлғалар көрсетілуі керек. Жоспарда нақты қаралуға тиісті нормативтік-құқықтық актілер болуы қажет. Өйткені негізгі мақсат-құқықтық нормаларды түсіндіру, құқықтық насихаттау және құқықтық ақпарат беру.
Оқу үдерісінде көрнекі үгіттеу құралдары, стендтер, плакаттар және т.б. насихаттау құралы ретінде пайдаланылу керек. Сонымен бірге нормативтік- құқықтық базаның болуына, заңнамалық әдебиеттердің болуына және оның үнемі жаңартылып отыруына аса мән берілу қажет.
Сабақтарды өткізудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдану ұсынылады: дәрістер, семинарлар, олимпиадалар, тест жұмыстары, практикалық сабақтар, пікірталас, дөңгелек үстелдер және т.б. Педагогикалық кеңесте немесе директор жанындағы мәжілісте қарастырылады № хаттамасы___ «__» ____ 201_ ж. | Мектеп директорымен бекітіледі «____» ______20__ж |
Білім беру ұйымдарында жалпы құқықтық білім беру туралы
Ереже
I. Жалпы ерекшеліктері
1. Құқықтық жаппай оқу – бұл оқушыларды, педагогтерді, ата-аналарды құқықтық тәрбиелеу және құқықтық насихаттау жүйесі.
2. Осы Ереже білім ұйымдарында құқықтық жаппай оқытудың мақсаттарын, принциптерін және тәртібін өткізуді анықтайды.
3. Құқықтық жаппай оқудың мақсаты – оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың құқықтық мәдениетін өсіру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру.
4. Құқықтық жаппай оқу келесі міндеттерді шешеді:
1) құқықтық жаппай оқуды іске асыру, оқушылардың, педагогтердің, ата-анлардың құқықтық мәдениетін өсіру, заңнан хабардар болу және заң шығарушы актілерді, оларды бұзудағы жауапкершілік шараларын білу;
2) Оқушыларға, педагогтерге, ата-аналарға Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын, заңдарын, Министрліктің бұйрықтарын және басқа да құқықтық актілерді уақытылы жеткізу және түсіндіру.
5.Құқықтық жаппай оқудың негізгі принциптері:
-құқықтық білім алудағы жалпылық;
- жүйелілік;
-үздіксіздік;
-құқықтық білім алуға қызығушылық таныту және әкімшіліктің міндеттері;
-педагогикалық ұжымның құқықтық білім алуды іске асыруды қамтамасыз етуі;
-жекелілік (тыңдаушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып).
II. Құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру
1. Мектеп әкімшілігі жас ерекшеліктерді, категорияларды есепке ала отырып әдістемелік ұсыныстарды, тақырыптық оқу жоспарларын өңдеуді қамтамасыз етеді.
2. Құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру бойынша жұмысқа заң орындарының, мемлекеттік комитеттердің қызметкерлері тартылады.
3. Мектеп әкімшілігі заңдық тақырыптарға стендтерді безендіреді, 1-11 сыныптардың сынып жетекшілері арнайы құқықтық сынып бұрыштарын жасайды.
4. Құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыруын жалпы басшылыққа алу және қадағалау, әдістемелік басшылықты мектеп әкімшілігі іске асырады.
III. Құқықтық жаппай оқуды өткізудің тәртібі
1. Құқықтық жаппай оқу келесі топтар бойынша құқықтық оқытуды ескереді:
Бірінші топ –1-11 сынып оқушылары;
Екінші топ – ата-аналар. Тыңдаушылардың сабақтарға келу және қатысуларын қамтамасыз ету сынып жетекшілерге жүктеледі. Тақырыптық – оқу жоспарын жасау, өңдеу мектеп әкімшілігіне жүктеледі, тақырыптық сабақтарды өңдеу лекторлық топтың жетекшісіне (бұйрыққа сәйкес) жүктеледі.
Үшінші топ– педагогтер.
Тыңдаушылардың қатысуын қамтамасыз ету мектеп әкімшілігіне жүктеледі.
Тақырыптық-оқу жоспарын, тақырыптық сабақтарды жасау және өңдеу мектеп әкімшілігіне жүктеледі.
2. Оқушыларға арналған құқықтық жаппай оқу оқушылар үшін келесі жолмен іске асырылады:
1) сынып сағаттарын өткізу( айына 1 рет);
2) құқық пен заңды оқу бойынша дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
3) келіп түскен ұсыныстарға сәйкес басқа түрде.
3. Педагогтерге арналған құқықтық жаппай оқу келесі жолмен іске асырылады:
1) 1 тоқсанында 1 рет дәріс өткізу; 2) құқықтар мен заңдылықтар мәселелерін оқып білу бойынша дөңгелек үстелдерді өткізу;
3) қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді, ұсыныстарды, педагогикалық ұжымға жеткізу және жадынамаларды жасау;
4) Қазақстан Республикасы заңнамалық мәселелерін оқып білу, тәжірибеде қолдану бойынша әр педагогтің өз бетімен тұрақты жұмысы;
5) келіп түскен ұсыныстарға сәйкес басқа түрде.
4. Ата-аналарға арналған құқықтық жаппай оқу келесі жолмен іске асырылады:
1) ата-аналар жиналысында жылына 2 рет дәріс өткізу;
2) құқықтар мен заңдылық сұрақтары бойынша жеке кеңестер өткізу;
3) қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді, ұсыныстарды ата-аналар жұртшылығы назарына жеткізу, жадынамаларды жасау және өңдеу;
4) келіп түскен ұсыныстарға сәйкес басқа түрде.
IV. Құқықтық оқытуды ұйымдастыру құжаттары
4.1.Құқықтық жаппай оқудың барлық сабақтары хаттамаланады. Өткізілген шаралар мазмұны қысқаша түрде хаттамаға енгізілуі тиіс.
4.2. Оқушылар, педагогтер және ата-аналар үшін құқықтық оқыту бойынша хаттамаларға дәріс оқыған оқытушының қолы қойылады.
4.3.Ата-аналар, педагогтер үшін құқықтық оқытудың барлық хаттамалары мектептің әдістемелік кабинетінде сақталады және бұл құжаттар мектептің міндетті құжаттарына жатады, әрі істер номенклатурасына сәйкес нөмірленеді.
4.4.Оқушылар үшін құқықтық жаппай оқыту хаттамалары сынып жетекшілерінде сақталады, оқу жылының соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырылады.
4.5. Хаттамалар дәптері біріктіріліп байланады, нөмірленеді және білім беру ұйымы директорының қолымен бекітіледі.