Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 315
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығару көлемінің серпіні капитал көлеміне байланысты (капиталмен қарулану). Капитал көлемі инвестициялар мен істен шығудың әсерінен өзгереді. Инвестиция негізгі қормен қарулану мен қор жинау нормасына байланысты: i = sf (k). Қор жинау нормасы (норма накопления) k-ның кез-келген шамасында өнімнің инвестиция мен тұтынуға бөлінуін анықтайды. Егер капиталдың тозуының жылдық нормасын d деп белгілесек, онда тозудың мөлшері капиталдың көлеміне пропорциональды болады, яғни dk- ға тең.
Қор жинау нормасы негізгі қормен жабдықтаудың тұрақты деңгейіне әсер етеді. Жинақтың өсуі инвестицияны өсіреді. Жинақтың нормасы жоғары болған сайын, тұрақты тепе-теңдік жағдайындағы шығарылым деңгейі мен капитал қоры өседі. Экономика өзінің жаңа тұрақты тепе-теңдігіне келгенше қор жинаудың нормасының өсуі экономикалық өсуді жылдамдатады. Яғни тек қана қысқа мерзімде қор жинаудың нормасының өсуі экономикалық өсуді жылдамдатады. Сонымен, қор жинау мен жинақ нормасының өсуі тұрақты экономикалық өсудің механизмдерін түсіндіре алмайды. Олар, тек қана тепе-теңдіктің бір жағдайдан екінші жағдайға ауысуын ғана көрсетеді. Солоу моделінде жинақтың деңгейі тұрақты жағдайдағы экономикалық өсудің қарқынына әсер етпейді.
Капитал жинаудың қандай мөлшері оптималды деп есептелінеді? Тұтынудың ең жоғары деңгейіндегі тұрақты жағдайды қамтамасыз ететін капитал қорын Э.Фелпстің «алтын ережесі» дейді. Экономиканың көрсеткіштері капитал қорының «Алтын ереже» деңгейіне сәйкес келетінін анықтау үшін: біріншіден, тұрақты жағдайдағы бір жұмысшыға келетін тұтынуды анықтайды; екіншіден, қандай тұрақты жағдай ең жоғарғы тұтынуды қамтамасыз ететінін анықтайды.
Тұрақты жағдайдағы тұтыну – ол өнім көлемі мен тозған капиталдың айырмашылығы. Тұрақты жағдайда инвестиция тозған капиталға тең. Егер капиталмен жабдықтау «Алтын ереже» деңгейінен аз болса, онда капитал қорының өсуі өндірісті өсіреді. Өндірістің өсуі капиталдың тозуының өсу деңгейінен жоғары болады, бұл жағдайда тұтыну өседі. «Алтын ережеге» байланысты мынандай тұжырымдар жасалды:
-
Капитал көлемі «Алтын ережеден» асып кетсе, онда капиталмен жабдықтаудың ары қарай өсуі тұтынуды төмендетеді. Себебі өнім шығарудың өсуі тозған капиталдың өсімінен аз болады. -
Капиталмен жабдықтау «Алтын ереже» деңгейіне сәйкес келсе өндіріс функциясы мен капиталдың тозуын сипаттайтын сызықтың еңкіштіктері бірдей болады. Онда тұтыну ең жоғарғы деңгейге көтеріледі. -
Капиталмен жабдықтау «Алтын ереже» деңгейінен артық болса, онда капитал қорының тұрақты деңгейін қысқарту үшін, жинақ нормасын төмендетуге бағытталған саясат жүргізу қажет. -
Экономика капиталмен жабдықтау «Алтын ережеден» аз мөлшерде дамитын болса, онда жинақ нормасын өсіруге бағытталған саясат жүргізу қажет.
2. Халық санының өсу қарқыны (жұмыс күшінің өсу қарқыны). Экономикалық өсудің қарқыны мен жан басына шаққандағы табыстың көлеміне әсер ететін екінші фактор - ол халық санының өсу қарқыны (жұмыс күшінің өсу қарқыны). Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі делік, онда бір адамға келетін капитал қорының өзгерісін көрсететін теңдік былай сипатталады: ∆к = i – dk – nk немесе ∆к = i – (d + n) k немесе ∆к = sf (k) – (n + d) k. Бұл теңдік бір адамға келетін капиталдың өсуі (∆к) халықтың жан басына келетін жинақ (sq) минус (n + d) k екенін көрсетеді. Мұндағы nk – жаңа жұмысшылардың капиталмен жабдықталуы бұрынғы жұмысшылардың жабдықталу деңгейінде болу үшін, бір жұмысшығы келетін капитал қанша болуы керек, соны көрсетеді. dk – капиталдың тозу мөлшері (d – тозу нормасы). Осы теңдеуден мынандай тұжырымдар жасалады:
1) халықтың жан басына шаққандағы жинақтардың белгілі бір сомасы жаңадан жұмысқа қабылданған жұмысшыларды капиталмен k қамтамасыз ету үшін қолданылуы керек, бұл nk- ге тең;
2) халықтың жан басына шаққандағы жинақтардың белгілі бір сомасы ескірген капиталдың орнын толықтыру үшін қолданылуы керек, бұл dk - ге тең.
3) халықтың саны өскенде қормен жабдықтау (фондовооруженность) тұрақты болу үшін, капиталдың өсу қарқыны халықтың санының өсу қарқынындай болуы керек, яғни n-ге тең.
Сонымен, халықтың санының өсуі тепе-тең жағдайда тұрақты экономикалық өсудің бір себебі болады.
3. Технологиялық прогресс. Экономикалық өсудің үшінші факторы - технологиялық прогресс. Техникалық прогресс тұрақты жағдайдағы экономикалық өсудің алғы шарты. Технологиялық өзгерістер еңбекті үнемдейді деген жорамал жасаймыз. Технологиялық өзгерістерді ескере отырып, өндірістік функцияны былай көрсетеміз: Q = F ( K, T, L). Өндірістік функцияда технология үлесі өскен сайын еңбектің шығарылымға қосатын үлесі де өседі. Әрбір жұмысшының және әрбір жұмыс сағаттының нәтижесі өседі.
Егер технологиялық өзгерістер тұрақты g қарқынымен болса, яғни ∆T/Т = g, жұмысбастылардың саны n қарқынымен өседі. Осындай жағдайда еңбектің тиімділігінің өсу қарқыны n + g тең болады. Еңбектің тиімділігінің өсуі халықтың саны мен әрбір жұмысшының еңбегінің өнімділігінің өсуіне байланысты болады.
Сонымен, тұрақты жағдайда әрбір жұмысшыға келетін өндірістің өсу қарқыны тек қана технологиялық прогресстің жылдамдығына байланысты болады. Солоу моделі халықтың өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі тек қана технологиялық прогресске байланысты екенін дәлелдейді.
11.4 Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясат.
Макроэкономикалық саясат экономикалық өсудің типтеріне байланысты, оған әсер ететін факторлардың тиімділігін арттыруға бағытталуы қажет. Экстенсивті өсуді қамтамасыз ету үшін капитал мен еңбек шығындарының өсуін және табиғи ресурстардың санын қамтамасыз ету ғана емес, олардың сапасын, қолдану тиімділігін ынталандыратын саясат жүргізу керек. Экстенсивті өсуді ынталандыратын саясат экономикалық өсудің интенсивті түріне өтуге ықпал етеді.
Интенсивті өсудің қамтамасыз ету үшін макроэкономикалық саясат технологиялық прогрессті, өндіріс ауқымынан үнемдеу, жұмыскерлердің білімі және кәсіби деңгейлері, өндірісті басқару әдістерін жетілдіру, ресурстардың жылдам қозғалуы және оларды тиімді бөлу, заңдар мен заңнамаларды жетілдіру сияқты факторларды тиімді қолдануға бағытталады.
Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекет тарабынан ұлттық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған ынталандыратын бюджет-салық саясаты жүргізіледі. Инвестицияларды кеңінен тарту ғана емес, оларды тиімді және қажетті салаларда қолдануды бақылау экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары болуы кажет. Жұмыскерлер мен мамандардың білімі мен кәсіби деңгейлерін көтеру, өндірісті басқару әдістерін мен заңнамаларды жетілдіру, экологиялық проблемалар шешу де біздің елде маңызды мәселеге жатады.
Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің түпкі мақсаты - халықтың тұрмыс- жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру болғандықтан экономикалық өсуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық саясатта осы түпкі мақсатты көздеуі керек.
Негізгі ұғымдар:
Өндірістік функция.
Кобба-Дуглас функциясы.
Экономикалық өсу.
Интенсивті экономикалық өсу.
Экстенсивті экономикалық өсу.
Экономикалық өсудің Солоу моделі.
Солоу қалдығы.
Капитал қорын жинау.
Капитал қорымен жабдықтаудың тұрақты деңгейі.
Э.Фелпстің «алтын ережесі».
Халықтың өсу қарқыны.
Технологиялық прогресс.
12 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
12.1 Төлем балансының құрылымы: сауда балансы, ағымды операциялар балансы, капитал қозғалысының балансы.
12.2 Валюта нарығы: тұрақты және қалқымалы валюта бағамының жүйелері.
12.3 Номиналды және нақты валюта бағамы.
12.4 Төлем балансының тапшылығы және оны реттеу әдістері.
12.1 Төлем балансының құрылымы: сауда балансы, ағымды операциялар балансы, капитал қозғалысының балансы.
Елдің төлем балансы - Ұлттық шоттар жүйесінің бір бөлігі, белгілі бір уақыт аралығында ел резиденттерінің сыртқы сауда операциялары туралы жалпыланған ақпаратты қамтиды. Төлем балансы деп белгілі бір кезеңде осы елдің басқа елдерге жасаған барлық төлемдер сомасы мен басқа елдерден сол кезеңде алған барлық түсімдер сомасы арасындағы арақатынас аталады.
Ақша қаражатының түсуі олардың жұмсауынан асатын балансты активті деп атайды, керісінше жағдайда пассивті деп аталады.
Төлем балансының құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
-
ағымдағы төлем балансы немесе ағымдағы шот; -
капитал қозғалысының балансы немесе капитал шоты; -
ресми резервтермен операциялар шоты.
Ағымды операциялар балансы. Ағымдағы есеп айырысу балансында тауарлар мен қызметтердің саудасы, сондай-ақ трансферттік төлемдер көрсетіледі. Тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты құнының арақатынасы сауда балансын құрайды. Ол экспорт пен импорттың айырмашылығы:
Xn = EX – IM (1),
мұндағы:
Xn – таза экспорт;
EX – экспорт;
IM -импорт.
Егер EX > IM болса сауда балансы жағымды немесе активтіі, ал EX < IM болса сауда балансы жағымсыз немесе пассивті деп есетелінеді.
Таза экспорт функциясы:
Xn = Xn(Y, Yf, R) (2),
мұндағы:
Y – елдегі табыс деңгей;
Yf – шетелдегі табыс деңгейі;
R - нақты валюта курсы.
Егер тауарлар мен қызметтер экспорты олардың импортынан және шетелге аударымдар сальдосынан асып кетсе (тауарлар мен қызметтер саудасынан және трансферттік төлемдерден түскен түсімдер ұқсас төлемдер сомасынан асып кетсе) ағымдағы есеп айырысу балансы оң болып табылады.
Қызметтерге жалдау ақысын төлеу, лицензия төлеу, пайыздық төлемдер жатады. Сонымен қатар қызметтерге инвестициялардан түсетін таза табыс та жатады. Таза табысқа біздің шетелдегі активтеріміздің пайыздары мен пайдаларынан шетелдіктердің бізде иеленетін активтердің табыстарының айырмашылығы жатады. Трансферттік төлемдерге халықтың ақшалай аударымдары, сыйлықтар мен гранттар, субсидиялар және қайтарымсыз кредиттер кіреді. Сауда балансында тек қана тауарлар саудасы ғана көрсетіледі.
Капитал қозғалысының балансы (CF) акциялар, облигациялар, жер сияқты активтерді сатып алуды және сатуды көрсетеді. Капиталдар мен кредиттер қозғалысының теңгерімі мемлекеттік және жеке капиталдарды, берілген және алынған халықаралық кредиттерді әкету мен әкелудің арақатынасын көрсетеді.
CF = IK + EK (3),
мұндағы:
IK - капитал импорты;
EK- капитал экспорты.
Егер капитал импорты капитал экспортынан артық болса, онда капитал қозғалысының балансы (IK > EK) жағымды немесе активті болады. Себебі капитал импорты елге валюта әкеледі.
Қазақстан акцияларды, облигацияларды, жер учаскелерін, банк депозиттерін және басқа да активтерді сатудан түскен түсімдер шетелдік активтерді сатып алғаны үшін біздің төлемдерден асып түсетін кезде капитал қозғалысының теңгерімі оң сальдоға (капиталдың таза ағыны) ие болады.
Егер капитал импорты капитал экспортынан аз болса, онда капитал қозғалысының балансы (IK < EK) теріс. Капиталдың экспорты елден валютаның кетуін болжайды.
Жалпы төлем балансының сальдосы ағымды операциялар мен капитал қозғалысының балансының сальдосының сомасы. Төлем балансының тапшылығы Қазақстанның резиденттерінің шетелдіктерге шетел валютасын көп төлейтіндіктерін, ал олардан аз алатындықтарын көрсетеді. Шетелдіктермен есеп айырысуға қажетті шетел валютасымен Қазақстанның Орталық банкі қамтамасыз етеді.
Ағымды операциялар балансы тапшы болса, елдің экономикасында жағымсыз жағдайлар бар екен деп ойлау үнемі шындыққа жатпайды. Кейде капитал қозғалысының жағымды сальдосы мен ағымды операциялар сальдосының тапшылығы елдің экономикасының жоғары қарқынмен дамып жатқанының көрсеткіші де бола алады.