Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 319
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) нақты бизнес-цикл моделі (технологиялық күйзелістердің экономикаға әсері, оның нәтижесі жиынтық ұсыныстың ауытқуы және еңбек ұсынысының ерікті өзгеруі болып табылады);
3) М. Фридманның саяси күйзелістер тұжырымдамасы.
10.2 Жұмыссыздықтың түрлері мен табиғи деңгейі. Оукен заңы.
Жұмыссыздық проблемалары туралы неоклассикалық және кейнсиандық концепциялар бар.
Неоклассикалық концепция микроэкономикалық постулаттарға сүйене отырып құрастырылған. Еңбекке сұраныс өндіріс функциясының Y = F (К,L) негізінде анықталады. Ол еңбектің шекті шығыны (MCL) мен шекті табысының (MRL) теңдігімен анықталады, яғни еңбекке сұраныс пен еңбектің ұсынысы нақты еңбек ақының функциясы ND =ND ( W/P), NS =NS (W/P). Неоклассиктердің ойынша еңбек нарығы – өзін-өзі реттейді және толық жұмысбастылық жағдайда жұмыс істейді, себебі еңбек ақы икемді, ал жұмыссыздық – өз еркімен болады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік ND =NS AS мөлшерімен анықталынады.
Кейнсиандық концепцияда еңбекке сұраныс нақты еңбек ақының функциясы: ND =ND ( W/P), ал оның ұсынысы номиналды еңбек ақының функциясы: NS =NS ( W). Кейнстің ойынша толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін номиналды емес, нақты жалақыны қысқарту керек. Еңбек ақы икемді емес, оның себебі кәсіподақтар мен монопсонистердің іс-ірекеті ықпал етеді және еңбек келісім шарттары бар. Еңбек нарығы автоматты түрде реттелінбейді және толық жұмысбастылық болмайды, ал жұмыссыздық – мәжбүрлі түрде болады. Еңбекке сұраны AD деңгейімен анықталынады.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы: «Жұмыссыздық еңбек жасындағы, жұмыссыз қалған, қазір жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген адам».
Жиынтық жұмыс күші (ЖЖК) жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұрады. Қоғамда жиынтық жұмыс күшіне кірмейтін адамдарда болады. Жалпы қоғамдағы жиынтық жұмыс күшінің қозғалысын төмендегі 1 суреттен көруге болады.
Сурет 1 - Жиынтық жұмыс күшінің қозғалысы
Жұмыссыздықтың көптеген түрі болады. Жұмыссыздықтың пайда болу себебіне қарай макроэкономикада негізгі үш түрі қарастырылады: фрикционды, құрылымдық және циклды.
-
Фрикционды жұмыссыздық. Әртүрлі себептерден, өз еркімен уақытша жұмысты тастап, жұмыс іздеп жүрген адамдар. Фрикционды жұмыссыздық жиі кездеседі және көп адамдарды қамтиды. Бұл жұмыссыздықтың түрі тез жойылады, себебі жұмыс орнын табу қиын болмайды. Фрикционды жұмыссыздық үнемі болады және болғаны қоғамға да, адамның өзіне де пайдалы. Кез-келген адам өзі ұнататын, өзіне ыңғайлы, табысы көңіл толтыратын жұмыспен айналысуы қажет, сонда оның еңбегі өнімді және сапалы болады. -
Құрылымдық жұмыссыздық экономикада бар жұмыстың түрлері мен жұмыс орнын іздеп жүрген жұмыс күшінің түрлерінің арасындағы сәйкессіздіктен пайда болады. Жұмыстың түрлері мен жұмыс күшінің арасындағы сәйкессіздіке себеп болатын өндіріс процессіндегі технологиялық өзгерістер, жаңа техника енгізу және қолдану бұрынғы кәсиби мамандықтарға сұранысты қысқартады немесе жояды. Өндірістің кейбір салалары қазіргі тұтынушылардың талаптарына, тұтыну қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін өнімдер мен қызметтер өндіретін болса жабылады немесе қысқарады да құрылымдық жұмыссыздық пайда болады. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімге созылады, себебі жұмыс күшін қайта дайындауды және қайта мамандануды талап етеді. Құрылымдық жұмыссыздық фрикционды жұмыссыздық сияқты үнемі болады және болғаны қоғамға да, адамның өзіне де пайдалы. -
Циклдық жұмыссыздық экономикадағы жұмыс күшіне жиынтық сұраныстың барлық жұмыс істеймін дегендерге қажетті жұмыс орнын қамтамасыз ете алмағандығынан пайда болады. Ол экономикалық циклге байланысты үнемі ауытқып отырады. Экономикалық циклді құлдырау фазасында көбейсе, өрлей фазасында қысқарып отырады. Экономика шеңберінде кең тарайды. Мерзімі фрикциондыға қарағанда ұзақ, ал құрылымдылыққа қарағанда қысқа болады. Бұл жұмыссызықтың пайдасы жоқ, зияны көп.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздырдың жұмыс күшіндегі үлесін көрсетеді. Оны жұмыссыздырдың санын жиынтық жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықтайды.
Кез-келген қоғамда жұмыссыздар болады, олай болса оның табиғи деңгейі фрикционды және құрылымдық жұмыссыздардың санымен анықталы. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (Un) М.Фридмана и Э.Фелепс концепциясы на сәйкес анықталады. Демек, табиғи жұмыссыздық = фрикционды + құрылымдық, ал, циклды жұмыссыздық = 0. Мысалы, фрикционды жұмыссыздық - 3%, құрылымдық - 2%, циклды - 0, болса жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (Un) Un = 2 + 3 = 5%. Яғни, экономикада толық жұмысбастылық бар.
Қазір экономистер табиғи жұмыссыздық деге ұғымның орнына NAIRU ұғымын қолданады. NAIRU ұғымы инфляцияны өсірмейтін жұмыссыздық деңгейін білдіреді. Егер U (ағымды жұмыссыздық) > Un (жұмыссыздықтың табиғи деңгейі) - инфляция қысқарады, ал егер U< Un болса - инфляция өседі.
Ағымды жұмыссыздық – табиғи жұмыссыздық = циклды жұмыссыздық.
Циклды жұмыссыздықты экспансионды макроэкономикалық саясаттың көмегімен инфляция қарқынын өсіруден қорқпай-ақ қысқартуға болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
-
миграциялық және демографиялық; -
еңбек ақының ең төмен деңгейін тағайындау; -
экономикадағы секторлардың өсу қарқынындағы өзгешеліктер; -
жұмыссыздарды сақтандыру; -
кәсіподақтардың қызметтері мен рөлі; -
жұмыссыздардың гистерезисі модел «инсайдерлер-аутсайдерлер»; -
салықтар.
Жұмыссыздықтың экономикалық шығыны конъюнктуралық алшақтық ұғымы арқылы қарастырылады. Конъюнктуралық алшақтық толық жұмыспен қамтылу жағдайындағы әлеуетті ЖҰӨ мен циклдік жұмыссыздығы жағдайында іс жүзінде қол жеткізілген ағымды ЖҰӨ-нің айырмасын көрсетді.
А.Оукен эмпирикалық жолмен циклдік жұмыссыздық пен конъюнктуралық алшақтық арасындағы тұрақты тікелей байланыстың бар екенін анықтаған. Циклдік жұмыссыздық болса экономиканың шығындары конъюнктуралық алшақтыққа байланысты. Оукен қисығы - ұлттық табыс мөлшері мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері байланысты көрсетеді (сурет 1). Егер ағымды жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейінен 1 пайызға жоғары болса, онда ағымды ЖҰӨ әлеуетті (потенциалды) ЖҰӨ-нен 2,5% аз болады. Бұл Оукен заңы.
Сурет 1 – Оукен қисығы
Толық жұмыспен қамтылу жағдайында өндіріс көлемі У*-ге тең, ал жұмыссыздық деңгейі -
, егер жұмыспен қамтылу төмендесе, онда өндіріс көлемі -ге дейін төмендейді, ал жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады. Демек, А нүктесі Оукен қисығында жатыр, сол сияқты В нүктесі де. Осылайша, графиктен өндіріс көлемі жұмыссыздық нормасынан төмендейтін функция екенін көруге болады.
Окен қисығының ығысуы өзгерген кезде пайда болады:
- толық жұмыспен қамтылу кезіндегі ұлттық табыстың шамасы Y* (Y* ұлғайған кезде қисық жоғары қарай, азайған кезде - төмен қарай жылжиды);
- табиғи жұмыссыздық нормасы ( ұлғайған кезде сызық оңға, азайған кезде солға ауысады).
Жұмыссыздықтың салдарларын әлеуметтік, моралды, жеке тұлғалық деп те қарастыру қажет.
10.3 Инфляция: мәні, себептері және түрлері.
Инфляция – макроэкономикалық процесс, ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан пайда болады. Инфляцияны орташа (жалпы) баға деңгейінің тұрақты өсу бағытынан, ақшаның құнсыздануынан және оның сатып алу қабілетінің төмендеуінен көруге болады.
Инфляцияның түрлері:
-
ашық инфляция жалпы баға деңгейінің тұрақты өсуі; -
басылған инфляция жағдайында баға мен жалақы үкіметтің қатал бақылауында болады да, инфляция жаппай тауар тапшылығы арқылы көрінеді; -
балансталған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағалары бір-біріне тұрақты пропорцияда өзгереді; -
балансталмаған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағалары әртүрлі пропорцияда өзгереді.
Инфляция болжанған немесе күтілетін және болжанбаған болады.
Инфляцияның өсу қарқынына қарай жорғалаған (баға деңгейінің өсу қарқыны 10% аспайды), шоқырақтап шапқан (баға деңгейінің өсу қарқыны 10%-тен 200%-ке барады), гиперинфляция (баға деңгейінің өсу қарқыны 100 еседен асып кетеді).
Дефляция - бұл орташа (жалпы) баға деңгейінің тұрақты төмендеу бағыты.
Стагфляция - бұл өндірістің құлдырау (стагнация) жағдайындағы бір мезгілдегі инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуі немесе стагнация мен инфляцияның қатар жүруі.
Дезинфляция - инфляция деңгейінің төмендеуі немесе өсу қарқынының төмендеуі.
Инфляция деңгейі немесе орташа (жалпы) баға деңгейінің өсу қарқыны былай анықталынады:
(1),
мұндағы:
Р – ағымды жылдағы орташа баға деңгейі;
Р-1 – базалық (өткен) жылдағы орташа баға деңгейі.
Инфляцияның концепциялары мен моделдері. Инфляция жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан пайда болады дедік. Неге, қандай себептерден тепе-теңдік бұзылады?
AD мен AS-тің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылу себептері:
-
жиынтық сұраныстың күйзелісі (шок); -
жиынтық ұсыныстың күйзелісі; -
үкіметтің ақша-кредит саясатымен байланысты саяси күйзелістер.
Сурет 2- Сұраныс инфляциясы
Ж иынтық сұраныстың күйзелісі сұраныс инфляциясына әкеледі. Сұраныс инфляциясы - AD–ның автономды өсуі нәтижесінде бағаның жалпы деңгейінің өсуін білдіреді. Оны төмендегі 2 суреттен көруге болады.
Суретте көрсетілгендей тұрақты AS кезінде AD соққысы AD1 қисығын оңға AD2-ге жылжытады, шығарылым көлемі Y1-ден Y2-ге артады және сонымен бірге бағаның жалпы деңгейі P1-ден P2-ге жоғарылайды. Толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда AD күйзелістері қалыпты инфляцияны тудырады. Толық жұмысбастылық жағдайында AD күйзелісі инфляцияның жоғарылауына әкеліп соғады, бұл AS-тің төмендеуіне әкеледі.
Жиынтық сұраныстың өсуінің монетарлық факторлары:
1) ақша массасының ұлғаюы (ақша эмиссиясы);
2) коммерциялық банктердің кредиттік ақша құруы;
3) ынталандырушы фискалдық және монетарлық саясат.
Жиынтық сұраныстың өсуінің монетарлық емес факторлары:
1) еңбек нарығындағы кәсіподақтардың монополиясы;
2) ірі корпорациялардың монополиясы;
3) инвестицияларды ұлғайту;
4) импорттың өсуі;
5) халықтың инфляциялық күтуі.
Ұсыныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы – AS-тің төмендеуі нәтижесінде бағаның жалпы деңгейінің өсуі. Неліктен AS азаяды? Оған шығарылатын өнім бірлігіне өндіріс шығындарының өсуі әкеледі. Ұсыныс инфляциясының немесе өнім бірлігінің шығындарының өсу себептері:
1) номиналды жалақының өсуі;
2) шикізат пен энергия бағасының өсуі (құрылымдық дағдарыстар);
3) жағымсыз ауа-райы;
4) ауқымды апаттар мен індеттер;
5) экономикалық субъектілердің күтуі (кәсіпкерлердің пессимизмі) және т.б.
Осы аталған себептер шығынды өсіреді және жиынтық ұсынысты қысқартады. Оны төмендегі 3 суреттен көруге болады.
Сурет 3 - Ұсыныс инфляциясы
Суретте көрсетілгендей тұрақты AD кезінде AS соққысы AS1 қисығын AS2-ге солға жоғары жылжытады, шығарылым көлемі Y1-ден Y2-ге қысқарды және сонымен бірге бағаның жалпы деңгейі P1-ден P2-ге жоғарылайды. Жаңа Е2 теңдігі пайда болады.
Сонымен, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы жалпы баға деңгейінің өсуіне әкеледі. Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясы бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірімен ұштасып жүреді де инфляциялық спиралдың пайда болуына әкеледі.
10.4 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Инфляцияға қарсы саясат.
Қысқа және ұзақ мерзімдегі инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланысты экономист Филипс зерттеген. Филлипс қисығы қысқа мерзімдегі инфляция деңгейі мен жұмыссыздықтың арасындағы кері әсерді көрсетеді. Қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық жалақының өсу мүмкіндігін шектейді, сондықтан баға деңгейіне әсер ететін шығындарда шектеледі. Күтетін инфляция жоғары болған сайын Филлипс қисығы да жоғары орналасады. Филлипс қисығы қысқа мерзімде жоғарыдан төмен қарай ылди болады. Ол жұмыссыздық өскен сайын еңбек ақының инфляциясының қарқыны төмендейтінін көрсетеді.
Бірақ, ескертетін жағдай Филлипс қисығы күтетін инфляцияның рөлі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін ескермеген. Соған байланысты М. Фридман мен Э.Фелпс ұзақ мерзімде инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланыстың тұрақты еместігін дәлелдеді. Тұрақты инфляция деңгейі тек қана жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен ғана байланысты екені дәлелденген. Сондықтан ұзақ мерзімде Филлипс қисығы тік сызық. Филипс қисығын қысқа мерзімде жиынтық ұсынысты талдауды жеңілдететін әдіс ретінде қолдануға болады, сол үшін маңызы бар.
Инфляцияға қарсы саясат және оның құралдары. Инфляцияға қарсы саясаттың мақсаты инфляцияны бақылау болып табылады. Инфляцияға қарсы саясат шаралары инфляцияның себебіне байланысты:
-
«қымбат» ақша саясатының көмегімен ақша массасының төмендеуі; -
ақша эмиссиясын азайту (монетарлық ережені сақтау); -
халықтың жинақ ақшасы бойынша есептік мөлшерлемені арттыру; -
G төмендеуі және T ставкасының жоғарылауы; -
инвестицияларды ынталандыру; -
тиімді тұрақтандыру саясатын жүргізу қажет; -
Үкімет шығындарын азайту; -
егер салықтың өсуі әлеуметтік қажеттіліктерге шығындардың артуымен бірге жүрсе; -
коммерциялық банктерге кредит беру көлемінің төмендеуі; -
қазынашылық облигациялар шығарылымының ұлғаюы; -
шетелдік қарыздар көлемінің ұлғаюы; -
айырбас бағамын тұрақтандыру.